Й. Вандевалле. Түрік тілін шетелдіктерге оқыту жөнінде Әож 378. 147 ТҮрік тілін шетелдіктерге оқыту жөнінде


сүйенеміз?  Тақырыптарды іріктеп алғанда  ең пайдалы, ең қажетті



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата16.04.2023
өлшемі339,25 Kb.
#174617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
0 2-АТА-АНА ӨТІНІШ қаржылайға 2022 үлгі, 9 с 130 1,2,3 ,4 т
сүйенеміз? 
Тақырыптарды іріктеп алғанда 
ең пайдалы, ең қажетті 
тақырыптардан
бастадық. Әр этапта жаңадан үйренетін тақырып 
бұрынғы тақырыптармен астасып жатады. Студент немесе курсқа 
қатысушы белгілі ситуацияларда қатынас жасай алатынын сезеді. 
Тақырыптарды оқып шығайық:
 
1. Біреумен танысу.
2. Дүкеннен зат сатып алу.
3. Мейрамханада тамақтану.
4. Көшеде жолды сұрау.


60 
Түркология, № 4, 2017 
5. Автобуспен жол жүру.
6. Мектепте сабаққа қатысу.
7. Бір үйге қонаққа бару.
8. Отбасы туралы айту.
9. Қаланы аралау.
10. Гидтің түсініктемелерін тыңдау.
11. Дәріханаға, дәрігерге бару.
12. Бір күнде не жасайтынын түсіндіру.
13. Қиыншылыктармен кездесу, полиция учаскесіне бару.
14. Қонақ үйіне түсу.
- Басты форма ретінде диалогты таңдап алдық. Әр диалогтың 
жоспары бір сценарийге ұқсайды: мысалы мейрамханаға кіруден 
бастап шығуға дейін қандай сөйлемдер қолданылады? Диалогтық 
бірліктерге бай диалогтар, коммуникативтік қызметтерді атқару үшін 
қажетті формулалар, қолдануға әзір сөйлемдер, штамптар мен 
клишелер қамтылды. Диалогтарды жазу барысында саяхаттарда 
жинаған өз тәжірибелеріміз бен тілашарлардағы сөйлемдерді 
пайдаландық.
Бір тақырыпты меңгеру барысында студенттің сол ситуацияға 
қатысты барлық сұрақтарды қоя алатын және жиі қойылатын барлық 
сұрақтарға 
жауап 
қайтара 
алуы 
мақсатымыздың 
толық 
орындалғанының көрінісі болады.
Диалогтардың бір ерекшелігі мынадай: іс жүзінде жаңа 
ситуацияларға көшірілуі жеңіл болады. Сол мақсат үшін студенттің 
сөйлемдердегі кейбір сөздерді өзгертуі жеткілікті. 
Студенттерге бұл диалогтарды үйде дауыстап оқуды, жаттап 
алуды, мүмкін болса түрік достарымен іс жүзінде жаттығуды 
ұсынамыз. Университетте ұйымдастырылған арнайы сұхбаттасу 
сабақтарында диалогты рөлдік ойындармен жаттықтырамыз.
- Диалогтарды бірте-бірте монологқа, монологтарды мәтінге 
айналдырамыз. Бірінші сатыда диалогтардағы репликалар қысқа 
болады. Екінші сатыда диалогтардағы кейбір репликалар ұзарып, 
қысқа монологтарға айналады. Содан соң монологтардан қысқа 
мәтіндерге көшуге болады. Оқулықтың екі томын бітіргеннен кейін өте 
қысқа газет хабарландырулары (жарты бет), қысқартылған халық 
ертегілері/аңыздары (жарты бет), хаттар (2-3 бет) және әңгімелер мен 
роман үзінділерін (10 бет) оқытамыз. Мәтіндерді іріктеп алу 
барысында студенттерді қызықтыратын және оларға түрік мәдениетін 
таныстыратын мәтіндер болуына көңіл бөлеміз. 


61 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет