Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет12/22
Дата23.10.2016
өлшемі4,82 Mb.
#59
түріАнықтамалық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

Шығармалары:
Сүлейменов О. Аз и Я: Ізгі ниетті оқырман кітабы.- Алматы: Жазушы, 1992.- 96 б.

Сүлейменов О. Арғымақтар: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 2002.- 78 б. '

Сүлейменов О. Атамекен: Олеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1972.- 286 б.

Сүлейменов О. Әр күн - арайлы таң: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1986.-480 б.

Сүлейменов О. Түңғыш космонавт: Поэмадан үзінді.- Алматы: Жалын, 1979.- 19 б.

Сүлейменов О. Ізгі ниетті оқырманның кітабы.- Алматы: "Еңбек".- 1992.-298 б.

Сүлейменов О. Тандамалы туындылар
Т.1. Өлендер .-Алматы: Жібек жолы, 2005.-368б.
Т. 2. Поэмалар. Сценарий.- Алматы: Жібек жолы, 2005.-336б.
Сүлейменов О. Айналайын: жыр кітабы.-Алматы: «Әдебиет» баспа үйі, 2006.-320б.
Сүлейменов О. Сүмбіле жұлдызы: жинақ.- Алматы: «Олжас кітапханасы», 2011.- 180б.
Өмірі мен шығармашылығы:
Сүлейменов Олжас //Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия." Алматы, 1989.- Т.4.- Б. 551 - 552.
Сүлейменов Олжас //Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б.291 - 292.

Сүлейменов Олжас //Советтік Қазақстан жазушылары: Био - библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б.596 - 587.

Сүлейменов Олжас //Түркістан: Халықаралық энциклопедия.- Алматы, 2000.- Б. 560.

Сүлейменов О. //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 484-485б.

Сүлейменов О. //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия.- 8 том.- Алматы, 2005.- 108-109б.
***
Сүлейменов О. Адамдықтың бастауы //Қазақ әдебиеті.-2008.- 7наурыз.- 4-5б.

Сәтбай Д. « Қыш кітап» - тарихи дастан //Қазақ тарихы.- 2008.-№1.- 40-44б.

Сәтбаев Д. Олажас Сүлейменов: қайраткерлігі мен шығармашылығы

//Отан тарихы.- 2008.-№2.- 143-155б

Күмісбаев Ө. Олжас Сүлеменовтің үш жақсылығы //Ақиқат.-2009.-№11.-63-64б.

Сулейменов О. Шекспирі жоқ елдің Ньютоны да болмайды // Егемен Қазақстан.- 2010.- 12наурыз.-6б.

Сүлейменов О. Мемлекеттікіздің тыныштығын таса бүлдірмесе деймін // Жұлдыздар отбасы.-2010.- №12.- 9-14б.

Сүлейменов О. Мен үшін халқымның бас амандығы бәрінен жоғары

//Айқын.- 2010.- 20 ақпан.- 1,5б.

Қуанышәлин Ж. Олжас Сүлейменов әдемі картая алмады.. //Жас қазақ.-2010.-19ақпан.-1,3б.

Қабышұлы Ғ. Жалаң мақтау-жарға итеру //Жас қазақ .-2010.-22мамыр.- 4-5б.

Жолдасбеков М. Елінің елшісі, ұлтының ұяты // Егемен Қазақстан.-2010.-11 маусым.-7б.

Балқыбек А. Ұлттың Олжасы //Қазақ әдебиеті.-2010.-23сәуір.- 1,7,11б.

Сүлейменов О. Таңбалы тілі //Жұлдыз.-2011.-№4.- 3-19б.

Сүлейменов О. Қазақтар нағыз толстойшыл халық // Алматы ақшамы .-2011.- 21мамыр.-9б.

Сәтбай Д. Олжастанудық әдістемелік мәселелері // Қазақ тарихы.-2011.-№6.- 19-23б.

Қалдыбай М. Ақынның анасы //Қазақ әдебиеті.-2011.- 13мамыр.-8б.

Исаділ А. Қолдан келіп тұрса-дағы қалай да, Адамдарды алдағам жоқ, алайда.. // Алаш айнасы.-2011.-16 мамыр.-5б.

Замана ойшылы- Олжас //Қазақ әдебиеті.- 2011.-13 мамыр.- 1-8б.

Абдулло С. Адам рухының азатығы: шығысты шабыттандырған

//Қазақ әдебиеті.- 2011.- 13 мамыр.-8б.

Көбденова Г. Сөздің шыгу тегі //Ана тілі.- 2012.-16 тамыз.-5б.

Есполов Т. Олжас және оқу ордасы // Қазақ әдебиеті.- 2013.- 17 мамыр.-5б.
Сүндетов Мағзом

(1936-1999)
Қазақ әдебиетінің талантты өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мағзом Сүндетов 1936 жылы Атырау облысының Доссор ауылында дүниеге келді.

Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1963 - 68 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыды.

Университетті бітіргеннен кейін, 1968 - 94 жылдар аралығында "Жазушы" баспасында проза және сын бөлімдерінің меңгерушісі, 1994 - 96 жылдары "Ана тілі" баспасында бас редактор міндетін атқарып, аға буын қаламгерлер мен жастар шығармаларының жарық көруіне үлкен қамқорлық жасады, әдебиетіміздің шын жанашыры бола білді.

Оның алғашқы көркем әңгімелері студенттік кезінде - ақ республикалық газет - журналдарда жариялана бастаған еді.

1961 жылы "Тайғақта" атты тұңғыш прозалық жинағы жарық көрген қаламгер оқырмандарына жиырмадан астам прозалық кітабын үсынды. Бүлардың ішінде "Күтем сені, Дидар", "Ескексіз қайық", "Қүмдағы ауыл", "Еліктің лағы", "Тұлпар", "Ақ бота", "Күміс сырға", "Шайтан базар" сияқты әңгімелер, повестер, романдар жинағы, екі томдық тандамалы шығармалары көпшіліктің сүйіп оқыған дүниелеріне айналды.

Жазушы Мағзом Сүндетов адамзат тіршілігі тереңіне бойлау үшін алапат құштарлықтар, сергелдең сезімдер, өліспей - беріспес тайталастар, шеннен шыққан шетін оқиғалар ойлап тауып жатпайды. Адами мүмкіндіктер аясындағы оқиғалар мен құбылыстарға адами таным мөлшері ауқымында көз салып, қарапайым сана қаныға алатындай қарабайыр кеңістікте желі тартқан жәйттерді сөз етуге бейім түрады.

Ол заңды да. Өйткені, ол мына дүниенің ғаламаты да, машақаты да, ізгілігі де, зүлымдығы да қайдағы бір алыптар мен аждаһалардан, еңіреген ерлер мен заһар соққан залымдардан емес, кәдуілгі жұмыр басты жандардан туындап жататын, әр пенде күнбе - күн өзі аңғарып, күнбе - күн өзі түйсінетіндей заманда туып, ер жетті. Сондықтан да заман шындығын ашу үшін өзі туып өскен өңірдің, өзі көріп өскен ортаның болмысына көз жүғіртті. Тарих шындығын ашу үшін өз тағдырына айналған нақты дәуірдің, өзімен етене нақты буынның ащы - түщы өмір тәжірибесін талшық етті.

Бірінің басын бірі жалмап, бірінің орнын бірі қармап, алмасып жататын жылдар мен жандар нөпірінде түрақты бір ғана өлшем - адамғершілік екенін аңғартады. Адамгершілік - елден асқан ерлік те, жұрттан асқан көрегендік те емес, өзгенің де озіндей екенін ескеріп, тауын шағып, талабын мұқатудан тартынатын мейірбандық. Ол жанының құнары, санасының шырағы барларға ғана тән қасиет. Жақсылық деп те соны айтады. Әйтпесе, жұрттың бәрінен күш асырам деген кісәпірлікке, айла асырам, еп асырам дегендер мүсәпірлікке ұрынбай тұра алмайды.

Мағзом Сүндетовтің дәл өзіндей қарапайым, дәл өзіндей биязы шығармалары жан құнары - жақсылықты, кісәпірлікті емес, кісілікті, мүсәпірлікті емес, мейірбандықты жырлайды. Оның өз кітаптарын көп уақытқа дейін балалар мен жасөспірімдерғе арнап келгендігі де тегін емес. Кәнігі бағбандай миуа берер ағашты түбінен, тамырынан суғаруға тырысты. Ол ыждаһатын бүгінгі оқырман да, кейінгі оқырман да ықыласпен бағалай жатары сөзсіз.

Осыншама биязы жан, мейірбан кісі арыстан баққан ауылдай алыс - жүлысы, айтыс - тартысы, арбасуы мен айқасуы көп ортада қызмет етті. Ол ортаға кеудесін жарып бара жатқан не дарыны, не арыны асқан адамдар ғана бара алады. Дарқан дарындыларды айқай арындылардан айырып алу қиынңың қиыны.

Мағзом Сүндетов бүкіл саналы өміріне дәл осындай тауқыметті еңбекті талшық етті. Қырық жылдай ғұмырын қиямет көпірдей қиын қызметке арнады. Баспагер болды. Демек, рухани бағбан болды. Алдынан үлкен де өтті, кіші де өтті. Жақсы да өтті, жаман да өтті. Жамандықты жайпап салу ешкімнің де қолынан келе бермеген шығар. Жасықтың да бетінен қағып, жолынан бөгеу оңай тимеген шығар. Ал жақсыны жасытпау, жаңаны жолынан қалдырмау - абзалдың абзалының ғана қолынан келер адамгершілік. Міне, бұл арада Мағзом Сүндетовтің әдебиетіміздің алдында ары таза. Қазіргі әдебиетіміздің мерейін асырған талай талантты туындылар оның қолынан өтті. Ол басқарған редакция мен баспадан шықты. Қазір үлттық рухани керуеніміздің ауыр жүгін арқалап келе жатқан атан жілік суреткерлердің көпшілігінің түңғыш қолжазбасы алдымен Мағзом Сүндетовтің қолына түсті. Ол солардың көбінің тұсауын қиып, айдын жолға салды.

Мағзом Сүндетов - белгілі жазушылығын былай қойғанда, баспагер. ретінде де ұлт болып ұлықтауға лайық рухани қайраткеріміз.

Ондай еңбегі асқан ерлерін елі "Азаматым" дейді. Еміреніп отырып айтады.

Қазақ оқырмандарына кеңінен танымал қаламгердің коптеген шығармалары орыс, украин, беларус, венгр, эстон халықтарының тілдеріне аударылды. Оның еңбегі лайықты бағаланып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен наградталып, "Үздік баспасөз қызметкер" белгісі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, деген құрметті атағы берілді.


Шығармалары:
Сүндетов М. Екі томдық таңдамалы шығармалар.- Алматы: Жазушы.

Т.1: Повестер, әңгімелер.-" 1992.- 431 б.

Т.2: Роман, повестер, әңгімелер.- 1992,- 463 б.
Сүндетов М. Балық аулай барғанда: Әңгімелер.- Алматы: ҚМКӘБ., 1963.- 168 б.

Сүндетов М. Бесқонақ: повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1985.- 430 б.

Сүндетов М. Дала мен қүм әуендері.- Алматы: Жазушы,

Т.1: Повестер мен әңгімелер.- 1987.- 448 б.


Т.2: Роман, повесть және әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1987.- 432 б.
Сүндетов М. Еліктің лағы: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1981.- 566 6.

Сүндетов М. Еркексіз қайық: Роман.- Алматы: Жазушы, 1976.- 319 б.


Сүндетов М. Замандастар.- Алматы: ҚМКӘБ., 1963- 97 б.

Сүндетов М. Күтем сені, Дидар: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1965.- 208 б.

Сүндетов М. Қүмдағы ауыл: Әңгімелер мен повестер.- Алматы: Жазушы, 1973.- 368 6.

Сүндетов М. Қызыл ай: Роман.- Алматы: Жазушы, 1978.- 440 б.

Сүндетов М. От ішіндегі адам: Повесть.- Алматы: Жалын, 198,.- 48 б.

Сүндетов М. Үзеңгі жолдас: Повесть және әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1969.- 206 6.

Сүндетов М. Шайтан базар: Повестер мен әнгімелер.- Алматы: Жазушы, 1997.- 416б.

Өмірі мен шығармашылығы:
Сүндетов Мағзом //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 485б.

Сүндетов Мағзом //Советтік Қазақстан жазушылары: Био- библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б. 588.


Табылдиев Әдібай

(1926)
Еліміздің жас жеткіншектеріне арнап жарты ғасырға жуық тер төгіп жүрген белгілі ақын, ұстаз, әрі ғалым Әдібай Табылдиев 1926 жылы 2 қантарда қазіргі Жамбыл облысы, Луговой ауданы «Жаңа тұрмыс» кеңшарында туған. Ол 1944 жылы еңбек жолын бастауыш мектептің мүгалімі болудан бастайды. Ақынның шығармашылық жолы Жамбыл обылыстық газетінен басталады, алғашқы өлеңдері мен балаларға арналған тақпақтары осы баспасөз бетінде жариаланады. Танымал балалар ақыны ретінде Әдібай Табылдиев он беске тарта кітап жазды. Оның ішінде балабақша, мектеп сахнасына арналған пьесалар мен сценарийлер де бар. Әдібай Табылдиевтің балаларға арналған өлеңдері ә дегеннен-ақ көпшілік назарын аудара бастады. Оның «Паровоз», «Жүгері ханым мен бұршақ патша», «Құрылысшылар», «Атымтай», «Гүл мен жеміс», «Аялы алақан», «Кекілді балалар», «Кенже бала» атты өлең, ертегі, тақпақ, мысал, жұмбақ, жаңылтпаштардан тұратын кітаптары ауыл балаларының өмірінен бастап, табиғаттың саналуан құбылыстарына дейінгі таңгажайыптар ақын назарынан тыс қалмай, көрініс тауып жатты.

«Бөбегіме» деген өлеңінде ақын:

Қүлдыр-қрдыр, бебегім,

Қуаныпща бөледің.

Ал, мін, бөпем, арқама,

Атың болып желемін.

«Шабандозбын» деп сен де

Мен «шапқанда» сескенбе.

Бірақ әке мойнына

Мініп алма өскеңде,- деген жолдары үлкен тәрбиелік мақсатты меңзейді. Оның елеңдеріне әзіл-күлкі, жеңіл юмор тән, балаларды жаман әдеттен емдеп отырады.

1967 жылы Ә. Табылдиев қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі бойынша дассертация қорғап педагогика ғылымының кандидаты дәрежесіне ие болады. 1968-1980 жылдары қазақ совет энциклопедиясының педагогика, кенін тіл-әдебиет редакциясын басқарады. Ғылыми-педагогикалық еңбектерімен белгілі бола бастаған ғалым, 1980 жылдан бері Әл-Фараби атындагы Ұлттық мемлекеттік университетінде дәріс береді. Ұстаздық еңбекте 55 жылдай еңбек етіп педагог-ақын көркем шығармаларының мақсаттарын гылыми еңбектермен үштастыра білді. Оның «Халық тагылымы», «Әден», «Әдеп әліппесі», «Қазақтың ұлттық педагогикасы», «Ұлттық гәрбие иірімдері» атты оқу құралдарында ұлттық педагогиканың теориялық және практикалық үрдістері жан-жақты баяндалған.

Ақынның бірқатар шығармалары мектеп оқулықтарына, сахна репертуарларына енді.

Әдібай Табылдиев сатиралык әнгімелері, скетчтерімен де танылды. Ғылыми- педагогикалық, әдеби-сын мақалалары мерзімді баспасөзде жарық көрді.
Шығармалары:
Табылдиев Ә. Сөз бөбектікі: Өлеңдер. Балалар үшін.-Алмаш: ҚМКӘБ., 1959;

Табылдиев Ә. Бөбекке сөз. Фрунзе, 1960 (қырғыз тілінде)

Табылдиев Ә. Балуан.-Алматы. ҚМКӘБ., 1960;

Табылдиев Ә. Жүгері ханым мен бұршақ патша-Алматы: ҚМКӘБ., 1963;

Табылдиев Ә. Ғ ажайып 6ақ.-Алматы: Жазушы, 1966;

Табылдиев Ә. Құры лысшылар. - Алматы: Жазушы, 1968;

Табылдиев Ә. Атымтай: Балаларға арналған өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1970;

Табылдиев Ә. Көңілді кештер.-Алматы: Жазушы, 1971;

Табылдиев Ә. Гүл мен жеміс. Өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1972;

Табылдиев Ә. Аялы алақан: Өлеңдер, мысалдар, сықақтар.-Алматы: Жазушы, 1974;

Табылдиев Ә. Көңілді балалар: Таңдамалы өлеңдер. (Мектеп жас балаларға арналған.).-Алматы: Жалын, 1976;

Табылдиев Ә. Қой бағу оңан ма? Әжуа-сықақ әңгімелер мен мысалдар- Алматы: Жазушы, 1978;

Табылдиев Ә. Кенже бала: Өлеңдер, жаңылтпаштар, жұмбақгар, ертегілер.- Алматы: Жалын, 1979;

Табылдиев Ә. Ана жүрек: Өлеңдер. Сықақгар.-Алматы: Жазушы, 1981;

Табылдиев Ә.Тәрбие өрнекгері. (Балабақша мен мектеп сахнасына арналған пьесалар, өлең-тақпақтар).- Алматы: Мектеп, 1983;

Табылдиев Ә. Қызғалдақтар: Өлеңдер, санамақтар, жүмбақтар, ертегілер.- Алматы: Жалын, 1990;

Табылдиев Ә. Халық тағылымы: Жаңылтпаш; санамақ, мақал-мәтел, жұмбақ терме.-Алматы. Қазақ университеті, 1992; Табылдиев Ә.Тағылым: Ұстаздар мен ата-аналарға, тәрбиешілер мен студенттерге арналған. Оқу-тәр6иелік құрал.-Алматы:Рауан,1995; Табылдиев Ә. Этнопедагогикалық қазақша-орысша сөзік. ҚазҰҰ.-Алматы: Қазақ университеті 2002; Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы: Оқу құралы.- Алматы: Санат, 2001; Табылдиев Ә. Ұлттық тәрбие иірімдері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2001;

* * *
Табылдиев Әдібай. (1926). //Қазақ әдебиеті. Энциклопедия.-Алматы.,1999.- 614 б. Табылдиев Әдібаи. (1926). //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиалық Анықтамалық.- Алматы, 1987.- 594-595 бб.



Табылдиев Әдібай // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-296б. Табылдиев Әдібай // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 490б.
ТАМАРИНА РУФЬ (МОРОЗОВА)

(1921-2005)
Қазақстан оқырмандарына танымал ақын Руфь Мееровна Тамарина 1921 жылы Украинаның Николаев қаласында туған. Мәскеудегі М. Горькин атындағы Әдебиет институтын бітірген. Кітапханашы, медбике, «Казахфильм» киностудиясында сценарий бөлімінің редакгоры, «Казахстанская правда», «Огни Алатау» газеттері редакциясында, М.Лермонтов атындағы республикалық орыс драма театрында әдеби бөлімінің меңгерушісі болын істеді.

Руфь Тамаринаның өмірдегі әрі поэзиядағы жолы соқпақтарға толы қилы да күрделі болды. Әдебиет институты қабырғасында жүріп жазған өлеңдеріне кезінде Илья Сельвинскнй мен Николай Тихонов лайықгы баға берген болатын. Әйтсе де тұнғыш кітабы Қазақстанда тек 1962 жылы жарық көрді. Аталмыш өмір кезеңдерінің арасында тұтас бір өмір тұрған: Батыс майданы, қуғын-сүргін жылдары, оның ішінде Балқаш өңірінде өткізген темір тордың артында болган сегіз жарым жыл...

Кейін акын өзінің «Новогодняя ночь» (1974) жинағында осы жылдар жайлы айтып кетеді. Ақынның алғашқы «Жизнь о6ычная» (1962) атты жыр жинағынан кейін «Новые стихи» (1965), «В ливнях и грозах» (1968), «Зеленый ветер» (1971), «Весна, лето, осень» (1975), «Надежда» (1979), «Сад мой живой» (1984), «Простые истины» (1985), «Избранное» (1994), «Помедли, миг» (2003) кітаптары басылып шықты.

1991 жылы «Жазушы» баспасынан Р.Тамаринаның «Щепкой в потоке...» атты өмірбаяндық деректі повесі басылып шықты. Кітапта автор , ащы да болса шындықты аса бір адами тұрғыдан өз басынан өткен қиын- қыстау кезеңді ашық түрде қаз-қалпында баяндай отырып, оқырманын сол кезеңнің куәгері етіп қояды. Руфь Тамарина соғыс кезеңін бастан өткізген ақындар қатарына жатады. Сондықтан да оның шығармашылығында соғыс тақырыбы басты орын алады. Соғыс дерті шарпыған жылдардың бастарына ауыртпалық түскен барлық ұрпақтардың тағ- дыры жайлы толғайды.

Руфь Тамарина 1994 жылдан бері Ресей Федерациясының Томск қаласында тұрған. Бұл қаланың да әдеби ортасына белсене араласып кетті. Томскінің «Водолей» баспасынан оның «Новогодняя ночь» жыр кітабы мен «Таңдамалысы» басылып шықгы. «Таңдамалысына» ақынның соңғы жылдары жазған таңдаулы өлеңдері енді. Ақын Қазақстанда тұрған жылдарын ерекше ықыласпен есіне алып, күні бүгінге дейін әдебиет өкілдерімен қатынасын үзген емес. «Жібек жолы» баспасы 2003 жылы Р.Тамаринаның «Помедли, миг» атты жинағын басып шығарды.

Руфь Тамарина қазақ ақындарының өлеңдерін орыс тіліне аударды. Осьлайша қөрнекті ақындар: Мағжан Жүмабаев, Дихан Әбілев, Сырбай Мәуленов, Мәриям Хәкімжанова, Мұзафар Әлімбаев т.б. өлеңдері орыс оқырмандарының игілігіне айналды, алыс-жақын шетел оқырмандарымен қауышты.

Қазақ тіліне аударылған жекелеген өлеңдері мерзімді баспасөз басылымдарында әр кездерде жарияланған. Руфь Тамарина 2005 жылы дүниеден өтті.
Шығармалар тізімін орыс тілінде берілген мәліметтен қараңыз.

* * *
Тамарина Руфъ. //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиография-



лық анықгамалық - Алматы, 1987.-599 6.

Тамарина Руфь // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-297б. Тамарина Руфь // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 492б.



ТАРАЗИ ӘКІМ (ӘШІМОВ)

( 1933)



Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттш сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, драматург Әкім Тарази 1933 жылы Алматы қаласында туған.

1955 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітіріп Жамбыл облысының ауыл мектебіңде мүғалім болып істейді. 1956-1959 жылдар арасында «Ара» журналы, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде қызмет істейді. 1962-1970 жылдары Әкім Тарази «Казахфильм» киностудиясында редколлегия мүшесі, бас редакторы, 1970-71 жылдары «Литературная газетаның» Қазақстан бойынша меншікті тілшісі болды. Ұзақ жылдар (1971-1980) бойы Қазақстан кинематографистер одағының бірінші хатшысы, кейін (1986) Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы болды.

Айтар сөзін жеріне жеткізіп, сүйегінен өікізіп айтатын қаламгердің балаларға арнап жазылған «Арман-атаманынан» бастап, әр жылдарда басылып шыққан «Құйрықты жұлдыз», «Өрт», «Асу-асу»т «Қиян соқпақ», «Тасжарған», «Қыз махаббаты», «Бұлтқа салған ұясын», «Басынан Қаратаудың», «Кен», «Жаза», «Тәж» секілді повестъ, романдары жарық көрді. Жазушы шығармаларында ауыл, қала жастарының өмірі, олардың арман-мақсаты жайлы баяндайды. Жазушы туралы Нұрлан Оразалиннің: «Жалын мен парасат, ой мен сезім қанаттасқан суреткер Таразидің сүмбіле түніндей тұнық, жұлдызы жарқырап жанған жайдары жаздың аспанындай ашық әлемі оқырманын әсте бейтарап қалдырмайды»,- деген сөздері қалың көпшілітің ойымен астасып жатқандай. Әкім Тарази шығармалары арқылы кез келген оқырман жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы, жетпісінші, сексенінші жылдарындағы өмір мен қогам ақиқатын қалай таныса, бүгінгі біз ғұмыр кешіп жатқан жаңа дәуір ақиқатын да солай таныры шүбәсіз.

Жазушының «Күлмейтін комедия», «Жақсы кісі», «Жолы болған жігіт», «Қос боздақ», «Қыз махаббаты», «Түлпардың ізі» пьесалары республика театрлары сахнасында қойылып көрермен игілгіне айналды. Әрине кейбір драмалық туындылары кезінде көп дау-талас тудырғаны да белгілі. Соның салдарынан «Жолы болғыш жігіттің» қазақ сахнасындағы жолы болмай керісінше «Везучий Букен» орыс драма театрлары репертуарына енді.

Москвадағы сценаристердің Жоғары курсын бітірген Әкім Тарази қазақ киносының өркендеуіне де атсалысты. Ол «Түлпардың ізі», «Арман-атаман», «Қараш-Қараш» оқиғасы т.б. кинофильмдердің сценарийлерінің авторы.

Ұлттық көркем әлемімізді өзінің өзгеше жазу өрнегімен байытып жаңа ғасыр босағасын іргелі жаңа шығармалармен аттап отырған жазушы Әкім Тарази 2003 жылы өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті.

Жазушының шоқтығы биік шығармасы «Жаза» романы. Осы туындысы үшін оған Қазақстан Республиқасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Роман әділетсіз соғыстың адамның ғасырлар бойы тірнектеп жинақтаған тым нәзік, жұқа өркениет қабығын бұзып-жарып, адами ұсқынын кетіретіндігін баяндайды.

Әкім Таразидің бірқатар шығармалары орыс, шетел тілдеріне аударылған. Өзіндік қолтаңбасы бар жазушы Ә. Тарази бүгінде кемел шағында, қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосып келе жатқан көрнекті қаламгер.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет