I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет9/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add
«Жаратылыстану» п нінен жиынты ба алау а арнал ан дістемелік
Жаңа жұртқа бата 
Қонған жерің орда болсын, 
Келген жерің базар болсын. 
Жүзің жарқын болсын, 
Тілегің қабыл болсын. 
Аллауакбар! 
Қонақтың батасы 


11 
Әумин десең бізге, 
Бата берелік сізге. 
Жасың жетсін жүзге, 
Желің кетсін құла дүзге. 
Құдайым зор талап берсін, 
Мал мен басты
Иман мен жасты, 
Қабат берсін. 
Аллауакпар! 
* * * 
Атағың мен атыңнан, 
Жұртқа тисін қайраның. 
Айдағысыз малды бол, 
Ағайынның алды бол, 
Отыз ұлды - орда бол, 
Ұман жұрттың басы бол! 
Аллауакбар! 
* * * 
Береке дарысын жасыңа. 
Дуа тисін асыңа, 
Әр кез шайтан келмесін, 
Өлгеніңше қасыңа! 
Аллауакбар! 
* * * 
Құдайым, бай ет, 
Төрт түлікке сай ет. 
Ұл-қызды көп беріп, 
Көңілін жай ет. 
Аллауакбар! 
Сәт сапар батасы 
Жортқанда жолың болсын, 
Мәртебең үстем болсын! 
От пен судан сақтасын
Пәле-жаладан сақтасын. 
Аман барып, cay қайт. 
Аллауакбар! 
* * * 
Жортқанда жолың болсын, 
Жолдасың Қыдыр болсын. 
Періштелер қолдап, 
Қоржының олжаға толсын. 


12 
Аман барып, cay қайт, 
Үйіңнен жазсын дәміңді Аллаң! 
Аллауакбар! 
Наурыз батасы 
Ұлыс оң болсын, 
Ақ мол болсын! 
Қайда барса, 
Жол болсын! 
 
 
Жарапазан батасы 
Байдың көңілі жай болсын, 
Мың жылқылы бай болсын. 
Айдағаны қой болсын
Шайнағаны май болсын. 
Азын-аулақ дәулеті, 
Күнде өзіне май болсын. 
Жұртта қалған жұрыны, 
Домалап келіп қой болсын. 
Жұртта қалған тулағы, 
Тулап келіп тай болсын. 
Есігіңнің алдында, 
Елу інген боздасын, 
Қораңда бес жүз саулық қоздасын, 
Жылқың сенің мың болсын, 
Бетегелі тауға жаба сал 
Сиырың сенің мың болсын, 
Қысың қатты болғанда, 
Қамысты жерге айдап сал 
Бісмілла, аллауакбар! 
Маң-маң маң басқан, 
Шудаларын шаң басқан, 
Төрт аяғын тең басқан
Ботақанның атасы, 
Бура бассын үйіңді. 
Шыңғыр - шыңғыр кісінескен, 
Құлыншақтың атасы, 
Айғыр бассын үйіңді. 
Желге қарап қаптаған, 
Жайылған жерін таптаған, 
Қошақанның атасы, 
Қошқар бассын үйіңді. 
Қасқыр көрсе пысқырған, 
Құйрығын бұтқа қыстырған, 
Лақ атасы текелер
Теке бассын үйіңді. 
Үй арасын боқ еткен, 
Балаларды тоқ еткен,


13 
Бұзау қанның атасы, 
Бұқа бассын үйіңді. 
Аллауакбар! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   112




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет