Инклюзивті білім берудегі педагогикалық дизайн


Сабақта деңгейлік жұмысты ұйымдастыру



бет3/8
Дата09.10.2022
өлшемі44,07 Kb.
#152299
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ресурс 3.3
Кешенді экономикалық талдау, ШЕҢБЕР, Бухгалтерлік есеп
Сабақта деңгейлік жұмысты ұйымдастыру
Деңгейлік жұмыс ұйымдастырудың мақсаты сабақта психологиялық қолайлы жағдай орнату және әр оқушының мүмкіндігі мен қабілетінің деңгейіне сәйкес оқыту болып табылады.
Деңгейлік саралау үшін не қажет?

  • Жалпы білім берудің базалық, міндетті деңгейінің болуы.

  • Базалық деңгей оқушыларға қойылатын талаптарды саралау және даралау үшін негіз болып табылады.

  • Базалық деңгейді барлық оқушылар орындауы тиіс.

  • Күтілетін оқу нәтижелері жүйесі ашық болуы керек (әрбір оқушы өзінен не талап етілетінін білуі керек).

  • Базалық деңгеймен қатар оқу пәнінің мазмұнын меңгеру тереңдігімен анықталатын жоғары дайындыққа мүмкіндік беріледі. Бұл минималды талап деңгейін жоғарылататын оқу деңгейімен қамтамасыз етіледі.

Сараланған тапсырмалар оқушылардың ойлау және шығармашылық белсенділігін, олардың пәнді оқуға деген қызығушылығын дамытуға бағытталған оқыту мен тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.
1. Түрлі күрделілік дәрежесіндегі сараланған тапсырмалардың «А», «В», «С» үш деңгейін бөліп көрсету.
Саралап оқыту тәсілінде тапсырманың мазмұны мен ұсыну формасына көңіл бөлінеді. Оқу материалы оқушылардың зияткерлік даму деңгейіне сәйкес таңдалады. Тапсырмалар қиындығы мен күрделілік деңгейінің өсу қағидатын ескере отырып беріледі.
А деңгейі. Есте сақтау және қайталап айту. Үлгі бойынша жұмыс. Теориялық блокты және тапсырманы орындау бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықты қамтитын ақпарат карточкаларын пайдалану.
B деңгейі. Дайын схема, алгоритм бойынша жұмыс істеу. Салыстыруды, өз мысалдарын келтіруді қамтитын ішінара ізденіс тапсырмалары.
C деңгейі. Бейтаныс жағдайда білімді шығармашылық қолдану, проблемалық сұраққа жауап беру. Ақпаратты өз бетінше іздеу және талдау.
Саралап оқыту процесінде оқушылардың бір топтан екінші топқа ауысуы мүмкін екендігі маңызды, яғни топ құрамы мәңгілікке бекітілмеген. Ауысу оқушының даму деңгейінің өзгеруіне, олқылықтардың орнын толтыру қабілетіне және оқуға қызығушылығының артуымен сипатталатын білім алу қабілетінің жоғарылауына байланысты.
Топтардың құрамы оқу бағдарламаларының мазмұнын нақты оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді, әр оқушының «жақын даму аймағына» бағытталған педагогикалық технологияны әзірлеуге көмектеседі, бұл өз кезегінде оқушылардың жеке тұлғалық дамуына, оқуға деген ынтасын қалыптастыруға, өзін-өзі шынайы бағалай білуіне қолайлы жағдай жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет