Информатика мен информатика пєні туралы



бет61/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл
rya 21, rya 40, 1863823, Проверьте себя. Тест, Aytbenowa-A-A-WEB-dizayn-negizderi-converted, 7 HTML, КАНАТ ДИПЛом нов, Задан-1-9 казМК, Задан-1-9 казМК, 13-15 апталарына тапсырма, 1.3. РОЛИ МЕН ОРНЫ2, Логика есеп, Логика есеп, жиын тест
1-ші топқа. Сауатты окып, жазатын, өз ойын емінн-еркін білдіріп, берілген есептерге программа жазумен қатар талдау жасай алатын, ғылыми тақырыптармен айналысатын, іздену бейімділіктері бар, "5"-тік бағаға оқитын оқушылар.

ІІ-ІІІ топқа. Бұл топтағы оқушылардың білім, білік деңгейлері І-ші топтағыдан төмен, негізінен сауатты оқып жазатын, өз ойын жүйелеп айтуға, берілген есептерге программа жазғанда – қиналатын, командалар тізбегін толық білетін "4"-тік бағаға оқитын оқушылар.

ІІІ-ші топқа. Бұл оқушылар бағдарламалық материалды нашар меңгерген I, ІІ-топ оқушыларына тән танымдылық ерекшеліктері байқалмайтын оқушылар қалпы. Олар "2", "3"-тік бағаға оқитын оқушылар. Жұмыс істеу барысында І-ші топтан, ІІ-ІІІ топқа ауысып жататын оқушылар бар. Сабақты түсіндіргенде қабырғадағы Бейсик тілінің заңдылықтары жазылған, әр тақырыпқа арналған плакат програмалар, блок-схемалар перфокартада жазылған шағын программалар мен ІІІ-топқа арнайы жазылған карточкалар пайдаланамыз. Сабақ өту барысында теориялық білімдері практика жүзінде іске асырылады . Компьютерде І-топқа бір оқушы мен ІІІ-топтағы оқушы бірге отырады. Практикалық сабақ барысында мұғалімнің көмекшісі ретінде 2-оқушы I-топтан сайланып, көмектеседі. Әр түрлі деңгейде саралап окытудың әдістемелік тәсілін қолданудың нәтижесінде – оқушылардың талдау, синтездеу әрі логикалық ойлау қабілеттері мен алған теориялық білімдерін өмірде қолдана алады.

Әр түрлі деңгейде саралап оқытудың тиімді тәсілдерін өз сабағымызда қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін жоғары көрсеткіштерде көрсетуге болады.

Сонымен:


      • саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері – оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болады;

      • өздігімен оқытудың осындай мақсаттарын жүзеге асыру үшін, білім беру жүйесінің алдында тұрған бсаты мақсат – жаңа технологияның талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып табылады. Жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың ерекшелігі – қысқа мерзімде, ешқандай бейімдеусіз-ақ олардың мазмұнын компьютерге кіргізуге болады, себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулықтардың құрылымына ұқсас.


3.5.3 Информатика сабағын оқытуда дамыта оқыту технологиясын пайдалану

Жаңа ғасыр мектепке жаңа проблема қойып отыр. Оның тұжырымдылық мақсаты – оқушының танымдық және ұжымдық жұмыс жасауын қалыптастыруына ықпал етеді. Қазіргі кезде сабақтарда оқушылар қабылдайтын ақпараттар көлемі өте үлкен. Осыған байланысты оқушылардың жұмыс істеу қарқындығын жылдамдату керек. әр сабақта ұжымдық, топтық және даралап оқыту жұмыстары өзара байланыста ұйымдастырылуы қажет.

Сабақта үнемі әңгіме-сабақ, есеп шешу сабағы, материалды қайталау сабағы және жалпылау, конференция-сабақ, экскурсия-сабақ түрлері жүргізіледі. Сабақтың дәріс, сынақ, семинар, консультация түрлері аз қолданылады, қазіргі кезед жоғары сыныптарда кеңінен пайдаланыла бастады.

Оқушыларға жалпы білім берушілік, жалпы зерделілік дадыларды қалыптастыру қажеттілігі, ақпараттық технологиялардың қажеттілігін анықтайды. Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушылардың өзара дамуын, олардың шығармашылық белсенділігін арттырады. Білім алу үрдісінде оқушылар тәуелсіз болуы, өз бетінше мәселелерді шешуге қабілетті болуды үйренуімен қатар сыни және шығармашылық тұрғысынан ойлап, белсенділік пен өнертапқыштық танытуы керек.

Қазіргі уақытта негізгі жалпы білім беретін мектептерде оқыту барысында электрондық оқулықтар мен интернетті қолдану кеңінен тараған. Бұл оқушыларға осы замандағы техника мен өндіріс технологиясының негізі болатын информатика ғылымының орнын анықтауға көмек береді.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана бааның интеллектісінің көзін ашып, ығармашылығын дамытады.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі – теориялық білімнің жетекші рөлі принципі. Бұл принципті балалардың теорияны жаттауы, терминдерді есте сақтауы деп түсінбеген жөн. Керісінше, оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы, өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру.

Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені, талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Талдау – бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл-күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға, интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер бойына жұғысты болады.

Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидалара негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттер. Баланың өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуалда болуы басты назарда ұсталынады. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы мақталып, қатесі есеппен түзеліп отырылады. Оқушының пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына орасан зор әсер етеді. Оқыту мен оқу әрекетінің бір-бірімен тығыз байланыста болып, баланың ақыл-ойының дамуында зор рөл атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл-ойдың, интеллектінің дамуы, «оқи алуға үйрену» бүгінгі күннің басты талабы.

Сабақта оқушыларға білім дайын күйінде беріле салмауы керек. Ендеше оқушының дәл бүгінгі жаңа материалды білудің қаншалықты қажет екендігін іштей мойындату, бар жан дүниесімен беріле ынтазарын ауғызып, қызығушылығын ояту мұғылімнен талап етіледі. Дұрыс таңдалған проблемалық жағдай, сұрақтар, әр түрлі әдіс-тәсілдер, амалдар ғана баланы жоғарыдағыдай психологиялық көңіл-күйге әкеледі. Енді ол алдына мақсат қойып, нәтижеге жетудің, проблеманы шешудің әдіс-амалдарын белгілейді, іске кіріседі. Дамытушылық сабақтарында бала осылайша өз ақыл-ой деңгейі, белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді. Әрекеттің жүру барысы мен ақыры қорытындыланып, рефлексия жасалады.

Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы – баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есіне ұстауы керек:


  • баланың бойындағы құмарлығын, қзығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;

  • білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;

  • өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.

Мұғалім бала бойындағы жаратушылық сапаларды әрі қарай дамытуы керек. Ол үшін өзі де өзгеруі, дәстүрлі оқытудың стереотиптерінен арылуы қажет. Білім арқылы баланы дамытудың жаңа стратегиясы мен тактикасын таңдай алуы керек.


ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ

Субъект-субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

Блоктық жүйелік оқыту технологиясының тиімділігі.


Ахметбаева Б.Қ.

О.Бөкей атындағы № 44 мектеп -лицейі

ОРТА СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН СУБЪЕКТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ БЛОКТЫҚ-ЖҮЙЕЛІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі ғылыми – техникалық жедел дамуға, ақпараттардың жан-жақты өрістеуіне қарай бағдарламаларды күрделендіре отырып салауаттылыққа үйрету – баланың интеллектуалдық, психикалық, физикалық мүмкіндіктерін ескеріп, оқу – тәрбие үрдісінің сапасын жақсартатын ғылыми - әдістемелік жаңа, тиімді технологиялармен қарулануы қажет.

Н.Ә. Назарбаев

«Қазақстан – 2030» Жолдауы [1]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет