Жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар Шерқала тауы Орналасқан жері



бет11/19
Дата26.06.2018
өлшемі2,57 Mb.
#44231
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Баянды селосынан 15 км солтүстік бағытта орналасқан.

Зерттелуі: Ескерткіш 1981 жылы «Манғышлақреставрация» АҒЖӨШ экспедициясымен С.Жүнісова жетекшілік етуімен зерттелген.

Қысқаша анықтамасы: Мұндағы ең ертедегі құрылыс (XVII ғ.), екінші жартысына сəйкес келеді. Қорым уақыт пен кеңістік бойынша сақина тəрізді ұлғайып, ертедегі құрлыстар қорымның орта тұсында қалған. Құрлысы біршама сақталған екі күмбезді құрылыс қорымдағы маңызды нысан қатарында. Олар оңтүстік бағытта орналасқан. Кесене құрылысының құрылыстық құрылымы өлшемдік тепе-теңдікті сақтай, ою-өрнекке өте бай етіп салынуы (XIX ғ.), халық шеберлері қолынан шыққан туындылардың ең озық үлгісіне жатқызуға мүмкіндік береді. Сағанатамдар да дəстүрлі нақышта, көз тартар көркемдікпен салынған. Осы қорымда сондай-ақ, михрабы əдемі етіп салынған Хатам ишанның (түркмендер Хатам ишан деп атаған) мешіт құрылысы да сақталған.

Аңыз-әңгіме: Хатам (Сейіт) Қожа Ғабдолқожаұлы (1740, Маңғыстау өңірі – 1824, Ақтау қаласының маңы) – Маңғыстаулық түрікмен поэзиясының классигі, шайыр ақын. Халық арасында «Хатам ишан» деп те аталады. Мұсылманша білімдар адам болған. Хатам Маңғыстау өлкесінде болған қиын уақыттарда түбекті мекендеген халықты өзінің жалынды өлеңдері арқылы бірлікке, ынтымаққа шақырды. Хатамның «Боз қараған», «Шерқала», «Қызылөзен», «Айрақты» атты белгілі өлеңдері болды. Ақынның көптеген қолжазбалары Түрікменстан ғылым академиясының қорында сақтаулы. 1968 ж. Хатамның тұңғыш өлеңдер жинағы А.Тайымовтың құрастыруымен жарық көрді.

Ол балалардың тәрбиесі мен біліміне көп көңіл бөлді, сол кезеңдерде білім алатын орынның бірі тек медресе ғана болды. Сол себепті болашақ діни қайраткер ретінде Хатам ишан Ақшұқыр аймағында медресе ашты.

Халықтың қиыншылығы Хатам ишанның патриоттық жырларында бейнеленген. Оның өлеңдерінде Қазақстанның көптеген тарихи тұлғалардың есімдері кездеседі, олар Бақбек, Сейітбай, Әбділхан, Күмісбай Оразалы, Өтетілеу, Оразназар, Түменаға, Байбатыр, Қарақұл, Ботабай (Бота қара), Атаназар, Мүсреп, Тілеубай, Есен, Сүйін, Мәмбетнияз, Темірнияз және т.б.

Хатам ишанның өлеңдерінде Орталық Азияның тарихи белгілері бейнеленген. Халық пен рулар арасындағы ынтымақ пен бірлікті ұштастыратын құрметті әрі данагөй тұлға ретінде халық оған үлкен сенім артты. Ресейдің қитұрқы саясаты кезінде әділдіктің жолындағы Хатам ишан Астраханға жер аударылды.



Дерек көзі:

1. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағат қоры 2006 ж. материалдары;



2. К.Н.Аманиязов, Н.Ю.Задерецкая, К.Ж.Игібай. «Отчий край» Маңғыстау облысының географиялық және этномәдени тарихы. Алматы 2003 ж.


Бекбаулы ата кесенесі




Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет