Қыран қанатты ақын (Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына арналған кеш) Мақсаты



бет6/7
Дата08.02.2022
өлшемі19,96 Kb.
#131095
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қасым Аманжолов
оқу сауат
«Оралым , менің, Оралым».
ІІ жүргізуші: - Соғыс кезінде қайнаған қасым шығармашылығының ғажайып маржандарының бірі «Дариға, сол қыз» - тұтас бір соғыстың шежіресі. Басты кейіпкері қазақ батыры, ақыны. Сол сұрапыл соғыс, сол сүйген қыз, өмірге құштарлық. Қансырап жығылып, семіп бара жатқан батырды қыз тұрғызып жібереді. Өмір елестеп, қыз алыстап аласұрған, еңіреген ақын аяғында өлімді алыстатқан әмірші қызбен, өмірмен қайта табысады.
І жүргізуші: - Қасымның өмірінің ең жайдарлы да қуанышқа толы жылдары Орал елінде өтеді. Оны өзі жырлаумен өтеді. Қасым соғыстан келген соң тұрмыс тауқыметін көп көреді. Оралға тек бір рет қана келген екен. Сол келгенде шығарған «Жайық» өлеңі өзі қайтыс болғаннан кейін жарық көреді.
«Жайық» өлеңі.
ІІ жүргізуші: соғыс жылдарындағы оның шығармалары бейнелеу, образ байлығымен, мүлдем жаңа сөз мұратымен, теңеу тосындығымен, сезім жомарттығымен ерекшеленеді. Талант ауқымы , диапазоны кең ақын соғыстан оралған соң да айтарлықтай туындылар береді.
І жүргізуші : - Өткенді жаңғыртып қопарудың қажеті де болмас. Дегенмен Қасым тірісінде де, өлгенде де жолы көп болыңқырамаған ақын.
Соғыстың , қыстың ызғары
Бойымнан кетпей боп сырқат,
Емендей жалғыз құздағы
Айналаға болдым жат,-
деп өзі айтқандай , дерт үстінде жатқан ақынды сен ұлтшылсың деп күнде бетіне басып, өлеңдерін өзгерттіріп, қымбат бейнет беріп, арзан ақылға қамаса керек. Тағдырдың тауқыметін көп көрген Қасым ұзақ жалдар бойы пәтерсіз жүреді. Осыған байланысты 1946 жылы жазылған баршаға аян «Баспана» деген өлеңі бар.
«Баспана» өлеңі.
ІІ жүргізуші : - Қасым соғыстан кейін ауыра бастайды. 1955 жылдың қаңтарында аурудың жеңе бастағанын сезіп, « Осы қаңтардан аман өтсем, ұзақ жасаймын» деп өзін-өзі қайраған екен. Олай өтетін себебі, өзінің әкесі де 44 жыл өмір сүріпті. «Қырық жыл қырғын келсе де , ажалы жеткен өледі» дегендей Қасым ұлы қырғын соғыстан аман келіп, дәл қырық төртінде дүние салады.
І жүргізуші: - Қасым өткір мінезді, бұрқ-сарқ қайнап, дауылдап жүрген болса керек. Музыкалық дарыны ерекше болған. Жас шағында өзінің мондалині , арнайы жасатқан баяны болыпты. Сауыққұмар Қасым татар әндерін ерекше жақсы көріпті. Өзінің де сазгерлік қырының ашылуына осы жайлар әсер еткен болуы керек. Ақын өзінің композиторлығына ерекше мән бере қоймаған. Топ әндерінің ішінен «Дариға , сол қыз» өлеңін ғана Әбілахат Еспаев нотаға түсірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет