Й. Вандевалле. Түрік тілін шетелдіктерге оқыту жөнінде Әож 378. 147 ТҮрік тілін шетелдіктерге оқыту жөнінде



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата16.04.2023
өлшемі339,25 Kb.
#174617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
0 2-АТА-АНА ӨТІНІШ қаржылайға 2022 үлгі, 9 с 130 1,2,3 ,4 т
Түркология, № 4, 2017 
студенттердің курсқа қызығушылығын да арттырады. Олардың 
түрікше сөздік қоры мен грамматикалық білімі төменгі сатыларда өте 
шекті болғандықтан, сол сатыда қолданылған диалогтарда тек үстірт 
мағлұмат қана беріле алады. Толық мағлұматты мұндай жағдайда 
студенттерге ана тілінде беруге болады. 

Оқулықтың
 
шындыққа мүмкіндігінше жақын болуын өте 
маңызды деп санаймыз. Студент оқыған тілінің іс жүзінде 
қолданылатынын сезуі керек. Сол үшін көптеген құжаттар, суреттер, 
шындықтан алынған қысқа жазулар қосамыз. Өмір шындығынан 
алынған кейбір құжаттарды жаттығуға айналдыра аламыз. Мысалы: 
түрікше бір дастархан мәзірінен бірнеше жалғау мен жұрнақты өшіру 
арқылы грамматикалық жаттығу құрастыра аламыз. Немесе танымал 
бір әннің сөздерінен кейбіреулерін сызып тастасақ ән сөздері тыңдап 
түсіну жаттығуына айналады. Студенттер әнді тыңдап жетіспейтін 
сөздерді қосады. Бұл аталған принциптер жалпы принциптер, яғни 
оқытылатын шетел тілі мен студенттердің ана тіліне мүлде 
байланысты емес.
3. Түрік тілін оқитын фламандық тіл үйренушілеріміз/
студенттеріміз сабақ барысында қандай қиындықтарға кездеседі 
және бұл қиындықтарға қандай шешімдер таптық? Бұл
қиындықтарға қазақ студенттері де кездесе ме?
Енді 
фонология, 
морфология, 
синтаксис 
мен 
лексика 
салаларындағы мәселелерді қарастырайық. Бұл мәселелер бір жағынан 
оқытылатын шетел тілімен, екінші жағынан студенттердің ана тілімен 
байланысты.
Мына диалогтар бірінші сабақ үшін пайдалы көрінеді: 
Dinleyiniz ve cevap veriniz: 


Adınız ne? 
Adınız Ali mi? 
Adım Mehmet. 
Hayır, adım Ali değil, adım Mehmet. 
Aslen nerelisiniz? 
Ankaralı mısınız? 
Aslen: İzmirliyim. 
Hayır Ankaralı değilim, İzmirliyim. 
Nerede oturuyorsunuz? 
Edirne’de mi oturuyorsunuz? 
İstanbul’da oturuyorum. 
Hayır, Edirne’de oturmuyorum, 
İstanbul’da oturuyorum. 
Бірақ бұл диалогтар бірінші сабақта біздің фламандық 
студенттеріміз үшін ыңғайсыз. Оларға грамматикалық құбылыстардың 
барлығын бір мезгілде оқытпау керек. Бұл диалогтарда тәуелдік


63 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет