Жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар Шерқала тауы Орналасқан жері



бет12/19
Дата26.06.2018
өлшемі2,57 Mb.
#44231
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды селосынан 14 км солтүстік-батыс бағытта, Ұланақ жерінде орналасқан.

Зерттелуі: Ескерткішті 2004 жылы Маңғыстау МТМҚ ММ анықтаған. Алғаш рет 22.08.2006 жылы Маңғыстау облыс әкімінің №293 қаулысымен мемлекеттік қорғауға алынған. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі №279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Қысқаша анықтамасы: Мұнда 300ге жуық сәулеттік-жерлеу нысандары орналасқан. Қорымның шығыс бөлігінде оғыз-қыпшық кезеңінің ескерткіштері кездеседі. Олардың көбісі қирап өзінің алғашқы қалыбын жоғалтқан. Қорымдағы кіші пішіндегі объектілер негізінен трапеция және цилиндр түрінде кездеседі. Қорымда төменгі жағы параллелепепид пішіндегі нысандар ол түрлі қойтас және құлпытастар. Ескерткіштің тегістік беттерінде құрал, таңба бейнелері, өсімдік тәрізді өрнектер кездеседі.

Аңыз-әңгіме: Тарихи-этнографиялық деректерге сүйенсек «Адайдың Шоңай руынан шыққан, атақты сынықшы Бекбаулы Моншаұлы сынғанды алдын-ала сезетін, сынықты салудың түрлі сырларын игерген, заманында зайырлылығы, көреген көріпкелдігі мен қасиет қонған сынықшылығымен аты шыққан кісі болған». Тіпті бір жері сынып, шыққанда емшіге жете алмаса да оның атын атап жәрдем сұраудың өзі де ауру зардабын азайтып, саябыр тапқызған деседі.

Бекбаулы Моншаұлы туралы жазбаша деректер сақталмаған, тек көпті көрген көнекөз қарттардың, Маңғыстауға белгілі А.Меңдалиев сынды шежірешілердің айтуынша, ол 1750-1756 жылдары Сыр бойында өмірге келген деп шамаланады. Халық арасында жаугершілік заманда әкелі-балалылар арасында айтылған «Әкесі басқа, аттан түс!» деген мағыналы да қайғылы тіркес сақталған. Осы тіркестің авторы – Қожагелді батыр Бекбаулы атаның ағасы, яғни Бекбаулының әкесі Моншаның інісі. Түрікмендердің ойда-жоқта жасаған шапқыншылығынан ауыл-аймағын құтқармақ болып әбігерленген Қожагелді атына жолда тұрған інісін көріп, тастап кетуге қимай, атына мінгескен баласына «Әкесі басқа, аттан түс!» деген екен. Батырдың «өзім аман болсам, әйел де, бала да табылады, әке-шешем жоқ, енді маған туыс табыла ма?!» деген ойы қысылтаяң кезде нақты шешім болған. Аттан секіріп түскен баласы, анталаған жаудың қолынан мерт болады.

Маңғыстауға келген соң сырқаттанып қалған Моншаны емдеген қарақалпақ емші Моншаның әйелінің аяғы ауыр екендігін, тапқан ұлының тегін адам болмайтындығын айтып, бата беріп кетеді. Көп ұзамай өмірге келген Бекбаулыға аруақ 7 жасынан бастап қонады, шай ішіп отырып бәленшенің аяғы ауырып қалды, түгеншенің қолы сынып қалды деп жүгіре жөнеліп, біраздан соң сол сынықтарды салып оралатын болған. Есейе келе Хиуадағы Шикәбір ұстаздан білім алған Бекбаулы ата дін мен жын оқуын қатар меңгергендігімен ерекшеленеді. Бекет атамен әзіл-қалжыңы жарасып қатар жүрген, кейбір жерлерде өзара аруақ салыстырып та көрген, бір-бірін өте жоғары бағалаған Бекет пен Бекбаулының бірін жұрт Маңғыстаудың жер ерекшелігіне орай, «ойдың қарлығашы» десе, екіншісін «қырдың қарлығашы» деп тең құрмет тұтқан екен.

Бірде Бекет ата құрдасы Бекбаулыны сынау пиғылымен аса таяғын алып келуін өтінеді. Бекбаулы барса, шаншулы асаға үлкен жыланның оралып, ысылдап тұрғанын көреді. Алмай кетсе, құрдасы күлетінін ойлап, шапанын шешіп, жыланды үркітіп, асаны алып құрдасына барып құрдас, іркілдің ғой, дейді. Тек, жай, іркілгенін айтып Бекбаулы кібіртектеп қалады. Әңгімелерін жалғастырмай намаз оқуға кіріседі. Намаз бітіп жайғасып отырғанда Бекет ата: құрдас, асадағы жылан болып көрінген аруақты бекер жасқадың, білетін дұғаларыңызды оқығанда өзі-ақ Асаның кейпіне кіріп кететін еді ғой, -дейді. Жыланның түсі суық, қапелімде ондай ақыл қайдан келсін... дегенде, «Құрдас, дегенмен жеті атаңа жетерлік аруағың бар екен. Алла рақымымен ісіңді оңынан жарылқағай- деп Бекет ата құрдасы Бекбаулыға ақ тілекпен батасын берген екен» дейді.



Дерек көзі:

1. Базарбай Әбдірахманов «Бекет-атаның сұпылық жолы» 2010 ж.;

2. Серікбол Қондыбай «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары»

2007 ж.;


3. Гүлайым Шынтемірқызы «Егемен Қазақстан»газеті.

Тобықты жеріндегі Бекет ата жерасты мешіті




Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Қызан селосынан 30 км оңтүстік бағытта жазықты жерде орналасқан.

Зерттелуі: 2004 жылы К.Канисова жетекшілік етуімен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы экспедициясы зерттеген. Алғаш рет 05.10.2004 жылы Маңғыстау облыс әкімиятының №197 қаулысымен мемлекеттік қорғауға алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі №279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Мешітке Маңғыстау МТМҚ ММ тапсырысымен (2006 ж. «Парыз» ЖШС) қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген. 2015 ж. «Маңғыстауреставрация» АҒЖӨШ ЖШС мекемесі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

Қысқаша анықтамасы: Мешіт таудың жарындағы 10 м биіктіктегі жұмсақ бор тауды шауып, үңги жасалған аса үлкен емес 2 бөлмеден тұрады. Оның бөлмелері бір-біріне жапсарластыра салынған, төбесінде жарық түсіп, ауа кіріп тұруы үшін тесік қалдырылған. Кейінгі уақытқа дейін мешіт бор таудың құлаған жар қабақ топырағының астында қалып, бұзылған қалпында жатқан мешітке Маңғыстау МТМҚ ММ тапсырысымен (2006 ж.) қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

Аңыз-әңгіме: Бекет Мырзағұлұлы (XVIII) – Маңғыстау, Үстірт, Атырау мекендеген Адай тегінен шыққан қазақ халқының данасы. Туған жері қазіргі Атырау облысының Жылой ауданы Ақкиізтоғай ауылы. Жас кезінде қолына қару алып, көршілес қалмақ, түрікмен тайпаларымен шайқасып, халқының егеменділігін қорғаған Бекет батырлығын танытып, табиғи күш-қуатымен ерекшеленіп, ел аузында Ер-Бекет атанды. Жаугершілікті тоқтатып, елінде бейбітшілік орнағанын, көршілес халықтармен достық қарым-қатынас құруды армандаған Бекет құдай жолына түсіп, Хиуаға медресеге оқуға аттанған. Атақты Бақыржан-қажыдан дәріс алған Бекет еліне қайтып, ұстазының ісін жалғастырып, жер-жерден жерасты мешітін салған. Қараңғы халқының дінге, білімге көзін ашып, мәдениеттің өркендеуіне, болашаққа жол ашуға себеп туғызған.

Бекет атаның көк асасы: Көк аса – тарихи тұлғадан қалған жыл мұрасы. Ол шынымен көк түсті металдан жасалған. Төрт қырлы темірден соққан асаның ұзындығы 1,3 м бір қырына иықтан асылатын белдеуге арналған екі шығыршық бұғауланған. Төменгі жағы сүйірленіп келіп, үшкірленген. Жоғарғы жағында төрт қырлы асаның жүзі сабына жалғасады. Сабы да темірден, онда жапырақ пішінді жазық бөлігі екі жағынан күміспен өрнектелген. Асаның сабы бөлек соғылған күмістен белдеу жүргізілген, дөңгелек бөлшекпен аяқталады. Бүгінгі таңда Пір Атаның өзі ұстаған аса таяғы жетінші ұрпағы  Аяпбергенұлы Бердіхан атаның қолында.

Мырзаболатұлы Байсал Бекет атамен қатарлас екен. Оғыланды тауынан Бекет атаның мешітін салмақшы хабарын қалың елмен бірге Байсал да естіп, мешіттің құрылысына көмектесіп жатқан адамдарға қосылады. Байсал да өзінің Алла дарытқан күшін игілікті іске аямай жұмсайды. Басқалар біраз жұмыс жасағасын ауылдарына қайтып кетіп жатқанда ол шаршап-шалдықпастан жұмыс жасай береді. Оның ерен қайратына таң қалмаған адам болмайды. Байсалдың бұл қимылы мен ерекше ынта-ықыласы, әрине, Бекеттің назарында еді.

Бір күні Бекет Байсалға: «Ал, Байсал, көп іс тындырдың. Қайратыңда шек жоқ екен. Жасаған қызметіңнің қарымы тек бір Алладан қайтсын!» деп өз ырзашылығын білдіреді. Кенет перзентсіз көңілі мұңды болып жүрген Байсалдың ішін оқып қойғандай: «Замандасыма айтарсың, уайымдамасын. Келер жылы бір перзентті боларсың. Біреу болса да берегей болар, ұл туса атын «Мыңкісі» деп қоярсың» дейді. Байсал Бекет атаның ауылынан қуанышта аттанады, келе жары Қарашашты қуантады...

Келер жылы Бекет атаның айтқаны келді. Қарашаш ана 48 жасында ұл перзентті болған. Ұланасыр той жасап, атын Мыңкісі қояды...»

Осы жерде бүгіндері жасы сексеннің сеңгіріне шыққан, Ақтау қаласында тұратын, кезінде талай шешен шежірешілердің айтқандарын зердесіне ұялатқан Нұрұлы Сабытайдың Құнанорыс Сарыбек әулие айтты деген әңгімесін де оқырмандар назарына бере кетейік.

«Байсал зарыға күткен арманы орындалып, қуанышы қойнына сыймай той жасағанда арнайы адам жіберіп тойына Бекет атаны да шақырыпты. Шақыра келген хабаршыға Бекет ата: «Баласы құтты болсын! Құдай бұйыртса, мен сол баласы қырқынан шығарда әдейі барамын. Бұл сапарда бара алмайтын жайымды айтарсың» дейді. Бекет-атаның сәлемін естіген Байсал: «Япырмай, бұл кісі өмірбойы намазын мешітте оқып келе жатқан адам еді. Мен келетін күніне дейін Бекетке арнап мешіт дайындамасам болмайды екен» деген тоқтамға келеді де, Бозашы түбегінен мешіт үйін салуға ылайықты жер іздеп, Тобықтының ойындағы бір кебір төбені қазады. Әрине, оның бұл сауапты ісіне ауыл-аймақтың адамдары, ағайын-тумалары да көмектескен болар. Сол мешітті Байсал Бекет ата өз ауылына келерден 3 күн бұрын бітірген екен. Бекет ата уәделі күні Байсалдікіне келіп түседі. Сол күнгі екінті, ақшам, құптан, таң намаздарын Байсал дайындаған мешітте оқыпты.

Дерек көзі:

  1. Адай шежіресі кітабы, 336-337 бет;

  2. Қаз ССР Мәдениет министрлігі «Қазпроектреставрация» институтының 1986 жылғы зерттеу жұмыстарының материалдары.


Мыңкісі ата кешені
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ақшымырау селосынан 25 км шығыс бағытта орналасқан.

Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет