Қыран қанатты ақын (Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына арналған кеш) Мақсаты


«Қоштасу», «Елге хат» өлеңдері оқылады



бет5/7
Дата08.02.2022
өлшемі19,96 Kb.
#131095
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қасым Аманжолов
оқу сауат
«Қоштасу», «Елге хат» өлеңдері оқылады.
ІІ жүргізуші: - Қасымның шынайы ақындық болмысы соғыс жылдары көрінеді. Ол қазақ ақындарынан тұңғыш қаһармандықтың, қайсарлықтың тамаша үлгісін көрсеткен Абдолла Жұмағалиевтің бейнесін сомдайды. «Ақын өлімі туралы аңызды» ауырып емханада жатқанда жазған.
ІІ жүргізуші: - Поэма небәрі 220 жол. Асқан шеберлікті дәлелдейтін осыншама тығыз сыйымдылық , шиыршықталған шымырллық, жұдырықтай тас түйін шығарма бұрын қазақ поэзиясында болған емес.
І жүргізуші: Абдолла Жұмағалиев 1915 жылы Жымпиты ауданындағы Жосалы ауылында дүниеге келген. Алғыр да от шашқан ақындық талантымен ерте танылған. Оралдың педагогикалық институтында оқып жүргенде Қасыммен айырылмастай достасып кеткен. Абдолла 30 жасында шейіт болады. Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасына әдебиет сыншылары сол кезде «Бүкіл қазақ совет поэзиясының маржаны» деген үлкен баға береді.
І жүргізуші: - Орал Қасымның аяулы ақындық бесігі еді. Әрбір ақынның өзі шыққан тауы болады десек, Қасым шыққан поэзия тауы асқақ та биік. Осы биікке ол Оралда жүріп көтерілді. Сондықтан да Оралды Жайықтың жанындай сүйді, жас жүректің лүпілімен сүйді, шырқаған шабыты да осында шарықтады.
... 1943 жылдың қысы еді. Қиыр Шығыстан майданға апара жатқан эшелон Оралға тоқтады. Жұпынылау киінген, өз сөзімен айтсақ, балтырға шұлғау байлап, кең де ұзын шинельді сүйретіле, ынтыға жүгіре, эшелон бастығына келді. Қысқа-қысқа сөйлеп, қаланы аралауға екі сағатқа жіберуді өтінеді. Әскери тәртіп қатты ғой, командирді кінәлауға болмас, рұхсат болмағасын көңілі түсіп, ызасы да, қайғысы да аралас халде отырып, ойындағысын мұңайып барып қағазға түсіреді. Енді сол өлеңге кезек берелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет