Информатика мен информатика пєні туралы


Жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру



бет64/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Маржан дипл
rya 21, rya 40, 1863823, Проверьте себя. Тест, Aytbenowa-A-A-WEB-dizayn-negizderi-converted, 7 HTML, КАНАТ ДИПЛом нов, Задан-1-9 казМК, Задан-1-9 казМК, 13-15 апталарына тапсырма, 1.3. РОЛИ МЕН ОРНЫ2, Логика есеп, Логика есеп, жиын тест
2 . Жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру.

-өз белсенділігін ұғындыру;

-таңдау еркіндігін беру;

-еркін таңдау үшін жауапкершілік тудыру;

- өздігінен дамуға талпындыру;

- рефлексияға қабілеттілігін дамыту;

- өз бірегейлігін ұғындыру;

- өзгені түсіну және қабылдауды



3. Модульдік оқыту технологиясының теориясын практикамен тиімді ұштастыру.

Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім пирагмидасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А Коменскийдің, И. Гербарттың дәстүрлі обьект-субьектілі педагогикасының орнын басқасы басты. Жаңа білім пирагмидасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. [3]

Мектептегі оқу-тәрбие процесіне түбегейлі өзгертулер енгізіп, батыл интенсивтендіру әрекеті- оқушылардың білім жүйесін сапалық жаңа деңгеәге көтеріп, қоғамның барлық талаптарына сай жан-жақты дамыған, шығармашыл оқушыны даярлау –ұстаздан терең білімділікті, кәсіпкерлік шеберлікті, сабақты жаңаша ұйымдастыра білушілікті талап етеді.

М.Жұмабайұлы баланы оқытуда оның жүрегіне ең алдымен нақты бейне , сурет орнату керек деп кеңес береді. Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге , өзгенің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзі мен қарай білсе міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Қазіргі педагогика тілімен айтсақ оқушыны субъект ретінде қалыптастыру.

Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер үшін С.Э.Рубинштейннің әрқашан кез келген адамды дүниені және өзін өзгерте алатын субъект ретінде анықтайтын түйіндері аса құнды болып табылады.Себебі С.Л.Рубинштейн тұрғысынан субъект категориясы үздіксіз, «жоғары қарай» үдемелі жетілуді, дамуды білдіреді.

С.Э.Рубинштейн «Адам субъект болып дүниеге келмейді,субъект болып дамып жетіледі». Субъект (лат.Subjeetum- бастауыш) деген мағынаны береді. Қазір субъект танымдық, гносеол мәні бар, санаға, ерік-жігерге, танымдық белсенділікке ие тұлға немесе әлеуметтік топтың атауы. [4]

К.А.Абульханованың анықтауы бойынша, субъект үйлесімді, өзін-өзі жүзеге асыратын, иерархиялық дамуда биік бір белеске жеткен тұлға болып табылады.

Субъектілік таным, қарым-қатынас және іс-әрекет процестерінің қажетті шарты ретінде болады.Ал субъектілік қарым-қатынас пен іс-әрекет барысында ғана танылады және дамып, жетіледі.

Тұлғаның өзіне деген құнды және ортаға қатысты рухани-адамгершілік қатынастарын анықтайтын қасиеттер-белсенділік, дербестік, жауапкершілік және т.с.с субъектілік ұстанымының құраушылары болып табылады.Осы қасиеттерге бағдарланып, тірекету субъектілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Модульдік оқыту технологиясы жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға , қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға қажетті әдістемелік мүмкіндіктерді қамтитын бірден-бір технология. Оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін ашуға блоктық жүйелік технология төмендегідей мүмкіндіктер туғызады:

- Оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру;

- Сыныпта берілген блок (мазмұны бойынша жақын) тарау бойынша жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру;

- Мұғалімнің материалды қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте және т.б.);

- Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру;

- Оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;

- Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу материалын меңгерту;

- Барлық тақырып бойынша тест (сынақ, сынақхат, т.б.) жүргізу.

Күнделікті жұмыс барысында төмендегідей кездейсоқ әрекеттерге үнемі тап болып отырдым:

1. Өз ойларын, пікірлерін толық жеткізе алмайды

2. Оқу материалын мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіргенін қалайды

3. Фактілерге жүгінбейді

4. Білімді жинақтауға мән бермейді

Мәселені шешуге алғашқы қадам

- Блокты жүйелік оқыту технологиясының әдістемелерін іс-тәжірибемде тиімді пайдалану

- Педагогикалық зерттеулер жүргізу

- Сабақта, оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызу

- Оқушының оқу әдісінің өзіне лайықты тәсілін қолдануына мүмкіндік беру

- Оқушыға өзінің әлді, әлсіз жақтарын анықтатып, модульдің түзету тәсілін пайдалана отырып көмектесу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет