«Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнінен Әдістемелік жинақ


дәріс . Ең болмағанда бір оқиғаның пайда болуының ықтималдығы



бет6/27
Дата22.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#175169
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
«Û?òèìàëäû?òàð òåîðèÿñû æ?íå ìàòåìàòèêàëû? ñòàòèñòèêà» ï?í³íåí ?
мотивация, сабак жоспары, Мунай сож 1, апр, Методика подготовки наглядных пособий.ru.kk 2, Методика подготовки наглядных пособий.ru.kk, Рабочяя тетрадь МЦТ
4 дәріс . Ең болмағанда бір оқиғаның пайда болуының ықтималдығы
1. Ықтималдықтарды қосудың жалпы теоремасы
2. Ықтималдықтың толық (орта) формуласы
3. Байес формуласы
1. Ықтималдықтарды қосудың жалпы теоремасы
Теорема. Екі оқиғаның кемінде біреуінің пайда болу ықтималдығы олардың ықтималдықтарының қосындысынан оқиғалардың бірден пайда болу ықтималдығын шегерткенге тең болады.
(1)
Мысал. Колодада 36 карта бар. Кездейсоқ алынған бір картаның көзір немесе тұз болу ықтималдығын анықтау керек.
Шешуі: Шыққан картаның көзір болуы А оқиғасы, тұз болуы В оқиғасы болсын. Сонда көзір тұздың шығуы АВ оқиғасы болады. Мұның ықтималдығы

А және В оқиғалары үйлесімді, өйткені көзір карта тұз болуы да мүмкін. Олай болса,

немесе 33,3%, өйткені
2. Ықтималдықтың толық (орта) формуласы
Айталық, Н1, Н2, ...,Нп оқиғалары қос-қостан үйлесімсіз оқиғалардың толық тобын құрайтын болсын. Ал В оқиғасы осы оқиғалардың тек біреуімен ғана бірігіп орындалады дейік. Оның үстіне р(Н1), р(Н2), ...,р(Нп) және ықтималдықтары белгілі болсын. Осы берілгендер бойынша В оқиғасының ықтималдығын анықтауға бола ма және ол неге тең деген сұрақ туады. Мұның жауабын ықтималдықтың толық формуласы береді.
Шынында,
(1)
Ал Н1, Н2, ...,Нп қос-қостан үйлесімсіз болғандықтан, оқиғалары да қос-қостан үйлесімсіз. Олай болса, бұл оқиғаларға қосу теоремасын қолдануға болады. Сонда

шығады.
Көбейту теоремасы бойынша

болады.
Демек,

немесе
(2)
жоғарыдағы берілгендері бойынша В-нің ықтималдығын осы (2) формуламен анықтайды. Бұл формуланы ықтималдықтардың толық формуласы деп атайды. Әдетте, Н1, Н2, ...,Нп оқиғаларын гипотезалар (болжамдар) деп атайды.
Байес формуласы
Осы уақытқа дейін қарастырып келген ықтималдықтар интуитивті түрде теориялық болжамдарға сүйеніп, тәжірибе жүргізбей-ақ, комплекс шарт жөніндегі білім (түсінік) негізінде анықталып келді. Тәжірибеге дейінгі Н1, Н2, ...,Нп гипотезалар (оқиғалар) ықтималдығы сәйкес түрде р(Н1), р(Н2), ...,р(Нп) болатынды.
Тәжірибе жүргізілді делік, соның нәтижесінде В оқиғасының пайда болғаны анықталды, енді осы В оқиғасының пайда болуына байланысты Н1, Н2, ...,Нп гипотезаларының ықтималдығын қайта қарауға тура келеді. Яғни ықтималдықтар мәнін анықтауға тіреледі. Бұл ықтималдықты анықтау үшін, көбейту теоремасы мен ықтималдықтардың толық формуласын пайдаланамыз.
Тәуелді оқиғалар В мен үшін
(1)
Бұдан
(2)
шығады. Бұл формулаға толық ықтималдық формуласынан мәнін қойсақ, онда
(3)
шығады. Осы (3) формуланы Байес формуласы деп айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет