Инклюзивті білім берудегі педагогикалық дизайн



бет1/8
Дата09.10.2022
өлшемі44,07 Kb.
#152299
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ресурс 3.3
Кешенді экономикалық талдау, ШЕҢБЕР, Бухгалтерлік есеп

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИЗАЙН
3.3. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен саралап оқытуды ұйымдастыру.
Заманауи психологиялық-педагогикалық үрдістерге сәйкес сараланған оқыту өнімді педагогикалық технологиялардың бірі болып табылады. Сараланған оқыту процесінде білім алушылармен жекеше жұмыс істеу, көзқарас, даралап оқыту жүзеге асырылады. Оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес, мұғалімдер оқушылардың күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін дағдыларды дамытуға ықпал ететін стратегияларды қолдануы керек.
Табысты инклюзивті білім беру практикасында білім алушы нені, не үшін және қалай істеп жатқаны, ненің қолынан келіп-келмейтіні, не себепті қолынан келмейтіні жөнінде өз-өзіне есеп беретін, сондай-ақ нені оқып жатқанын және оқытудың нәтижесі қандай болатынын түсінетін білім беру субъектісі болып табылады. Осылайша, барлық білім алушылар, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар педагогпен бірге өзінің білім алу әрекетінің рефлексиясын жүзеге асырады. Мұғалімнің саралау арқылы көмек күтетін оқушыға көмектесуге, қабілеті жоғары оқушыларға сәйкесінше көңіл бөлуге, ЕҚБ бар балалармен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытудағы сараланған тәсілдің мәні материалдың мазмұнын жеңілдету емес, оқушының оқу мақсаттарына қол жеткізуі үшін тапсырмаларды өз бетінше орындауына мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерді тауып қолдану болып табылады.
Мұндай саралау оқушының өз бетінше жұмыс жасауына қажетті нұсқаулықтың сипатын өзгертумен байланысты, яғни өзіндік жұмыс негізгі тапсырманы орындауға әкелетін дайындық сұрақтары немесе жаттығулардан тұрады. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушы үлгермей бағдарламадан қалып қоймас үшін мұғалім оған қосымша көмек ретінде теориялық анықтама, нұсқаулық, іс-қимыл алгоритмі бар жұмыс парағын дайындап ұсынады.
Саралауды іске асыру шеңберінде шартты түрде үш топ айқындалады. Бұл топтардың құрамы өзгеріп тұруы мүмкін:
1-топ- үнемі қосымша көмекті қажет ететін оқушылар.
2-топ– тапсырманы өз бетінше орындай алатын оқушылар.
3-топ– аз уақытта материалмен жоғары сапалы дәрежеде жұмыс істей алатын және басқаларға көмек көрсете алатын оқушылар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет