Қыз тәрбиесі-ұлт байлығы



бет4/4
Дата18.10.2022
өлшемі24,58 Kb.
#153610
1   2   3   4
Байланысты:
№ 2 Аманкарагай
Лир Э. Книга бессмыслицы, 1 апта тарих, 5 апта тарих, Эссе тарих, Новонежин, Островка, Шайсұлтан Сүлукөл, Сосновка, Әліппе оқыту әдістемесі-emirsaba.org, Жоба lactel сүті, Ғыл.пед. зертт.3 кр - копия, Маржан 5-тапсырма (2) (1), 7. Циклограммы ср.гр. каз.яз. Болашақ 22-23, Камбарова Н.Б есеп (1)
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ қыздары мен қазақ әйелдері, жалпы аналар әлемі туралы толғанбаған тұлғалар сирек. Заманның бағыт бағдарына қарай мақал мәтелдер де түрленіп, өзгеріске түсіп отырады. «Шешесі отырып, сөйлеген қыздан безін» деп келе, қыздың жақсысын іздейді. «Ақылды қыз білімге жүгінер, ақылсыз қыз сөзге ілігер» деп біледі. Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырған.
Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балалрының анасы. Олардың бойында имани тәрбие болғанын қалаймын. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз. Сөз соңын Елбасымыздың: «Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді» деген пікірімен қорытындылағым келіп отыр. Қаракөздеріміз
бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдылығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білгей.
Қазiргi кезде қыз тәрбиесіндегі кемшiлiктердiң болуына ата-аналар да кiнәлi. Ата-ана бала тәрбиесiнде басты рөл атқарады. Күнделiктi тiршiлiктiң соңында жүрiп олар бала тәрбиесiне соның iшiнде қыз бала тәрбиесiне жауапкершiлiктi азайтып алған сияқты. Сондай-ақ қыз бала тәрбиесiнiң төмендеуiне қазiргi көгiлдiр экрандағы көрсетiп жатқан шетел филмдерi де әсер етуде. Осы филмдедерге қазақ қыздары елiктеп өздерiн тым еркiн ұстайды, тiптi кейбiр қыздар ата-анасын сыйламай, оларға қарсы келiп жатады. Әрине бұған себеп тек шетел филмдерi ғана емес, қыздардың әдеби кiтаптардi көп оқымауы, театр, музей, көрме залдарына жйi бармауы.
Ұсыныстар
Ендi осы тәрбиенi жақсарту жолдары:
- жанұяда ұлттық тәлім-тәрбие беру мәселелерiн көтеру;
-әрбiр ата-ана өз мiндеттерiн, жауапкершiлiгiн бiлу;
-ата-ана мектеппен яғни мұғалiмдермен тығыз байланыста болу керек.
-жанұяда қазақша сөйлеу керек;
-әдепсіз сөз, дөрекі айқай- тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе соған орай дөрекі жауап береді;
-қыз баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін анасы не әжесі тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек;
-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет