«Хронофизиология және геронтологияның таңдаулы тараулары» пәні бойынша дәрістердің қысқаша конспектісі



бет9/15
Дата11.01.2023
өлшемі46,93 Kb.
#165319
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
ГЕРОНТОЛОГИЯ қазақша
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, 1444200650275, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
Стресс және бейімделу.
Стресс дегеніміз организмнің әртүрлі әсерге бейарнамалы әсерлесі. Стресс – маңызды тітіркендіргішке организмніңң жауабы. Стресс – организмнің зиянды факторларының әсеріне төзімділік көрсететін реакциясы.
Стресс түрлері. Тез дамитын және созылмалы түрін ажыратады. Біріншісінде қорғаныс механизмдері қысқа мерзімде көрінеді, екіншісінде – стрессордың әсері ұзақ уақыт әсер етеді оған жауапты механизмдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Физикалық стресс деп және эмоционалды (психогенды) стресс деп тағы екі түрін ажыратады. Физикалық стресс ол физикалық факторларының әсерін айтады, ал психогенды – жағымсыз эмоциялар, жағымсыз көңіл күйдің әсерінен болатындығын анықтайды.
Сондайақ Г.Селье эустресс пен дистресс деген түсініктерді еңгізген. Эустресс – жағымды стресс, организм үшін зияны жоқ, дистресс – шамадан тыс стресс, зақымдандыратын фактор организмге зиянды, оның мүмкіншілігін әлсірететін. Егерде стресс факторының күші шамадан тыс болса эустресс дистреске айналады.
Стрессорлар – сыртқы және ішкі ортаның факторлары:

    1. қоршаған ортаның зиянды факторлары;

    2. организмдені физиологиялық процестерінің бұзылуы;

    3. ақпаратты өндеуін жеделдету;

    4. батылды жағдайда жұмыс істеу;

    5. өмірге қауыпты жағдайлар;

    6. шеттету;

    7. құғын жағдай;

    8. өмірде мұратсыздық;

    9. депривация – тітіргендіргіштердің жоқтығы.

Стресс механизмдері.Бейімделіс реакцияларға көптеген механизмдер қатысады. Олардың барлығын “жалпы адаптациялық синдромы” деп атайды. Соңғы кездері бейімделіке қатысатын мехенимдерді стресті іске асыру жүйелер деп атайды. Стресс- реакциялардың дамуына кедергі жасайтын не болмаса теріс эффектлерді төмендететін механизмдерді “стресс-шектеуші жүйелер” дейді.
Стресс – адаптацияның бейарнамалы компоненті. Сол арқылы организмнің энергетикалық және пластикалық қоры жүйелер жұмысының өзгерген деңгейінде толық пайдаланылады.
Тітіркендіргіштің алғашқы әсері бас мида қабылданады – неокортекспен торлы құрылымда, одан сон лимбика жүйесіне және гипоталамусқа. Аталған құрылымдарда ақпарат толық талқыланып организм жауап беруге дайын. Стресс сонымен күшті фактор, адамның эмоционалды реакциясына себепші.
Күшті эмоционалды қозу жоғары вегетативтік орталықтарды қоздырады және симпатикалық нерв жүйесін белсендіреді. Нәтижесінде жүрек-қан тамырлар және тыныс алу жүйелердің, қаңқа еттердің функционалды мүммкіншіліктерін жоғарлатады. Сонымен қатар парасимпатикалық жүйенің активтілігі биіктеп организмде қайта қалыптасу процестері, яғни орнына келтіру , гомеостазды сақтап қалу мүмкіншілігі жоғары болуына жол тудырады.
Сонымен, симпатикалық және парасимпатикалық жүйелердің белсенділігі стресс-реакцияның немесе жалпы адаптациялық синдромының бірінші кезеңі.
Стрессордің әсері созылса онда симпатикалық жүйенің медиаторларының қоры шектелу болғансон оған қарсы тұралмайды. Ол екінші кезеңі. Бұл жерде орталық механизм деп бүйрекүсті безін айтамыз. Организмде адреналин мен норадреналин көп мөлшерде бөлініп шығады. Нәтижеде артериалды қысым жоғарлайды, жүректің жұмысы күшееді, липолиз деңгейі көтеріледі т.б. өзгерістер пайда болады. 1-ші мен 2-ші механизмдерді симпато-адреналды реакция деп аталады.
Стресс-реакцияныңң орталық бұыны деп адрено-кортикалды механизмды атайды. Бұл механизм жүззеге асырылуы бірінші екі механизмдердің стресске қарсы тұру әлі жеткіліксіз болса. Адрено-кортикалды механизмнің схемасы: неокортекс-гипоталамус-кортиколиберинның бөлінуі-АКТГ бөлінуі-глюкокортикоидтар мен аз мөлшерде минералокортикоидтардың бөлінуі. Ең бастысы бұл реакциядағы глюкокортикоидтардың юөлінуі – кортизол, гидрокортизон т.б. Бірақ глюкокортикоидтардың көп мөлшерде бөлінуі кейбір өзгерістерге әкеледі – оны адаптацияныңң бағасы – иммунды механизмдер төмендейді, ас қазанда ою жара пайда болады, инфаркт миокарда болуы мүмкін. АКТГ мөлшері бірден көтерілгенде альдостерон көп түзіліп бүйректе натрий иондарының қайта сіңуі жоғарлайды да артериалды қысым көтеріле бастайды.
Жалпы адаптациялық синдромыныңң үш эндокринды механизмі н құрайтын адренокортикалды, соматотропты және тиреоидты.
Стресс-реакциясының (жалпы адаптациялық синдромы) үш кезеңі:

  1. абыржу кезеңі – барлық қорғаныстық механизмдерді жұмылдыру.

  2. Резистенттілік немесе төзімділік.

  3. әлсріреу.

Сонымен стрессті жүзеге асыратын жүйелер – симпатикалық жүйесі, бүйрекүсті безінің ми және қыртыс қабаты, аденогипофиз (СТГ), қалқанша без (Т3 4).
Стресс-шектеуші жүйесі.Эволюция барысында организмде стресске қарсы тұратын немесе оның әсерін төмендететін арнайы стресс-шектеуші жүйелер пайда болған. Оларға жататын:

  1. ГАМК-эргия жүйесі: гамма-амин-майы қышқылы, ОЖЖ коптеген нейрондарымен түзіледі.

  2. Эндогенды опиаттар – энкефалиндер, эндорфиндер, динорфиндер. Олар стрессордың әсерінен гипофиздегі бета-липотропинның түзілуі жоғарлауынан пайда болады.

  3. Простагландиндер.

  4. Антиоксидантты жүйесі (тотығу реакцияларына қарсы).

  5. Трофотропты механизмдері.

Стресс және аурула. Глюкокортикоидтардың ұзақ уақыт бөлінуі тестостеронның түзілуін төмендете. Соматикалық аурулар пайда болады: ішек қарынның ою жарасы, колит, гипертония, аритмия, бас аурулары, бронхиалды астма, экзема, қышыма, індет, ісіктер (иммунодепрессия нәтижесі), психиканың бұзылуы – невроздар, депрессия (тұнжырау).
Стресс жағдайлардың нақтамасы. Стресс әсерінің нақтама әдістері көп. Ең біріншісі – қандағы гормондардың мөлшерін анықтау. Сондайақ электромиография, коптеген тест-әдістері.
Стреске бейімделу. Организм стреске бейімделу қабілеті бар. Оның барысында стресс жүзеге асыратын және стресс шектеуші жүйелердің күші жоғарлайды, организмнің түрлі факторларға шыдамдылығы мен төзімділігі көтеріледі – айқасқан бейімделіс пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет