Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет14/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a
Қыз-Жібек
Оның
жақсы екен, қызым
(пауза). 
 Айтпақшы, ұмытып кете жаздаппын-ау!... 
Жазба түрде берілген ойды қағазға айқын түсіру,
ойымызды екінші біреуге жазба түрде дұрыс айтып беру үшін
әрбір дыбыстарды, әрбір тыныс белгілерін орын-орнына қоя
білу сауаттылықты көрсетеді. Орфография мен пунктуацияны
білмейінше, сауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан бұл
туралы К. Былинский мен М. Уваров: «... только наличие
единой орфографии и пунктуации в языке дает возможность
читателю понимать пишущего», - деп өте дұрыс айтқан
[33,19]. 
Жазу тілінде ойдың грамматикалық және логикалық
жағынан дұрыс берілуі қатты ескеріледі. Ойдың жазба
түрдегі қатынасының логика-грамматикалық бөлшектері
пунктуация арқылы белгіленеді, екінші сөзбен айтқанда,
пунктуация логика–грамматикалық үдерістің сызбалық
бейнесі болмақ. Бұл екеуінің әрқайсысының өз алдына өзіндік
ерекшеліктері болады. Мәселен, пунктуацияны интонация
белгілемейді, керісінше, қойылған пунктуация дұрыс
интонациямен айту немесе оқу керек екендігін көрсетіп
тұрады. Сондай-ақ пунктуация ауызекі тілдегі ритмді,
паузаны, әр түрлі дауыс құбылыстарын белгілейді. 
Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді оқу да, түсіну
де жеңіл. Тыныс белгісін дұрыс қою арқылы жазушы өз ойын,
сезімін жазба түрде дәл жеткізеді және айтпақ ойын екінші
адамдардың сондай дәрежеде дұрыс түсінуіне жәрдемші
37


болады. Олай болса, тыныс белгілерін қалай қолдануды
үйрету оқушының қарым-қатынастық танымын арттырады. 
Мысал келтірейік:
1. 
Үйдегі маған тетелес екі апай бар, мен, әкем, шешем
бар - бесеуміз апаннан шығарылған балшықты екі зембілмен
кезек тасып, терең шұңқырға құлата бердік
(С. М. ) деген
сөйлемге тыныс белгісін әр түрлі қою арқылы тағы мынадай
екі түрлі мағына беріледі: а)
Үйдегі маған тетелес, екі апай
бар, мен, әкем, шешем бар, бесеуміз апаннан шығарылған
балшықты екі зембілмен кезек тасып, терең шұңқырға
құлата бердік
дегенде,
үйдегі маған тетелес
деген тіркес
«
екі апай
» дегеннің анықтауышы болмай, өз алдына
сөйлемнің бірыңғай мүшесі болып тұр; ә)
Үйдегі, маған
тетелес, екі апай бар, мен, әкем шешем бар, бесеуміз
апаннан шығарылған балшықты екі зембілмен кезек тасып,
терең шұңқырға құлата бердік
десе, «
үйдегі
», «
маған
тетелес
», «
екі апай
» - үшеуі бірыңғай сөйлем мүшелері
болмақ. 
2.
Түйе бағатын Сабалақ ер жетіп, сымбатты сұлу жігіт
болады
деген сөйлемге тыныс белгілерін әр түрлі қоюға
байланысты осы бір сөйлемнен мынадай жаңа мағыналар
ұғынылады: а)
Түйе бағатын, Сабалақ ер жетіп, сымбатты
сұлу жігіт болады.
Мұнда «
түйе бағатын
» - өз алдына бір
сөйлем. ә)
Түйе бағатын, Сабалақ, ер жетіп, сымбатты сұлу
жігіт болады
десек, осы сөйлемдегі «
Сабалақты
» сөйлемдегі
қаратпа сөз деп ұғуға болады... 
3. О
сы Шыңғыс туарда Уәлінің үйіне Айғанымның ағасы,
Пірәлі келіп жатты.
Осы сөйлемдегі «
ағасы
» мен «
Пірәлі
»
сөзінің арасына сызықша да қойып жазуға болады. Бірақ
онда басқаша мағынада, яғни бірыңғай мүше анықтауыштың
түрі ретінде айтылады. 
4.
Мен білсем, Абай ағам Базаралының Тәкежан мен
Әзімбайға айтатын дауын жазып отыр!
– дегендегі «
Абай
»
деген сөзден соң үтір қойылса, «
Абай
» қаратпа сөз болып,
«
аға
» деген сөзді бір ретте сөйлемнің бастауышы деп ұғуға
немесе сөйлемнің анықтауышы деуге болады. 
5.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   104




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет