I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі, өзекті және қалтарыс позицияларды атаңыз



бет37/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
56. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі, өзекті және қалтарыс позицияларды атаңыз.







57. Жақты, жақсыз сөйлемдер: қызметі мен ерекшеліктерін атаңыз.






58. Дара және күрделі сан есімдердің жасалу ерекшелігіне тоқталыңыз. Көбейтілмелі және қосылмалы тәсіл арқылы жасалған сан есімдердің морфологиялық сипатына мысалдар келтіріңіз.
Сан есім — есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Өзінің мағынасы мен функциясы жағынан сан есім өзге сөз таптарына қарағанда, сын есімге біршама жакын. Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді. Негізгі сан есімдер катарына тек қана есептік сандар жатады да, туынды сан есімдер осы негізгі есептік сан атауларына жоғарыда аталған -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу аркылы жасалады. Мысалы: бір- бірінші, он-оныншы; екі-екеу, алты-алтау; бір-бірер, қы-рық-қырықтай, елу-елудей т. б.
Сан есімдер іштей дара және к ү р д е л і сан есім болып белінеді. Дара сандардың атаулары аса көп емес, олардың бар болғаны — жиырма шақты ғана сөз: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың. Күрделі сан есімдердің дара сан атауларының тіркесулері арқылы жасалатын жүйесінде негізгі тәсіл ретінде қалыптасатын мынадай екі түрлі жолы бар: Біріншіден, дара сандардан жасалатын күрделі сандардың қүрамы бір саннын үстіне басқа бір санды қосу жолымен, яғни белгілі бір санға (қосылғышқа) келесі бір кажетті санды (қосылғышты) қосып айту жолымен, жасалады. Ондай күрделі сан есімдер белгілі бір жүйе бойынша кұрастырылған жай (дара) қосылғыш сандардың косындысы есебінде қабылданады да, қосындысы есебінде танылады. Мысалы: он бір (11), жүз сегіз (108), тоғыз жүз тоқсан тоғыз (999) деген күрделі сан есімдердін кұрамындағы жеке сан есімдер белгілі бір санға — он, жүз, тоғыз жүз сандарына — басқа бір сандарды — бір, сегіз, тоқсан тоғыз сандарын — қосып (үстемелеп) айту жолымен жасалған. Яғни бұл күрделі сандар он бір (11), жүз сегіз (108), тоғыз жүз тоқсан тоғыз (999) деген ұғымды аңғартады. Күрделі сан есім жасаудың бұл жолын қосылмалы жол деп атауға болады. Екіншіден, дара сандардан жасалатын күрделі сандардың құрамы бір санды (көбейгішті) басқа бір санға (көбейткішке) көбейту жолымен, яғни белгілі бір санды (кебейткішті) келесі бір қажетті санға (кебейткішке) көбейту, еселеу жолымен жасалады. Ондай күрделі сандар белгілі бір көбейгіш сан мен көбейткіш сандардың көбейтіндісі есебінде кабылданады және солай танылуға да тиіс. Мысалы:екі жүз, тоғыз мың дегенде, бұл күрделі сан есімдердін күрамындағы жеке сандар біріне-бірін қосу емес, көбейту жолымен, яғни жүз, мың сандарын екі, тоғыз сандарына көбейту (еселеу) жолы мен жасалған. Демек, мұндай күрделі сандар екі жүз (200), тоғыз мың (9000) деген ұғымдарды білдіреді. Күрделі сандарды жасаудың бұл жолын көбейтілмелі жол деп атауға болады.
Күрделі қосылмалы сандар тек он бірден басталады да, тоқсан тоғызға (99) дейін жетіп, одан жүз (100) санын аттап өтіп, жүз бірден қайта басталады да, тоғыз жүз тоқсан тоғызға дейін камтып, одан мың санын аттап өтеді де, ары қарай созыла береді, екіншіден, күрделі косылмалы сандар үнемі жоғары дәрежелі сандардан басталып, төмен дәрежелі сандармен аяқталып отырады. Мысалы: он бір, отыз алты, елу тоғыз, жүз қырық бес, мың тоғыз жүз жиырма үш.Көбейтілмелі сандар негізінде екі жүзден басталады да, тоғыз жүзге барып, екі мыңнан қайта басталып тоғыз мыңға дейін барады. Сонда көбейтілмелі күрделі сан есімдердің көбейгіш сандары екіден тоғызға дейінгі бірлік сандар болады да, көбейткіш сандар жүз бен мың сандары болады. Осыған сәйкес, көбейтілмелі күрделі сан есімдерді іштей жүздік көбейтілмелілер (200—900) және мыңдық көбейтілмелілер (2000—9000) деп екіге бөліп қарауға болады. Күрделі сан есімдердің қүрамында кебейтілмелі сандар мен қосылмалы сандар араласа қолданылатын кездері болады. Мысалы: үш мың тоғыз жүз он бес (3915) деген күрделі саннын кұрамындағы үш мың (3x1000) — мыңдық кебейтілмелі сан да, тоғыз жүз (9ХІ00)—жүздік көбейтілмелі сан, ал он бес (10+5)—қосылмалы сан. Олай болса, бір күрделі сан есімнің құрамында әрі көбейтілмелі, әрі қосылмалы сандар бірге тіркесе, қолданыла береді.Күрделі сан есімдердің мұндай түрін аралас күрделі сан есімдер тіркесі деп атайды.
59. Үстеу. Үстеудің семантикалық топтарын көрсетіңіз. Үстеулердің зерттелуі мен қалыптасу тарихына тоқталыңыз.
Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындык, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мелшерлік күй-жайларын және сыннын белгісін білдіреді. Ал, қимылдың белгілері пысықтауыш мүше ретінде қолданылатын басқа есім сөздер мен етістік формалары (мысалы, көсемшелер) арқылы да білдіріледі.Үстеулердің зерттелуі мен қалыптасу тарихына қарағанда, И.В.Мещанинов үстеулер алғашында бөлек сөз табы болмаған, олардың қызметін түрлі септеулер атқарған, кейіннен осы септеулер үстеу болып орнығып қалған деген көзқарасын білдіреді. Қазақ тіл білімінде үстеуге берген анықтамалар А.Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы» еңбегіндегі үстеуге берілген анықтамадан басталады. «Үстеу дейміз – сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру үшін айтылатын сөздер. Мәселен тым жақсы, он есе, тап өзі.Ғалымның пікірінше түпкі үстеулер өте аз. Түпкі үстеу сөздерге мыналарды жатқызады: әбден, тым, тіпті, қас, сірә, есе, нақ, нағыз, әрең, дәл,әні,міне,таман,сайын. Үстеу сөздер деп морфологиялық жағынан түрленбейтін (некен-саяқтап кана түрленетін), лексика-семантикалық жағынан өз алдына топ болып қалыптасып, сейлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздерді айтамыз. Үстеу сөздерді мағынасына қарай топтастырғанда 8 топқа бөліп қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет