І тарау ҚытайТүркі мифтерінің ұқсастықтары. 1 Тотемдік тұрпаттың ұқсастығы


Дүниетанымдық түйсіктердің тұтастығы



бет2/4
Дата26.10.2019
өлшемі331 Kb.
#50684
1   2   3   4
Байланысты:
0BD9~1


1.2 Дүниетанымдық түйсіктердің тұтастығы
Бағзы заманда ұлы даланы мекендеуші көшпелілер Көк Құдайы- Тәңірге сенді. Осыған орай олардың ұстанған діні тәңіршілдік деп аталды.

Тәңір дүниедегі жан иелерін жаратушы, барлығына тіршілік лебін үрлеуші Бас Құдай делінеді. Бірақ Тәңір пайда болғанға дейін ғаламды бұлдыраған тұман, буырқанған мұхит басып жатқан. Бабаларымыздың, ежелгі түркілердің, мифтеріне сүйенер болсақ, біздің әлеміміз осы мұхиттан жаралған.

Ол былай суреттеледі: «... Баяғыда көк те, жер де болмаған, тек бір ғана шетсіз-шексіз мұхит болған. Күндердің бір күнінде мұхиттың ортасында Ақ жарық көрініп, одан нұр шашқан алтын жұмыртқа шыққан. Оның ішінде күллі әлемнің болашақ түп атасы Тәңір жаралған./3,8б/ Тәңір өте ұзақ, миллиондаған жылдар бойы ұйықтайды. Ақыры бір күні оянады да, жұмыртқаның қабығын жарып сыртқа шығады. Жұмыртқаның үстіңгі жағынан көкті жаратты, астыңғы жағынан жерді жасады. Көк жерге құлап кетіп, жер жүзінде тағы да алсапыран орнамас үшін Тәңір олардың арасына аса таяқ – темір қазық қояды.

Тәңірдің құдыреті мен күш – қуаты шексіз, оның аузынан шыққан әрбір сөз ақиқатқа айналып жүзеге асты. Екпіні тау тұрғызып, теңізді толтырды. Демі жел мен бұлттарға айналып, оң көзінен күн, сол көзінен Ай жаратылды. Жерге нөсер жаңбыр жіберіп, найзағай шатырлатып, өзі жаратқан Құдайлар мен адамдардың өмір сүруіне бөгет жасайтын жын – шайтандарды жасынмен соғып жайратты.

Тәңір - ең жоғарғы Құдай. Басқа Құдайлар оның әмірін екі етпей, ықтиярына бағынды.

Адамдардың да тағдыры Тәңірдің қолында, олардың қашан туып, қай кезде өлетіндігі де сол Тәңірдің қолында. Ешбір адам Құдайдың талқысынан, Тәңірдің тезінен құтылып кете алмайды. Өйткені, Тәңірге беймағлұм ешнәрсе жоқ, ол бәрін көреді, бәрін біледі. /3,10б/ Бұл түркі елінің дүниені кім жаратты деген сұрағына жауап беретін мифолгиялық дерек көзі. Шынымен де түркі елі өздерінің тұрмыстық, шаруашылық өмірінде «Тәңір» есімін бәрінен биік көрген, қадірлеген. Олардың санасында Тәңір әлемді, ғаламды жаратушы – Құдай саналған. Дәл осы дерекпен ұқсас, қытай мифологиясындағы дүниенің жаралуы туралы мына бір әңгімеге назар аударсақ.



Ежелгі Қытай мифологиясында аспан мен жерді жаратқан қаһарман мифтік бейне ретінде Пань гу ерекше көп айтылады. Пань гу туралы мифтердің сан алуан нұсқалары бар. Соладың ішіндегі әлемнің жаралуы туралы мына бір нұсқасы Түркі елі мифіндегі Тәңірмен тым ұқсас. Ол былайша баяндалады:

«Ол заманда, жер мен аспан әлі бөлінбей тұрған кезде дүниені тек хаос жайлаған болатын. Бұл хаос жұмыртқа формасында болды. Оның ішінде адамдардың алғашқы атасы – Пань гу бар еді. Ол сол жұмыртқаның ішінде үлкен болып ер жетеді. Өз - өзіне келіп, есейген соң, оянады. Қараса жанында ешкім жоқ, тек қара түнек қаптаған. Он сегіз мың жыл өтеді, көзін ашса әлі де сол баяғы қараңғы түнек./1,34б/ Жүрегі қайғы мен уайымға толған Пань гу бұл жұмыртқаның ішінен қалай да шығуды көздейді. Қайдан түскені белгісіз, үлкен балтаны ала салып, жұмыртқаны жарып шығады. Жарылған жұмыртқаның аппақ бөліктері, аспанды, ал қара, ауыр бөліктері жерді құрады. Осылайша, аспан мен жер жасалды. Алғашында толықтай дерлік хаос жайлаған жер мен аспан бір-бірінен Пань гудің арқасында бөлініп шықты. Жер мен аспан арасы қосылып кетеді – ау деп қорыққан Пань гу басымен аспанды, аяғымен жерді тіреп тұрды. Күн сайын жер де, аспан да бір чжан – ға өсіп отырды. Соған сәйкес, Пань гу де бір чжан – ға өсіп отырды. Тағы да он сегіз мың жыл өтті. Аспан жерден барынша биіктей түсті. Жер барынша кеңейе түсті. Ал Пань гу қандай болды деген сұрақтың туатыны заңды. Қытай мифтеріндегі деректер бойынша ол аспан мен жердің арасында тағы да хаос орнамас үшін үлкен, әрі сенімді діңгек болып тұра берген, кейін – келе аспан мен жер Пань гудің көмегінсіз – ақ, өз беттерінше тұра алатындай дәрежеге жеткен. Нәтижесінде, Пань гу енді ешқандай хаостың болмайтынына көзін жеткізіп барып қайтыс болады. Ол өлген соң, оның дауысынан – күннің күркірі, аузынан шыққан демінен – жел мен боран, сол көзінен – күн, оң көзінен – ай, қолы мен аяғынан – дүниенің төрт тарабы, қанынан - өзен, қан тамырынан – жолдар, шаштарынан – жұлдыздар, денесіндегі түктерден – шөптер мен гүлдер, ағаштар, тісі мен сүйектерінен – түрлі – түсті металлдар, тіпті оның терісінен аққан терден – жаңбыр пайда болды дейді. Бір сөзбен айтқанда, Пань гу жаңа әлемнің тыныштығы үшін өзін құрбандыққа шалған адам. Ал кейбір аңыздарда егер Пань гу көңілді болса, онда ауа – райы да жақсы болады деп есептеген, ал оны ашуландырсаң, аспанннан жаңбыр мен бұршақ жауады деп қорыққан. Тағы бір таңғажайып мифтерде, Пань гудің басы - айдаһар, денесі-жылан болған деген деректер де кездеседі. Ол дем тартқанда – жел мен жауын тұратын болған, ал дем шығарғанда күн күркіреп, найзағай ойнаған. Көзін ашқанда күн шығады, көзін жұмғанда күн батады делінген. Осыдан – ақ аңғарғанымыздай, Қытай елі өздеріне жер мен аспанды бөліп берген, сонымен қатар әлемді жасаушы тұлға – Пань гудің сипатына айдаһар мен жылан бейнесін берген. Оның өзі, сол кезеңдердегі Қытай елі үшін жылан мен айдаһар бейнесі тек жағымды, ел басқарар тұлғаларға ғана берілетіндігін аңғаруға болады. Пань гу туралы тағы бір деректе оның өзін – аспанның патшасы деп санайтын тұсы бар. Ол кезде аспан мен жер әлі бөліне қоймаған кезі. Аспан патшасы – Пань гу тауларды аралап жүріп, тау жартастарына жиналған қаннан туылған аса әдемі, сұлу қыз – Тайюань –юйнюй –ды көріп ғашық болады да, үйленеді. Кейін олардан бір ұл туады. Оның есімін – Тиань Хуан деп атайды. Қытай тілінен аударғанда бұл сөздің мағынасы – Аспан императоры дегенді білдіреді. Пань гу туралы мифті дәл осы жерден үзе тұрып, түркі елі мифтерімен ұқсастықтарына бір шолу жасасақ. Түркі еліндегі «танг» деп дыбысталатын Тәңір сөзі Қытай елінде «тиань» деп бұрмаланады деген едік. Ендігі ұқсастыққа назар аударсақ, Қытай елі ұлық тұтқан Пань гу мифтерде өзін «аспан тәңірімін» деп атаған. Пань гу де қараңғы қапас түнектен – үлкен жұмыртқаны жарып шықса, Түркі елінің дүниені жаратушы тұлғасы – Тәңір де сол жұмыртқаны жарып шығуымен ерекшеленеді. Түркі еліндегі Тәңір ұғымы да, Қытай еліндегі Пань гу мен пара –пар; Пань гу елі үшін мерт болғанда, оның денесі де елге пайдалы заттарға айналса, Тәңірдің де демі –жел, оң көзі –күн, сол көзі –айға айналған. Мұның бәрі тосыннан келген ұқсастықтар емес. Біріншіден географиялық жақындық, екіншіден саяси қарым-қатынастың үзілмеуі де себеп бола алады. Жаугершілік заман мен сауда саттық, тарихта көрсеткендей, екі елдің тыныс тірлігі мен тұрмысында өзге азия елдеріне қарағанда жақынырақ байланыстыратын тұстар аз болмаған. Тотемдік тұрпаттың ұқсастығында атап өткен лингвистикалық, этнографиялық сәйкестіктер екі елдің дүниетанымдық көзқарастарына да тән. Әдебиеті ұқсас - елдердің мәдениетінде де ұқсастықтар болады. Осы ұқастықтарды зерттеу екі елдің бүгінгі қарым-қатынасын орайлы қалыптастыруға өз септігін тигізетінін жоғарыда айттық.

Дүниетанымдық көзқарастардағы Қытай елі мен Түркі елінде - аспан мен жерді жаратудағы және табынар тұлғаларындағы бір-бірінен ажырата алмастай ұқсас кейіпкерлер мен мазмұны бір тектес сюжетке негізделген мифтік оқиғалар да көптеп кездеседі. Біз тек оның танымал деген мифтерін салыстырып көрмекпіз.

Дүниенің жаралуы Пань гудің балтамен жұмыртқаны жарып шығуына байланысты деп болжайтын Қытай елінде енді адамдар қалай жаралды, ол туралы қандай мифологиялық деректер бар? Көптеген мифтік аңыздар бойынша адамдар Инь мен Яньнның –екі ұлы рухтың қосылуынан туылды деп есептейді. Аспан мен жер бөлінгеннен соң, оның ұсқынсыз бөліктерінен жануарлар мен жәндіктер, өсімдіктер жасалып шықса, ал оның таза бөліктерінен – адам құралды дейді. Алайда бұл нұсқа көпке бармады. Тағы бір деректерде, адам Пань гудің денесінен бөлініп шыққан паразиттерден жаралды деп есептеді, бірақ бұл да намысты Қытай елінде ұзақ тұрмады. Ал енді бір дерек көзі бойынша Пань гудің әйелі болған. Ол кейін Пань гуге ұл тауып береді, адамзат осы ұлдан тараған делінеді. Алайда бұл нұсқаның да ізі қалмайды. Тағы бір ерекше таңғаларлық мына мифте адамдардың жаралуы туралы былай делінген: Аспан құдайлары – Хуаң ди адамдарды екіге – еркек пен әйелге бөлген. Шаньпянь оларға көз, ауыз, мұрын жасаған, ал Саньлинь – аяқ пен қол жасаған. Бізді адамдарды рух жасады деген түсінік қатты қызықтырса да, өкінішке орай ол туралы да нақты мәліметтер көп қалмаған. Шаньпинь пен Саньлинь рухтары туралы еш дерек жоқ. Десе де адамдардың жаралуы туралы Ню ваға қатысты мифтік деректер тым көп – ақ. Тотемдік тұрпатты таныстыру барысында аталып өткен бұл кейіпкер бізге біршама таныс болса керек. Енді сол Ню ваның адамдарды жасап шығарғандағы ерліктерімен Түркі елі мифтеріндегі адамдардың пайда болу түсініктерін салыстырып көрелік. Жалпы Қытай мифі дегенде ең алдымен көзге түсетіні де, Қытай мифологиясының басым бөлігін алып жатқан, ол туралы көп деректер қалған кейіпкер осы Ню ва десек артық айтпаған болар едік. Бұдан Қытай елінің өте ерте заманнан-ақ Ана атын ардақ тұтқанын анық аңғаруға болады. Ню ва жайында әңгіме болғанда, екінші бір кейіпкер туралы айтуымызға да тура келеді. Ол кейде Баоси, немесе Паоси деп аталып жүрген – Фуси. Бұл аттардың барлығы ежелгі Қытай мифтеріндегі әр түрлі қолжазбаларда әрқалай аталып жүр, бірақ біз көп қолдануына байланысты Фуси деген есімді аламыз.

Фуси – мифтік аңыздардың ішіндегі бірден –бір танымал кейіпкер. Мифтік деректер бойынша Фуси мен Ню ва ағалы – қарындасты болған. Ал өте ертедегі деректер бойынша олар ерлі – зайыпты делінеді. Айтылуы бойынша бұл мифтер Хань дәуірінде былайша суреттеледі: Олардың басы – адам, ал денесі-жылан болған. Фу си мен Ню ва белдеріне дейін келетін халат, ал бастарына – бас киім киген. Белден ары – жылан бейнесінде болған. Фу си қолына бұрыштық ұстап отырған, ал Ню ва – циркуль алып отырған. Ал кейбір деректер бойынша Фу си қолына күнді, ал Ню ва айды ұстап отырған. Фу сидің қолындағы күнде - алтын қарға, ал Ню ваның қолындағы айда – бақаның суреті бейнеленген. Осындай суреттеулерден кейін, Фу си мен Ню ва ның ерлі – зайыпты болғанына еш күмәнің қалмайды. Бұл деректер бізге адамзаттың арғы тегі - жартылай адам, жартылай жануардан пайда болған деген ұғымды береді. Осы Фу си мен Ню ва келе –келе адамзаттың қорғаушы рухына айналады. Ежелгі адамдар Фу си мен Ню ваның рухына жиі-жиі келіп, дұға оқитын болған. Өлген адамдардың ол жақтағы өмірін Фу си мен Ню ва жауапқа тартады деп түсінген олар, сол үшін аспан құдайларынан кешу тіледі. Фу си мен Ню ваның ағалы-қарындасты болғанын, кейін - келе ерлі – зайыпты ретінде қосылып, олардан адамзаттың арғы бабалары туылғаны туралы айтатын автор Ли чжун өзінің «Қайталанбас және таңғажайып суреттеулер» деген еңбегінде былайша баяндайды: Әлем жаңадан ғана жаралған кезде, Ню ва өзінің ағасы Фу си мен бірге Кунь лунь тауын мекен етті. Ол кезде әлі адамдар да болмаған. Олар ерлі –зайыпты болуға бекінеді, алайда бір – бірінен ұялады. Сол кезде ағасы қарындасы Ню ваны таудың шыңына шығарып, аспанға қарап айғай салады: «Егер аспан біздің үйленгенімізді қаласа, түтін тік ұшсын, ал егер қаламаса, онда тарқап кетін» дейді. Сол кезде түтін тік ұшады. Нәтижесінде Ню ва мен Фу си қосылады. Қазақтың наным-сенімінде әлі күнге дейін қолданылып жүрген, жаңа шаңырақ көтерген отбасыға айтылар тілектің: « Шаңырағың биік, түтінің тік ұшсын» деп келетін ақ тілектің бір ұшы осы мифтің шығу тегіне қатысты ма деп қаласыз.

Біз жоғарыда Фу си мен Ню ваның бірлескен жерлерін атап өттік. Енді олар туралы жеке – жеке кездесетін деректер шоғырына зер салсақ. Б.з.д. үшінші мың жылдықтар кезінде, Цинь және Хань династиясының дәуірінде, Фу си мен Ню ва бір –біріне мүлде қатысы жоқ кейіпкерлер ретінде суреттеледі. Алдымен Фу си туралы деректерге тоқталайық. Әңгіме желісі бойынша жүздеген жылдар бұрын, Қытайдың солтүстік – батысында керемет дамыған Хуасюй елі болған екен. Бұл елдің алыстығы сондай, оған жаяулатып та, арбамен де, тіпті қайықпен де жете алмайтын көрінесің. Оны тек қиялмен ғана кезе аласың. Түркі елі ұғымындағы жерұйық іспетті болған бұл мекенде адамдар тек қалағанын істейді, онда басшы, езуші тап деген атымен жоқ, бұл елдің тұрғындары суда да жүзе алады, бірақ ешқайсысы батпайды, ауада да тым еркін, жерде жүргендей жүре алады. Бұлтар мен тұмандар, күннің күркірі мен найзағайлар оларға еш кедергі жасамады. Хуасюй елі бір уақытта әрі құдай, әрі адам болды. Олар мәңгілік өмірдің иесі еді. Осындай жұмақ әлемінде бір қыз тұрды. Оның аты – Хуасюй – ши деп аталды. Бір күні ол шығыстың тамаша, әдемі гүлдері мн шөптерін көрмекке Лэйцзэ теңізінің жағасына келеді. Сол жерден ол үлкен алыптың ізін көреді. Таң қалған ол осы іздің бойымен жүріп отырады. Сол сәтте – ақ ол ауыраяқ болып қалады. Кейін ұл туады. Оның атын Фу си қояды. Теңіз жағасындағы алыптың ізі кімдікі, ол туралы мифте ештеңе айтылмайды.Осы бір деректің өзі атап тұрғандай –ақ Фу си құдайдың ұлы, оның шешесі де тегін жердің адамы емес, жұмақта өмір сүрген, бір уақытта аспанға ұша алатын, суға батпайтын құдай сынды. Фу си аспан баспалдағы арқылы аспанға еркін шығып, түсе алатын болған. Ол бірде өзінің әкпесімен бірге аспанға шығады. Бірақ ол қандай аспан баспалдағы?

Әрине бұл баспалдақты адамдар жасаған жоқ. Мифтерде айтылып жатқан баспалдақ ол – тау мен ағаштар болса керек. Бірақ бірден аспан сарайына алып баратын мұндай тау, немесе ағаш түріндегі баспалдақтар қайда орналасқан? Мысалға, бәрімізге таныс Кунь лунь тауы – Аспан құдайының ең төменгі астанасы. Аспан құдайы –Тиань дидің ең ұлы астанасы аспанда орналасқан. Фу си Кунь лунь тауының шыңына шығып, зиань му ағашынан баспалдақ жасап, аспан құдайының астанасына көтеріле алған. Аңыз бойынша Фу си музыкалық аспаптарды жасаған. Мифтік кейбір деректерде Фу си шығыстың Тәңірі деп суреттеледі. Оның көмекшісі болып ағаштардың рухы –Гоуман қызмет етті. Жалпы Фу си – отты пайдалануды үйретуші тұлға. Ню ва жайындағы бөлек әңгімелерге тоқталсақ, Ню ваны Қытай елі тек әлемді жасаушы тұлға деп қана елестетпейді, ол сонымен қатар адамзаттың анасы. Мына бір дерек бойынша былай суреттеледі: «Әлемді топан су жайлаған кезеңде жан – жануарларды, адамдарды, ауада ұшқан құстарды жыртқыш аңдар жей бастайды. Жан ұшыра қашқан өз ұрпағын аман сақтап қалу үшін Ню ва топан суды тоқтатып, аспан мен жерді жамайды. Аспан мен жердің арасына бес тіреуіш қойып жыртқыштармен күреседі. Осылайша қаһарман Ню ва өз ұрпағының амандығы үшін аянбай тер төгеді. Ел қайтадан оңалып, аспан мен жер бүтінделген соң Ню ва балаларын өз көзімен көріп отыру мақсатында кемпірқосаққа айналады. Күн жауғаннан кейін шығатын кемпірқосақ – Ню ваның өзінен хабар береді. Сол кездегі Қытай елі үшің Ню ва кемпірқосақ ретінде аспаннан өз ұрпағын көріп, бақылап отырған. Тағы бір дерек көзі бойынша, Ню ва саз балшықтан жасап шығарған балаларын ылғи да қорғап жүретін қамқоршы болып сипатталады. Айта берсе, Ню ва жайындағы деректер еш таусылмайды.

Жалпы әлемнің жаралуы туралы біздің дәуірімізге дейінгі «Атрахсис туралы аңыз» атты көне шумер-вавилондық кітаптан алынған үзіндімен салыстыруға болады. Онда былай делінген:

«Алғашқы айдың жетінші һәм, он бесінші күндері, Ол арылу ғұрпын жасап гүлдеді. Ақылы бар дана құдайды келтірді. Құдайлар кеңес құрып, оны өлтірді. Қан – жынына бөктіріп сол денені, Әйел құдай Нинту балшық иледі. Омырып ап он төрт балшық кесегін, оң жағына жетеуін ол қояды., сол жағына жетеуін ол қояды. Араларын кірпішпен ол бөледі. Құмар болған даналық пен білмекке, жеті, жеті құдайлардың туудын, жеті еркекті сонда олар жаратты. Жеті әйелді олар сонда жаратты.» Әлем аңыздарында да айтылғандай жалпы адамзат қауымының жаралу тегі саз балшықтан келіп шығады. Мейлі, жасаушы Қытайда – Ню ва, Түркі елінде – Тәңір болсын, олардың түбін бір нәрсе – жасалынатын заты – саз балшықтан болғаны - екі ел мифінің де тамырлас екенін айғақтайды. Дүниетанымдық көзқарастарында Қытай елінде әлемді жаратушы Инь мен Янь ұғымы қараңғылық пен жарық деген түсінікті береді. Осы ұғымдарға сәйкес, жақсылық пен жамандық, қайрымдылық пен мейірімсіздік сөздері де қатар аталады. Қытай мифтеріндегі жағымды бейне, жақсы кейіпкерлер әлемді жаратушы құдайлардың есімімен тығыз байланысты. Дүниетанымдық түсініктерінде құстың да алатын орны зор. Түркі еліндегі «Самұрық» мифі іспеттес мифтер Қытай елінде де көрініс табады.

«Таулар мен теңіздер» кітабында Тянь-Шань тауының батыс бөлігінде өзінің түр-сықпытымен алтын қапты еске түсіретін, әулие құс өмір сүргендігі туралы айтылады. Ол кейде түрін қызғылт түске ауыстырады да отты шарға ұқсайды. Оның алты аяғы, төрт қанаты болғанымен, көзі, құлағы, тіпті аузы мен тұмсығы да жоқ. Бірақ ән мен биді сезінетін болған. Жұрт оны Ди-цзян атапты. /1,256б/

Ди-хун немесе Хуан –ди секілді Ди-цзян да Орталықтың Жоғарғы иесі. Сол себепті де «Чжун-цзы» трактатындағы хиссада ол Орталықтың Аспан тәңірі ретінде аталады. Кейбіреулер Хуньтуньді Хуан-дидің баласы санайды. Бірақ бұл түсінік шамасы кейінгі кезеңдерде пайда болған сияқты. /1,230б/ Түркі еліндегі жын-шайтан бақсылар жайындағы мифтерде бұл кейіпкерлер жағымсыз образды бейнелесе, Қытай елінде де бұл ұғым жексұрын жандардың прототипі ретінде сипатталады. Олардың шығу тегі туралы мына бір миф- Албастылардың (жын) анасы -Гуй-му туралы. Оңтүстік теңіздің жағасындағы Сяоюй тауында тіршілік еткен Гуй-муді Гуй-гу шэнь деп те атаған. Оның басы жолбарыстыкі, аяғы айдаһар-лундікі, қастары айдаһар –мандікі, көзі су айдаһарыныкіндей болғандықтан, түр-келбеті өте таңғаларлықтай екен. Ол аспан мен жерді туған. Сондай-ақ ә дегенде 10 шақты шайтанды да туа алады екен. Ал ертеңгісін туған шайтандарын кешке қарай жеп қояды. (13) Бұл кейіпкер бір жағынан барлық заттарды алғаш жаратушыны еске салады. Алайда өзінің балаларын жеп қоятындықтан, және мұнысы этикаға сыймайтындықтан, ол «Албастылар анасы» болып қала берген. Тағы да құдайлар бейнесі туралы мифтерге тоқталсақ:

«Нюйваның ажалынан кейін қанша уақыт өткені, күн құдайы –ұлы Янь-ди қалай пайда болғаны белгісіз. Ол өзінің шөпшегі (правнук), от құдайы Чжужунмен бірге оңтүстіте 12 мың ли жерді басқарып, Оңтүстіктің Жоғарғы билеушісі деп аталды. Ол Хуан-дидің бауыры болғандығы туралы да сөз бар. Сондықтан ол екеуінің әрқайсысы Аспан астының жартысын билеген көрінеді. Алайда ағасы мен інісі бір-біріне мүлде ұқсамапты. Ақырында ол екеуі келіспей, Чжолуда қан судай аққан шайқас жасайды. /1,58б/ Сондай-ақ оңтүстіктің билеушісі Янь ди туралы мына дерекке ден қойсақ:

«Янь-ди мейірбан болыпты. Егер оның ізгі істерін айтар болсақ, ол Хуан –диге қарағанда әлдеқайда көп. Ол дүниеге келгенде жер бетінде адамдар көп болыпты, ал табиғат беретін азық жеткіліксіз екен. Мейірбан Янь-ди адамдарды егін егуге, өз еңбектерімен тіршілік етуге үйретеді. Ол уақыттары адамдар қауымдасып тіршілік кешіп, бір-бірлеріне көмектесетін болған. Қожайын немесе құл деген болмапты, алған астықтарын теңдей бөліседі екен. Адамдардың арасындағы қарым –қатынас та бауыр мен қарындастың арасындағыдай болыпты. Астық дақылдары өсуі үшін Янь-ди күнді жеткілікті мөлшерде жарық пен жылу беруге мәжбүр етіпті. Сол кезден бастап адамдар киім-кешек пен азық турасында алаңдауды қойыпты. Барлығы да оны құрметпен Шэнь-нун - әулие диқан (жер өңдеуші) атап, еңбегін ерекше ризашылықпен еске алады екен. Әпсанаға сенсек, оның басы- бұқа, ал денесі адамдікіндей болыпты.(/1,223б/ Қытай елінде суреттелер құдайлардың бейнесі жартылай жануар, жартылай адам кейпінде айтылады. Бұл түркі еліндегі Тәңір бейнесінен, Ұмай ана келбетінен еш аумайды.

«Күн құдайы Янь-ди адамдардың киім-кешегі мен азығы жеткілікті екенін, бірақ сөйте тұра олардың өмірлері әлі қиын екенін көреді. Сол себепті ол адамдар өздеріне қажетті заттарын айырбастап алу үшін халыққа базарлар жасайды. Ол кезде әлі сағат болмағандықтан және уақытты есептеудің ешқандай амалын білмегендіктен, жұрт айырбасқа белгіленген уақытты ажырата алмайтын көрінеді. Янь-ди бастапқы нүктені өзінен, дәлірегі өзіне тәуелді күннен белгілеп, адамдарды уақыт санауға үйретеді. Күн тас төбеге көтерілгенде базарда сауда басталады. Біраз уақыт өткесін, жұрт тарқайды. Осылайша жұрт уақытты бұлай есептеу қарапайым, әрі дәл екенін түсінеді.» /1,61б/

Әрине, аспан иесі бәрін көреді, бәрін біледі дейтін түсінік олардың санасына ол кезде мықтап орнаған болатын. Жел тұрып, найзағай ойнаса, күн күркіреп, қар жауса-Аспан құдайы бізге ашулануда деп жорыған. Сол себепті де олар өз құдайларына арнап, құрбандық шалатын болған. Қытай түсінігінде ең жоғары орын алған мифтік бейне, оңтүстіктің құдайы, күннің иесі-Янь ди шаруа адамдарына егін егуді үйреткен, оларға бар жылуын сыйлаған қайырымды тұлға ретінде суреттеледі. Біз енді түркі еліндегі барша әлемге, оның ішінде Қытайға қатысты, танымал болған мифтік бейнеге тоқталсақ.

Түркі еліндегі бәрімізге белгілі болған үлкен Тәңірдің мифтік дерек бойынша үш ұлы болған деп саналады. Қайсар - сол ұлдардың үлкені. Базбіреулер оны кесар немесе гесер деп атайды. Қайсардың ерліктері көптеген эпикалық дастандарға, аңыздар мен ертегілерге арқау болған.

Қайсарды үлкен Тәңір ұзақ уақыт билеушісі болмаған Лин мемлекетіне жібереді. Танылып қалмас үшін Қайсар Лин бектіктерінің бірінің отбасында Жору атты түрі жаман, боқмұрын бала болып қайта туады. Бірақ әкесінің інісі қаскүнем Қара Шотан кішкене ұлдың құдай тектес жаратылысын сезіп қалып, келешектегі қаһарынан қорыққандықтан көзін құртпаққа бекінеді. Жеткіншек ұл жауыз ағасының құрған торларынан оңай құтылып кетіп жүреді. Ол көптеген сайтандарды жойып, Үрмай ханым сұлу тігілген бәйгеде жеңіске жетеді, сонымен қатар Лин мемлекетінің қазынасына ие болады. Ол осылайша бақытты өмір сүріп жатқан кезде, Лин мемлекетіне аяқ-астынан жау келеді. Олар Үрмай ханымды қолға түсіріп, зорлықпен жексұрын Гүрхан ханға қосып, әйелі етеді. Құдіреттің көмегімен Қайсар елін жаудан азат етіп, Гүрханды өлтіреді. Оның басқа ерліктеріне келетін болсақ, Қытайда Қайсар әр түрлі кеереметтердің көмегімен сол елдегі ең сұлу ханшайымның жүрегін жаулап, оған үйленеді. Содан соң Қайсар өзінің осы дүниелік анасы, өзін өмірге келтірген әйелді тозақтан құтқарып алып шығады. Солтүстіктегі, оңтүстіктегі, шығыс пен батыстағы елдерді билеп тұрған сайтандарды жеңіп, осынау елдердің халықтарын өз билігіне бағындырады.



Орталық Азия халықтарында Қайсар жайында, оның даңқты істері турасында көптеген аңыздар, жыр – дастандар сақталған. Рас ұзақ уақыт мерзімде Қайсардың есімі азын – аулақ өзгерістерге ұшырады. Қазір түркілер оны көбінесе, Қыдыр немесе Қызыр деп атайды. Шамандық толғауларда ол Қайсар кейде Бұрхан немесе Тәңір делінеді. Оны асқар таулардың ақ басты биік шыңында мекендейтін Көк Ұлы деп те атайды./3,55/ Бір қызығы, осынау Түркі елі қадір тұтқан Қыдыр ата немесе Қайсар есімі ежелгі Қытай тарихында да батыр, ел қорғаушы жан ретінде сипатталуы.

Дүниетанымдық көзқарастардағы түркі елі мифтерінің әртүрлі тайпаларына жеке тоқталсақ. Скифтер мен сақтардың мифтеріндегі Қытай елі мифімен ұқсас жерлеріне біраз шолу жасайық. Еуразялық скифтер (сақтар) жер бетіндегі ең байырғы халықтардың бірі болған. Скифтер жайлы көптеген аңыздар мен мифтер сақталған. Ұлы Скифия мемлекеті Еділ мен Дунайдың аралығында, орманды – далалы атырапты алып жатқан. Бағзыдағы ұлы дала Алтайдан Венгрия алаптарына дейін созылғандықтан, бұл халықты Батыс Ұлы Көшпелілері деп атаған. Бұған Украина мен қазіргі Ресейдің далалары жалғасады. Соңғы кезге дейін скифтер мифологиясы жөніндегі негізгі еңбектер Д.С. Раевскийдің 1977 жылы шыққан «Скиф – сақ тайпалары мифологиясының очерктері» және 1985 жылы шыққан «Скифтер мәдениетіндегі әлем үлгісі» монографиялары болып табылады. Бұған К. Ақышевтің 1987 жылы шыққан «Сақтар мифологиясы» кітабын айтуға болады. /3,109б/ Сол сақтардың мифтерінде кездесетін айдаһар тұлғасы туралы деректер келтірсек. Әдетте, олар айдаһарды жылқы басты, жылан құйрықты, үлкен қос қанатты және әрқайсысында төрт-төрттен тырнағы бар төрт аяқты етіп елестетеді. Сондай –ақ оның тоғыз ұқсастығы туралы айтады: мүйізі -бұғыныкі, басы-түйенің басына, көздері-сайтанның көздеріне, мойны – жыланның мойынына, қарны – моллюсканың қарнына, қабыршағы – балықтың қабыршағына, тынақтары – бүркіттің тырнақтарына, аяқтары – жолбарыстың аяқтарына, құлақтары – бұқаның құлақтарына ұқсас. Сақ тарихында айдаһарды алғашқы императорлардың арғы тегі санаған. Оның тырнақтарының, тістерінің және сілекейінің шипалық қасиеті бар деп санайды. Өз қалауы бойынша ол адамдарға көріне алады. Көктемде көкке ұшып кетеді. Жалпы сақ мифтерінде айдаһардың алуан түрі ұшырасады. Мысалға аспан айдаһары өзінің жотасына құдайлардың сарайларын жерге құлатпай ұстап тұрады. Құдай тектес айдаһар адамдардың игілігіне жаңбыр жаудырып, жел тұрғызады. Жер айдаһары бұлақтар мен өзендердің ағысын бақылайды. Ал жер асты айдаһары адамдарға тыйым салынған қазыналарды күзетеді. Алғашқы деректерімізде аап өткендей, Айдаһар бейнесі шығыс ғұндардың туларында да кездеседі. Сақ мифологиясындағы әлемді мойындатқан атақты «Алтын адам туралы» мифтің де шығу тегі мен тұрпаты Қытай жерінде табылған сақ адамы мүрдесінің болмысын қайталайтын іспетті. Ежелгі Қытайдың діни наным – сенімдерінен таныс болғандай, біз құрбандық шалудың түрлі себептерін атап жатпай –ақ қояйық. Есік қаласынан табылған Алтын адамның жанына қоса жерленген әр түрлі ыдыстар мен зергерлік бұйымдар соның дәлелі болса керек. Ол кездегі адамдардың түсінігінде өлген адам о дүниеде осы өмірде тұтынған заттарын керек етеді деп есептеген. Сол үшін де егер ол патша тұқымынан болса, оның жанына қызметкерлерін бірге көміп отырған. Қытайдың батысындағы Шыңжан провинциясынан табылған сақ адамының да жанынан дәл осындай заттардың табылуы біздің ата-бабаларымыздың сол көне заманнан бері Қытаймен байланыста болғанын аңғарамыз. Қытайда табылған сақ адамының бас киімі үшкір болып келуі ежелгі сақ тайпасының ұлттық киімін еске салады. Алтын адам мен Қытайдағы сақ адамының тұрмыс-тірлігі мен дене бітімінің ұқсастығы ғалымдарға басқа ешқандай күмән тудыртпағандай. Сақ тарихын еске алғанда, кентаврлар жайлы мифті ұмытпағанымыз жөн. Кентавр – мифологиялық бейне. Сол кездегі салт атты далалықтардың сипаттамасы мынандай: «Динлин патшалығы бар. Ондағы адамдардың тізесінен төмен жүн өседі. Олар жылқы тұяқты, жаяу жүргенді ұнатпайды. Бұлар Диньлин елінің тұрғындары екен. Олар өз -өздерінің аяқтарын қамшымен сабалап, күзгі аспандағы жабайы қаздардай «га!» «га!» деп қиқулап сахарада жүйткіп жүреді екен» делінген. Кентаврлардың бейнелеріне, әсіресе, антикалық классикалық әдебиет пен өнер бай. Мифтерде кентаврлар құмарлыққа салынған, кепкен етпен қоректенетін дөрекі, хайуан кейпінде көрінеді. Олардың негізгі қаруы ауыр шоқпарлар мен жойқын күшпен лақтырылатын зор жартас сынықтары. Біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырларды қытай жылнамаларының авторлары көшпелілерді дәл осындай жағымсыз бейнеде қабылдаған. Өйткені ол кезде олар үшін ішкі дұшпаннан гөрі сыртқы жау-кентавр сияқты сақтардың жауынгерлік қабылеті қауіпті еді.

Антикалық орта дәуірде кентавр мүлдем басқа кейіпке енді. Мұндай кентаврлар көптеген атақты грек қаһармандары мен батырларының – Ахилестің, Леонның, Кастордың, Полидевкінің және Гераклдың ұстаздары ретінде танылды. Әсіресе дана кентавр Хиронның аты жұртшылыққа кеңінен мәлім.

Түркі мифолгиясының елеулі бөлігін құрайтын, әсіресе, Қытай мифологиясында жиі кездесетін ғұндардың мифологиясына тоқталсақ.

Ғұндар-бір замандарда Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген, аса байырғы халықтардың бірі. Хундар үлкенді –кішілі бірнеше мемлекет құрған. Солардың ішінде, тарихта зор із қалдырған ең үлкен һәм ең белгілі екі империя мәлім.Оның бірі – қытайлар шаньюй Туман деп атаған Тұман (Теоман жабғу) құрған мемлекет. Тұман (Бумын) б.д.д. 209 жылы дүние салған. Оның кезінде хун мемлекеті біршама әлсіреді. Есесіне оның мұрагері құдыретті Мөде(Мау Дунь) «Хундардың ұлы империясын» құрып б.д.д. 209-176 жылдарда билеп тұрды.

Еуропалық оқымыстылар да, қытайлық ғалымдар да сол бір алыс заман көшпелілерін әр түрлі атаған. Әрбір ғасырда жылнамашылар мен тарихшылар хундарға өздерінше ат қойып отырған. Ал қытайлар сол халыққа отыз екі түрлі атау таңған. Қазақтар мен түркілер оларды «хундар» деп атаған. Хун империясының оңтүстік шекарасы Ұлы Қытай қорғанымен өтіп, ұзындығы 500 шақырымға созылған. Хун империясының шығыс жағы Сары теңізге дейін жеткен. Ең қызығы хундарда біздің заманымызға дейін жазба әдебиет болмаған деп есептелініп келді. Ұлы түрколог Лев Николаевич Гумилевтың еңбектерінде: «245-250жылдары қытай елшісі Кан Тай Фунанға (Кампучияға) сапарында мынандай жазба қалдырған: «...Кампучиялықтарда кітаптар бар. Оларды архивтерде сақтайды. Кітаптардағы жазу хундардың жазуына ұқсайды»,-деген хунарға қатысты айғақ бар». Егер хундардың жазуы болмаса, онда қытай елшісі Кан Тай Фунан жазуын немен салыстырар еді?

Ертедегі хундар өздерінің шығу тегін көбіне - көп көкбөрімен байланыстырады. Олардың мифтерінде сыйыну нысаны Көк аспан болған. Олар да жыл сайын өздерінің ата – бабаларына, көкке, жерге және аруақтарға арнап құрбандық шалған. Көне пайымдар бойынша, аруақтар адамдардың табиғатынан өзгеше, тірі жан иелері болып табылған. Алыс елдерге жорық кезінде ғұндар Шығыс пен Батыстың түсініктерін саналарына қатар сіңіріп, оларды ерекше үлгіде ұштастырды. Ертедегі жылан, айдаһар ұғымдары ескірген деп бағалаған олар үшін көкбөрі таптырмас тотемдік сипат берді. Дүниетанымдық көзқарастары бойынша көк бөрі- еркіндіктің, мықтылықтың символы болды.

Біздің дәуірімізге дейінгі 46 жылы хун империясы Солтүстік және Оңтүстік болып екіге бөлінді. Сол уақыттан бастап ол ыдырап, әлсірей берді. Ақыры құрып тынды. Хун мемлекеті V ғасырда Орхон мен Енисейде қалпына келді, бірақ ол енді Ұлы Түрік Қағанаты деп аталды. Сол кезден бері түркештер, қарлұқтар, оғыздар, қарахандар, қыпшақтар Қазақ хандығы ірге көтергенге дейінгі аралықта, өз мемлекеттерінің негізін қалады. Тоқсан екіден астам рулар мен тайпалар қазақтардың ата-бабаларын құрады.

Осы Ұлы Түрік Қағанаты дегенде ең алдымен «Ергенекөн» туралы миф еске оралады. Жалпы «ергенек» деген сөздің өзі – тік, ғұлама деген мағынаны береді. «Ергенекөн» қиссасы ұл бала туралы аңызбен тығыз байланысты. Осы аңызда айтылғандай, дұшпан қолынан қырғынға ұшырап, іштерінен кемтар ұл ғана тірі қалған халық – ол түркілер. Бірнеше ғасырлар бойы жартылай қытай, жартылай моңғол – сәнбилер ғұндардың қас жауы болған. Еуропа жорығынан өз жұртына оралған тайпаны көрген олар өздерінің көптігін пайдаланып, тарпа бас салған.Тұтас бір тайпаның қырғын табу күйзелісінің күштілігі сондай бала мен қаншық қасқыр жайындағы осынау аңыз өмірге келген. Өйткені құрып кетуі мүмкін халықты желеп – жебеуші тотем ғана қайта туғыза алар еді. Кейінірек мифтік деректерде көрсеткендей, Ашина түркілері шайқастарда аварларды, өздерін қан қақсатып келген сәнбилерді және басқа көп жауларды тас-талқан етеді.

Тарихы да, тірлігі де біте қайнасып жатқан екі елдің бір дәуірде өмір сүрген кезеңін ескерсек, олардың замандас, құрдас мемлекет болғанын , тіпті кейде Қытай, ал кейде Түркі тайпасы бағындырып отырған күштілігін айтпағанда, олардың жалпы арман – мұраты, қиял – тілектерінің ұқсас екеніне таң қалудың еш қажеті жоқ та болып қалады...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет