I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Әдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі



бет17/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
Әдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі — адамдар арасындағы қатынас құралы болу. Сондықтан жалпы тіл атаулыға тән қасиет-коммуникативтік қызмет Әдеби тілге де тән. Әдеби тіл арқылы айтушының, жазып қалдырған адамның ойын, пікірін ұғамыз, сұрағына жауап береміз. Әдеби тіл арқылы өзіміз көзбен көрмеген оқиға туралы мағлұмат аламыз. Яғни пікір алысу, ой жеткізу, адамдардың бір-бірімен ұғысуы, білмегенді білу, білім, тәлім-тәрбие, тағлым алу Әдеби тілдің осы коммуникативтік қызметі арқылы жүзеге асады. Бірақ Әдеби тілдің коммуникативтік қызметі адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының басқа түрлерінен қалыптасқан белгілі тіл заңдылықтары, тілдік элементтер жүйесінің құралдық, құрылымдық, қолданыстық жағынан тұрақты нормаларының болуы арқылы ажырытылады. Мысалы, ойды білдірудің ең кіші тілдік бөлшегі сөйлем болса, ол белгілі тәртіппен орналасқан, белгілі тұлғалар арқылы грамматик. байланысқа түскен, мағыналары сәйкес сөздерден, ал сөздер дәл сол сияқты морфемалар мен дыбыстардан тұрады, сөйтіп сөйлем жүйелі құрылым құрайды да, ерекше коммуникативтік қызмет атқарады. Сол арқылы қате құрылған сөйлемді, орынсыз қолданылған жеке сөзді, сәйкессіз тіркестерді, кейбір дыбыстық ауытқуларды тауып, анықтай аламыз. Сонымен бірге Әдеби тіл арқылы белгілі бір оқиғаны оқушыға жеткізіп қана қоймай, сезіміне әсер етуге де болады, яғни оқушысын бірде күлдіріп, рахаттандырып, көңіліне нұр сеуіп, өсіреді, бірде жылатып, көңілін күйдіріп, қайғыртады. Бұл — Әдеби тілдің экспрессивтік-эстетик. қызметі болып табылады.[1] Әдеби тілдің қалыптасу жолын нақты көрсете алатын ерекшеліктерге назар аударсақ, әр түрлі Әдеби тілдер арасындағы ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады. Солардың негізінде Әдеби тілдің қалыптасуының негізгі үш жолын көрсетуге болады:
1. Әдеби тіл белгілі халықтың бір ғана тобы сөйлейтін бір диалектісінің негізінде қалыптасады. Ондайға бұл диалектінің не геогр., не экон., не лингвистика, не тектік-этник., не мәдени дәрежесі т.б. жағынан артықшылығы болады. Орыс Әдеби тіл Мәскеу диалектісінің, татар Әдеби тіл Қазан (орта) диалектісінің негізінде қалыптасты деген қорытынды осындай ерекшеліктерге сүйенеді.
2. Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі болуы да мүмкін. Бөтен тілдің Әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен, басқа бір елге бағынышты болуымен, мәдениетінің мешеу қалуымен байланысты. Кейде ондай Әдеби тіл ол халық үшін белгілі бір мерзім ішінде өмір сүріп, кейін ол қасиетінен айрылып қалуы мүмкін, немесе жергілікті халық тілімен қатар өмір сүріп, көбіне тек ресми әдеби тіл шеңберінде қалып та қояды, немесе жергілікті халық тілімен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде әр түрлі өзгерістерге ұшырауы да ықтимал.
3. Көп жағдайда Әдеби тіл сол халықтың бар болса барлық, я бірнеше диалектісінің негізінде немесе жалпы халықтық тілінің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасады. Қазақ Әдеби тіл, соңғы кезде тіл мамандарының көрсетуінше, жалпы халықтық тілдің негізінде қалыптасты деп саналады Қазақ әдеби тілі. Әдеби тіл – өркениетті заман тудырған феномен құбылыс. Әдеби тілдің теориясының іргетасы қазақ тілі диалектологиясы мен тарихи грамматикасындағы қол жеткен нәтижелерінің, тілдік материалды басқаша тану мен саралаудың негізінде қаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет