I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Грамматикалық форма дегеніміз



бет2/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
Грамматикалық форма дегеніміз – грамматикалық мағына туғызушы тілдік құралдар. Мәселен, біл-білім, студент-студентпін десек, осы төрт сөздің төртеуі де белгілі бір формада тұр: біл, білім, студент атау тұлғада, яғни нульдік флекцияда тұр; студентпін дегенде, пін – І жақтық мағына білдіріп тұр: жекеше, жіктік жалғау көрсеткіші, яғни формасы.
Грамматикалық форма дегеніміз – грамматикалық мағына мен грамматикалық тәсіл бірлігі, грамматикалық мағына мен грамматикалық тәсіл арақатынасының көрсеткіші.
Грамматикалық тәсіл дегеніміз – грамматикалық мағынаның материалдық көрсеткіші, яғни формасы.
Сөз формаланғанда, яғни белгілі бір амал-тәсілдер арқылы түрленгенде, өзінің бастапқы лексикалық мағынасына кемінде бір немесе бірнеше қосалқы мағына үстемелеп алады. Сөз жеке тұрғаның өзінде де грамматикалық бірнеше мағынаға ие болуы мүмкін.
Грамматикалық мағына дегеніміз – сөздің лексикалық мағынасына қосылған үстеме мағына, сөздердің түрлі–түрлі қарым-қатынасын білдіретін қосалқы мағыналар. Сөздің грамматикалық мағынасы сөз формалары арқылы беріледі.
Тіл-тілде сөздің грамматикалық мағынасы әртүрлі амал-тәсілдер арқылы білдіріледі.
Грамматикалық мағына білдіретін тәсілдер мен амалдар ең алдымен ірі екі топқа бөлінеді: бірі – синтетикалық тәсілдер, екіншісі – аналитикалық тәсілдер.
Синтетикалық тәсілдер қатарына мынандай амалдар жатады: аффикстік тәсіл; дыбыстардың алмасуы және ішкі флекция тәсілі; супплетизм; редупликация; сөздерді біріктіру тәсілі.
Аналитикалық тәсілдер қатарына мынандай амалдар жатады: екпін және интонация тәсілі, сөздердің орын тәртібі тәсілі; көмекші сөздер тәсілі.
Бұл тәсілдердің барлығының да атқаратын қызметі аффикстер функциясына жақын. Бірақ дәл бірдей емес. Өйткені аффикстердің көпшілігі таза лексикалық қызмет атқарса, кейбірі таза грамматикалық, морфологиялық, енді бірі лексика- грамматикалық, енді бірі таза ғана синтаксистік қызмет атқарады.
Тіл-тілде грамматикалық тәсілдердің бірі – басымырақ, екінші бірі сирек қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ, аталған тәсілдердің кейбірі кейбір тілдерде мүлдем жоқ болуы ықтимал. Дегенмен бұлар бір тілдерде аз, бір тілдерде көптігіне қарамастан, тіл-тілдегі грамматикалық негізгі тәсілдер болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет