Қыран қанатты ақын (Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына арналған кеш) Мақсаты



бет1/7
Дата08.02.2022
өлшемі19,96 Kb.
#131095
түріӨмірбаяны
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қасым Аманжолов
оқу сауат

Алтынбекова Жайсакүл Таңсыққызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы
№17 Ы. Алтынсарин орта мектебі


Қыран қанатты ақын
(Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына арналған кеш)
Мақсаты: оқушыларды ақын шығармашылығымен, өмірбаянымен , азаматтық тұлғасымен таныстыру; поэзияны сүюге, ақын өлеңдерін сүйіп оқуға , оның құдіретін сезінуге тәрбиелеу. Оқушылардың өлең көркем сөз оқу, ән айту қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Мұғалім:
-Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танисың ба сен мені,
Мен қазақтың баласы,-
деп кезінде ағынан жарыла толғанған дауылпаз ақын Қасым Аманжолов биыл 105 жаста. Тірісінде –ақ аты аңызға айналған Қасым - ешкімге ұқсамайтын дара тұлға ақындық шабытты жүрдек тұлпардай шапқан сайын өрлей береді. Оның жалынды да дауылды, нәзік де сыршыл поэзиясы жаныңа жайлы тиіп баурап алады.
Дейсіңдер-ау Қасымның несі басым?
Қасым солай болмаса , несі Қасым? –
деп, ақындықтың асқар тауындай ағасына Мұқағали Мақатаев жыр арнаса , Бауыржан Момышұлы «Қасым Аманжолов – жаратылысы бөлек ақын» деп баға берген екен. Бүгінгі ақынның шығармашылығына арналған «Қыран қанатты ақын» тақырыбындағы әдеби кешімізді бастаймыз.
І – жүргізуші: Қасым Рахымжанұлы Аманжолов 1911 жылы Сарыарқаның ең көрікті жерінде Қарқаралы ауданында дүниеге келеді. Ата жұртының тұрағы Қызыл деп аталып кеткен таудың етегінде орналасқан . көктемде тау бөктерінде қызғалдақ гүлдер, белуардан көкорай шалғын өсетін құтты қоныс екен. Ақынның «Сарыарқа» өлеңі перзенттің махаббатына туған туынды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет