Қыран қанатты ақын (Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына арналған кеш) Мақсаты



бет2/7
Дата08.02.2022
өлшемі19,96 Kb.
#131095
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қасым Аманжолов
оқу сауат
«Сарыарқа» өлеңі.
ІІ – жүргізуші: жастайынан жетім қалған Қасым атасының қолында , табиғаттың тамаша ортасында есейген .
Ышқына соққан дауылға
Құмартушы ем жасымда
Нөсерлеп қуған жауынға
Жүгіруші ем жарысып
Сарыарқаның желімен
Ойнаушы еді алысып
Соққан дауыл менімен
Дегенмен осындай албырт жасөспірім күз желімен майысқан Арқаның боз селеуіндей жалаңаш жетім еді. Жетімдіктің, өгейліктің зардабын молынан көрген Қасым 1924 жылы Семейдегі балалар үйіне орналасады.
І жүргізуші: Интернаттағы оқуын аяқтап, Семейдегі малдәрігерлік техникумына оқуға түседі. Ол 1930 жылы оқу іздеп Алматыға келеді. Бірақ түсе алмай, «Лениншіл жас», «Қызыл әскер» газеттерін паналайды. Оқуды армандаған Қасым 1931 жылы Ленинградттағы орман шаруашылығы институтына оқуға түседі.
ІІ жүргізуші: Бірақ солтүстіктің ызғарлы ылғалды ауасы денсаулығын қажыта бастаған соң елге қайтады. Баратын жері де, ағайын тумасы да жоқ, аурудан қалжыраған Қасым тағдырдың айдауымен бейтаныс Орал қаласына келеді. Облыстық «Екпінді Құрылыс» газетіне тілмаш болып орналасады.
І жүргізуші : - 1933 жылы жиырма екі жасар Қасым әскерге алынады. Ол кезде Оралда әскер полкі болатын. Екі жыл әскери міндетін өтеп шыққаннан кейін Оралда ұйымдастырылып жатқан қазақ театрының көркемдік жетекшісі болады. Қаладағы өнерге құштар жастарды театрға шақырып, оларды жаңа рольдерге ойнауға баулиды. Театрдың өрісін кеңейтуді көздеп оркестр құрады. Сөйтіп Орал театры республикадағы қазақтың тұңғыш музыкалық драма театры болады.
ІІ жүргізуші: - Ол кезде Оралда бірқатар талантты жастар тобы қалыптасқанды. Олар : Қасым Жұмалиев, Қуан Тастайбеков, Жәрдем Тілеков, Батыр Қадырниязов, Абдолла Жұмағалиев, Хамит Ерғалиев сынды азаматтар еді. Қасым осы лаулаған талант иелерінің ортасында болды.
І жүргізуші: Оралда болған жылдар Қасымның ең бір шарықтап өрлеген, талантының толысқан кезі еді. Қасым аяқ астынан өлеңді төгіп жіберетіндігімен, ән құмарлығымен, сауыққой ерке серілігімен жұртты тәнті ететін. Ақынның «Домбыра» өлеңі сондай шабыт үстінде туған туынды еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет