Інің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Коммуникация»



бет2/6
Дата22.01.2017
өлшемі0,66 Mb.
#7592
1   2   3   4   5   6

Күтілетін нәтиже: түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін іске асыру дағдылары қалыптасады;

Нені біледі: дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту дағдылары қалыптасады.

Қандай түсініктерді игерді: сюжеттік-рөлдік ойындарға қатысу арқылы диологпен сөйлеу қабілеттері артады.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіреді, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу дағдылары қалыптасады;

4 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Білім беру саласы: Қатынас

Білім беру көзі: Драма

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Бәрін білгім келеді»

Ортақ тақырып: Мектепке не үшін барамыз?

Мақсаты: дыбыстарды дұрыс айтады, мәнермен сөйлейді; өз ойын құрдастарының ортасында нақты және дұрыс жеткізе алады.

Блингвалдық компонент: көңіл күй – настроение – mood, сезім – чувство – feeling

Жоспарланған уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

І. Дұрыс әсерлі

көңіл күй орнату.

0-1 минут

Шаттық шеңбері:

Балалар бір-бірімен амандасады.


Біз ерекше баламыз,

Біз әдепті боламыз.

Досымызды көргенде,

Қуанып қарсы аламыз.

II. Өмірлік

тәжірибені
Маңыздандыру

мақсатты

болжам.

3-5 минут



Ыңғайланып отырып, өзімізді еркін сезінейік, өз бойыңдағы

жылуыңды, махаббатыңды достарыңа тарат. Осылайша сендер достарыңа жылылық, ізгілік, қуаныш тілеңдер. Тілеген тілектерің өздеріңе достарың арқылы жақсылық болып қайта оралады. Терең тыныс алып, көзімізді ашайық.

Осы жақсы қасиеттерді бойымызға дарыта отырып, «Мектеп бізге не үйретеді?»


Балалар көздерін жұмады.

Балалар бір-бірімен құшақтасып, жағымды көңіл күйлерімен бөліседі.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Сабақтың

Ортасы
III. Тақырып

бойынша жұмыс

6-30минут


Айсұлу мен Қуаныш балаларға «Мақтаншақ қоян» ертегісін

оқып береді. Айсұлу дауыс ырғағын келтіре отырып мәнерлеп оқып шығады, ал Қуаныш жай ғана оқып шығады.

Зерттеу:

Педагог кімнің оқыған әңгімесі ұнағанын сұрайды. Неліктен?

Екпін қою, дауыс ырғағының не үшін керек? Айсұлу балаларға әңгімені мәнеріне келтіріп айту тыңдаушы-ның оның мазмұнын тез түсінуіне көмектесетінін айтады.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Артикуляциялық жаттығуларды айнаға қарап жаса. Сөздерді дұрыс айту үшін артикуляциялық жаттығулар

мен тыныс алу жаттығуларын үнемі қайталау керектігін педагог ескеріп отыруы керек.

Артикуляциялық жаттығулар:

«Сағат» тілді жіңішкертіп оңға, солға жайлап қозғау.

«Саңырауқұлақ» ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра

ұстап тұрып, төменгі жақты басып, ауызды кең ашу.

«Алтыбақан» жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мұрынға, біресе иекке созу, жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек.

Тыныс алу жаттығулары.

Ойын: «Сөздерді дауыстап және ақырын айт».

Мақсаты: Дауыс аппаратын және сөйлеу тілін, есту қабілетін

дамыту; сөздерді жылдамдығына, дауыс жоғарылығына

қарай естіп ажыратуға үйрету; әрі жылдамдықпен, әрі дауыс

жоғарылығымен айтып жаттықтыру.

Ойынның барысы:

Балалар жаңылтпашты жаттайды (жаттықтырған дыбысына байланысты). Мысалы: с – з дыбыстарын салыстыру кезінде.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

2-тапсырма. Жаңылтпашты әртүрлі екпінде қайталайды.

Сыздық судан сүлік сүзді,

Сыздықтың сүлік салмасын үзді.

Көптілділік:

көңіл күй – настроение – mood

сезім – чувство – feeling

3-тапсырма. Есте сақта! Адам өзінің көңіл күйін екпінмен сөйлеу арқылы білдіреді.

Сөздік ойын: «Сиқырлы сөздер»

Бір тәрбиел бірден әртүрлі екпінмен, әртүрлі көңіл күймен «Сәлеметсің бе, енуші ортаға шығады, қалған тәрбиеленушілер бір - досым!» – деп айтады. Ортаға шыққан тәрбиеленуші сол балаға өзінің айтқан екпінінде «Сәлеметсің бе, досым!» – деп жауап беруі керек.

Осы сөйлемде қай сөзді дауысты көтеріп, қай сөзде ақырын

айтылды?

Қай сөзді созып, қай сөз созылмай айтылды?

Сөздерді бір-бірінен қалай ажыратамыз?

Ойын: «Банан»

Ойынның барысы: балалар шеңберге тұрады.

Банан аламыз (қолды жоғары созып, ағаш басынан банан алғандай қимыл жасау)

Банан, банан аламыз.

Әкелеміз, әкелеміз банан (алға қарай жүру).

Тазалаймыз, тазалаймыз банан (қимылмен көрсету).

Тазалаймыз оң жағын (оң жағын аршу).

Тазалаймыз сол жағын (сол жағын аршу).

Ап, жейміз (екі қолмен ауызды жауып қалу).

Осы өлеңді аюдың даусымен, тышқанның даусымен,


Ертегіні тыңдайды.
Екпін қойып, дауыс ырғағын келтіріп оқу

тыңдағанға жақсы, қызықты екен.

Балалар артикулияциялық жаттығуды жасайды.
Санап отырып 15–20 рет қайталау.

Санап отырып 15–20 рет қайталау.

Тыныс алу жаттығуларын орындайды.

Балалар жаңылтпашты сыбырлап, сосын ақырын дауыспен, сосын қатты дауыспен айтады.
Балалар үш тілде қайталайды.

Сөйлемді әртүрлі екпінде қайталайды.

Сөз арасында үзіліс жа-сау.
Өлең сөздерін

қимылмен көрсетіп, әндете орындайды.

лақтың даусымен әртүрлі екпінде айтқызу.

IV. Сабақ қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 минут


Қорытынды:

  • Сөздерді қалай айтамыз?

  • Сөздерді қалай бір-бірінен ажыратамыз?

  • Дауыс ырғағы арқылы адамның көңіл күйін байқауға бола ма?






Сұраққа жауап береді.

Күтілетін нәтиже: басқалардың пікірін тыңдай білу дағдылары қалыптасады.

Нені біледі: Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру дағдылары қалыптасады.

Қандай түсініктерді игерді: Дауыс ырғағын ажыратып, айта біледі.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өз ойын құрдастарының ортасында білдіреді;

5 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Білім беру саласы: Қатынас

Білім беру көзі: Драма

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Айсұлудың туған күні»

Ортақ тақырып: Менің айналамда кімдер бар?

Мақсаты: Сөздік қорын байыту; Ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтады; Кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлейді; Рухани адамгершілігін, шағын қойылымдар арқылы актерлік шеберлігін, қимыл үйлесімділігін, бейне жасау қиялын дамыту.

Көрнекілігі: Суреттер

Блингвалдық компонент: ойын – игра – game, отбасы – семья – family

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

І. Дұрыс әсерлі

көңіл күй орнату.

0-2 минут


Шаттық шеңбері

Амансыңба! алтын күн

Амансыңба ! Жер ана

Амансыңба! Достарым

Сендерді көріп қуанамын


Балалар бір-біріне сәлемдеседі.

II. Өмірлік

тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3-5 минут

Сабақтың ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6-27 минут


Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Суреттерді қара.

Қалай ойлайсың, суреттегі қай бала туған

күнге барады? Не үшін олай ойладың?

2-тапсырма.

Туған күнге бару үшін алдымен не туралы ойлайсыңдар?

  • Туған күн иесіне қандай сыйлық апаруға болады?

Топпен жұмыс

  • Туған күнге қандай сыйлық апарғың келеді, сол заттың суретін сал.

  • Қонаққа барғанда өзіңді қалай ұстайсың?

  • Туған мерекесін қалай өткізуге болады, онда не істейсіңдер?

Әліппе-дәптермен жұмыс:

«Туған күніңмен құттықтаймын!» сөзін екпінде айт. Қалай айтқан дұрыс деп ойлайсың? Сыйлықты қалай ұсынасың?

Ойын-жаттығу: «Әртүрлі бейнеге ауысу»

Алдымен ойын жүргізушіні таңдайды. Жүргізуші теріс қарап тұрады. «Әртүрлі бейнеге ауыс, қалмағын қалыс. Бір, екі, үш!» - деп айтқанда тәрбиеленушілер түрлі бейне жасап қатып қалады.

Ойын: «Фотосуретші»

Топтан бір тәрбиеленуші фотосуретші болып сайланады. Қалғандары қуану, ренжу, таңғалу, аяныш білдіру сияқты эмоцияны көрсетіп суретке түседі.

Музыкалық жаттығу:

Балалар музыка әуенінің ырғағына қарай би қимылдарын жасайды (баяу, көңілді)

Әліппе-дәптермен жұмыс:

Өлеңді ата-анаңмен бірге жатта.

Сахналау. «Айсұлудың туған күні» тақырыбында

Сөжетті-рөлдік ойын ойнайтындарын айтады. Ол үшін карточкалар таңдап алуларын ұсынады. Тәрбиеленушілер таңдап алған карточкадағы кейіпкерлердің суреті бойынша рөлдерге бөледі.

Әліппе-дәптер

Айсұлуға қандай сыйлық апаратындарын ойластырады.

Балалар сыйлықтың суретін салады.

Әдепті, салмақты.

Балалар тілек айтқанда дауыс ырғағын анық, дұрыс айту.

көңіл күйді бейнелеп көрсету.

Балалар қозғалу үшін әртүрлі қимылдар жасайды.
Балалар ренжу, қуану, таңқалу сияқты көрсетіп жасап суретке түскеді.

Полька, вальс, марш, «Қамажай», «Қара жорға»

Атрибуттар: ойыншықтар, бөлме жасауға арналған шымылдық, жиһаз, ыдыстар

IV. Сабақтың

қорытындысы.

Рефлексия

28-30 минут

Қорытындылау.

  • Сендерге мереке ұнады ма?

  • Отбасында қандай мерекелерді атап өтесіңдер?

  • Туған күнге қандай сыйлық апаруға болады?

  • Туған күнге бару үшін не естеріңе түседі?





Балалар сұраққа жауап береді.

Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсене қатысады.

Нені біледі: командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет етеді;

Қандай түсініктерді игерді: түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолданады;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Балалар тілек айтқанда дауыс ырғағын анық, дұрыс айту.






6 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Білім беру саласы: Қатынас

Білім беру көзі: Драма

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»

Ортақ тақырып: Менің айналамда кімдер бар?

Мақсаты: театрланған қойылымдар арқылы тілін дамытады; кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлейді; байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;

Көрнекілігі: Суретті плкакаттар

Блингвалдық компонент: достық – дружба – friendship

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

І. Дұрыс әсерлі

көңіл күй орнату.

0-2 минут

II. Мақсатты

болжам

3-5 минут


Шаттық шеңбері

Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз адал дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Ең сенімді дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Ең мейірбан дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз шыншыл дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз қайырымды дос болып.

  • Балалар, Қуаныш пен Айсұлу сендермен дос болғысы келеді.

  • Сендер қалай ойлайсыңдар, дос қандай болу керек?

  • Айтыңлдаршы , бұрын-соңды сендерге достарың көмекке келді ме?

Достық – адамдардың арасындағы сыйласымды қарым-қатынас. Достарыңды отбасы мүшелері сияқты жақсы көріп, сыйлап, оларға әрқашан көмек көрсетулерің қажет. Жақсы достарыңды мақтан тұтуға болады. Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі, бір-бірімен жанжалдаспайды, өтірік айтпайды.

Балалар қайталап айтады.

Балалар сұраққа жауап береді

Қандай жағдайда

Балалар зер салып мұқият тыңдайды.




Сабақтың ортасы

ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс

6-27 минут

Әліппе-дәптермен жұмыс:

Мақалмен таныстыру. Мағынасын түсіндіру.

Ағаш тамырымен мықты,

Ойын: «Достасу»

Шарты: Тәрбиеленушілер шеңбер бойына жіпті ұстап тұрады.Жіпті орау арқылы кезекпен бір-біріне ұсынады. Жіп алған балға досына тілек айтып, Келесі балаға береді. Ойын жіп оралып біткенше жалғасады.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

Суреттегі кейіпкерлер қандай дыбыс шығарады?

Солардың дыбысын салып, қимылын бейнелеп көрсет.

  • Достық туралы қандай ертегі білесің?

  • Ертегілердегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ата?

  • Құмырсқа мен балара неге жағымды кейіпкер деп ойлайсың?

  • Құмырсқа қара шыбын мен шегірткеден қандай көмек сұрады.

  • Балара оларға не деді?

  • Қара шыбын мен шегірткенің іс-әрекеттері дұрыс па?

  • Сен досыңа қандай көмек берер едің?

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Достарыңмен қандай ойындар ойнайсың?



Досыңмен бірігіп ым-ишара арқылы көрсет.
Сергіту сәті.

Достар бірге жүреміз

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз
Қуанамыз, билейміз.

Бөлінбейді іргеміз

Әрқашанда біргеміз

«Достық» ертегісіндегі балара мен құмырсқаның достығы жайлы әңгімелеседі.

Топқа тапсырма:

Педагог балараның айтқан сөзінен үзінді оқиды. Топтан бір бала шығып, түрлі екпінде мәнерлеп қайталайды.

Жұмбақ-ойын: «Айна».

Тәрбиеленушілер қандай кейіпкерді көрсететінін ойланады. Бір бала кейіпкердің мінез-құлқы мен көңіл күйін көрсетеді. Ал басқа балалар ертегідегі қай кейіпкер екенін және кейіпкердің қай кезеңдегі бейнесін ойнап жатқанын табады.

Сахналау.

Тәрбиеленушілерге сиқырлы қоржыннан бір-бірден текше таңдап алуды тапсырады.Тәрбиеленушілер текшедегі ертегі кейіпкерлерінің суретіне қарап рөлдерге бөлінеді.
Педагог тәрбиеленушілерге әртістер сахнада өздерін қалай ұстайтындары туралы түсіндіреді. Олар сахналау аяқталған соң көрермендерге қарап тұрады. Ақырын бастарын изейді. Көрермендер қол шапалақтайды.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Досымызға үнемі жақсы, жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достар бір-біріне көмектеседі. Достықтарың ұзақ, тұрақты болу үшін бір-біріңе көмектесіп, адал болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады.


Әліппе-дәптер

Балалар дыбысын салып, қимылын бейнелеп көрсетеді.
Достық ертегісін ұсыну.


Суретті плкакаттар

Ертегідегі кейіпкерлерінің қиын оқиға кезінде бір-біріне көмекке келгенін айту.
Балалар өзіне ұнаған кейіпкердің суретін салу.
(қол ұстасып айнала жүру), (бір-біріне қарап күлу) (қолдарын алға созу),

(би қимылдарын жасау) (қол ұстасып, жоғары созу), (иілу, қол шапалақтау).

(сыбырлап және ақырын).


Балалар ертегіні сахналайды.

Өзіңе ұнаған кейіпкердің суретін салу.


IV. Сабақтың

Қорытындысы.

Рефлексия

28-30 минут

Қорытындылау.


  • Сендер қалай ойлайсыңдар, дос қандай болу керек?

  • Айтыңдаршы, бұрын-соңды сендерге достарың көмекке келді ме? Қандай жағдайда?

  • Сен досыңа қандай көмек берер едің?





Балалар сұраққа жауап береді.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет