Інің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Коммуникация»



бет4/6
Дата22.01.2017
өлшемі0,66 Mb.
#7592
1   2   3   4   5   6



10 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Білім беру көзі: Драма

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»

Ортақ тақырып: Жолдар бізді қайда бастайды?

Мақсаты: сабақта алған білімдерін пайдаланып толық жауап беруге үйрету; мәнерлеп сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сөздік қорын дамыту.

Көрнекілігі: мақта қыз бен мысықтың суреті

Блингвалдық компонент: саяхат – путешествие – travel

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

І. Дұрыс әсерлі

көңіл күй орнату.

0-2 минут

II. Өмірлік

тәжірибені маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3-5 минут


Шаттық шеңбері:

Балалар бір-біріне амандасады.
Сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

Ендеше біз Қуанышпен бірге Ертегілер еліне саяхатқа барамыз.

Саяхатқа бару үшін біз жолға шығуымыз керек.

Алыс сапарға бара жатқан адамдарға қандай тілек



айтуға болады?

Ойын: «Ырғаққа сал»

Сапарға немен баруға болады?



«Пойыз» ойыны

Пойыз:

Қиындықтан қашпайық,

«Пойыз» ойынын бастайық:

Бип-бип, бип-бип!

Мен паровоз от алам,

Ертегі еліне бет алам:

Бип-бип, бип-пыш...

Бірте-бірте тездейміз,

Тез жетуді көздейміз: У-у-у.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Бір-бірімізге сыйлайық.
«Жолың болсын!»,

«Ақ жол!»
Пойызбен
Шеңбер бойымен жүріп,
әуенді айтып, қимыл-
қозғалыстар жасайды.


Сабақтың ортасы

III. Тақырып

Бойынша жұмыс

6-27 минут


Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Суреттегі кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі? Оларға сипаттама бер. Осы кейіпкерлердің бейнесін ойнап көрсет. Бірінші тапсырмадан кейін тағы да пойыз болып тұрып өлеңдерін айтып, екінші аялдамаға келеді.

2-тапсырма. Суреттегі кейіпкерлердің диалогін әуенге салып айт.

Қандай театрда сөз әуенмен айтылады?

1.Мысық көңілді дауыспен айтады.

2.Мақта қыз ашулы дауыспен айтады.

3.Сиыр жалынышты дауыспен айтады.

4.Су тасушы қыз көтеріңкі дауыспен айтады.

3-тапсырма. Суретте не жетіспейді? Аяқтап сал.

Ойын-жаттығу: Ертегі кейіпкерлерінің дыбысын сал.

Қуыршақ театры арқылы ойнату.

Педагог тәрбиеленушілерге «Мақтақыз бен мысық»

ертегісін қуыршақ театры арқылы ойнауды ұсынады.

Тәрбиеленушілерді санамақ арқылы рөлдерге бөледі.

Санамақтан ойынға шыққан тәрбиеленушілер өздеріне

ұнаған образдың қуыршағын алады.

Санамақ

Алма кетті домалап,

Өзен бойын жағалап.

Кім алманы табады,

Сол ойынға барады.

Қалған тәрбиеленушілер көрермен болып отырады.

Сабақ соңында Қуаныш ертегі қандай іс-әрекетпен

аяқталғанын сұрап, эмоциясымен бөлісуін сұрайды.




Балалар соңғы аялдамаға бару үшін тағы да пойыз бо

лып тұрып, өлеңдерді айтамыз.
Мысық – мияу-мияу, тауық – қо-қо-қо,

сиыр – мө-ө,

тышқан – шиқ-шиқ.

Балалар әдеп сақтап отырады.


IV. Сабақтың

Қорытындысы

Рефлексия

28-30 минут

Қорытынды

  • Саяхатқа қандай көлікпен барамыз?

  • Қай театрда мәтінді әуенмен айтады?

  • Қуыршақ театрын ойнау үшін не қажет?





Балалар сұраққаь жауап береді.

Күтілетін нәтиже: ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттейді;

Нені біледі: дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс, сыбырлап және қатты айта алады.

Қандай түсініктерді игерді: интонацияны ажыратады және дауыс мәнерін келтіре алады;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсе алады.





11 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Білім беру көзі: Драма

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет»

Ортақ тақырып: Салт-дәстүрді білу не үшін керек?

Мақсаты: Алған ақпарат бойынша толық жауап бере алуы; әңгіменің мазмұны бойынша диалог құра білу; лексиканы қолдану арқылы образды беру.

Көрнекілігі: білезік, көзілдірік, сақина суреттері

Блингвалдық компонент: Сәлем! – Привет! – Ні! , Сәлеметсіз бе! – Здравствуйте! – Нello! , Қайырлы таң! – Доброе утро! – Good morning!

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

І. Дұрыс әсерлі

көңіл күй орнату.

0-2 минут

II. Өмірлік

тәжірибені маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

2-5 минут

Шаттық шеңбері:

Балалар бір-біріне амандасады.

Балаларға қонаққа барғанда, қонақ келгенде, мектепте, көшеде адамдар бір-бірімен қалай амандасу керектігін естеріне түсіруін ұсынады.

Ойын-жаттығу: «Сәлемдесу». Балаларға бірін- бірі қайталамай, әртүрлі дауыс ырғағымен және қимылдарымен сәлемдесуді ұсыну.


Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Бір-бірімізге сыйлайық.
Балалар бір-бірімен сәлемдеседі.

Сабақтың ортасы

III. Тақырып

Бойынша жұмыс

6-27 минут


Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Берілген суреттен өздерінің достарымен сәлемдескенін қайталап көрсету.

Айсұлу: Әдепті баланың тәрбиесі сәлемінен-ақ көрініп тұрады. Халқымыз ежелден сәлемдесуге ерекше мән берген. Әңгімені амандасудан, есен-саулық сұрасудан бастаған. Халқымыз қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген.

Сәлемге байланысты тағы қандай сөздер білесіңдер?

Қазақ салтында тәулік мезгіліне қарай: «Қайырлы

таң!», «Қайырлы күн!», «Кеш жарық!» деп те амандасады.

Ал, балалар, кім бірінші болып амандасуы керек?

Кіші адам үлкен адаммен, ер бала қыздармен бірінші болып амандасады.

Үйге немесе сыныпқа кірген адам отырғандармен



бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқанда

қалғандарымен де бірінші болып қоштасады.

Адамдардың бір-бірімен сәлемдесу диалогі

  1. Ата мен баланың сәлемдесуі.

  2. Ата мен әженің сәлемдесуі

  3. Әже мен немересінің сәлемдесуі

Көптілділік:

Сәлем! – Привет! – Ні!

Сәлеметсіз бе! – Здравствуйте! – Нello!

Қайырлы таң! – Доброе утро! – Good morning!

Әліппе-дәптермен жұмыс.

2-тапсырма.

Қуаныш балаларды тіл ұстарту жаттығуларын жасауға шақырады:

Же-же-же – мейірімді әже.

Лем-лем-лем – мен айтамын сәлем.

Ол-ол-ол – зерлі қамзол.

Балалар «сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет»

сабағында танысқан «Кішіпейіл бала» әңгімесін еске

алуды ұсынады.

3-тапсырма. Сызба бойынша «Кішіпейіл бала» әңгімесін еске түсіру. Досыңмен бірге диалог құрып айт. Әңгімені сахналауды ұсынады.

Балалар «Сиқырлы дорба» ішінен кейіпкерлердің суреттері бар карточкаларды алады. Ал қалған балалар көрермен болады.

Қуаныш театрға бару үшін не керек екенін сұрайды.

Билетті қайдан аламыз?

Ендеше, кассаға барайық.

1-бала: Сәлеметсіз бе, кассир апай!

2-бала (кассир): Сәлеметсіңдер ме, балалар!

1-бала: Бізге театр қойылымына билет бересіз бе?

2-бала (кассир): Әрине!

Балалар: Рақмет!

Кассир: Оқасы жоқ!

Сахналау.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Айсұлу әжеге сыйлық жасауды ұсынады.

4-тапсырма. Әжеге сыйлыққа өздеріңе ұнаған заттың суретін сал .



Балалар берілген суреттерді қайталап көрсетеді.

Балалар зер салып мұқият тыңдайды.


Балалар атрибуттар беріп, рөлдерге бөледі. Ассалаумағалейкүм!

Уағалейкүмассалам!

Амансың ба?

Есенсің бе?

Амансың ба, шырағым?

Үш тілдік сөзде қайталайды.

Тіл ұстарту жаттығуларын айтады.

Кішіпейіл бала әңгімесін еске түсіреді

Балалар диалог құрады.
Карточкалардың ішінде

ана, бала, сатушы, әже

суреттері болады.

Қалған балалар көрермен болып отырады.

Балалар ақша төлеп, кассирден билет, бағдарлама алады.

Балалар билеттеріне сай орындарына отырады.
Балалар орамал, көзілдірік, сақина, білезік т.б. суреттер салады.

IV. Сабақтың

Қорытындысы

Рефлексия

28-30 минут

Үлкенге құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?

Қандай сәлемдесу түрлерін білесіңдер?



Балалар сұраққаь жауап береді.

Күтілетін нәтиже: бірлесе әрекет ету тәсілдерін біледі;

Нені біледі: интонацияларды ажыратады және оларды айтады.

Қандай түсініктерді игерді: тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасайды;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіреді, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезеді; басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түседі.


12 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Білім беру саласы: Қатынас

Білім беру көзі: Драма

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Алтын сақа»

Ортақ тақырып: Салт-дәстүрді білу не үшін керек?

Мақсаты: Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу. Интонацияларды ажырата алу және оларды айту. Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу. Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолдану. Эмоциялық күйді анықтау және беру. Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.

Көрнекілігі: Ғажайып дорба, түлкі, қасқыр, қоян, аю арыстанның суреттері

Блингвалдық компонент: асық – асыки – assyk, ырғақ – ритм – rhythm

Жоспарланған уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті


І. Дұрыс әсерлі

көңіл күй орнату.

0-1 минут

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

2-5 минут


Шаттық шеңбері:

Балалар, кәне, шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге



тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз

жақсы көңіл күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-

бірімізге күлкімізді сыйлайық!

  • Балалар, сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын

мен байқадым. Біздің әр саяхатымыз осылай басталады.

Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

Біздің күлкіміз көңілді

Жеткізсін жылу мен шаттықты!

Бөліскен жақсы ғой өмірде

Қуаныш, мейірім, бақытты

Айсұлу мен Қуаныш асық ойынын жақсы көреді. Ал



Айсұлу мен Қуаныштың алтын сақасын Мыстан кемпір

ұрлап алыпты. Оларға бізден көмек қажет екен. Сақаны

қайтару үшін Мыстан кемпірдің бізге шарты бар екен.

Оның тапсырмаларын орындасақ қана алтын сақаны

қайтарып алуға болады.

Ойын-жаттығу: «Жануарлардың кейпіне ену».

Ым-ишара арқылы жануарларды келтіру. «Ғажайып

дорбадағы» жан-жануарлардың суреттерін немесе

ойыншықтарын алып, бейнелеп көрсетеді.


Қол алысып кәне біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру,

Қандай жақсы дос болу!

Қолдарын еріндеріне жақындатады.

Қолдарын жүрек тұсына қояды.

қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты,

қолдарын екі жаққа созады.

Ғажайып дорба, түлкі, қасқыр, қоян, аю арыстанның суреттері немесе ойыншықтар

Сабақтың ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6-25 минут

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

1 тапсырма. Театрда бала өзін қалай ұстауы керек?

Суреттен белгіле.

2-тапсырма. Артикуляциялық жаттығу жасау.

Орманға саяхат (тіл ертегісі)

Тіл ұйқыдан оянды,

Жан-жағына қарады.

Аспандағы күнге қарады,

Жерге түскен жапыраққа қарады.

Жапырақтарды жинай бастады.

Әбден жалыққан тіл орманға барады.

Қарғаның дауысын естиді: қарқ-қарқ!

Қасқырдың дауысын естиді: ау-у-у-у!

Қасқырдан қорыққан тіл

Үйіне қарай жүгіреді.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

3-тапсырма. Мыстан кемпір туралы қандай ертегі білесің?

Мыстан кемпірдің рөлін сомдау үшін қажетті заттардың

суретін белгіле. Кейіпкердің рөлін сомда.

«Музыкалық тапсырма».

1. Балалар үнтаспадан бірнеше музыканы тыңдап, қандай

жанрдағы музыка екенін табады.

2. Бесік жырын қандай дауыс ырғағымен айтады?

3. Патриоттық әндерді қалай орындайды?

4. Көңілді әуен қандай дауыс ырғағымен айтылады?

Айсұлу балаларды тіл ұстарту жаттығуларын жасауға

шақырады:

Қа-қа-қа – машинаңды тақа,

Алды-артыңды байқа,

Табиғатты байқа,

Менде үлкен сақа.

Сендер тапсырманы толық орындадыңдар. Енді мыстан



кемпір алтын сақаны Қуаныш пен Айсұлуға қайтарып

берді.

Кел, ойнайық! «Асық ату» ойыны.

Балалар екі топқа бөлінеді. Белгіленген жерге

(7–12 қадам) екі бала асықтарды тігіп, көмбеден сақамен

атады. Сақа тиген асықты алады. Ұтылған жақ жаңадан

асық тігеді. Балалар ретімен кезекке тұрып атады. Осылай

ойын жалғаса береді.


Балалар суретке қарап айтады.

Орманға саяхат жасап, мұқият зер салып тыңдайды.


Балалар мыстан кемпірдің суретін белгілейді және мыстанның рөлін сомдайды.

Балалар өз ойларын ортаға салады.


Тіл ұстарту жаттығуын айтады.


Мыстан алтын сақаны қуаныш пен Айсұлуға қайтарып береді.
Ойынның соңында ең мерген баланы

анықтап, мадақтау.


ІҮ. Сабақтың

қорытындысы.

Рефлексия

28-30 минут

  1. Жануарларды қалай сипаттар едің?

  2. Қандай ертегі білесіңдер?

  3. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді ата.





Сұраққа жауап береді.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет