I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі


"Түркістан уәлаяты" газетінде жарияланған



Pdf көрінісі
бет6/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add
«Жаратылыстану» п нінен жиынты ба алау а арнал ан дістемелік
"Түркістан уәлаяты" газетінде жарияланған 
мақал-мәтелдер 
Мал досы көп, жан досы аз болады. 
Атаның ақ батасы бала ойын бекітеді
Шешенің қарғысы бала зейінін жоқ етеді. 
Сөйлеген кісі ақымақ болса, тыңдаған кісі ақылды болсын. 
Бие мінсең - құлын жоқ, 
Саумал ішсең - қымыз жоқ. 
Өсекке кіріспе, есепке кіріс. 
Аңғырт ойын бұзар, тентек жиын бұзар. 
Сыйлағанды сыйла - ол біреудің құлы емес
Сыйламағанды сыйлама - ол пайғамбар ұлы емес. 
Ісің ақ болса, құдайың жақ болады. 
Қадір білмес досыңнан дұшпан артық. 
Алыстағы дұшпаннан аңдып жүрген дос жаман. 
Мал таппас ер болмас - құрарын айт
Ұл таппас қатын болмас - тұрарын айт. 
Залым жайын залым білер, 
Ғалым жайын ғалым білер. 



Жаман істен ғана емес, жаман сөзден де сақтан. 
Жақсы алдында жазыласың
Жаман алдында тарыласың. 
Жақсыдан жаман туса - жыннан пайда болғаны, 
Жаманнан жақсы туса - нұрдан пайда болғаны. 
Дәулет келерінде - тойға келген қыздай, 
Кетерінде - қолға ұстаған мұздай. 
Жақсылықты басыңа, басыңнан асса, досыңа қыл 
Ант ішкеннің мыңы өледі, у ішкеннің бірі өледі. 
Алмақтың салмағы бар, 
Бермектің алмағы бар. 
Айырылған - азады, қосылған - озады. 
Ғашық жардың белгісі - ата-анадан бездірер, 
Қыран құстың белгісі - тау мен тасты кездірер. 
Малдан айырылсаң да, ақылдан айырылма. 
Бай мақтанса - табылар, 
Жоқ мақтанса - шабылар. 
Ашушаң жақсы болмас, 
Жақсы ашушаң болмас. 
Сауда садақпен тең, иілсе - түзей алмайсың. 
Тату болсаң - балдай бол, 
Араз болсаң - тұздай бол 
Мың мәрте тыңда, бір мәрте айт. 
Іссіз тұрған білімді жаңбырсыз бұлттай. 
Өзгенің айыбын саған айтқан өз айыбыңды өзгеге айтады. 
Қасың шілдей болса да, пілдей көр. 
Жалаңашты ұры таламас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет