Инклюзивті білім берудегі педагогикалық дизайн



бет7/8
Дата09.10.2022
өлшемі44,07 Kb.
#152299
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ресурс 3.3
Кешенді экономикалық талдау, ШЕҢБЕР, Бухгалтерлік есеп
3. Жаңа материалды бекіту:
Зерделенген жаңа тақырыпты бекіту кезеңі сараланған жұмысты ұйымдастыруға кең мүмкіндіктер береді. Бекіту процесі, бір жағынан, теория элементтерін бекіту (түсіну, есте сақтау), екінші жағынан, практикалық сипаттағы тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылады.
Жаңа материалды бекіту кезінде бекіту сұрақтарын саралауға болады. Сабақтың осы кезеңінде ЕБҚ бар оқушылармен әр тақырып бойынша басты сұрақтарға тоқтала кетіп, тақырыптың негізгі тұстарын қайталау маңызды.
Оқулықпен жұмыс істеу кезінде «В» тобының оқушыларына оқылған материал бойынша жауап жоспарын құру тапсырмасын беруге болады, бұл уақытта «С» тобының оқушылары тесттегі алдын ала қойылған сұрақтарға оқулықтан жауап іздейді, ал «А» тобының оқушылары синтез, жинақтап бағалау арқылы қорытынды жасайды.
Материалды бекіту кезінде практикалық мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар үшін қиындық деңгейі біртіндеп артатын тапсырмалар беру маңызды.
Құрамы ауыспалы жұптарда «А» тобының оқушылары «С» тобының оқушыларына практикалық тапсырманы орындауға көмектесетін бірін-бірі оқытуды ұйымдастыруға болады. «Иығын тосу», айналасындарға мейірім, көршілес емес, бірге жұмыс істеу сезімі бірлескен жұмыс арқылы тәрбиеленеді.
4. Үй тапсырмасы:
«А» тобының оқушыларына қосымша әдебиеттерді оқып, зерттеу сипатындағы баяндама жасау тапсырмасын беруге болады. «В» және «С» топтарының оқушыларына баяндама жасауды ұсынуға болады, бірақ дайындық үшін қажетті әдебиетті беруге немесе дереккөзді ұсынуға, оқушының қабілетін ескере отырып, мазмұндау үшін материалдың көлемін шамалап беруге болады.
Тапсырмаларды саралау уақтылы көмек көрсетуге мүмкіндік беретін әр оқушының білімді меңгеруін бақылауға мүмкіндік береді.
Сыныптағы оқушылардың үш тобын анықтау олар үшін әрдеңгейлі тапсырмаларды таңдауға едәуір ықпал етеді. Әр тапсырма белгілі бір мақсат пен талаптарды көздейді.
Осылайша, деңгейлі саралап оқыту:

  • әр оқушыға өзінің оңтайлы қарқынында жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;

  • тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді, өзіне деген сенімділігін нығайтады;

  • оқуға деген қызығушылығын арттырады;

  • оқуға ынталандырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет