I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Лебізді экспрессивті ететін тілдік амалдарды атап, мысалдармен дәйектеңіз



бет56/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
78. Лебізді экспрессивті ететін тілдік амалдарды атап, мысалдармен дәйектеңіз.
Профессор Р. Әмір: «Лебізді айту әрқашан коммуникативтік талаптармен орындалатын әрекет» – дейді. Ғалымның осы пікіріндегі лебіз термині «высказывание», «речь» деген сөздердің орнына қолданылған. Лебіз терминін алғаш қолданушылардың бірі А. Байтұрсынов: «Айтылған лебіздің ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктірмейтін болуы керек. Лебіз ашық мағыналы болуы үшін айтушы айтатын нәрсесін анық танитын болуы керек» деген пікір айтады. А. А. Тәсібекқызы «Қазіргі қазақ тіліндегі парцелляция құбылысы» атты диссертациясында «высказывание» терминіне «айтылыс» атауын ұсынса, ал «речь» терминіне Ф.Оразбаева «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» атты еңбегінде «сөйлесім» атауын ұсынған.
Лебіз туралы сөз қозғалғанда, алдымен коммуникативтік талаптарға шолу жасалуы тиіс. Лебіз атауын синтаксистік мағынасына сай қолданған ғалым Р. Әмір болды. Ол лебізді тудыратын басты нәрсе сөйлеушінің мақсаты, яғни комуникативтік талап екенін атап көрсетеді. Коммуникативтік талап дегеніміз -сөйлеушінің қарым-қатынасқа түсуі әрі өз ойын анық жеткізу үшін қажет басты шарт. Адамдар арасындағы пікір алмасуда әуелі сөйлеушінің коммуникативтік мақсаты бірінші орынға шығады. Коммуникативтік мақсат дегеніміз – сөйлеушінің тілдік қарым-қатынасы есебінен туындайтын көздеген мүддесі, алға қойған мақсаты.
Р. Әмір «Қазіргі қазақ тілі, құрмалас сөйлемдер жүйесі» атты еңбегінде коммуникативтік талаптарды бірінші және екінші дәрежелі деп бөледі. «Коммуникативтік талаптың ең қарапайым көрінісі мына түрде көрінеді:
а) ақпаратты жеткізу – хабарлы сөйлем арқылы іске асады;
ә) сұрау, сұрақ қою – сұраулы сөйлемдер арқылы орындалады;
б) біреуді жұмсау, бұйыру – бұйрықты сөйлемдер арқылы іске асады».
Жай сөйлемдердің тема мен ремаға жіктелісіне І немесе ІІ дәрежелі коммуникативтік талап негіз болады. І дәрежелі коммуникативтік талапқа ең алдымен оның хабарлы, сұраулы, бұйрықты етіп берілуі жатса, екіншіден, оның қарапайым логикаға құрылуы шарт. Себебі пікір уақыт пен кеңістіктегі іс-әрекет, іс-әрекеттің субъектісі, субъектінің атрибуты, іс-әрекеттің нысаны және пысықтауыштық өрістерді қамтиды. Бірақ адам әрдайым осындай ретпен сөйлей бермейді. Тілдесімнің мақсаты мен мазмұнының күрделенуіне қарай коммуникативтік талаптар да күрделенеді. Оларды Р. Әмір былай береді: «Құрмалас сөйлем құрамына мынандай екінші дәрежелі коммуникативтік талаптардың әсері байқалады. Олар:
Лебізді үнемді етіп құру.
Лебізді түрлендіріп, ажарлап айту.
Адресатпен үндесіп отыру.
Лебізді экспрессивті етіп айту.
Лебіздегі актуалды құрамын ерекшелеп айту, т. т.
Лебіздің эмоциялы, экспрессивті реңкте құрылуының әр түрлі жолдары бар. Экспрессивті құрмалас сөйлемдер әр түрлі сезімдерді оятады. Әлден ақытта құрық үстіне құрық жаудырып, ну жылқыны иіріп бетін түзеп, екі қырдың астына түсірдік-ау! Бұл мысалда компонеттердің құрамына демеулік шылау және лексикалық бірліктер арқылы экспрессивтік мән үстеліп тұр. Ызғындай ұрпақ, мол ырыстың ортасында отырып, айдалада жалғыз қалғандай, айналасы құлазып тұрса, мұның несі бақыт? Бұл аралас құрмалас сөйлемде екінші компонент шатты рай тұрғалы етістікпен келіп, үшінші компонент ретінде риторикалық сұрақты білдіретін сөйлем қатысып, экспрессивті құрмалас сөйлем жасалған. Бізді іздеп әуре болма, бәрібір таба алмайсың! Бұл мысалдар экспрессивті құрмалас сөйлемдерді танып, олардың құрылысын жіктеп көрсетуге негіз болатын деректер ғана. Коммуникацияда экспрессивтік сипаттағы құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары, олардың берілу сипаты өте ауқымды.
Сөйлеуде эмоционалды-экспрессивтік мағынаны жеткізуші тіл бірліктеріне дыбыс, сөз, сөз тіркестері, сөйлем жатады. Осылардың барлығы жиылып, тақырыптық-композициялық тұтастық құраған кезде тұтас мәтіннің эмоционалды-экспрессивтік тонын, ырғағын жасайды. Лексика адамның дүниеге, сыртқы ортаға қатысты сезімдік дүниетанымның тілдік картинасын бейнелесе, сөздің түрлі морфологиялық формалары, сөйлем мен мәтін және дыбыс адамның сыртқы ортамен сезімдік қатынастарының өзара байланысын, динамикасын нақты контекст жағдайында бейнелейді.
Басқа кез келген тіл категориясы сияқты экспрессивтілік әртүрлі авторлар «экспрессема», «экспрессив», «экспрессоид» /«экспрессемоид» деп әртүрлі атаған сөз қызметінің нәтижесін өзіндік білдіру құралдары бар. Бейнелеу құралдарының аса бай қорын тілдің лексикалық деңгейі құрайды. Бұл – одағай, антонимдік жұптар; морфологиялық туындылар негізінде пайда болатын экспрессивтілік. Экспрессивтілікті жасауға синонимдік қатарлар да көмектеседі. И.В.Арнольд компоненттердің ерекше валенттілігінен құралатын лексикалық экспрессивтілікті бөліп қарайды: қысқарған сөздер, лексикалық қайталау; күрделі жеке авторлық сөздер. Морфологиялық тәсілден басқа, сөз мағынасын алмастыруға негізделген семантикалық тәсілдер де бар: метафора, метонимия (троп пен фигура) т.б. Экспрессивтілік идиомаға, афоризмге, мақал-мәтелге т.б. фразеологиялық бірліктерге тән. Сөз айтылымның айқындылығын арттыру функциясын атқаратын фразеологиялық синонимдер ерекше экспрессивтілікке ие. Мысалдар: Бөрінің бөлтірігі, біреудің жыртысын жырту (бұл – парономазия, яғни дыбысталуы бір-біріне жақын сөздердің қатар қолданылуынан туатын бейнелі сөз өрнектері, лебізді экспрессивті етеді); Батырдай бейне басына жүрген бақ қонбай (бұл – пароэмион, яғни қатар емес, арасына дыбыс тастап жасалатын өтпелі (сквозной) аллитерацияның түрі); Екі аяғымды бір етікке тығып алып, ізіне түсе қуа бердім деген тіркестерде де негізінен ауыспалы бейнені суреттейтін фразеологизмдер тура мағынадағы оқиғаны, суретті бейнелеп тұр. Алдыңғы мысалда оқиғаны дәл суреттеп, экспрессивті ету үшін, ал соңғы сөйлемде комика туғызу үшін (себебі ол орындалмайтын өтірік) қолданылған. Бұдан бөлек метафора, теңеу, метонимия, антономазия, синекдоха, кейіптеу ауыспалы мағыналардың пайда болуына және экспрессивтік қасиеттерінің күшеюіне байланысты сөздің мағыналық ауқымының кеңеюі оның көркем шығармадағы эстетикалық қызметін дамыта түседі. Сонымен бірге эпитеттердің де экспрессивтік стилистикалық мүмкіншілігі де кең болып келеді. Етістіктің -й көсемше тұлғасы да Абай шығармаларында экспрессияны жеткізеді: Жайнаған туың жығылмай, Жасқанып жаудан тығылмай, Жасаулы жаудан бұрылмай, Жау жүрек жомарт құбылмай.
Сөз, сөз тіркестері секілді сөйлемдер де экспресивтілікті арттыра алады. Ойдың күшейтіліп, мәнерлі түрде айтылуы сөйлемнің экспрессивтілігі деп аталады. Сөйлем-айтылымдардағы экспрессивтіліктің мынадай синтаксистік берілу жолдары бар: сөйлеу тілінде және жазғанды оқығанда, дауыс ырғағын құбылту арқылы сөйлемге экспрессивтік мағына беру; бір ойды білдіретін болымды сөйлемнің орнына болымсыз сөйлемді жұмсау арқылы оған экспрессивті мағына қосу; баяндауыштың І жақтық жіктік жалғауын -мен, -бен, -пен түрінде жұмсау арқылы сөйлемнің мағынасын экспрессивті ету; сөйлемнің баяндауышын, кейде сөйлемнің түрін мәндес басқа сөздермен не басқа сөйлем түрімен ауыстырып айту арқылы экспрессивті мағына үстеу; сөйлемнің етістік баяндауышын қайталап екі рет айту да немесе есім, етістік баяндауыштардың алды-артына олардың мағыналарын күшейтетін сөз қою арқылы экспресивтікті күшейту.
Осы сияқты лепті сөйлем, қаратпа, сұраулы, атаулы сөйлемдердің де өзіндік экспрессивтік стилистикалық ерекшеліктерін айтуға болады. Мысалы: Алақай, әкем жұмыстан оралды! Күз... Әй, жүгірмек, бері келші!
Сонымен, лебізді экспрессивті ету – бейнелеу, бағалау тілдік құралдардың айқындығымен ерекшеленіп, сөйлеушінің белсенді сезім-күй әрекеттері арқылы ойды әсірелеп, көркемдеп жеткізуде сөз өрнектерінің ұтымды қолданылуы деп тұжырымдай аламыз.
79. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ поэзиясы тілі қалай дамыды? Осы кезеңдегі қисса жанры, оның тілдік көрінісі қандай? «Кітаби тіл», кітаби тілмен жазылған қиссалардың лексикалық, грамматикалық, емлелік ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
XIX ғасырдың II жартысында қазақтың мәдени өміріне ірі-ірі өзгерістер жаңалықтар еніп, соған сәйкес жазба әдебиет саласында да жаңа әдебиет жанрлары туып, дамып, түрлене түсуіне қарамастан, қазақ әдебиетінің даму барысында поэзия жанры әлі де басты роль атқарып отырды. XIX ғасырдың II жартысындағы поэзия, бір жағынан, одан бұрынғы, поэзия дәстүрін жалғастыра, ұластыра түссе, екіншіден, сапа жағынан, екіншіден, сапа жағынан да, сан жағынан да, мазмұн мен тақырып жағынан да жаңа қасиетке ие болып, жаңа көтере бастады. Солардың басты өкілдері Шөже Қаржаубайұлы, Орынбай Кертағыұлы, Сүйінбай Аронұлы, Бұдабай Қабылұлы, Ақмолла Мұқамедиярұлы, Мәделіқожа Жүсіпқожаұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Кемпірбай Бөгенбайұлы, Марабай Құлжабайұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, базар жырау Оңдасұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, Ақтан Керейұлы, Аралбай Оңғарбекұлы, Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев, т.б. ақындар творчествасы Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, тағы басқалардың ақындық дәстүрін жалғасытрып, одан әрі Ақыбай Абайұлы Құнанбаев, Сара Тастанбекқызы, Мұхаметжан Сералин, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Мұқамедсәлім Кәшімов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, т.б. ақындар творчествасына ұласып отырды. Сондықтан да олардың ара жігін мезгіл, мерзім жағынан шектеу, ақындық дәстүр, көркем сөз шеберлігі жағынан бөліп жіктеу қиын. Бұлардың бәріне тән ортақ қасиет, біріншіден, жазба әдебиет дәстүрін, бір жағынан, барынша сақтап, қалыпқа түскен, көп варианттылық жойыла бастаған болса, екінші жағынан, әлі де ауыз әдебиеті нұсқаларына, көне жырау-ақындарға тән қайталаулар, ұйқас, буын саны үшін қолданылған басы артық сөздер, сөз оралымдары, сөйлемшелер, жеке жолдар кездесіп отыруы көзге түссе, екіншідіен бұл ақындар шығармалары жұртқа, келешек ұрпаққа үгіт айтып, өсиет ететін жалаң дидактикалық мазмұнда ғана емес, қоғамдық өмірдің әр саласына, жеке бастың жай-жапсарына қатысты мәселелер арқылы әлеуметтік өмірдің сан салалы қыры мен сырын нақтылай көрсету мақсатын көздейді.
XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ әдеби тілін зерттеген арнайы жұмысында Б.Әбілқасымов қисса жанрының туу дәуірі, негіздері, белгілері жайында кеңінен сөз қозғайды. Ол қисса (бұл – арабша «әңгіме», «тарих») деген мағынадағы сөз деп алғашқы кезде шығыс (араб-парсы) әдебиетіндегі сюжеттерге құрылған, оқиғалы поэтикалық шығармалар аталса, кейін бұл термин баспа бетін көрген, өлеңмен жазылған туындылардың бәріне телінген деп көрсетеді.
Қисса жанры негізінен XIX ғасырдың II жартысында, дәлірек айтсақ, соңғы ширегінде туған көркем әдебиет жанры; соның ішінде де поэзия дүниесіне қол артқан үлгілер. Олардың өзге жанрлардан ерекшеленетін негізгі белгілері, бірінішіден, сюжетті, оқиғалы, көлемді шығарма екендігі, екіншіден, тақырыбы мен сюжеті араб, парсы, түркі тілдерінде жарияланған үлгілерден алынғандықтары, үшіншіден, тілдерінде, әсірерсе грамматикалық тұлға-тілдерінде түркілік жазба дәстүр элементтерінің қатысуы болып табылады. Төртінші белгісі қисса жанрының жазба дүниелер екендігін атауға болады. Соңғы белгісіне байланысты «кітаби тіл» деген терминнің қазақ топырағында жасалу, таралу тарихының сыры ашылды.
Қиссалардың орфограммасынан бастап, сөз таңдау, морфологиялық тұлға-тәсілдерді қолдану саласында «кітаби тіл» сипатын алды. Бірақ бұл сипат барлық қиссаларда бірдей дәрежеде, қатаң түрде сақталған жоқ. «Шағатай» элементтері бірінде аз, бірінде көп кездесіп отырды. Мысалы, діни мазмұнды қиссалар мүлде «кітапшылап» кетсе, классикалық шығыс әдебиеті сюжетіне жазылған дастандарда қазақ тілі элементтері басымдау болды.
Қиссалардың «кітаби тілдік» белгілері топтастырып талдағанда мынадай:

  1. Лексикалық саласында . Қазақ тілінде баламасы бар сөздердің соңына араб-парсы, шағатай сөздерін қолдану: нама (хат), құртқа (кемпір), біту жазу,(нама біту – хат жазу, сөзлеу сөйлеу), рауан болу (жүріп кету), тармар қылу (талқандау) сияқты сөздер де XIX ғ. қазақ тіліне тән емес. Бұл белгілер әсіресе діни мазмұндағы қиссаларда көбірек көрінеді.

  2. Грамматикалық саласында. Қазақ тілі морфологиясына тән емес, көне-жаңа «түркілік» тұлғарар мен тәсілдерді қолдану:

  1. есімдіктердің септелу парадигмасы шағатайша: аның (оның), аны (оны), менім, бенім (менің), менге (маған), сенге (саған);

  2. етістік тұлғаларында: өткен шақ есімшенің –ған жұрнақты формасының орнына –мыш аффиксті варианты келеді: бармыш барған, көрінміш көрінген; бұйрық рай аспектісі -ғыл/-қыл барғыл, айтқыл, -ың/-ің барың, алың жұрнақтарымен көрінеді: ауыспалы осы шақ –ғай/-гей жұрнағымен беріледі.

  1. Орфогрфия саласында. Қиссалар «түркіше» емле тәртібін мейлінше сақтап жазуға тырысқан: сөз басында ж дыбысы келетін орындарда көбіне-көп j (й) таңбасы жазылған (йардам бергіл бізләргә йалғүз алла; йаман йолға салдырма көңілімнү – «Сал-сал») , с-ш, ш-м алмасулары жиі ұшырасады.

Ең үлкен орфограммалық ерекшелік сөздерге қосымшалар жалғанғанда қазақ тіліне тән үндестік заңдарын сақтамауда көзге түседі. (бізләр, білгенімні, йолны, келіпді).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет