Ыту теориясы мен технологиясы


Дәріс №2. Тақырыбы: Бейнелеу өнерінің теориясы, оның түрлері мен жанрлары



бет7/72
Дата08.02.2022
өлшемі232,96 Kb.
#124783
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72
Байланысты:
SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021
kursovaya, 62a8c7c107d6fd0bbeb2ec3a67ffb7d1ff4b5816, 62a8c7c107d6fd0bbeb2ec3a67ffb7d1ff4b5816, SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021, SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021
Дәріс №2.
Тақырыбы: Бейнелеу өнерінің теориясы, оның түрлері мен жанрлары

1. Бейнелеу өнерінің теориясы және жаныры


2. Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері
3. Безендіруге қойылатын эстетикалық талаптар


1. Бейнелеу өнерінің теориясы және жаныры

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі пәні жеке ғылым ретінде бастауыш сынып оқушыларының көркем- шығармашылық қабілеттерін дамыту принциптерімен қатар сурет салуға, мүсіндеуге, жапсыруға, құрастыруға үйретудің міндеттері мен мазмұны және әдістерімен таныстыруды көздейді.


Курстың пәні–Қазақстан Республикасының -Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартының квалификациясы мен мамандандырылудың талаптарына сәйкес, бейнелеу өнері мен оқыту әдістемесі курсынан білім, білік, дағдыларды қалыптастыру процесі.
Курстың мақсатты қызметі–болашақ бастауыш мұғалімдерін эстетикалық және кәсіби даярлау.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы әдістеріне үйрету; сурет салуда, кескіндеме, композиция, бейнелеу өнерінің әсерлі құралдарын пайдалану дағдылары мен біліктерін қалыптастыру; көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар жасауға, басқа да құралдар арқылы сабақ өткізуге үйрету; студенттерді бейнелеу өнерінің негіздеріне және бейнелеу өнерінің шығармаларын эстетикалық қабылдауға үйрету; бейнелеу өнерінің теориясы, түрлері мен жанрларымен таныстыру; әдістемелік және педагогикалық әрекеттерге дайындау.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі кіші мектеп жастағы оқушының тұлғасын қалыптастырудың басты құралы.
Өнердің ең құнды түрінің бірі бейнелеу өнері болып табылады. Бейнелеу өнерінің сан алуан түрлерін танып білуге оқушыларды баулу керек. Ол бала-лардың көркемдік ойлау кабілетін дамытады, қызығушы-лығын арттырады. Өнерге деген ынта-жігерін туғызады. Өнер тарихын өнгімелеу арқылы бейнелеу өнерінің түрлеріне токталамыз.
Графика -бір түсті бояу, карындаш, кемір, т.б. бей-нелеу енерінің кұралдарымен орындалған көркем шы-ғарма.
Графика линогравюра, литография, офорт, т.б. түрлерге бөлінеді.Бейнелеуге үйретудің алгашқы өліппесі — сурет. Сурет салуға баланы бейімдеу көргенін шынайы кабылдауга, дүрыс бейнелеуге, сурет салу заңдылықтарының өдіс-төсілдерін меңгеруге үйретеді. Сурет салу бірнеше түрге бөлінеді. Олар: долбар (жылдам бейнелеу), кыска мерзімді сурет, академиялык сурет.
Долбар жүмсак карындаш пен жылдам бейнелеу төсілі аркылы орындалады.
Қысқа мерзімді сурет-жарық пен көлеңке жөне кеңістік жалпы штрихтау аркылы көрсетілген, толык аякталмаган сурет.
Академиялык сурет үзак мерзімде орыңдалатын, су-рет салу заңдылықтарын толык меңгертетін сурет.
Живописъ-бояу арқылы бейнеленген көркем шығар-ма. Живопись орындалу өдіс-төсілдеріне карай төрт топқа бөлінеді: қондырғы живопись, монументальды, сөндік жөне миниатюралық живопись.
Қондыргы живописъ-арнаулы кенепте, картонда, қйғазда орындалған көркем сурет.
Монументалъды живописъ -үй қабыргаларын, ғима-раттарды безендіруде қолданылатын түрлі түсті сурет.
Сәндік живописъ-театр сахналарын безендіруде кол-данылатын сурет.
Миниатюралык живописъ-кітап безендіруде қолда-нылатын иллюстрациялық кіші-гірім сурет.
Оқушыларды өр алуан мүсін түрлерімен таныстырған абзал. Олардың өзіндік ерекшелігін баяндап, кыскаша мөлімет беру керек.
Қолөнер-өрбір үлттың тарихымен сабақтаса дамып келе жатқан халықтық көркем туынды жасау енері. Кдзақ халқының қолөнерін насихаттаушыларды 4 топқа белуге болады.
Ұста - қару-жарак жасайтын адам.
Зергер -ер түрлі өшекей бүйымдар жасайтын адам.
Шебер- ағаштан музыкалық аспаптар және басқа бүйымдар жасаушы адам.
Ісмер- киім тоқып, тігетін адам.
Қазақ қоленерінің түр-түрімен кеңінен таныстырудың маңызы бар, өйткені сол арқылы үлттық өнерге оқушы-лардың көзкарасы дүрыс калыптасады. Осылайша ата көсіп өнерінің тарихи тағылымын білуге, оны зерделеп үғынуға мүмкіндік туғызуымыз керек.
Дизайн өнері қазіргі заман талабына сай өте қажетті өнердің бір саласы болып табылады. Дизайн кез келген өдеміліктің ғажайып үлгісін жасап береді. Дизайн енері қазір барльщ елдерге қанат жайған деуге болады. Шебер дизайншылардың озық ойынан шыққан өдемі заттар қашан да болсын өз сүлулығын жоғалтпайды. Сондыктан дизайн өнері сүранысы мол өнер болып отыр.
Өр түрлі өдемі бүйымдардын, заттардың үлгілері, соны-мен қатар үйдің ішкі көріністерінің адамға жақсы өсер етуі дизайндық сапаға байланысты. Дизайн өнері бірнеше түр-ге бөлінеді: интерьерлік, мебельдік (жиһаздық), графика-лық, киім үлгілеу, т.б.
Ерте заманда пайда болып, барлық дәуірде өмір сүрген және біздің уақытымызда жаңа мазмұнға ие болып отырған кескіндеме, графика, сәулет өнері бүгінгі таңда дамып келеді.
Кескіндеме - әлемнің барлық байлығы мен сан алуандығын қайта жаңартуда. Бүгінгі танда ол бірінші орын алуда. Кенепте, қағазды үйдің немесе сарайдың қабырғасына кескіндеу құрылымымен кеңістік тереңдігі, көлемі, түс-реңі ауасы бар нақты әлем жасадады. Түс кеңістіктің басты құрамы.
Кескіндеме жанырларға бай екендігімен сипатталады. Олардың пайда болуы әр түрлі дәуірдегі суреттердің өмірдің әр қырына деген мүддесімен сабақтас жатыр. Тарихи оқйғаларға арналған өткен дәуір адамдарының өмірі мен тұрмысын бейнелейтін суреттер тарихи жанрға жатады. Халық поэзиясына туған ертедегі және батырлар жыры обрыздарында В. Суриков, И. Репин, В. Серов орыстың тарихи оқиғалары мен обрыздарының бейнесіне көңіл бөлді.
Бейнелеу өнеріндегі аңыз батырлар жыры ертегі сюжетіне құрылған шығармалар мифологиялық жанрға жатады. Халық поэзиясынан туған ертедегі және батырлар жыры обрыздарында В. Васнецков ресейдің поэтикалық және батырлық обрызын жасады.
Тарихи жанырдағы суреттер барлық уақытта алыс тарихты ғана көрсетпейді. Совет суреттерінің шығармаларына жуық өткенді ерлік революциялық күресті бейнелеген. Б. Иогансонның «камунистен жауап алу» картинасында жігерлі және өз ісінің шындығына әбден сенімді революционерлердің обрызы берілген.
Шайқасты және соғыстың басқада эпизоттарын бейнелейтін батальдық жанр тарихи жанырдың бір түрі болып табылады. Орыстың баталист- суретшілердің неғұрлым әйгілерінің бірі- В. Верещагин. Ол өз шығармаларында соғыс сұмдығын ашып көрсетіп, қарапайым орыс солдатының қаһарман обрызын жасайды.
Совет батальдық жанры бүкіл халық өз отанының тәуелсіздігі үшін күрес жүргізген азамат және Ұлы Отан соғысының патриоттық рухын ашып береді. Бірінші советтік баталист-суретші М. Греков болды.
Қарапайым адамның өміріне көңіл аудару барлық дәуірдегі алдыңғы қатарлы суретшілерге тән. Ертедегі Египеттің қабырғаға салынған суреттерінде, грек вазаларында, голанд шеберлерінің полотнода XXI ғасырда орыс суретшілерінің картиналарында адамның күнделікті өмірі оның сан алуан құбылыстары арқылы, адам мінез-құлқы мен қарым- қатынасы арқылы бейнеленген. XXI ғасырда орыс өнерінде тұрмыстық жанр әлеуметтік бағаға ие болды. Бұл П. Федовтың, В. Перовтың, И. Репиннің шығармаларына тән. Совет өнерінде тұрмыстық жанр кең ауқымдылығымен және жан-жақтылығымен сипатталады. А.Дейнеканың, А.Пластовтың, Т.Яблонскаяның шығармаларында совет адамдарының жасампаздық қуанышқа толы өмірі бейнеленген. Адамбарлық уақытта бейнелеудің негізгі объектісі болып табылады. Біз оны барлық жанрлардан кездестіре аламыз. Тек портреттік жанр ғана адамның сыртқы және ішкі кейпін беруді алдына басты міндет етіп қойды. Портрет бір адамды немесе бір топ адамдарды бейнелей алады. Барлық дәуір сурктшілері өз заманының мінез - құлқы мен ішкі жан дүниесін ашатын портреттер жасалды. Сол суреттердің барлығы психикалық сипаттың тереңдігімен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет