I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда



бет64/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
Ахмеди Ысқақовтың пікірінше, төл әдеби тілдің революцияға дейінгі кезеңінде қазақ даласына екі түрлі әдеби тіл «жарыса» өмір сүредi, оның бірі – жалпыхалықтық әдеби тіл де, екіншісі – сол кездегі үстем таптың өкілдері ғана, сауатты байлар мен қожа – молдалар ғана пайдаланған «түркі тілі», яғни «кітаби тіл».
Төлеубай Қордабаевтың әдеби тіл жөніндегі пікірі Сәрсен Аманжоловтың пікіріне жақын, бірақ онша айқын емес, екіұшты мағынада қалып қойған «Қазақ тілінің әдеби тіл болып қалыптасуына келетін болсақ, - дейді Т. Қордабаев, - оның негізі өткен ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай қалана бастағанымен, тағы да, тек совет өкіметі тұсында ғана жеткенін көреміз».
Рәбиға Сыздықова өзінің «ХІІІ – ХІХ ғасыр қазақ әдеби тілінің тарихы» деп аталатын құнды еңбегінде әдеби тілдің барлық дәуірлерін сөз етпей, тек екі ғасырға, әдеби тіл тарихы үшін мәні де, маңызы да зор ХІІІ – ХІХ ғасырлардағы арнайы тоқталып, нақтылы материалдар негізінде әр дәуірдің әдеби тіліне тән сипатын, лексикалық, грамматикалық, стильдік ерекшеліктерін анықтауға көңіл бөледі. Р. Сыздықова «Ашып алар жайыттар көп» атты мақаласында мынадай қортындыға келеді: «Сөйтіп, қазақтың тілі: ауыз әдеби тілі, жазба алдындағы әдеби тілі, жазба әдеби тілі деген түрлерге бөлінеді». Ол ХІХ ғасырдың екінші жартысын жалпы қазақ әдеби тілінің емес, қазіргі әдеби тілдің басы деп есептейді де әдеби тілді үш топқа  бөліп қарайды:
1. Ауыз әдеби тілі;
2. Жазба алдындағы әдеби тіл;
3. Жазба әдеби тілі:
А. Орта азиялық түркі әдеби тіліне сүйенген «кітаби тіл».
Б. Қазақтың қолтума әдеби тілі, яғни қазіргі жазба әдеби тіл.
Сейілбек Исаев «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері» деген еңбегінде әдеби тілдің сипаты, қызметі, қалыптасу жолдары т.б. проблемаларды қамтыған. Автор қазақ әдеби тілінің қалыптасуын шартты түрде үш дәуірге бөледі:
1.Қазақ халқының жеке халық болып қалыптасқанына дейіңгі көне дәуір, яғни жалпы түрі әдеби тілі дәуірі.
2.Қазақ халқының халық болып қалыптасқанынан кейінгі кездегі қазақ әдеби тілінің туып, даму дәуірі.
3.Қазақ әдеби тіл дамуының советтік дәуірі.
Қ. Өмірғалиев. Ол әдеби тіл жайындағы өз ойын: «Қазақ әдеби тілі тарихы, қазақ әдебиеті тарихын сөз ету арқылы ғана сөз етілмек. Яғни қазақ әдеби тілі тарихы қазақ әдебиеті тарихының өзгеше үлгіде баяндалуы ғана». «Әдеби тіл дегеніміз әдебиеттің өзі деп тұжырымдайды.
Мәулен Балақаев: «Әдеби тіл – жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл дәрежесіне байлықтары, оның құрлысы сымбатты қалыпқа түсіп, ерекшеленеді. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды», - деп жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет