Iv нұсқа 10- билет Шығай хан тұсындағы қазақ хандығы


ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз



бет4/4
Дата02.07.2018
өлшемі289,33 Kb.
#45711
1   2   3   4

2. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз.

XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынұлы болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы — «Қырық мысал» болды. Жинақ 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантәнімен берілген ақын, аудармашы, азамат ретінде танытты. 1911 және 1914 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты.



А. Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді. 1913-1917 жылдар - А. Байтұрсыновтың өміріндегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз Қазақ газетініңредакторы болды. Мүнда ол окырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады.

Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов қазақ халқының мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Оның қызметі сан кырлы болды. Ол орман ісі, экономика, тарих, мал шаруашылығы, этнография, ауыз әдебиеті жөнінде бірқатар ғылыми мақалалар жазды. Еуропа мәдениетімен көңіл қойып айналысқан ол ез мақалаларында М. Лермонтов, А. Чехов, В. Короленко, Л. Толстой, А. Пушкиндермен катар В. Скотт, У. Теккерей, Ч. Диккенс т. б. есімдерін жиі еске алып отырды. Оның шығармаларында осы жазушылардың ой-пікірлері кеңінен қамтылып, шығармаларынан кейбір үзінділер де келтірілді.

3. Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға арналған кестені толтырыңыз.



Күштеп ұжымдастырудың мәні20-шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретінде қаралды. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдардағы тәжірибесі оның мүмкін екенін дәйектеп берді.

Алайда, 20-шы жылдардың екінші жартысында жаңа экономикалық саясат негізінде қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгерді. Басты міндет — ең зәру көкейкесті мақсат индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргізу деп жар салынды. Индустрияландыру қам-қарекетін қамтамасыз ететін қорды жинауды шаруалар қауымын тікелей және жанамалап экспроприяциялау есебінен жүргізу көзделді. Атап айтқанда, бұл мақсат мемлекеттендірілген колхоз жүйесін жасау, яғни шаруаларды ұжымдастыруды жаппай өткізу арқылы іске асырылды. Сөйтіп, 20-шы жылдардың аяқ шенінде бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да колхоздастыру науқаны басталды. Бұл шараның іске асырылуына шаруалардың тілегі мен ықыласы себеп болған жоқ, ол жоғарыдан берілген әмір, нұсқаулар негізінде жүргізілді. Қазақстанда колхоздастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. Шаруаларды күштеп ұжымдастырудың арқасында республикада колхоздар саны қауырт өсіп 1927 жылы 1072 болса, 1928 жылы — 2354, ал 1929 жылы — 4876-ға жетті. Бұлар колхоздастыру саясатын жүргізудегі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін құрылған жасанды шаруашылықтар еді. Оларды құру барысында небір сұмдык зорлыққа, күштеуге жол берілді. Ол тұста қабылданған бірнеше қаулы-қарарлардың заңдылығын тексеру барысында Қазақстан Республикасы Жоғары Кенесінің Төралқа комиссиясының 1992 жылғы желтоқсанындағы қорытындылары жарияланды. Онда келтірілген деректер мен мағлұматтар колхоздастырудың қандай әдістермен жүргізілгені жөнінде толық түсінік береді.



Күштеп ұжымдастырудың салдары

1927 жылы партияның ХV съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем-шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады. Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті. Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды. Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Алғашқы осындай көтерілістің бірі Қазақстанның оңтүстігінде Бостандық ауданында басталды. Сондай-ақ көтеріліс Қостанай округінің Бетпаққара ауданында, Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда, Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл көтерілістерді Кеңес үкіметі арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандары қатаң жазаға тартты. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды.

19 билет

1.Жеті жарғы және оның қазақ қоғамындағы рөлі

Жеті жарғыТәуке хан (16781718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. 1-жарғы.Көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).

2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі –елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).

3-жарғы .Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірішулікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).

4-жарғы.Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап,ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен,неке парызына адалықты талап еткен маңызы зор жаңалық).

5-жарғы.Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.(Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің,мемлекеттік соғыс күші ретіне бағаланады).

6-жарғы.Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а)біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді,ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.

7-жарғы.Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.

«Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Сонымен бірге «Жеті жарғының» өз кезінде қағазға түсірілмегені де белгілі. Кеңестер дәуірінде «Жеті жарғыға» «феодалдық қатынастардың сарқыншығы» деген сипат тағылып, мүлдем зерттелінбеді. Бізге «Жеті жарғы» орыс ғалымдарының жазбалары негізінде белгілі. Алғаш рет орыс ғалымы Г.Спасский жаппас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде «Жеті жарғының» 11 үзіндісін 1820-шы жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде жариялады. «Жеті жарғының» екінші нұсқасы ( 34 үзінді) А.Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бұл нұсқалар «Жеті жарғы» дүниеге келгеннен кейін 100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті негізінде жариялады. Сондықтан, бұл заңдар жинағының толық нұсқасының бізге жетпегені белгілі.

«Жеті жарғы» заңдар жинағы мемлекеттің ішкі жағдайын күшейтуге бағытталды. Осы заң негізінде қазақтың тайпа, ру басыларын жылына бір рет жиналуға міндеттеді. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді.

Қазақтың негізгі байлығы мал болғаны белгілі. Сондықтан «Жеті жарғы» заңдарына сай әр меншік иесі өз малдарына ен салуға міндеттелді. Сонымен қатар, әр рудың жайылым жер меншігі қатаң белгіленді.

«Жеті жарғыда» қылмысты іс-құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта «қанға қан» заңы сақталды. Бірақ билер сотының екі жақ келісуі бойынша жазаны құн төлеумен алмастыруға мүмкіншілігі болған. Құн төлеу төрт жағдайда рәсімденген. Олар: егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда, егер әйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда, жұбайлар арасындағы «көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда және «құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Өлім жазасының екі түрі болған: дарға асу және тас лақтыру әрекеттерін қолдану.

Жазалаудың ең көп таралған түрі – құн төлеу болған. Қылмыскердің және өлген адамның әлеуметтік жағдайына байланысты құн мөлшері өзгеріп отырған. Мысалы, өлген ер адамның құны 1000 қой болса, әйел адамның құны 500 қой болған. Ал өлген адамның әлеуметтік жағдайы ақсүйек болса құн мөлшері жеті есе өскен, яғни сұлтан немесе қожа тұқымынан өлтірілгендерге жеті адамның құнын төлеген. «Сұлтан» немесе «қожаға» тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27 мал төленетін болды. Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің құнымен теңескен. Дене мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап айтқанда, бас бармақ – 100 қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде ұрланған заттың құны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Мысалы, ұрланған 100 түйе 300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бұл баптардан біз «Жеті жарғыға» сай қылмыс істеген әр әлеуметтік таптың құқықтары заңдастырылғанын көреміз.

«Жеті жарғы» бойынша өлім жазасы мен құн төлеуден басқа жазалар да қолданылған. Мысалы, әкесіне қол жұмсаған ұл баланы қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауысын көтерген қыз баланың жазасын шешесі шешкен. Күйеуін өлтірген екіқабат әйел елден қуылса, христиан дінін қабылдаған адамның мал-мүлкі тәркіленген. Құдайға тіл тигізгендігі жеті адамның куәлігі арқылы анықталған адам таспен атып өлтірілген.

2. 1917 жылғы шілдедегі І жалпы қазақ сьезінің шақырылуының тарихи маңызына талдау жасаңыз. Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:

1. Мемлекеттік құрылыс. 2. Қазақ автономиясы. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милициясы. 5. Земство. 6. Оқу мәселесі. 7. Сот мәселесі. 8. Дін мәселесі. 9. Әйел мәселесі. 10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы. 11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі. 12. Қазақ саяси партиясы. 13. Жетісу оқиғасы. 14. Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.

Сиез қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару талап етілді. Делегаттар «жер туралы қазақ өз алдына заң жобасын жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының болашақ депутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, оған депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімді бекітті. Олардың ішінде Ә.Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Айдархан Тұрлыбаев, А.Сейітов, М.Дулатов, А.Бірімжанов, С.Қадырбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Мұхаметжан Тынышбаев, Ы.Жайнақов, С.Аманжолов, М.Шоқай, Ә.Кенесарин, Қ.Қожықов, Ғ.Оразаев, Б.Құлманов, У.Танашев секілді белгілі қазақ зиялылары болды. Сондай-ақ, депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылғандардың арасында Г.Н. Потанин, В.Чайкин, Т.Нарботабеков, Ә.Диваев сияқты басқа ұлт өкілдері де бар еді.[1]

Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сиез шешімімен Ақмоладан А.Тұрлыбаев, Семейден Ә.Сәтбаев, Торғайдан Ә.Байғарин, Оралдан Досмұхамедұлы, Бөкей ордасынан У.Танашев, Жетісудан Б.Мәметов, Сырдариядан М.Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды. Бірінші жалпықазақ сиезі қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуы тиіс деп есептеп, бұл партия бағдарламасының жобасын Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Сиездің шешімі бойынша, құрылатын партия парламенттік негізде демократиялык ұстанымдарды басшылыққа алған, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғауды мақсат тұтқан саяси партия болуы тиіс еді. Сиез жұмысы барысында бір топ делегат партия құру ісіне байланысты сөйлеген Бөкейханұлынан ресейлік кадет партиясына қатынасын ашық мәлімдеуді талап етті. Соған байланысты болашақ партия басшысы кадет партиясынан шығатынын мөлімдеді. Сиез өз қаулыларында «осы күнгі тұрақты әскер орнына халық милициясы құрылсын» деп, ұлттық әскер жасақтауды, «көшпелі елдерде отырықшылардікі секілді тоқтаусыз болыстық земство ашылсын» деп, земстволық басқару жүйесінің қазақ тұрмысына бейімделген түрін ұйымдастыруды, «қазақтың народный сотын» жойып, оның орнына «қазақ тұрмысына лайық сот - айрықша сот» құруды жақтап шықты. Сиездің оқу-ағарту ісі, әйел теңдігі және дін мәселелері бойынша қабылданған шешімдері қазақ зиялыларының бұл қоғамдық мәселелерді түсініп, шешуде өз заманындағы қоғамдық ойдың алдыңғы қатарында тұрғандығын айғақтайды. Оқу-ағарту ісіне байланысты «бастауыш білім жалпыға міндетті болсын, бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде жүрсін, мектеп оқулықтары және мерзімді басылым «Қазақ» газеті емлесімен жазылсын» деп көрсетіп, ал әйел теңдігі жөнінде «әйелдер саяси құқықта ерлермен тең, ерге шығу еркі әйелдің өзінде болсын, қалыңмал жойылсын, 16-ға толмаған қызға құда түсу болмасын, неке қиярда әйел мен еркекті беттестіріп, ризалықтары ескеріліп отырсын» деп қаулы етті. Сиез Жетісу облысында туындап отырған жағдайды талқылап, Ресей ішкі істер министрі атына: «Жетісудағы қазақ-қырғызды атып-жаншып жатқан мұжықтардың және соғыстан қайтқан солдаттың қолынан қару-жарағын жиып алып, халықты тыныштандырсаңыз екен», - деген мазмұндағы жеделхат жолдады. Сонымен бірге Жетісу облысындагы ашаршылықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызға «алаш баласының жәрдем беруін» өтініп үндеу тастады. Киев қаласында тамыз айында өтуі тиіс федералшылар сиезіне Бөкейханды, Досмұхамедұлын және Танашевты жіберу жөнінде шешім қабылданды. Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына С. Кенжеұлы баратын болып белгіленді. Сиездің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қабылданған қарарлар кейінірек, 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланған «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасында басшылыққа алынды.



3.Мұстафа Шоқай туралы жазуҚазақ қоғам және саяси қайраткері, публицист, Бірыңғай Түркістанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен идеолог. Мұстафа Шоқай (Шоқаев)1890 жылдың 25 желтоқсанында Перовскқа (бұрынғы Ақмешіт, қазіргі Қызылорда) жақын маңда Сырдария өзенінің бойындағы қазақ ауылдарының (Кеңес өкіметі кезінде бұл ауыл 1 Май совхозы деп аталған ) бірінде дүниеге келген.

1917 жылы Шоқай Ташкентте «Бірлік Туы» газетін шығара бастайды. Бұл газетте ол бірінші рет барлық түркі тілдес халықтардың тәуелсіздігі туралы ойларын жазып, «Свободный Туркестан» атты орыс тіліндегі газетінде өзінің демократиялық ойларын насихаттады. Сәуір айында ол Ташкент қаласында өткен қоғамдық ұйымдардың Түркістан съезіне қатысады. Күн тәртібіндегі басты сұрақ Түркістанды басқару мәселесі болды. Бұл съезде Түркістан Ұлттық Кеңесі құрылды. Тұрақты орындаушы комитеттің басшысы болып 27 жастағы Мұстафа Шоқай сайланды. Кейіннен ол: «Мен сол кезде бәрінен де кіші болатынмын және мен басшы болудан біраз қысылдым. Бірақ бұл жергілікті жерден шыққан интеллигенция өкілдерінің аз екендігін сипаттады. Ал сол кезең ең жауапкершілігі жоғары уақыт еді »,- деп есіне алады. 1917 жылдың 21-28 шілде аралығында негізінен қазақтар шоғырланған Сырдария облысы атынан Орынборда өткен І Жалпықырғыздық (Жалпықазақтық) съезге қатысады. Мұндағы талқыланған негізгі мәселелер: мемлекетті басқару жолы, қырғыз облыстарындағы автономия және жауыр болған жер мәселесі. Съезде алғашқы қазақ саяси «Алаш» партиясы құрылды. Шоқай Жалпыресейлік Құрылтай жиналысы мен Жалпыресейлік «Шұрай-Ислам» мұсылмандар съезіне қатысу үшін делегат болып таңдалынады. 1918 жылы большевиктер Қоқан автономиясын қиратады. Шоқай қирату кезінде зорға аман қалып, құпия түрде Ташкентке қашып кетеді. Сонда заңсыз түрде екі ай жүріп, бұрынғы танысы Мария Горина деген актрисамен жолығып, 1918 жылдың сәуірінде соған үйленеді. Ол уақытта Шоқай Алаш- Орда жұмысына қатысып жүрген болатын. Кейін ол кавказ маңына кетіп, 1919 жылдан 1921 жылға дейін Тбилисиде өмір сүреді. Кеңес әскері мұнда келісімен ол Түркияға қашады. 1921 жылдың жазында ол әйелімен бірге ақ эмиграцияның орталығына айналған Парижге келеді. 1926 жылдан бастап Мұстафа Шоқай «Прометей» журналының редакция алқасында, Кавказ, Украина және Түркістан халықтарының Ұлттық Қорғау органындарында болды. 1927 жылы Мұстафа өзінің ескі танысы Ахмет-Заки Валидовтың көмегімен Стамбулда «Жаңа Түркістан» (1927-1931) газетін ұйымдастырды- Түркістанның Ұлттық Қорғау саяси органы. 1929 жылдан бастап Берлинде «Жас Түркістан» газетін шығарып, сол газеттің бас редакторы болады. Журнал Екінші дүниежүзілік соғыс басталған 1939 жылға дейін шығарылып, сол жылы 117 саны жарық көрді. КСРОға шабуыл жасаған 1941 жылдың 22 маусымында Париждегі ұлтшылдар барлық белгілі орыс эмигранттарын Компьен қамалына қамап қояды. Шоқай да солардың арасында болады. Үш аптадан кейін оны Берлинге алып барып, бір жарым ай бойы Түркістан легионын басқаруға үгіттейді. Бұл легионға концлагерьлердегі тұтқында отырған кеңес түріктерін жинау мақсаты қойылды. Мұстафа Шоқай басынан тұтқындағы түріктердің бәрін құтқару мақсатында немістерге өзінің шарттарын қойды, бірақ немістер бұл талаптарды қабылдамады. Сондықтан Мұстафа Түркістан легионын басқарудан бас тартты. 1941 жылдың 22 желтоқсанында Гитлер Түркістан және басқа ұлттардың легиондарын құру туралы Жарғыға қол қойды. Бұл уақытта шоқай Берлиндегі «Виктория» әскери ауруханасында жатқан болатын. 1941 жылдың 27 желтоқсанында ол қайтыс болады. Ең кең тараған нұсқаға сүйенсек, ол Гитлердің бұйрығымен өлтірілген.

20 билет

1.Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында Бұқтырма өзенінің оң жағалауында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 – 8 км жерде орналасқан. Қорым солтүстігінде Берел және Бұқтырма өзендерінің қосылған жерімен, оңтүстігінде Қансу өзенімен, ал батысы мен шығысында таулармен шектелген Бұқтырма өзенінің оң жағасындағы алаңда орналасқан.Берел қорымындағы обалар мен ғұрыптық ескерткіштер оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа созылып жатқан бірнеше тізбекке және жеке топтарға шоғырланған. Әрбір тізбекте бұл өңірді б.з.б. 1 мыңжылдыңтың екінші жартысында мекендеген тайпалық одақтардың өкілдері жерленген болуы мүмкін. Тізбектердегі үлкен, орташа жєне кішігірім обалар сол замандағы әлеуметтік жіктің болғандығының көрінісі болып табылады.Алғаш 1865 жылы В.В.Радлов, 1959 жылыС.С.Сорокин зерттеді. 1998 жылыХалықаралық қазақ-француз экспедиция (жетекшісі З.Самашев) қорымның жаңа жобасын болжап, бірнеше қорғанды зерттеді.Берел қорымында 1997 жылдан қазіргі кезге дейін 20 ескерткіш зерттелді, солардың ішінде №4, 9, 10, 11 обаларынан тоң басқан қабірлер аршылды. Берел қорымы обалардан табылған ақсүйектер мен скиф-сібір аң стилінде жасалған заттарының нәтижесінде әлемге әйгілі болды. Берел қорымындағы тоң басқан обалардың беретін мәліметтері де ерекше. Берел қорымындағы үлкен обаларда табиғат пен климаттың және обаны үйген материалдар мен ескерткіш құрылысының үйлесімінен пайда болған тоңың нәтижесінде органика, яғни киім, ат әбзелдері, ағаш бұйымдары, ер тоқым, тері мен киізден жасалған заттар шірімей жақсы сақталған. Берел қорымынан табылған заттарды зерттеуде алғаш рет жаратылыстану ғылымдарының әдістері пайдаланылды.

2.Қазақ өлкесі Ресейден орыс шаруаларының ғана емес саяси және революцияшыл қайраткерлерінің де жер аударылу орына айналған болатын. патша билігіне қарсы шыққаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың Қазақ өлкесінің саяси және әлеуметтік өміріне ықпалы өте зор болды.ХІХ ғасырдың аяғында Қазақ өлкесінде бірқатар халықшылдар үйірмесі пайда болған-ды. 1896 жылы жер аударылған Орал жұмысшысы А. Ушаков Атбасарда социалистік идеяларды қолдайтын алғашқы «маркстік үйірме» ұйымдастыруды. ХХ ғасырдың басында «маркстік үйірмелер» Ақмола, Петропавл, Орал, Қостанай, Семей, Верный және т.б. қалаларда құрылды. Осы үйірмелердің негізінде Қазақ өлкесіндегі қалаларда РСДЖП ұйымдары да қалыптаса бастады. Теміржол мен өндіріс орындары бар қалаларда кәсіподақ ұйымдары пайда болды. Алғашқы болып 1905 жылы Орал теміржолшыларының кәсіподақ ұйымы құрылды. Ең ірі кәсіподақ ұйымы Орынбор-Ташкент теміржолшыларының ұйымы болды.Мұндай ұйымдар арасында Петр Топорнин, Әлімжан Байшағыров, Ысқақ Қасқабаев сынды жұмысшылар басқарған Успенск кенішіндегі «Капиталға қарсы орыс-қазақ одағы» жұмысшылар құқығын қорғау үлкен беделге ие болды.Ресейде І Орыс ревалюциясының басталуына түрткі болған 1905 жылы 9 қаңтарда Петербургтегі «Қанды жексенбі» оқиғасы туралы хабар Қазақ өлкесіне де тез тарады.

1905 жылы Ақпанда патшаның бейбіт демонстрацияға қару қолдануына қарсы Түркістан, Перовск, Жусалы, Шалқар сияқты Қазақ өлкесінің бірқатар елді мекендерінде де т.б. еңбекшелердің нарзылықтары ұйымдастырылады. Петербург, Мәскеу сияқты орталық қалаларда болған жұмысшы қозғалысының әскерінен Қазақ өлкесіндегі жұмысшылардың ревалюциялық белсенділігі артып, ол қазақ ауылдары мен орыс деревняларына да күшті әсер етті. 1905 жылы мамыр айында Қостанай мен Верныйда жұмысшылардың ереуілдері болып өтті.

1905 жылы жазда қазақ халқының нарзылықтары ұйымдасқан және саяси сипатқа ие болды. Сол кезеңдегі ревалюциялық оқиғалар барысын қазақ халқының мүддесі жолындағы күресте ұлттық интеллиегенция саяси белсенділігімен таныла бастады. Ұлттық зиялы қауым өкілдері өз ойлары мен көзқарастарын түрлі баспасөз беттерінде жариялай бастады. ХХ ғасыр басында ұлттық интеллигенция көш басшысы ретінде Әлихан Бөкейханов танылды. 1905 жылы жазда қазақ зиялалары патша үкіметіне қазақ халқының мұң-мұқтажын жеткізген петиция ұйымдастырды. Бұл тарихта «Қарқаралы петициясы» деген атпен белгілі оқиға болатын. Қарқаралыдағы Қоянды жәрмеңкесіне жиналған халық Ә. Бөкейханов, А. Байтұрынов, М. Даулатов сынды азаматтардың ұйымдастыруымен патша өкіметіне петиция қабылдады. Оған 14,5 мың адам қол қойған. Петицияда қазақ халқының өмірлік маңызды мәселелерін тез арада шешу талап етілді. Ең алдымен қазақтардан тартып алынған жерлерді қайтару, орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аудару саясатын тоқтату мәселелерін көтерді. Сондай-ақ бұл құжатта қазақ халқына дербес мүфтилік ашу және сайлау құқығын беру туралы саяси талап та қойылған еді.

3.Халық жүрегіне ерекше қымбат тұлғалардың бірі – Міржақып Дулатұлы. Жақаңның бар ғұмыры халқымен тығыз байланысты. Осы арада бір ғана жәйтке тоқталсақ, қазақтың азаттық қозғалысының алғашқы сәулесіндей жылт еткен “Серке” газетіндегі “Жастарға” атты өлеңі мен жариялана түсіп жабылып қалған “Біздің мақсатымыз” атты мақаласына биыл аттай жүз жыл толады.

М.Дулатұлының есімі ақталып, бүкіл шығармашылық мұрасы халыққа қайтарылғалы жиырма жылға таяу уақыт болды. Содан бері оның әлеуметтік-саяси және әдеби-публицистикалық қызметін зерттеп, қоғамдық сананың игілігіне айналдыру жөнінде бірсыпыра істер атқарылды.



Бұл бағыттағы алғашқы тындырымды қадамдар ретінде 1988 жылы 4 қарашада Қазақ КСР Жоғарғы сотының шешімімен оның заң жүзінде азаматтық жағынан ақталуын және 1989 жылы 26 шілдеде М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұсынысымен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті комиссия­сының қорытындысы бойынша қаламгердің шығармашылық мұрасы идеялық-саяси тұрғыдан ақталғанын атап көрсетуге болады.

Осыдан кейін-ақ Алаштың өзге қайраткерлерімен бірге Міржақып Дулатұлының да қоғамдық-саяси және әдеби-шығармашылық мұрасын жариялау және кең көлемде насихаттау жұмысы белсене қолға алынды. Тоқсаныншы жылдардың бас кезінде шығармаларының әуелі бір томдық, сонсоң екі томдық басылымдары жарық көрді. Тарихшы, әдебиетші ғалымдар оның саяси-әлеуметтік және әдеби-публи­цистикалық қызметтерін кең көлемде зерттей бастады. Мерзімді баспасөз беттерінде өмірі мен қызметі жайында тағылымды мақалалар жарияланды. Алғашқы ғылыми монографиялар жарық көрді. Кандидаттық диссертациялар қорғалды. Артында қалған жалғыз мұрагері Гүлнар Міржақыпқызының ерекше күш салып, қалам тербеуі арқасында “Шындық шырағы” атты екі томдық естелік еңбегі оқырман қауымға тарту етілді.Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2002-2004 жылдары Алаш ардагерлері ішінде алғашқы болып М.Дулатұлы шығармаларының бес томдық академиялық басылымы жарық көрді. Солардың барлығының бір түйінді нәтижесі ретінде бір топ жас ізшілдердің табанды ізденісі арқасында сонау солтүстіктегі Карелия жерінде дамылдап жатқан ардагер аға мүрдесі Торғай жеріндегі өзінің туған топырағына әкелініп, қазақ дәстүрімен қайта жерленді.Енді, міне, белгілі бір мөлшерлі мезгіл жеткенде, ел жадындағы жақсының ғибратты ғұмырына тағы бір көңіл көзімен барлай қарап, тағзым етудің сәтті орайы келіп тұрғандай.Демек, бұл тұста Міржақып Дулатұлы кім деген сауал көлденеңдей алмайды. Оның халық деп соққан жүрегінің дүрсілі ғасыр сағатының тіліндей тырсылдап естіліп тұратынына ешкімнің күмәні болмаса керек. Ендігі мәселе – біз оның табиғи болмысына қаншалықты бойлай алдық деген сұрақтың төңірегінде ғана өрби алмақ. Сондықтан бұдан арғы әңгімені де біз осы бағытта жалғастырмақпыз.Өткен ғасырдың ұшар басында Торғайдың екі басқыш қазақ-орыс мектебін және Қостанайда осындай мектеп жанынан ашылған бір жылдық курсты бітіріп, мұғалімдік куәлік алып шыққан жас жігіт туған елінде бір-екі жыл ауыл мектебінде бала оқытты. Үйез орталықтарында оқи жүріп, елдің әлеуметтік өмірінен азды-көпті хабардар болған көзі ашық жігіт ауыл тірлігімен томаға тұйық қала алмады. Әр түрлі салаға ой жүгіртіп, әлденелерге алаң болды. Сондағы оны ең мазалаған нәрсе, ауыл балаларына жүйелеп сабақ берерлік оқулықтар жоқ: әсіресе есеп шығартатын, әртүрлі мәтін оқытып жаттықтыратын оқу құралдары жетпейді, соларды өзіміз-ақ құрастыруымызға болар еді-ау деген ой мазалайды.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет