Жануарлар экологиясы



Pdf көрінісі
бет6/135
Дата24.12.2023
өлшемі12,6 Mb.
#199023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135
Байланысты:
жануарлар экологиясы

адаитаңия 
деп аталады. Бейімделуге, яғни 
адаптацияға қабілеттілік эрбір тірі ағзаға тэн қасиет.
Қоршаған ортада тұрақты қайталап тұратын өзгерістер кезінде 
(жыл мезгіліне, күн мен түнге т.б. байланысты өзгерістер) 
жануарлардың қатжырамай тіршілік етуіне олардың бейімделуге 
қабілеттьіігі көмегін тигізеді. Жануарларда болатьш түқым қуалау, 
өзгеру жэне табиғи жолмен сүрыпталу қасиеттері жануарлардыіі 
бейімделу қабілетін пайда болдырады.
Жануарлардың қоршаған ортаның жағдайына бейімделуінің 
белсенді, енжар 
жэне қолайсыз жағдайдан 
жалтарыну 
деген үш түрі 
бар:
Белсенді жолы: 
қандай бір фактордың эсеріне агза өзінің 
қарсылығын жоғарылату, фактордың қалыпты жағдайдан ауытқуына 
қарамастан ағзаның тіршілігіне қажетті барлық қызметті қалыпты 
жағдайда сақтау үшін реттеу жүйелерінің қызметін күшейту т.б. 
белсенді эрекеттер арқылы жүзеге асады. Мысалы, сыртқы орта 
шамадан тыс суытқан кезде немесе шамадан тыс ыстық кезде 
сүтқоректілер мен қүстар денесінің температурасын өзгертпей
тұракты мөлшерде сақтау арқылы жасушаларында жүрілетін 
биохимиялық реакциялардың бірқалыптылығына жэрдемдеседі.
Енжар бейімделу 
— жануарлар өзінің тіршілік іс-әрекетгерін 
ортаның факторларының өзгерісіне бағьшдыру арқылы бейжай түрде 
икемделу жолы. Мысалы, тіршілікке қолайсыз жағдайда жэндіктер 
анабиоз (жасырын тіршілік) күйғе түсіп денесінде жүрілетін зат 
алмасу үрдісін барынша төмендетуі арқылы (жэндіктер мен 
омыртқалы жануарлардың қысқы үзақ үйқыға кетуі) қолайсыз 
жағдайды бейжай түрғыда өткізуі.
Қолайсыз әсерлерден жалтарыну 
- жануарлардың мінезінде 
жэне тіршілік айналымының кезеңдерінде қолайсыз жағдайлардан 
қашқақтау эдеттерінің пайда болуы арқылы қоршаған ортаның 
қолайсыз факторларына кездеспеуге бейімделуі. Мысалы, жылдың 
әртүрлі мезгілдерінде жануарлар қоныс аударып колайсыз мекеннен 
қолайлы мекенғе көшуі. Мүндай мекен ауыстырып көшу жануарлар 
арасында өте жиі кездеседі. Жылдың суық мерзімінде қүстар жылы 
жаққа қайтып көктемде қайта келуі, жэне жануарлардың басым 
көпшілігінің балалап көбею уақыты жылдың жылы мерзіміне сэйкес 
болуы, кейбір жәндіктер қатерлі жағдайды сезінген кезде өлі заттарға
3 Қоршаған ортаның жагдайына жануарлардың бейімделуі
12


ұқсап қимылсыз, козғалыссыз (танатоза) күйге түсуі барлығы да 
қолайсыз факторларға ұшырамау мүмкіндігін тудыратын экологиялық 
бейімдел> шілікті көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет