Инклюзивті білім берудегі педагогикалық дизайн



бет4/8
Дата09.10.2022
өлшемі44,07 Kb.
#152299
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ресурс 3.3
Кешенді экономикалық талдау, ШЕҢБЕР, Бухгалтерлік есеп
ЕБҚ бар оқушылар үшін сараланған тапсырмалар дайындаудағы мұғалімнің жұмыс істеу кезеңдері.
1. Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін зерделеу: физикалық (денсаулық), психологиялық және тұлғалық.
2. Ерекшеліктеріне қарай білім алушылардың әр түрлі топтарын анықтау:

  • қазіргі уақытта материалды меңгеру деңгейі бойынша;

  • жұмыс істеу қабілетінің деңгейі мен жұмыс қарқыны бойынша;

  • қабылдау, есте сақтау, ойлау ерекшеліктері бойынша.

3. Білім алушыларға тапсырманы өз бетінше орындауға көмектесетін әртүрлі әдістерді қамтитын сараланған тапсырмаларды таңдау және құрастыру.
4. Сараланған тапсырманың сипатын анықтауға әсерін тигізетін оқушылардың жұмысының нәтижелерін үнемі бақылау.
Тапсырмаларға қойылатын негізгі талаптар.
1-деңгейдегі тапсырмалар. Тапсырмалар меңгерілген білімді өзгертпестен еске түсіруге және өзектендіруге бағытталған, білім алушы базалық білімді, икемділікті, дағдыларды көрсеткенде келесі тапсырманы орындайды: «оқулықтан/тарихи дереккөзден мәтінді оқып, тарихи оқиғаның себептері мен салдарының сипаттамасын тап, тақырып бойынша ұсынылған мәтін негізінде кестені толтыр, сәйкестікті анықтауға арналған тапсырманы орында және/немесе мәтінге сүйене отырып, шындық/жалған екенін анықта және т.б., ұсынылған нұсқаулар арқылы картадан тап және т.б.» Үлгі бойынша жаса; жетіспейтін сөзді қой; мәнін тап, мәтінді оқы, мәнерлеп оқы, оқығанды мазмұнда, есеп шығар».
2-деңгейдегі тапсырмалар. Бұрын зеделенген материалды салыстыру, сипаттау және ретке келтіру үшін, яғни алынған білімді өзгертуді қажет ететін ұқсас міндеттерді шешу үшін өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар, кері байланыс функциясын орындайтын тексеру тапсырмалары. Осы деңгейде білім алушылар ақпаратты өз бетінше түрлендіріп, әртүрлі жағдайларда қолдана алады: «тарихи оқиғаның себептері мен салдарын бұрын зерттелген оқиғамен салыстыр, олардың ортақ және ерекше тұстарын анықта, оқулық/тарихи дереккөз мәтінінен тарихшының/саясаткердің тарихи оқиға туралы тұжырымын растайтын немесе жоққа шығаратын фактілерді тап». «Бақылап, қандай да бір белгілер бойынша топтарға бөл; есепті көптеген әрекеттер арқылы шығару үшін оның сұрағын өзгерт; артығын алып таста».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет