Ыту теориясы мен технологиясы


Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері



бет8/72
Дата08.02.2022
өлшемі232,96 Kb.
#124783
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72
Байланысты:
SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021
kursovaya, 62a8c7c107d6fd0bbeb2ec3a67ffb7d1ff4b5816, 62a8c7c107d6fd0bbeb2ec3a67ffb7d1ff4b5816, SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021, SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021
2.Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері
Балабақшада бейнелеу өнерінің сан алуан түрлерімен: кескіндемемен, графикамен, скульптурамен, сәндік-қолданбалы өнер т.б.өнер туындыларымен танысады. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында пейзаждың жаңа түрі-и н д у с т р и я л ы қ пейзаж пайда болды. Ол совет өнерінде ерекше мазмұнға ие болды: бұл - Г. Нисскийдің пейзаждарындағы қазіргі заманғы көпірлер мен корабльдер, Ю. Пименовтың картиналарындағы еліміздегі құрылыстар. Н а т ю р м о р т (тұрмыстық заттарды, көкеністі, жеміс-жидектерді, гүлдерді бейнелеу) кескіндеменіңөзгеше бір жанры болып табылады. Суретші бір шығармада ой-мағыналық мазмұнды, сондай-ақ түстердің, формалардың, маталар түрлерінің, вазалардың үйлесуін басшылыққа ала отырып, бірнеше заттарды біріктіреді. Графика да бейнелеу өнерінің бір түрі болып табылады. Графикалық шығармаларға: қарынжашпен, қаламұшпен, көмірмен, акварельмен салынған суреттер, сондай-ақ оның баспадағы әр алуан көшірмесі: гравюра, литография және басқалар жатады. Графикалық шығармалар негізінен қағазда, оқта-текте пергаментте, маталарда және басқа да материалдарға орындалады. Графикалық шығарманың негізіне сурет жатады. Графикадағы көркемдік түр құралы сызықтар,ақ пен қараның арақатынасы, жарық реңі, тон болып табылады.Бірақ графика түрлі-түстің қолдануын жоққа шығармайды. Графика бейнелеудің әр түрлі типтерін қамтиды. Бұл көмірмен, қарындашпен жасалынған, ең басты, типтік, сипстты нәрсені ғана жеңіл беретін бір сәттік нобай суреттер, сондай-ақ аяқталған әрі ірі композициялар болуы мүмкін. Графикалық өнерде кітапты безендіру үлкен орын алады. Өнердің бұл түрімен балалар күн сайын кездеседі, сондықтан да балаларға арналған кітаптарды көркем безендірудің жоғары деңгейде болуының маңызы өте сор.
Скульптура заттың үш өлшемді бейнесін береді. Көркем обрыздың әсерлігі оның пластикалық сипсттамасымен айқындалады. Скульптуралық бейнелеудің объектісі көбіне адам, ал кейде хайуанаттар, жансыз заттар болып келеді. Мүсінді жан-жағынан көруге болады., сондықтан оны ғимаратқа немесе ашық ауаға тұлғаның силуэті, оның қимыл-ишарасы жақсы қабылданатындай етіп орнату өте маңызды. Шағын формалы монументтік, станоктық скульптура- дөңгелек скульптураның түрлері, олардың әрқайсысы өзінше әсерлі. Сонымен қатар рельефтерді де скульптураға жатқызу қабылданған. М о н у м е т т і к с к у л ь п т у р а- бұл ұлы адамдарға немесе тарихи оқиғаларға орындалған, асқақ, келісті де мәнерлі, өз бойына үлкен жалпы адамзаттық идеяны жинақтаған ескерткіштер. И. Мартос жасаған Минин мен Пожарскийге ескерткіш орыс халқының шетелдік басқыншыларға қарсы күресте бірігуін бейнелейді. С т а н о к т ы скульптура көбіне портрет ретінде ұсынылады. Скульптуралық портреттің негізгі міндеті кескіндемедегі сияқты-адам обрызын беру. Р е л ье ф- бұл мүсінді жазықтықта бейнелеу. Кей кезде рельеф скульптуралық ескерткіштін композициясына кіреді. Сәндік-қолданбалы өнер халық өнері мен көркемдік өнерқасиеті:керамиканы, тоқыма, зергерлік бұйымдар өнеркәсібін қамтиды. Өнердің бұл түрі халықтың көркемдік талғамын қалыптастыруда айтарлықтай роль атқаоады. Сәндік-қолданбалы өнердің өзіне тән ерекшелігі мынада: оның туындылары әрі пайдалы, әрі әдемі болуы тиіс. Көркем суреттермен, кестелермен әсемделген кәдігі шыны-аяқ, орамал,кілем өз қызыметін атқара отырып, әдемі, сәнді боло түседі. Қазіргі танда сәндік өнерді дамытуда қалыптасқан ғасырлық дәстүрлер үлкен роль атқарады. Мүсіндеу бейнелеу іс-әрекеті түрлерінің бірі ретінде мүсін жасаудың ерекшелігі- бейнелеу аумақтық әдіспен жасалады. Мүсіндеу жұмсақ материалмен (мрамор, гранит және т.б.) де жұмыс жасауды қамтидын скульптураның бір түрі болып ьабылады. Мектеп жасына дейінгі балалар қолдың әсеріне тез икемделетін жұмсақ пластикалық материалдармен-саз балшықпен, пласталинмен ғана жұмыс істеу тәсілдерін меңгере алады. Балалар адамдардың, хайуанаттардың, ыдыс-аяқтын, транспорттың, көкеністердің, жемістердің, ойыншықтардың мүсіндерін жасайды. Тақырыптардың алуан түрлілігі мынаған байланысты: мүсіндеу, бейнелеу іс-әрекетінің басқа түрлері сияқты, баланың танымдық және творчестволық қажетсінуін қанағаттандыра отырып, тәрбие міндеттерін орындайды. Мүсіндеуде заттардың кеңістік арақатынасын беру оңайлатылады объектілер, нақты өмірдегідей, бірінен соң бірі, композиция ортасына жақын не алыс қойылады. Перспектива мәселелері мүсіндеуде болмайды. Мүсіндеуде бейне жасаудың негізгі формасы-ауқымды форманы беру. Түс шектеулі түрде пайдалынады. Әдетте кейін балалар ойындарында пайдаланылатын жұмыстар боялады. Мүсіндеу сабақтарында неғұрлым пластикалық материал ретінде саз балшық негізгі орын алады. Жақсы дайындалған саз балшық тіпті екі-үш жастағы баланың қолының илеуіне тез көнеді. Кептірілген саз балшықтық жұмыстар ұзақ уақыт сақталына алады. Аппликация сабақтары процесінде балалар өздері бөліктері мен силуэттерін қиып, жапсыратын алуан түрлі заттардың қарапайым да күрделі формаларымен таеысады. Силуэтті кескінді жасау үлкен ой мен қиял жұмысын талап етеді,өткені силуэтте кейде заттың негізгі белгілері болып табылатын детальдар болмайды. Аппликация сабақтары математикалық түсініктердің дамуына мүмкіндік туғызады. Мектепке дейінгі балалар аса қарапайым геометриялық формалардың аттарымен, белгілерімен танысады, заттардың және олардың бөліктерінің кеңістікте орналасуы (сол жақта, оң жақта, бұрышта, ортада және т.б.) мен көлемі (үлкен, кіші) туралы түсінік алады. Осы күрделі ұғымдарды балалар декоративтік ою-өрнек жасау процесінде немесе затты бөлік-бөлігі бойынша бейнелеген кезде оңай ұғып алады. Сабақтардың барысында балалардың бойында түсті, ритімді, симметрияны сезу дамиды және осының негізінде көркемдік талғам қалыптасады. Оларға түсті өздері жасау немесе форманы бояу керек емес. Балаларға түрлі түстер мен реңктегі қағаздарды бере отырып оларды әдемі үйлесімді таңдай білуге тәрбиелейді. Аппликация сабақтары бөбектерді жұмысты жоспарлы ұйымдастыруға үйретеді, өйткені өнердің бұл түрінде композиция жасау үшін бөліктерді жүйелі жапсырудың үлкен маңызы бар. Алдымен ірі формалар, одан кейін детальдар жабыстырылады; сюжетті жұмыстарда-алдымен фон, содан соң бірінің үстіне бірі түскен екінші қатарға және ең соңында бірінші қатардағы заттар жабыстырылады. Аппликациялық бейнелерді орындау қол бұлшық нттерін дамытуға, қимылдарды үйлестіруге жәрдемдеседі. Бала қайшы ұстауға, қағаз парағын бұра отырып, формаларды дұрыс қиып алуға, формаларды қағаз бетіне бір-біріне бірдей қашықтықта орналастыруға үйренеді. Конструкциялау алуан түрлі материалдардан конструкциалау бейнелеу іс-әрекетінің басқа түрлеріне қарағанда ойынмен көбірек байланысты. Ойын көбіне конструкциялау процесімен қатар жүреді, ал балалардың жасап шығарғандарды әдетте ойындарда пайдалынады. Балабақшада конструкциялаудың мынандай түрлері қолданылады: құрлыс материалдарынан, конструкторлар жиынтығынан, қағаздан, табиғи және басқа материалдардан конструкциялау. Конструкциялау процесінде мектеп жасына дейігі балалар білімгі, дағдыға және іскерлікке ие болады. Құрлыс материалдарынан конструкциялай отырып, олар геометриялық ауқымды формалармен танысады, симметрияның, тепе-тендіктің, пропоцияның маңызы туралы түсінік алады. Қағаздан конструкциялау кезінде балалардың геометриялдық жазық фигуралар туралы білімі, жақ, блұрыштар, орталық нүктесі туралы ұғымы нақтылана түседі. Балалар қағазды майыстыру, жинау, кесу,желімдеу жолымен жалпақ формалардың түрін өзгерту тәсілдерімен танысады. Табиғи және басқа материалдармен жұмыс істеу балаларға өздерінің творчестволдық қабілеттерін көрсете білуіне, жаңа бейнелеу дағдыларына ие болуға мүмкіндік береді. Конструкциялау жұмыстары үшін, әдеттегідей, дайын формалар пайдалынады, балалар оларды жинай отырып қажетті кескінді алады. Конструкциялаудың барлық түрлері балалардың конструкторлық ойы мен творчестволық қабілетін дамытады. Балаға жасалатын затты оның бөліктерінің формаларын алдын ала елестетіп, өзінде бар дайын формалармен ойша салыстыруы, оның жарамдылығын анықтауы, содан кейін пайдалануы керек. Конструкторлық ойды қалыптастырудың күрделі процесі тәрбиеші жағынан зейін аударып, дұрыс басшылық жасауды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет