I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Осындағы –паз, -даң, -н қосымшалары



бет15/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
Осындағы –паз, -даң, -н қосымшалары сөзге эмоциональды қасиет үстеп, мейлінше әсерлі етіп көрсетіп тұр.

Экспрессивтік- эмоционалды лексика әр түрлі жолмен пайда болған:


А) бірқатар сөз ешбір қосымшасыз-ақ жеке тұрып эмоционалдық бояуға ие болып тұрады. Мысалы: масқара, әттең, тамаша, шіркін, ғажап, тағы басқа. Мысалы: – Ғажап екен!- деді басын шайқап. – Ғажап екен Керемет екен,- деді қыз сүйсіне тыңдап.
Ә) морфологиялық жолмен пайда болған эмоционалды сөздер еркелету, менсінбеу, елемеу, кішірейту, тағы басқа қосымшалары арқылы жасалады. Мысалы: құлыншақ, ботақан, інішек, балақай, ағеке, ағатай.
Экспрессивті- эмоционалды сөздер бұдан басқа фонетикалық жолмен (дауыс ырғағы, пауза арқылы) жасалады. Мысалы: Қақаған аязда үстіме бір шелек су құя салғандай немесе түшіркене ұйықтап жатқанымда қойныма сұп-суық жыланда салғандай-ай-ай-ай... ай... ай.... Ай-ай! 
Сонымен қорыта келе, эмоция ол – қоршаған ортадағы әсер тудырушы ақпараттарды сезімге апаратын саты. Ол – сезім күйі мен оның қысқа мерзімді айқын көрінісі, жан дүниесінің жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар психикалық үдеріс. Эмоция мен экспрессия сөздерінің екеуі де эмоцияның қатысуымен, яғни даму жолында бастау бұлағын адамның эмоциясы арқылы шыққан сөздерден алатын болып табылады.
О. Бөкейдің «Жетім бота» повесіндегі эмоционалды-экспрессивті сөздер мәтін ішінде айқын көрініп, образ ашуда айрықша қызмет ететін стильдік бояуы қанық сөздер болып табылады.
Тілдегі эмоционалдық сөздер адам сезімін білдіру үшін қызмет етеді. Ал тілдегі экспрессивтік амалдар эмоцияны, ойды білдіруде де мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге ең басты қызмет атқарады. Профессор А. И. Ефимов: «Экспрессивтілік ұғымына, сол сияқты, тілдік тәсілдердің эмоционалдық бояуының реңдері де енеді, себебі эмоциялық экспрессивтіліктің маңызды құрамды бөлігі», - дейді.
Жалпы тілімізде змоционалдық пен экспрессивтіліктің болатынын және бұлардың бір-бірінен нақты айырмашылықтары да бар екенін көре аламыз. Эмоционалдық пен экспрессивтілік не үшін қолданылады деген сұрақ туындауы ғажап емес. Мысал үшін ақын, жазушыларымыздың сөз құдіретін қастерлей білуі, сезгіш, аңғарғыш болуы – заңды құбылыс. Сондықтан да олардың ойды жеткізуші сөздердің, әрсіз, ашымсыз болмай, жалын атып, ұшқын шашып тұруын, аса уытты, әсерлі болуын, сезім мен ойдың бірдей дөп тиіп жатуын қалайды. Осы үшін де экспрессивті-эмоционалды сөздердің атқаратын қызметі жоғарғы дәрежеде тұр деп айтсақ қателеспейміз. Эмоционалдық пен экспрессивтілік теориялық және практикалық тұрғыдан әлі терең, жан-жақты саралануға тиісті категория болып саналады. Дегенмен де, оның өрісі кең, қолданысы бай құбылыс екені анық көрінеді. Көркем шығарма тіліндегі эмоционалды-экспрессивті лексика әлі де болса зерттеуді қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет