I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет7/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add
«Жаратылыстану» п нінен жиынты ба алау а арнал ан дістемелік
ОТАУ ҚҰРУ ТАҒЫЛЫМЫ 
 
Тойбастар 
Ағалар, тойыңызды бастай келдік
Жақсы менен жаманды қоспай келдік. 
Билікке той бастамақ лайық деп, 
Халқым рұқсат берген соң қақсай бердік. 
Ал келін-ау, ал келін
Лебізің шыққан бал, келін. 
Құлағыңды сал, келін, 
Білген ақыл-насихат. 
Айтпай кетсек - бізге өлім, 
Тыңдамасаң - сізге өлім. 
Әйел деген асыл зат, 
Балапан болсаң тым жақсы, 
Уызда халал шайқалған... 
Сөз сөйледім үлгілеп, 
Кемісі болар кім білед. 
Ерінбесең, келіншек, 
Енді өзіме сәлем ет! 
* * * 



Айналайын, ақ келін – 
Ағайынға, бақ келін! 
Шырағы бол дәулеттің
Шаттық тойға бөленсін, 
Шаңырағың - сәулетің. 
Жақсылыққа тасыма, 
Жамандыққа жасыма. 
Бақыт тіле бағым деп
Бас иеңнің басына! 
Берік болсын босаға: 
Болымсызға босама. 
Көп дүние - бос бейнет: 
Көз тоймастық жасама! 
БАТАЛАР 
Қазақ дәстүрінде әрбір жақсылық іс-әрекет, ниетте "Әумин" деп бата тілеу, оған бата 
беріп, "Аллау әкпар!" деп тілек айту ежелден бүгінге дейін үздіксіз жалғасын тауып 
келеді. Батаның түрлері көп. Дастарқанға, сойылатын малға, соғымға, жаңа жұрт, 
қызметке айтылатын ақ тілектер де осыған жатады. Жаңа туған нәрестеге, жаңа түскен 
келінге, шарапаты тиген жеке адамға, жолға шығар жолаушыға, алғаш білім жолына 
түскен шәкірттерге, сонымен қатар діни наным-сенімге қатысты наурыз көже, жарапазан, 
құрбандықтарға арналған да баталар бар. Олардың жаттанды түрлері де, бата берушінің 
ұйқасты, үйлесімді сөз шеберлігіне байланысты импровизациялық түрлері де күнделікті 
өмірде жиі кездеседі. Төменде солардың кейбір үлгілері беріліп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   112




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет