Жаңартылған мазмұндағы "Жаратылыстану" пәнін оқыту әдістемесі пәні бойынша практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау



бет3/13
Дата31.10.2022
өлшемі87,09 Kb.
#155831
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
практикалыөқ сабақ Жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі
СӨОЖ 5
Практикалық сабақ №2


2-Тақырыбы: Жаратылыстану әдістемесінің революцияға дейінгі, кейінгі және қазіргі кездегі дамуы.
Мақсаты: Жаратылыстану әдістемесінің революцияға дейінгі, кейінгі және қазіргі кездегі дамуы жөнінде білімін бекіту.
Жүргізу формасы: Ролдік ойын
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. 1) Студенттер 3 топқа бөлінеді. Студенттердің арасынан 2 студент әділ-қазыға сайланады.
Оқытушы: бүгін біз вертуалді конференция өткіземіз. 1-ші топ революцияға дейінгі жаратылыстануға еңбегін сіңірген ғалымдар боласыздар, 2-ші топ революциядан кейінгі жаратылыстануға еңбегін сіңірген ғалымдар, ал 3-ші топ қазіргі кездегі жаратылыстанудың дамуына еңбегін сіңірген ғалымдар боласыздар. 3 кезеңнің ғалымдары кездесіп, конференцияда жиналдық деп көз алдарына елестетіңіздер.
2) 3 топқа тапсырма беріліп, дайындалуға 10 минут беріледі:
1 - ші топқа берілетін тапсырма: революцияға дейінгі жаратылыстануға еңбегін сіңірген ғалымдарды өзара бөліп алып, сол ғалымның атынанан шығарған еңбектерін жайында, жаратылыстанудың дамуына қосқан еңбегін жайында айтып, сізден кейінгі ғалымдар сіздің бастаған жұмысыңызды қалай жалғастырғандығы жайында айту.
2 - ші топқа берілетін тапсырма: революциядан кейінгі жаратылыстануға еңбегін сіңірген ғалымдарды өзара бөліп алып, сол ғалымның атынанан шығарған еңбектерін жайында, жаратылыстанудың дамуына қосқан еңбегін жайында айтып, революцияға дейінгі ғалымдардың қайсының идеясын жалғастырғандағынызды және оның айырмашылығын дәйектеу, сізден кейінгі ғалымдар сіздің бастаған жұмысыңызды қалай жалғастырғандығы жайында айту.
3 - ші топқа берілетін тапсырма: қазіргі кездегі жаратылыстанудың дамуына еңбегін сіңірген ғалымдарды өзара бөліп алып, сол ғалымның атынанан шығарған еңбектерін жайында, жаратылыстанудың дамуына қосқан еңбегін жайында айтып, сізге дейінгі ғалымдар сіздің жұмысыңызға қандай әсер бергендігін баяндау.
3) 3 топ виртуалды конференция жүргізіп, ортаға өз ойларын салады.
4) Әділ-қазылар жалпы 3 топтың жауаптарын бақылап, бағалайды, кемшіліктері мен жетістіктерін көрсетеді. Егер әділ-қазы өз ролдерін дұрыс атқара алса, онда практикалық сабақта қойылатын жоғары балл қойылады.
2. Кестені толтыр



Революцияға дейінгі жаратылыстануға еңбегін сіңірген ғалымдарды жаз



Революциядан кейінгі жаратылыстануға еңбегін сіңірген ғалымдарды жаз



Қазіргі кездегі жаратылыстанудың дамуына еңбегін сіңірген ғалымдарды жаз


































































Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:


1. Бастауыш білім тұжырымдамасы. ҚР білім және ғылым министрлігі, 2000
2 Бастауыш білім стандарты. ҚР білім және ғылым министрлігі, 2000
3. В. М. Пакулова, В. И. Кузнецова «Методика преподования
природоведения», Москва, «Просвещение», 1990,5-12 стр.
4. Қазақстан Республикасының - 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //«Егемен Қазақстан.
5. Жаратылыстану (1-4 сынып) бағдарламалары. -Алматы.: РОНД, 2003. - 28




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет