Інің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Коммуникация»



бет5/6
Дата22.01.2017
өлшемі0,66 Mb.
#7592
1   2   3   4   5   6

Күтілетін нәтиже: Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби

шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасайды;

Нені біледі: ілікпе сөз бен фразаларды айтуда дұрыс тыныс алуды біледі.

Қандай түсініктерді игерді: интонацияларды ажырата алады және оларды айтады;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолданады.

13 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Білім беру саласы: Қатынас

Білім беру көзі: Драма

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Көкөністер мен жемістер туралы ертегі»

Ортақ тақырып: Мен үшін не дәмді және пайдалы?

Мақсаты: Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу. Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту. Интонацияларды ажырата алу және оларды айту. Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау. Өз ойын құрдастарының ортасында білдіру, басқалардың пікірін тыңдай білу. Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.

Көрнекілігі: Көкөніс, жемістердің суреті

Блингвалдық компонент: дәрумен – витамин – vitamin, жеміс – фрукты – fruit,

көгөніс – овощ – vegetable

Жоспарланған уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті


І. Дұрыс әсерлі

көңіл күй орнату.

0-1 минут

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5 минут


Балалар бір-бірімен амандасып, жақсы

ынтымақтастық қарым-қатынасқа түседі.

«Сиқырлы жапырақ» арқылы балалар бір-біріне мейірімді

сөз айтып, тілектерін білдіреді.

Жұмбақ жасыру.

Аспай піскен,

Қайнамай түскен.
Бақшада өседі,

Көп өнім береді.
Балалар, адам организміне қажет және пайдалы тағам

дегенді қалай түсінесіңдер?


Балалар бір-бірімен амандасады.

Жұмбақты мұқият тыңдап, шешімін табады.

Жеміс

Көкөніс
Көкөніс, жемістердің суреті

Сабақтың ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6-25 минут

Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Сен қалай ойлайсың, көгөніс және жемістер

өздерінің пайдасы туралы не айтар еді?

(Т) 2-тапсырма: Тіл ұстарту жаттығуы

Ша-ша-ша – есік алды бақша.

Із-із-із – бақшадағы сәбіз.

Ет-ет-ет – алма толы себет.

Интонациямен жұмыс:

Асан басқа жақтан

Ақ сабақ асқабақ әкелді.

Басқа жақтан

Басқарақ асқабақ әкелді.

Жағдаятты сұрақ:

Сендер қалай ойлайсыңдар, жемістер мен көгөністер



ертегі кейіпкері бола ала ма?

Режиссёр деген кім?

Режиссёр болғыларың келе ме?

Ойын: «Мен режиссёр боламын».

Балалар төрт топқа бөлініп, көкөністер мен жемістер

туралы өз ойларынан ертегі құрастырып, сахналауды ұсынады.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

3-тапсырма: Көгөністер мен жемістерді дене мүшелерімен

толықтырып, мультфильм кейіпкерлеріне айналдыр.

Қуаныш бүгінгі сабаққа өзінің білетінін сендермен



бөлісуге келіпті.
1. Тамақтанар алдында қолыңды жу.

2. Көгөністерді жумай жеме.

Қуаныштың сұрағына жауап бер:

Актёр сахнада өзін қалай ұстауы керек?




Балалар өз ойларын ортаға салады.

Тіл ұстарту жаттығуын

жылдам және жай

дауыспен айтады.

Жаңылтпашты қайталайды.

Балалар сұраққа жауап береді.

Балалар өз ойларынан ертегі құрастырып, сахналайды.
Көкөністер мен жемістерге көз, ауыз, қол, т.б. дене мүшелерін салып, мультфильм кейіпкеріне айналдырады.
Балалар сұраққа жауап береді.

ІҮ. Сабақтың

қорытындысы.

Рефлексия

28-30 минут

  • Тамақтану не үшін қажет?

  • Көгөністер мен жемістерде қандай дәрумендер болады?

  • Сен үшін қай тағам пайдалы?





Сұраққа жауап береді.

Күтілетін нәтиже: ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттейді;

Нені біледі: дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айтып, сыбырлап және қатты айта алады.

Қандай түсініктерді игерді: интонацияларды ажырата алады және оларды айтады.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасайды;

14 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Білім беру саласы: Қатынас

Білім беру көзі: Драма

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Ең керемет дәм» (сахналау)

Ортақ тақырып: Мен үшін не дәмді және пайдалы?

Мақсаты: Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу. Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту. Интонацияларды ажырата алу және оларды айту. Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау. Өз ойын құрдастарының ортасында білдіру, басқалардың пікірін тыңдай білу. Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.

Көрнекілігі: арпа, бидай суреттер

Блингвалдық компонент: адам – человек – people, нан – хлеб – bread

Жоспарланған уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті


І. Дұрыс әсерлі

көңіл күй орнату.

0-1 минут

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5 минут


Балалар ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсу.

Ойын-жаттығу: «Өз көңіл күйіңді көрсет».

Мына сұлу әлемде

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге

Күн сәулесін төгеді.

Балалар, сендердің көңіл күйлерің қалай?

Олай болса, көңілді болғанда не істейсіңдер?

Ренжігенде

Таңғалғанда

Қуанғанда

Ендеше, біз бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.

Айсұлу тәрбиеленушілерден мақал-мәтелдің мағынасын

сұрайды.

Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.



Балалар бір-бірімен амандасады.
Балалар көңіл-күйлерін көрсетеді.

(Қол шапалақтау).

(қабақ түю).

(көздерін бақырайту). (күлу).
Балалар өз ойларын білдіреді.

Сабақтың ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6-25 минут

Әліппе-дәптермен жұмыс

1-тапсырма. Суреттегі қай баланың іс-әрекеті ұнады?

Неге? Әңгімеле.

Біз нанды қадірлейміз және дәмін білеміз.

Басқа тамақтардың дәмі қандай болады?

2-тапсырма. Суреттегі тамақтарды жегенде бет-әлпетің

қандай болатынын ым-ишарамен көрсет.

Мимикалық жаттығу: беттің бұлшық етіне массаж.

1. Қышқыл тамақ жегенде.

2. Тәтті тамақ жегенде.

3. Ыстық тамақ жегенде.

4. Ащы тамақ жегенде.

Көптілділік:

адам – человек – people

нан – хлеб – bread

Нан туралы қандай ертегі білесіңдер?



«Нан қайдан шығады?» ертегісін оқып беру.

Сол ертегідегі тышқанның дауысын салып көрейік.



3-тапсырма. Тышқанның дауысын салу.

Тышқан нанды көрген кезде не деді?



Қалай айтты?

4-тапсырма. Ертегіге қатысты суреттерді белгіле.

Сахналау. Ертегіні сахналау үшін рөлдерге бөлінуіміз керек.

Сол үшін бізге Айсұлу өзімен бірге қолсандық алып келіпті.

Ол сандықтың ішінде тәрбиеленушілер санына сәйкес карточкалар болады. Ертегі кейіпкерлері бар карточканы алған тәрбиеленушілер рөлдерге бөлінеді.
Сахнадағы жұмыс тәртібін еске түсіру: Актёр ойын кезінде

залдағы көрермендер назарын өзіне аударады. Актёрдің сөз

шеберлігі қандай болу керек? Өзіңді тыңдату үшін сөзіңді

Театрландырылған көрініс:

«Нан дастарқанға қалай келеді?»

Интонациямен жұмыс:

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.


Әліппе-дәптермен жұмыс

Балалар бет-әлпеттерін көрсетеді.

(3-4 рет)

(3-4 рет)

(4-5 рет)

(4-5 рет)

Үш тілдік сөзде қайталайды.
Балалар зер салып, мұқият тыңдайды.
Балалар берілген сұрақтар бойынша дауыс ырғағына

салып айтады.
Ертегіні сахналайды.

Суреті жоқ бос карточканы алған тәрбиеленушілер көрермен болады.
Өлең жолдарын Айсұлумен бірге қайталайды.


ІҮ. Сабақтың

қорытындысы.

Рефлексия

28-30 минут

  • Ұннан қандай тағамдар пісіріледі?

  • «Еңбекпен келген нан тәтті» деген сөзді қалай түсінесіңдер?





Сұраққа жауап береді.

Күтілетін нәтиже: ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттей алады;

Нені біледі: дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс, сыбырлап және қатты айтады.

Қандай түсініктерді игерді: интонацияларды ажырата алады және оларды айтады;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасай алады.

15 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Білім беру саласы: Қатынас

Білім беру көзі: Драма

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Дені саудың – жаны сау (сюжетті-рөлдік ойын)

Ортақ тақырып: Денсаулықты қалай күту керек?

Мақсаты: Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту. Интонацияларды ажырата алу және оларды айту. Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу. Сюжетті-рөлдік ойындарға қатысу. Өз ойын құрдастарының ортасында білдіру, басқалардың пікірін тыңдай білу.

Көрнекілігі: Дәрігер ойыншығы, дәрігер суреттері

Блингвалдық компонент: дәрігер – доктор – doctor

Жоспарланған уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті


І. Дұрыс әсерлі

көңіл күй орнату.

0-1 минут

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5 минут


Шаттық шеңбері

Балалармен амандасып, жақсы ынтымақтастық

қарым-қатынасқа түседі.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Бір-бірімізге сыйлайық.

Денсаулығымыз мықты болуы үшін не істеуіміз керек?



«Ыммен көрсет» ойыны. Спорт түрлерін ыммен көрсету (суда жүзу, шаңғы тебу, футбол).

Біз ауырған жағдайда бізге кім көмекке келеді?

Жедел жәрдем орталығының нөмірін кім біледі?

«Не артық?» ойыны.

Ортада тұрған медициналық құралдардың арасында жемістер көкөністер, ойыншықтар қойылған. Балалар артық затты табуы керек.



Балалар бірге қайталайды.


Балалар ыммен көрсетеді.
Сұраққа жауап береді.

Балалар артық затты табады.

Сабақтың ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6-25 минут

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Балалардың көңіл күйінің көтеріңкі немесе

жабырқау болуының себебін анықта. Дөңгелек ішіне суретке

сәйкес смайлик суретін сал.

2-тапсырма. Суретке қарап, балалар қандай дыбыс

шығаратынын анықта. Қатты және жай дауыспен қайтала.

Сен қандай мамандықты таңдайсың?



3-тапсырма. Қуанышқа дәрігерге қажетті заттарды таңдауға көмектес.

4-тапсырма. Көңіл күйлерін көрсет.

1. Қуаныш дәрігерге екпе алуға бара жатыр. Ол ... (қорқады)

2. Қуаныш әжесіне дәрі алуды ұмытты. Ол ... (өкінеді)

3. Қуанышқа кішкентай баланы қарауды ұсынды.

Ол ... (таңғалады)

4. Қуаныш спорттан жеңіске жетті. Ол ... (қуанады)

Сюжетті-рөлдік ойын: «Емхана»

Балалар ана, бала, дәрігер, көз дәрігері, тіс дәрігері бар суретті алады, сол суреттерге байланысты өздері рөлдерге бөлінеді.

«Зейінді бол» жаттығуы. Тақырыпқа қатысты сөзді естігенде, қол шапалақтайды, басқа сөз болса, қол көтереді.

Әліппе-дәптермен жұмыс
Балалар дөңгелектің ішіне смайликтің суретін салады.
Өз ойларын ортаға салады.

Балалар көңіл-күйлерін көрсетеді.


Суретке байланысты балалар рөлдерге бөлінеді.


Жаттығуды орындайды.


ІҮ. Сабақтың

қорытындысы.

Рефлексия

28-30 минут

  • Ауырған адамдар емханаға не үшін барады?

  • Таза болып жүру үшін не істеу керек?





Сұраққа жауап береді.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет