Иммобилизденген фермент


Пияздың эпидермис жасушаларындағы плазмолиз және деплазмолиз құбылысын зерттеу



бет8/18
Дата09.08.2023
өлшемі5,27 Mb.
#179777
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
11-сынып Био зертханалык жұмыс
Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201
Пияздың эпидермис жасушаларындағы плазмолиз және деплазмолиз құбылысын зерттеу
Өсімдіктің беткі қабатынан қандауыр пышақпен кесінді кесіп алып, қысқыш арқылы пияздың түссіз сыртқы эпидермис қабығын сылып алу қажет. Тамшуыр арқылы 1-2 тамшы дистильденген cу тамызылған заттық әйнекке пияздың сылынып алынған қабығы су бетіне жайылады, кейін іреуіш ине арқылы түзетіледі. Үстін жабын әйнекпен жауып, артық суды сүзгі қағазбен сіңіреді. Дайындалған уақытша микропрепаратты микроскоп астынан бақылайды. Дәл осындай ретпен екінші кесіндінің эпидермис қабығын 1М сахароза ерітіндісіне салады. Дайын болған екінші заттық әйнектегі уақытша микропрепаратты 15 минуттан кейін бақылайды. Нәтижесінде бірнеше жасушалардан плазмолиз құбылысын байқауға болады. Бұл – қайтымды үрдіс, сондықтан заттық әйнектің үстін дистильденген сумен шайса, жасушалар бастапқы күйіне келеді, бұл құбылысты деплазмолиз деп атайды.

Қызылша ұлпаларындағы су потенциалын зерттеу
Су потенциалын зерттеу үшін қызылша тамыржемісін алып, 5х5 өлшемді, 0.5 мм қалыңдықтағы тікбұрышты шаршы баған кесіндісін дайындау қажет. Кесінді қалыңдығы жұқа болған сайын плазмолизге ұшыраған жасушаларды көру жеңілірек болады. Қызылша кесінділерін зертханалық жұмыс басталмас бұрын дистильденген суда ұстаған абзал. Дайын болған кесінділерді әртүрлі концентрациядағы (0М; 0,2М; 0,4М; 0,6М; 0,8М және 1М) сахароза ерітіндісіне 30 минут уақытқа қалдыру керек. Әртүрлі концентрациядағы сахароза ерітіндісін дайындауды келесі кестеден көруге болады.

Тұз ерітіндісінің концентрациясы, М

0

0.2

0.4

0.6

0.8

1.0

1М тұз ерітіндісінің көлемі, мл

0

4

8

12

16

20

Дистильденген судың көлемі, мл

20

16

12

8

4

0



Алғашқы үлгідегі (0М) сынамада қызылша кесіндісіндегі қалыпты жасушалардың құрылысын микроскоппен көруге болады.


Уақыт аяқталған соң 1М концентрациядағы сынамадан бастап, микроскоп астынан бақылау жүргізеді. Сахароза ерітіндісінің әртүрлі концентрациясындағы плазмолиз құбылысындағы қызылша жасушаларының (200-ге жуық) проценттік үлесін келесі кестеден көруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет