Инклюзивті білім берудегі педагогикалық дизайн



бет2/8
Дата09.10.2022
өлшемі44,07 Kb.
#152299
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ресурс 3.3
Кешенді экономикалық талдау, ШЕҢБЕР, Бухгалтерлік есеп
1-топтағы оқушылар төмен және өзгермелі жұмыс қабілеттілігімен, тез шаршағыштығымен, өз іс-әрекеттерін ұйымдастырудағы қиындықтармен, есте сақтау, зейін, ойлау дамуының төмен деңгейімен сипатталады. Оларға тұрақты ынталандыру, сендіруші уәждеме, уақыт режимін нақты бақылау, тапсырмаларды орындау сапасын тексеру, даму тапсырмаларын қосу қажет.
2-топтағы оқушылардың есте сақтауы мен зейіні, ойлау қабілеті сөйлеу тілі жақсы дамыған, олар елгезектігімен, адалдығымен, оқуға жоғары ынтасымен ерекшеленеді. Оларға мұғалімнің дер кезіндегі бақылауы, орынды ынталандыруы қажет, сабақта шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды берген жақсы.
3-топтағы оқушылар танымдық ізденіс, эмоционалды қатысу, ынталандыру және өзінің оқу әрекетін реттеу қабілеттерін қамтитын «академиялық дарындылыққа» ие.
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар негізінен оқуда қиындығы бар оқушылар тобының 1-тобына жатады және оларға мынадай көмек түрлері көрсетіледі:
1) көмекші карточкалар,
2) дайындық жаттығулары,
3) тақтадағы жазбалар.
Көмекші карточкалар 1-топтағы барлық оқушылары үшін бірдей болуы мүмкін немесе жеке оқушыға арналып дайындалады. Оқушы өзіне қажетті көмек деңгейіне қарай бірнеше карточка алуы мүмкін. Әр сабақ сайын білім алушыға керек көмек деңгейі азая түседі.
Дидактикалық карточкаларда әртүрлі көмек түрлері ұсынылуы мүмкін:
- тапсырманы орындау үлгісі, шешу тәсілін көрсету, пайымдау үлгісі;
- анықтамалық материалдар;
- алгоритмдер, жаднамалар;
- суреттер/иллюстрация, қысқаша жазба, схема;
- сөздерді түсіндіру, тапсырманың нақты бір бөлігін ерекшелеп көрсету;
- көмекші сұрақтар;
- мәселені шешу жоспары;
- шешу жолының бастапқы бөлігі;
- оқу іс-әрекетінің сипаты.
Ұсынылған карточкаларды жеке тапсырмалар үшін, бағдарламаның нақты тақырыптары бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін, тақтада өзіндік жұмысты ұйымдастыру үшін, сабақтарда қарастырылған материалды бекіту кезеңіндегі шағын тексеру жұмыстары үшін пайдалануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет