I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Көп компонентті құрмалас сөйлемдер: құрылымдық және семантикалық ерекшеліктерін саралаңыз



бет68/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
90. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер: құрылымдық және семантикалық ерекшеліктерін саралаңыз.
Негізінен үш жэне одан да көп сөйлемнен тұрып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді көп компонентгі сөйлемдер деп атайды. Оның негізгі үш түрі бар:
1.Көп компонентті салалас құрмалас;
2.Көп багыныңқылы сабақтас құрмалас;
3.Аралас құрмалас;
Көп компонентті салалас сөйлем — құрамы ен кем дегенде үш компоненттен тұратын салалас сөйлем. Көп компонентті салалас сөйлем компоненттерінін бір-бірімен мағыналык катынастары әр түрлі, олар бірін-бірі санамалап, толықтырып, айкындап отырады. Көп компонентті салалас сөйлемдер жалғаулықтар арқылы да, жалғаулыксыз да байланысады. Мысалы: Ақырын ғана есікті ішкеқарай итеріп еді, болмашы саңылау көрінді, бірақ кілттіме, әлде іштен сұқпа салган ба байқап болар емес (X. Есенжанов). Кілем, көрпе төсеулі, күмістеткен сары ала тегене сапырулы, керектің бәрі бар, артық ешнәрсежоқ (Ғ. Мүсірепов).
Көп компонентті салалас сөйлемді А. Байтұрсынұлы "Тіл — кұралында" салаластың бағыңқы түрі деп атаған (А. Байтұрсынов. Тіл тағылымы. Алматы, 1992, 301-6.). Н. Сауранбаев жайылыңқы іргелес салалас деп атаған (Казіргі казак тілі, Алматы, 1954, 524-6).[1]
Ал мұндай сөйлемдерді бір-бірімен магыналық қатынастарына қарай атау мүмкін емес. Өйткені ондағы компоненттердің бір-бірімен мағыналык катынастары әр түрлі болып келеді.Сөйлем құрамындағы компоненттердің баяндауыштары тең дәрежеде, тиянақты болып келеді. Алғашқы компонент пен келесі тұрған компонент мезгілдік катынасты білдірсе, соңғы сөйлемі мен алдыңғы сөйлемі карсылык мағына беруі мүмкін. Сондықтан оны мағыналык катынастарына карай жіктеу мүмкін емес.Бұл жөнінде 1997 жылы К.Садирова «Қазіргі казак тіліндегі көп компонентті салалас қүрмалас сөйлемдер» деген такырыпта диссертация қорғаса, 1999 жылы С.Айтжанова осы такырыпка катысты зерттеу еңбек жазды (3,26).
Көп бағынынқылы сабақтас сөйлем-құрамында үш не одан да көп бағыныңкы сөйлемі бар кұрмаластын түрі көп бағыныңқылы деп аталады. Құрамындагы алдыңғы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянаксыз келеді де, соңғы сөйлемінің баяндауыштары тиянакты болып келеді. Бұлар да бірде жалғаулыкты, бірде жалғаулыксыз келеді. Көп багыныңкылы сабақтас жөнінде 1972 жылы О.Толегеновтың макаласы жарык көрді (61).
Көп бағыныңқылы сабактас сөйлем екі түрлі жолмен байланысады. Біріншісі — жарыспалы байланысу. Бұл сөйлем кұрамындағы әрбір жай сөйлем басыңкы сыңарға жарысып, тікелей байланысады. Мысалы: Қыстың қысқа күні түс шагына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынын, Абылгазының айтқаны түгел орындалып болган-ды /М.Әуезов/.
Екінші байланысу түрі — сатылай байланысу. Мұнда алдыңғы сойлем келесі сөйлемге, ол сөйлем соңғы сөйлемге біртіндеп сатылай байланысады. Олар қыстан қоңсыз шыққан арық-түрық мал жайын ойлап, күннің қабагына қарап, қай ауыл бастап көшер екен деп, біріне-бірі қарайлап отырганда, үсақ мал төлдеп қалды /Ә.Нұрпейісов/.
Аралас құрмалас сөйлем-құрмалас сөйлемнің бір түрі. Кемі үш жай сөйлемнен құралады. Олар өзара синтаксистік байланыстың ерекше түрі — аралас байланыс арқылы құрмаласқан. Мысалы: Жалма-жан от жағылып еді, үй еңсесі көтеріліп, туырлықтың оюлары көзге шалынды (Ғ.Мүсірепов). Бұл — тиянақты-тиянақсыз-тиянақты тұлғалы аралас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем енді бірде тиянақсыз-тиянақты-тиянақты тұлғалы болып келіп, әр сыңарының өзіндік басыңқы сыңары болады. Мұнда алғашқы тиянақсыз тұлғалы сыңар өзінен кейінгі сыңардың бағыныңқысы сипатында жұмсалады, ал екінші сыңар тиянақты тұлғалы бола тұра, келесі сыңардың бағыныңқы бөлігі болып табылады. Үшінші сыңар ортаңғы сыңарға басыңқы сипатта тұрса да, бірінші сыңармен мағыналық байланысқа түспейді. мысалы: Көк қалың болғанмен, жерде әлі сыз бар, қар суын бойына тартып, дегди қоймаған-ды (Ә.Нұрпейісов). Аралас құрмалас сөйлемнің айтылу ырғағы да кең. Онда салаласқа тән тиянақты, сабақтасқа тән тиянақсыз ұласпалы ырғақ орын ауысып, бірде тиянақты-тиянақсыз, бірде тиянақсыз-тиянақты түрде келеді. Аралас құрмалас сөйлемнің мағыналық топтастырылуында өзгешелік бар. Бірінші топ қатарын бірыңғай қатынастағы түрлер құрады да, екінші топ қатарын әрыңғай қатынастағы түрлер түзеді. Ал бұл екеуінің мағыналық жігін танытуда бір-бірінен өзгешелік жоқ, қойылған талап бір. Оның үстіне мағыналық қатынастардың белгіленуі жеке сыңарлардың тұлғалануына тәуелді емес. Ең алдымен алғашқы екі сыңар аралығындағы, соңынан соңғы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынас айқындалады. Осы мағыналық қатынастардың сәйкес келіп, бір атаумен аталуы оның бірыңғай қатынастағы сөйлем екенін көрсетеді. Оның ыңғайлас мәнді, себеп мәнді, шарт мәнді, салыстырма мәнді, түсіндірме мәнді, мезгіл мәнді түрлері бар. Ал сөйлемдегі алғашқы екі сыңар аралығындағы және соңғы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынастар екі түрлі болған жағдайда әрыңғай қатынастағы Аралас құрмалас сөйлем болып қосақталған түрде белгіленеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет