Иммобилизденген фермент



бет6/18
Дата09.08.2023
өлшемі5,27 Mb.
#179777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
11-сынып Био зертханалык жұмыс
Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201
Салыстыру критерийлері

C3 өсімдіктер

C4 өсімдіктер

Жапырақ мезофилінің ерекшеліктері

Бір типті хлоропластар, жапырақ мезофиліндегі ұсақ түйіршікті пластидтер Бағаналы және борпылдақ ұлпаларға дифференцияланған.

Екі типтегі жасушалардың «кранц анатомиясы», өткізгіш шоқтарды қоршап жататын қабықшалы жасушаларда (клетки обкладки) орналасқан түйіршіксіз, ірі пластидтер. Негізгі мезофилл мен өткізгіш шоқтардың қабықшалы жасушаларына (клетки обкладки) дифференцияланған.

Көмірқышқыл газының фиксациясы

Бір рет жүреді.

Екі рет жүреді.
Алғаш мезофилл жасушаларында.
Содан кейін қабықшалы жасушаларда (клетки обкладки).

Негізгі фермент

РиБФ-карбоксилаза

ФЕП-карбоксилаза

Фотосинтездің бірінші өнімі

Фосфоглицерат қышқылы (C3-қышқыл)

C4 қышқыл

Фотосинтездің бастапқы өнімдері

Рибулозодифосфат

Фосфоенолпируват

Өнімділігі

(20 – 30 т/га)

(80 т/га)

Өсімдіктер

Дәнді дақылдар, темекі, бұршақ

Жүгері, қант қамысы






Тәжірибенің кемшіліктері



Тәжірибені жақсарту жолдары

Жарық микроскопының жоғары емес ажыратқыштық және ұлғайтқыштық мөлшері (максимум х300)

Қуаттылығы жоғарырақ микроскопты қолдану (видеоокуляры бар – х1000 есе ұлғайтқыштықта)



Қорытынды:

Гипотеза расталды: C4 өсімдіктерінің жапырақ мезофилінің құрылысы C3 өсімдіктерінен қабықшалы жасушалардың (клетки обкладки) болуымен ерекшеленеді. C4 өсімдіктерінің жапырақтарында фотосинтез процесіне қатысатын жасушалардың негізгі 2 түрі бар: мезофилл және өткізгіш түтіктерді радиалды қоршайтын қабықшалы жасушалар (клетки обкладки).


Оларда фотосинтездің әртүрлі кезеңдері жүреді. C4 фотосинез 2 сатыға бөлінеді: мезофилде карбоксилдену, қабықшалы жасушаларда (клетки обкладки) декарбоксилдену және көмірсулардың синтезі жүреді.
№5 зертханалық жұмыс
Зертханалық жұмыс «Шектеуші факторлардың фотосинтездің интенсивтілігіне әсерін зерттеу»
Фотосинтез процесінің жылдамдығын жарық қарқындылығы, температура және көмірқышқыл газының концентрациясы тежей алады. Олар фотосинтездің шектеуші факторлары болып табылады. Өсімдіктер тиімді фотосинтезделуі үшін шектеуші факторлардың белгілі бір деңгейі қажет.
1905 жылы ағылшынның өсімдік физиологы Ф.Блэкман Кембриджде фотосинтездің әртүрлі факторларын зерттей отырып, шектеуші факторлар заңын ашты. Блэкман тәжірибесі қазір де жарық қарқындылығының фотосинтез жылдамдығына әсерін зерттеуде қолданылатын классикалық эксперимент болып табылады. Тәжірибенің болжамы бұл – жарық қарқындылығы артқан сайын, оттегінің көпіршіктері көп бөлінеді және фотосинтез жылдамдығы артады. Тәжірибенің мақсаты – әртүрлі жарық қарқындылығында өсімдіктен бөлінетін оттегінің көпіршіктер санын анықтау. Тәжірибе барысында су өсімдіктері – элодея немесе кокомбо натрий гидрокарбонатының судағы ерітіндісі құйылған сынауыққа салынады. Натрий гидрокарбонаты суда көмірқышқыл газы мен натрий карбонатына (2NaHCO3 + H2О → Na2CO3 + H2O + CO2) ыдырайды. Сондықтан тәжірибеде натрий гидрокарбонаты, көмірқышқыл газының көзі болып саналады. Бұл тәжірибеге жарық көзі ретінде жарық лампасы қолданылады.

Айнымалылар:
Егер зерттеуде тәуелсіз айнымалыны зерттеуші белгілеп және бақыласа, онда ол тәуелді айнымалыны өлшейді. Тәуелсіз айнымалы – қашықтық, тәуелді айнымалы көпіршіктер саны болып табылады. Бақыланатын айнымалыны зерттеуші белгілейді. Бұл тәжірибеде бақыланатын айнымалы ретінде NaHCO3 концентрациясы, стакандағы судың температурасы, оттегі көпіршіктерінің санын анықтауға кеткен уақыт.
Тәжірибе кезеңдерінің реттілігін сақтау қажет:

  1. Қайшының көмегімен су өсімдігінің ортаңғы бөлімінен 10 см ұзындықта кесіп ал;

  2. 3 гр NaHCO3 өлшеп, үлкен сынауыққа сал;

  3. Өлшеуіш цилиндрдің көмегімен 40 см3 дистилденген суды өлшеп алып, үлкен сынауыққа құй;

  4. Су өсімдігін үлкен сынауыққа салу;

  5. Үлкен сынауық пен термометрді суы бар мензуркаға орналастыр;

  6. Су температурасын жазып алу керек;

  7. Үлкен сынауықтан сызғыштың көмегімен 5 см өлшеп алып, осы қашықтықта лампаны қой;

  8. Лампаны қосып 2 минутқа қалдыр;

  9. Су өсімдіктерінен 1 минут ішінде бөлінетін көпіршіктерді сана;

  10. 9 және 10 қадамдарды келесі арақашықтықта қайтала: 10 см, 20 см, 30 см. Арақашықтықты өзгерту үшін лампаны емес, мензурканы жылжыт;

  11. Соңғы арақашықтықтағы көпіршіктер санын есептегеннен кейін, судың температурасын жазып ал.



Лампа

1




Термометр

2




Су құйылған стакан

3




Оттегі көпіршіктері

4




Су өсімдігі

5




Секундомер

6




Сызғыш

7






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет