I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Қазақ тіліндегі омонимдердің зерттелу тарихы



бет12/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
13. Қазақ тіліндегі омонимдердің зерттелу тарихы.
К.Аханов зерттеу еңбегінде омонимдер тақырыбына ғылыми теориялық тұрғыдан мынадай мәліметтер берілген.
Дыбысталуы бірдей , бірақ мағыналары басқа - басқа сөздер омонимдер деп аталады. Омонимдер қалай пайда болған деген сұрақ туады . Олардың пайда болуының бірнеше жолы бар (Автор бұл топтастыруларды көрсете отырып, оның тарихи грамматикамен тығыз байланыста қарастырған С. Е. Малов «Памятники древнетюркской письменности», В. А. Богородский пікірлерін негізге алған):
1 ) Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика семантикалық тәсілі арқылы пайда болған. Тілдің даму барысында көп мағыналы сөздің мағыналарының арасындағы семантикалық байланыс үзіліп,кКөп мағыналы сөздердің мағыналарының арасындағы семантикалық байланыстың жойылуы нәтижесінде әр басқа сөздердің (омонимдес сөздердің) жасалу тәсілі сөз тудырудың лексика - семантикалық тәсілі деп аталады . Мысалы : жабағы 1. Алты айдан асып , бір жылға толмаған құлын. Жабағы ІІ . Қыстан қалған ескі жүн. Осы мысалдардағы жабағы деген екі сөздің шығу тегі бір. Екеуі де бір сөздің мағыналық жақтан дамып, ол мағыналардың бір - бірінен алшақтауы нәтижесінде жасалған.
2 ) Тіл - тілдегі бірсыпыра омонимдер сөздердің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырап , дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде пайда болған. Мысалы, ер деген сөздің ( атқа салатын " ер ” мағынасында ) ертерек кездегі дыбысталуы , көне түрі егер екендігін байқауға болады . В. В. Радлов ер деген сөздің шағатай тіліндегі түбір қалпы егер , туынды түрі - егерле ( қазақша ертте дегенмен бірдей) екенін көрсетеді .
3 ) Омонимдер сөздердің түбіріне ( немесе негізіне ) омонимдес аффикстердің жалғануы арқылы жасалады . Түбір сөздерден жасалған омонимдер түбір омонимдер деп аталса , түбірге ( немесе негізге ) омонимдес аффикстердің жалғануынан жасалған омонимдер туынды омонимдер деп аталады . Қазақ тілінде омонимдер тудыратын аффикстер мыналар : а ) есімдердің - с ( -ыс , -іс ) аффиксі мен етістіктердің ( ортақ етістің ) -с ( -ыс , -іс ) аффиксі.
Омонимдік қатарға енетін сөздердің өзгеру , түрлену жүйелерінің бір - біріне қаншалықты дәрежеде сәйкес келуіне қарай омонимдер лексикалық ( немесе толык) омонимдер, лексика – грамматикалык омонимдер және аралас омонимдер болып топтастырылады .
1. Лексикалық Омонимдер: омонимдік катарды калай түрлендірсе де , ол сынарлар барлык формаларында бір - бірімен сәйкес келеді . Мысалы , ауаны ішке тартып , сыртқа шығарып тұратын мүше " деген мағынадағы өкпе сөзі мен реніш , наз " деген мағынадағы өкпе сөзінің екеуі де бір сөз табына ( зат есімге ) қатысты болып , кептелсе де , тәуелденсе де , септелсе де , барлык формаларында бір - бірімен сәйкес келеді .
2. Лексика - грамматикалық ( немесе жартылай ) омонимдер . Омонимдердің бұл түрінде омонимдік қатарды құрастырушы сыңарлар ( сөздер ) әр басқа сөз табына қатысты болады,осыған орай, олар бір формасында ( негізгі формасында ) бір-бірімен сәйкес келіп , басқа формаларында ажырасып кетеді Мысалы , “ Темірді іске жарататын шебер ” деген мағынадағы ұста І сөзі мен "бірдемені түт , жіберме ” деген мағынадағы ұста ІІ сөзі осы қалпы - түбір тұлғаларында ғана бір - біріне сәйкес келіп , басқа формаларында әр басқа сөз таптарына қатысты ( алдыңғысы зат есімге , соңғысы етістікке қатысты ) сөздер ретінде бір - бірінен ажырасып кетеді де омоним бола алмайды .
3. Аралас омонимдер . Бірнеше омонимдес сөздер бір ғана омонимдік қатарға енуі мүмкін . Мүндай көп компонентті омонимдік катар лексикалык омонимдерді де , лексика - грамматикалык омонимдерді де қамтиды . Мысалы : AT І (зат есім): Жылқының көлік ретінде пайдаланылатын түрі. Ат II ( зат есім ) . Кісінің есімі . Ат IIІ ( етістік ) .
Омонимдер ойдың түсінікті болуына кедергі жасамай ма деген сұрақ туады. Тілдегі басқа да создер сиякты қолданылады. Омонимдік сөздердің қай сөз екендігі омонимдер , әдетте, сөйлем ішінде, белгілі бір контексте қандай мағынаны білдіретіндігі сөйлемде айқындалады. Егер сөйлем грамматикалық жағынан да , стилистикалык дұрыс қүрастырылса, ол сөйлемде қолданылған омонимдер ойдың түсінікті болуына кедергі жағынан да жасамайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет