Жаратылыстану-математика


Жазықтар мен таулардағы мұзбен қардың рельеф түзуші ролі



бет11/17
Дата19.02.2017
өлшемі5,09 Mb.
#11001
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

1.Жазықтар мен таулардағы мұзбен қардың рельеф түзуші ролі.


2.Мұздың қиратушы әрекеті жасаған рельеф формалары.

3.Мұз аккумуляциясы еріген мұз сулары жасаған рельеф формалары


Мақсаты:Қар мен мұздың рельеф түзуші ролін анықтау.

Тірек сөздер:нивальды, гляциальды, хионосфера, абляция, осцилляция.

Негізгі сұрақтар:Қар мен мұз рельефтің қандай формасын түзеді?

Хионосфера қабаты қандай қабат?

1.Мұздың әрекетінен қалыптасатын түрлі геоморфологиялық процестерді гляциальды деп атайды, ал қардың әрекетіне байланысты процесті нивальды деп атайды. Осы процесс үшін басты жағдай мұздану процесі. Мұздық ұзақ уақыт жинақталу нәтижесінде пайда болады және хионосфера қабатында орналасады. Хионосфера – (грек тілінен chion –қар, cphaira –шар) атмосфераның бір қабаты, мұнда қар түріндегі жауын-шашын басым болып, үнемі қар мен мұз сақталады. Хионосфераның құрлықпен қилысқан жері – қар сызығын қалыптастырады. Қар сызығы экватордан полюстерге қарай өзгереді.Мысалы: экваторда Килиманджаро тауында –5500м, тропиктік белдеудегі қар сызығының төменгі шекарасы 6700м, Франц-Иосиф жері аралдарында –50м, полюстерде – теңіз деңгейімен бірдей.

Хионосфераның жоғарғы шекарасы 8-10 км-ден аспайды. Табиғи мұздардың екі типі бар:1. су мұзы – мұхит пен құрлық суы қатқанда пайда болады; 2. қар мұзы – қардың метаморфоз процесіне ұшырау әсерінен пайда болады. Қар бірнеше рет еріп, қайта қатуы нәтижесінде қиыршық қарға айналады. Оны фирн деп атайды. Осыдан әрі қарай мұз бөлшектері бір-біріне жабысып глетчерге айналады немесе оны құрлық мұздығы деп те атайды. Мұздық деп – атмосфералық жауын-шашыннан пайда болған мұз жиынтығын айтады. Мұздықтарды 2 негізгі типке бөледі:таулық және жабын. Таулық мұздықтар – тау бөктерінде, шыңдарында тараған. Таулық мұздықтардың қозғалысы ауырлық күшіне байланысты жоғарыдан төмен қарай баураймен жылжиды. Жабын мұздықтар – біонеше млн. км² ауданды алып жатады. Жабын мұздығының орталық бөлігі қалың болып келеді. Жабын мұздығының жалғасы ретінде ығып жүрген шельф мұздықтарын жатқызуға болады. Мысалы:Антарктида. Қазіргі кездегі мұздықтардың барлық типі 16млн.км² ауданды немесе құрлық бетінің 11% алады.



2. Мұздың қиратушы әрекеті жасаған рельеф формаларына кар, карлинг, қой маңдай тастар, бұйра тастар, трогтар, цирктер жатады. Кар – тау баурайларында кресло тәрізді аязды жел үрлеу нәтижесінде қалыптасатын рельеф формасы. Кардың қалыптасуы баурайда қардың жинақталып, кейін фирнге айналуынан болады. Кардың интенсивтілігі тау жынысының литологиялық құрамына байланысты. Карлар бір-бірімен жақын орналасып, біртіндеп кейін қосылады. Оларды фирн немесе кар даласы деп атайды. Кар даласында үгілмей қалған ұшты пирамидалы шыңдар пайда болады, оларды карлинг деп атайды. Мұздық әсерінен кристальды жыныстардан тұратын тау жынысы формасын өзгерткен түрге айналады. Оны қой маңдай тастар деп атайды. Мұндай баурайдың мұздыққа қараған жағы жайпақ, қажалған, керісінше қарам-қарсы жағы тік, бұдыр болып келеді. Қой маңдай тас ұзындығы бірнеше метрден бірнеше жүздеген метрге дейін, биіктігі 5 метрге жетеді.

Қар мен мұздың қиратушы әрекетіне қосымша судың қатысуымен жүретін рельеф формасының күрделі түрін түзетін астау тәрізді мұздық аңғар - трог (неміс сөзі астау мағынасын береді) қалыптасады. Мұздық жоқ кезінде трогпен өзендер ағады. Трог өзіндік көлденең қима құрлысына ие. Трог – көлденең қимасында формасы астау тәріздес болып келетін тік беткейлі, ойыс түпті аңғар.

3. Мұздың қиратушы әрекетінен кейін төселме бетте шеткі мореналардың жинақталуынан рельеф беті кедір - бұдырлы болады. Мұздықтардың еруінен аккумуляциялық формалар қалыптасады. Мұз аккумуляциялары жасаған рельеф формаларына мореналық төбелер, друмлиндер, кам, оз, аңғарлық қиыршық тасты алаңдар, қиыршық тасты жазықтар жатады. Мореналық жазықтарда төбелер арсында ең көп кездесетін форма камдар. Камдар – ассиметриялы, үсті тегіс емес күмбездер. Олардың биіктігі 10-20метр, құм қиыршық малта тастан түзілген. Камның пайда болу себебі: мореналар шөккен кезде, мұз ыдырап, мореналық материалдар күмбезге айналады. Аккумулятивті мұздық рельефтің келесі формасы – оздар. Оздар - сопақ, бөгетке ұқсас тар жалдар тәрізді. Олардың ұзындықтары бірнеше ондық километрге (30-40 км), ендері бірнеше ондаған метрге кейде 100 метрге дейін, биіктіктері 5-80 метрге дейін болады. Көлденең қимасы симметриялы, баурайы тік 40º бұрыш болып келеді. Оздар немесе сельга бұрынғы дәуірдегі мұздықтың қозғалған бағытында ирек сызық секілді созылып жатқан жіңішке бел немесе қырқа. Оздар құм, гравий және тас қабаттардан құралады. Оздардың жинақталған жерін озды далалар деп атайды. Мұздықтардың әрекетіне байланысты түзілген тағы да бір рельеф формасы – друмлиндер. Друмлиндер – ішкі ядросы флювиогляциялық құмдардан, сыртқы беті мореналық шөгінділерден немесе бұрынғы жыныстардан құралған ұзынша төбелер. Биіктігі 20-45 метр, ұзындығы 40-2500метрге дейін, ені 150-400 метрге дейін барады. Друмлиндер ескі мұздықтар дамыған облыстарда, көбінесе жазықтарда, тау етектеріндегі аудандарда кездеседі. Мысалы:Эстония, Кола, АҚШ, Ирландия. Друмлин беті моренадан, ортасы ядросы негізгі жыныстан тұрады. Зандр – мореналық материалдың еріген сумен жуылып қайта шөккен материалдармен жабылған мұздықтардың шеті мен етегінде кездесетін жазық. Ежелгі мұздық суларының құм, тас шөгінділерінен құралған. Мысалы: Солтүстік теңіз жағалауы, Солтүстік Америкада кездеседі.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Мұздың қиратушы әрекеті жасаған рельеф формаларын ата.


Мұз аккумуляциялары жасаған рельеф формаларын ата.

Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8
13 дәріс

Тақырып: Тоң рельефі

Дәрістің мазмұны

1.Көп жылдық тоң жағдайында рельеф пайда болу процестері.


2.Рельефтің солифлюкциялық формасы.

Мақсаты: Көп жылдық тоң жағдайында рельеф пайда болу процестерімен танысу.


Тірек сөздер:солифлюкция, термокарст, гидролакколит.

Негізгі сұрақтар:Тоң рельефінің таралуы қандай жерлерде болады?

Солифлюкция дегеніміз не?

1.Тоң рельефінің қалыптасуы топырақтың немесе грунттың 0º-тан төмен жағдайда судың қатуымен байланысты түзіледі. Қысқы теріс температура таралған аудандарда маусымдық тоң қалыптасады. Құрлықтың 25% ауданын тоң алып жатыр. Ондай аудандарда топырақтың астында орналасқан грунттар қазіргі климаттық жағдайда да ешқашан ерімейді. Тоң басқан ең үлкен аудандар Канада және бұрынғы Кеңес одағы террриториясында орналасқан. (КСРО-ның 50% территориясын алған). Россияда тоңның ең көп тараған аудандарына Орта Сібір үстірті, Колыма-Лена-Вилюй ойпаты, Алтай-Саян таулы ауданы жатады. Тонның қалыңдығы бірнеше метрден 100-деген метрге дейін жетеді. Мысалы: Якутияда 1000 метрге дейін. Жазда тоңның сыртқы қабаты ериді, қыста қайта қатады. Судың бірнеше рет 1 фаза жағдайынан 2 фаза жағдайына ауысқандықтан тоңның беті тұрақсыз жылжымалы болады. Осы процесс нәтижесінде грунт қозғалып түрлі рельеф формалары пайда болады. Мұндай рельеф маусымдық тоң тараған аудандарда кездеседі. Маусымдарға байланысты біресе қататын, біресе еритін мәңгі тоңның қабатын әрекеттік қабат деп атайды. Оның қалыңдығы 1-4 метрге дейін өзгереді.

2.Тоң рельефінің формалары тоң бетінде орналасқан суларға байланысты. Қатқан қабат бетінде еріген және жаңбыр сулары бет жақтағы грунтқа сіңіп, оны ауырлатып, баурайдың бетімен қозғалта алады. Бұл процесс баурай еңістігі 3-5º болған жағдайда байқалады. Оны солифлюкция деп атайды. Солифлюкция деп - жоғары ендіктерде мәңгі тоңдардың жер бетіне жақын орналасуының және биік таулардағы мұздықтардың әсерінен суға күшті қаныққан жер қабықтың сырғанап төмен түсуін айтады. Қозғалу жылдамдығы жылына бірнеше сантиметрден бірнеше метрге дейін, ал жылдам өтетін апатты жағдайларда сағатына жүздеген метрге жетеді. Солифлюкция нәтижесінде пайда болған рельефті солифлюкциялық рельеф формалары деп атайды. Денудациялық процесс нәтижесінде жердің кедір-бұдыры тегістеліп, жазықтар пайда болады. Денудациялық формалар мұздың еруімен немесе өзгеруімен байланысты жүреді. Сондықтан ондай формаларды термокарсты деп атайды. Термокарст – мәңгі тоң топырақтарымен мұздар тараған жерлерде мұздың еруімен байланысты болып келетін процестер. Термокарст мұздың физикалық еруі әсерінен жасалады. Термоабразиялық клиф – биік тұрақты жағадағы толқынның соғуы арқылы қираудың негізінде пайда болған жағалы кертпеш. Термоэрозиялық формалар – жер беті суларының ағыны әсерінен механикалық, химиялық, термикалық процесс нәтижесінде қалыптасқан аңғар, сай. Жер беті суларының еріп қатуынан топырақтың ісінуі байқалады. Себебі: грунт астында жинақталған су қайта қатқанда оның көлемі ұлғайып, топырақ беті күмбезге айналады. Оны гидролакколит деп атайды. Мұндай формаларды жергілікті жер халқы өз тілінде Якутияда булгуннях, ал Канада да пинго деп атайды.


Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Термокарстының қалыптасуын түсіндір.


Гидролакколиттің қалыптасуын түсіндір.

Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8,9
14 дәріс

Тақырып: Эолды рельеф

Дәрістің мазмұны

1.Аридті климат жағдайларында рельеф пайда болу процестері. Желдің рельеф түзудегі ролі (дефляция, коррозия, тасымалдау, аккумуляция).

2.Эолды рельеф формалары:

а)Дефляциялық-корразиялық рельеф формалары.

ә)Эолды-аккумулятивті формалар.

б)Аридті денудациялық формалар.



Мақсаты:Эол ұғымын анықтау және эолды рельеф формаларымен танысу.

Тірек сөздер:эрозия, корразия, дефляция, тасымалдау, аккумуляция.

Негізгі сұрақтар:Аридті климат дегеніміз қандай климат?

Аридті климат белдеуінде қандай рельеф формалары түзілуі мүмкін?



1. Эолды құбылыс – желдің әрекетінен пайда болатын процесс. Пайда болған рельеф формаларын эолды (эол грек сөзі – жел тәңірі) рельеф дейді. Эолды процестер жүру үшін бірнеше жағдай керек:1.жауын-шашын аз , ұзақ құрғақшылық кезеңнің болуы; 2.буланушылық мөлшерінің жоғары болуы; 3.климат жағдайларының қолайлы болуы; 4.қатты желдердің болуы; 5.өсімдік жамылғысының өте нашар немесе жоқ болуы; 6.жынысы ұсақ, саз күйінде кең көлемде таралуы қажет. Аталған осы жағдайлар аридті зона, яғни тропиктік шеңбер маңына тән. Бұл аудандарда 1-ден: жауын шашын сирек, жылына 100мм. Кейде одан да аз түседі; 2-ден: жылулық пен ылғалдылықтың арақатынасы бір біріне сәйкес дамиды; 3-ден: жел нәтижесінде тау жыныстары қажалып, бұзылып, үгіліске ұшырайды, ал үгілген заттар жел әсерінен бір орыннан екінші орынға тасымалданады.

2.а) Құмның үлкен бөлшегінің желдің әсерінен тасылмалдануына байланысты жер бетіне шығып тұрған тау жыныстарын үйкеп, қажап, корразия процесі нәтижесінде эолдық “тас саңырауқұлақтар”, “тас бағаналар”, корразиялық қуыстар пайда болады. Осындай формалар тастышөл аудандарында жиі кездеседі. Корразиялық қуыстар- жеңіл бұзылатын тау жыныстарынан мергель, сазды жыныстарынан пайда болады. Егер тау жыныстардың бет жақтары қатты қабат, асты жұмсақ қабат орналасса, тас саңырауқұлақтар пайда болады.Тік орналасқан қатты жыныстар корразияның нәтижесінде тас бағаналарға айналады.Желдің ұшырып әкету әсерінен борпылдақ материалдар жинақталаған жерлерде құмды жерлер пайда болуы мүмкін, ал ұшырылып әкетілген жерлерде дефляциялық қазандар, яғни сопақша теріс рельеф формалары пайда болады. Олардың енібірнеше ондаған метрден бірнеше жүздегенметрге жетеді, орналасуы желдің соғу бағытына сәйкес.

ә) құмды аудандарда желдің нәтижесінде қозғалатын жылжымалы оң формаларда пайда болады. Бұл формаларға құм шоғырлар,дюна, бархандар т.б. түрлері жатады. Жылжымалы құм шоғырлары өсімдік тамырлары арқылы бекімегендіктен сусымалы болып келеді. Олар қаттыжел соққанда оп-оңай қозғалып көшіп қонады, әртүрлі дыбыс шығарады. Құм шоғырының қалыңдығы желдің күшіне тәуелді. Топырақтың негізгі массасы 80 10-20 см. қалыңдықта жинақталады. желдің күші 405м/с болған кезде жайбұрқасын болады, кейін бір бірімен бірігіп, тұтасып шоғырланады. Дюналар (неміс сөзі) – желдің құмды үйіре суырыпүрлеу әрекеттеріне байланысты жер бедерінің ойлы-қырлы аудандарында белгілі бір тосқауылдарға тіреліп, немесе өзендермен көлдердің жағасында пайда болатын құм төбе. Құм төбенің биіктігі 20-40м-ден кейде 300м-ге дейін жетеді. Оның желге қараған беткейі жатық, ал қарама қарсы беткейі тік болады. Бархандар (құм шағыл) – шөлді жерлерде желдің әрекетінен үйілген ассиметриялы, орақ немесе жарты ай пішінді құм төбе. Олардың сүйірлеу шеті желдің жиі байқалатын негізгі бағытын айқындайды. Бекіген құмды таулар – биіктігі 10-20м болатын шөлейтті аудандарда жиі кездесетін форма. Олар қырқалы құмдар түрінде белгілі бағытта созыла орналасады. Құмды төбелер мен төбешіктер биіктігі 10м-дей болады, жайпақ беткейлі болып келеді, олардың жылжып көшіп қонуына өсімдіктер жамылғысы тосқауыл болады.

б) Аридті шөлді аймақта тасты және сазды шөл далалары кең тараған. Аридті денудациялық рельеф формаларының тарауы жыныстардың құрамындағы тұздардың ерігіштік қасиетіне байланысты. Сазды шөлейтке мына рельеф формалары тән. Тақыр – (түрік сөзі тақыр –тегіс, жалаңаш дегенді білдіреді) беті тегіс сазды учаскелер, көктемде су басып жатса, жазда беті тақыр құрғақ болады, сызаттанып жарылып кетеді. Өсімдік жамылғысы мүлдем болмайды. Қарашірігі өте аз, жауыннан кейін уақытша көлдер пайда болады. Орта Азимен Қазақстанның шөл және шөлейттерінде, Қарақұм, Алашаньда кездеседі. Ағынсыз ойыс (бессточные впадины) – барлық жағынан тұйықталған ойыс жер, құрлықтың мұхит деңгейінен төмен орналасқан бөлігі. Осы ойысқа еріген қар суымен жаңбыр сулары жиналады. Ойыстың көлемі әртүрлі: бірнеше 10-ған метрден бірнеше жүздеген км-ге дейін, тереңдігі 200 метрге дейін болады.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар:Дюна, барханның түзілуіне сипаттама бер.

Сазды шөлдерде эолды рельеф формасының қандай түрі пайда болған?



Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8,9
15 дәріс

Тақырып: Жағалық рельеф

Дәрістің мазмұны

1.Жаға, жағалық сызық, жағалық зона, жағажай ұғымдары.

2.Жағаны қалыптастырушы процестер.

3.Жағалар типтері



Мақсаты:Жағалық рельефтің қалыптасуын анықтау, формаларымен танысу

Тірек сөздер:клиф, эстуарий, жағалық бар.

Негізгі сұрақтар:Жағалық рельефтің қалыптасуы қандай процеске байланысты?

Жаға, жағалық сызық, жағалық зона дегеніміз не?



1. Жаға деп – құрлықтың өзен, көл, теңіздің жағалық сызығына жансып жатқан жерін айтады. Жағалық сызық деп – құрлықпен су аралығындағы жиек сызықты айтады. Судың деңгейі үнемі өзгеріп отырғандықтан жағалық сызықта бір деңгейде тұрмайды. Жағалық зона - өзіндік жаға және оның су үсті бөлігімен оның су асты жағалық баурайынан құралады. Жағалық рельеф формаларын түзуге әсер ететін процестерге: 1. теңіз толқыны процесі; 2. толқынды ағыс; 3. судың тлысуымен қайтуы жатады. Негізгі бастыпроцесі толқын болып табылады. Толқын деп – субетіндегі тербелмелі қозғалыстан туатын су жалын айтады. Толқындар жағаға әсер ете отырып, қиратады, бұзылған жыныстарды тасымалдап аккумуляцияланады. Толқындардың әсерінен теңіз, көл, су қоймаларының жағалауының бұзылуын абразия деп атайды.Абразия латын сөзі қыру, жеміру дегенді білдіреді. Абразия дәрежесі толқынның күшіне, жағалаудың геологиялық құрлысына байланысты. Абразия және аккумуляция бірігіп, жағалық рельефті қалыптастырушы процесс болып табылады.

2. Жағаны қалыптастыратын негізі процестерге мыналар жатады: 1.жел толқындарының абразионды әрекеті, 2. тасымалдаушы және аккумулятивті әрекеті, 3. толысу мен ағыстар, 4. өзендер әрекеті, 5. баурайлық процестер, 6. организмдер әрекеті. Абразиялық әрекет көбінесе терең жағалауларда қалыптасады. Ол негізінен кішкене ғана шұңқыр ойыс бар жерден басталып жел толқындары әсерінен қазылып баурай қабыр,асын қуыс етеді. Қуыс үстіндегі жыныс өз салмағынан құлап, баурай тік жартасқа айналады. Оны абразиялық клиф деп атайды. Клиф биіктігі Охот теңізі жағалауында 700 метрге жетеді. (Егер клиф қатты жыныстардан тұрса, биік болады, олрады кекура деп атайды, ал егер жұмсақ жыныстардан тұрса, аласа, қазандар, қуыстар түзіледі, оларды грот деп атайды). Жел толқындарының әрекетінен қуыс одан әрі үлкейіп, толқындардың артқа қарай жылжуынан су түбінде су асты абразиялық терраса қалыптасады. Клифпен абразиялық терраса ортасында орташа құм және ұсақ саз жыныстан тұратын бөлікті жағажай деп атайды. Қайраң жерлерде толқын әрекетінен су түбіндегі әртүрлі үйінді қоқыстар су түбімен тасымалданып, шөгеді. Тасымалдау және аккумулятивті әрекет нәтижесінде жыныстың құрамына қарай жағажайлар қалыптасады.Жағажайлар құмды және тастақты, қиыршықты болып бөлінеді. Мысалы:Балтық теңізі жағалауы –құмды; Кавказ жағалауы тастақты. Жағажайлардың ендері әртүрлі мысалы:180-600км дейінде жетеді. Жағалық бар – (тізбек) теңіздің жағалық жиек алқабындағы құмды тайыз тізбек, жағаның бағытында созылған және теңіз үйінділерінен құралған.Жағалық бар ұзындығы бірнеше 100-ген метрден, ені 20-30км-ге, биіктігі бірнеше ондаған метрге жетеді. Теңіз суының толысуы Ай мен күннің тарту күші салдарынан мұхит, теңіз су деңгейінің оқтын оқтын көтерілуі байқалады. Судың деңгейі көтерілген кезде су толысады, судың толысу және қайтуы нәтижесінде шөгінді жыныстар жағаға тасымалданып, өзендер сағасы воронка тәрізді кеңейеді. Осы жерде эстуарий жағасы қалыптасады. Эстуарий (латын сөзі - өзеннің су басатын сағасы дегенді білдіреді) - өзеннің кеңіп, ұзынша шығанақ сипатын алған бөлігі. Мысалы: Янзцы, Енисей, темза, Сена.

4.Өзендердің әрекетінен қалыптасқан жаға түрлеріне аллювиальды жазық пен дельта (атырау) жатады.Дельта – ірі өзендердің көлге немесе теңізге құяр сағасындадағы өзен шөгінділерінен пайда болып, тарамдар мен тармақтарға тілімделген ойпат.Мысалы: Амазонка, Волга, Жайық, Лена. Жаға рельефін қалыптастыруда басты рольді баурайлық процестер атқарады. Бұл процестерге опырылып құлау, шөгінділердің құйылуы, көшкіндер айтуға болады. Бұл аталған процестер баурайы тік болып келетін жағаларды қалыптастырады. Организмдер әрекетіне мұхитта қолайлы жағдай болғанда тіршілік ететін риф түзуші организмдер жатады. Риф түзуші организмдерге: кораллдар, ізбесті балдырлар, гидроидтар, мүктер жатады. Риф түзушілер температурасы +20 төмен болмайтын жылы, тұздылығы 33-38 промилл тұзды суда тіршілік етеді. Риф түзушілерді бірнеше топқа бөледі. Жағалық риф – су түбіндегі кораллдардың жағамен біріккен жерінде, 50м тереңдікте пайда болады. Барьерлік риф - су түбінде жағадан алыс орналасқан ізбесті коралл жалдарынан құралады. Сақина тәрізді риф немесе атолл – ізбесті коралл жалдарының шеңберленіп орналасуын атады. Коралл банкалары – бір бірімен бірігіп кеткен ізбесті коралдар. Коралл аралдары тропикалық теңіз жағалауларында су бетіне шығып жатқан ізбесті коралдар жиынтығы. Мангр өсімдіктері - тропикалық зонаның мәңгі жасыл өсімдіктер бірлестігі, тыныс алу тамырлары су бетіне шығып, бір бірімен байланысып жатады.Мысалы: Қызыл теңіз, Үнді, Гвинея; Мексика шығанағы т.б. Қамысты жаға – фитогенді, қамыс типтес өсімдіктер өкен жаға. Мысалы:Каспий теңізі.



Өзін бақылауға арналған сұрақтар:Жағаны қалыптастырушы негізгі процестерді ата.

Тірі организмдер жағаның қандай түрлерін қалыптастырады?



Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8,9.
6. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ.



Тақырыбы


Практикалық сабақ мазмұны

апта

әдебиет

1

2

3


4

5



6

7


8

9
10


11

12


13


14

15



Геоморфологиялық карта.

Рельеф түрлерінің классификациясы.


Планетарлық рельеф

Дүние жүзі мұхит түбінің морфоструктурасы.


Жазықтар мен таулар морфологиясы.


Вулкандық рельеф

Флювиальды рельеф

Флювиальды рельеф

Карст рельеф
Суффозды рельеф

Көшкін рельеф

Мұздық рельеф

Тоң рельефі


Эолды рельеф

Жағалық рельеф


1- тапсырма:Геоморфологиялық карта легендасымен таныс. Картаны құрастыруда қандай принциптер негізінге алынған ? Геоморфологиялық картада:

а) материктік плейстоцендік мұздық облысына тән жаңарған таулар рельеф формалары

ә) жас платформалардағы аридті денудациялық рельеф формалары

б) кайназой қатпарлығы облысындағы криогенді вулкандық үстірттер рельеф формалары

в) жас платформалардағы аккумулятивті жазықтықтағы рельефтің флювиальды формалары қалай бейнеленген?

1 тапсырма:.Дүние жүзі контур картасына әрбір материк үстіне негізгі алып жатқан геотектуралар мен морфоструктуралар: платформалы-жазықты және орогенді (таулы) типінің аудандарының проценттік қатынасын көрсететін дөңгелек диаграмманы құр. Диаграммаларды салыстыр.


1 тапсырма:5 кестені пайдаланып жер бетінің биіктік және тереңдік деңгейін көрсететін гипсографиялық қисық сызықты тұрғыз. Гипсографиялық қисық сызық миллиметрлік қағазда тұрғызылады. Абцисса осіне жер беті ауданы, ордината осіне биіктіктер мен тереңдіктер салынады. Қолайлы масштаб: г 1см-25 млн.км², в 1см-1000м.

1-тапсырма:Орографиялық картаны және атласты пайдаланып дүние жүзілік контур картаға төменде берілген номенклатура бойынша дүние жүзі мұхит түбінің рельеф формаларын шартты белгілермен сал.

1-тапсырма:Жазықтардың негізгі генетикалық типтеріне сиапттама бер: платформалық, таулы, абразиялық.


Контур картаға негізгі ірі жазықтар мен тауларды шартты белгілер бойынша түсір.

1-тапсырма:Атластың көрсеткіші көмегімен 42 кестеде берілген жанартауларды тауып, шартты белгімен контур картаға белгіле, атауларын жаз.


1-тапсырма.Су айрық баурайынан топырақтың шайылуының негізгі заңдылығын анықта. Ол үшін алдын-ала баурайдың әр түрлі бөлігінен 1 га. Ауданынан шайылған материал мөлшерін есептеу қажет. (56 кесте) 100 м² (аудан ұзындығы 100м, ені 1 м) ауданнан шайылатын материал көлемі (м³) – жыраның орташа ені мен оның орташа тереңдігіне және орташа ұзындығы мен санының көбейтіндісне тең. 1га ауданның топырақ шайындысы мына формуламен есептеледі. R=V· 100 , мұндағы R- шайынды, м³/га; V- 100м²/м³ ауданындағы шайынды материал көлемі.

Су айрық баурайының көлденең профилін құр және оның баурайындағы топырақтың шайылу дәрежесін бағаналы диаграмма түрінде көрсет.



1-тапсырма:Дәптерлеріңе меандрланатын өзеннің арна бөлігіннің схемасын сал. Осы схемаға шартты белгі арқылы мына элементтерді көрсет: иірім, сумен шайылатын жаға, арна маңы қайраңы, вал, стержендік ағыс, иірім түбіндегі ағыс, өзен ағысының бағыты.

2-тапсырма:24- суретті пайдаланып жайылманың типін анықта, қалыптасуын түсіндір.(опырылған, сегменттік, қатар-жалды)

3-тапсырма:.Дәптерлеріңе өзен аңғарының көлденең қима схемаларын сал және оларға қысқаша сипаттама бер. Террасалардың типін анықта (аккумклятивті, цокальды, эрозионды).

1-тапсырма:Дүние жүзілік контур картаға шартты белгімен карст рельефінің таралу жерлерін түсір. Тапсырманы орындау кезінде геологиялық және тектоникалық картаны пайдалан. Бұл жерлерде карст рельефінің түзілуі қандай геологиялық процестерге байланысты?

1- тапсырма:.Географиялық атласты пайдаланып, суффозды рельеф тараған аудандарды анықтап, контур картаға шартты белгімен түсір.

1-тапсырма:.28 сурет бойынша көшкін рельеф формаларына сипаттама беріп және пайда болу процесін түсіндір.

1-тапсырма:Дүние жүзілік контур картаға Солтүстік Америка және Евразия материгінде тараған төрттік дәуірдегі мұз басу кезеңінің оңтүстік шекарасын түсір.

1-тапсырма. Дүние жүзі контур картасына жер бетінің криогендік аймақтарының шекарасын түсір. Карта бойынша көп жылдық тоң рельеф формаларының таралуын сипаттап бер.

1-тапсырма:38 суретті пайдаланып эолды рельеф формаларының типтерімен таныс және олардың дамуын түсіндір.

1-тапсырма:37 суретті пайдаланып, жағалық рельеф типтерін анықта.

1

2

3


4

5



6

7


8

9
10


11

12


13


14

15


6

130 б,

5

133 б,
4



9 б,

4

38 б,


5

6



114-115
5

135-137


4

39-40 б,

4

42 б,


3

4

44 б,


4

44-45 б,


4

49 б,


4

51 б,
4

51б,



7.ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
1 практикалық сабақ

Тақырып:Геоморфологиялық карта.

Мақсаты: Геоморфологиялық карта легендасымен танысу және талдау жасау.

Практикалық сабақ мазмұны:


1.Геоморфологиялық карта легендасымен таныс. Картаны құрастыруда қандай принциптер негізінге алынған ? Геоморфологиялық картада:

а) материктік плейстоцендік мұздық облысына тән жаңарған таулар рельеф формалары

ә) жас платформалардағы аридті денудациялық рельеф формалары

б) кайназой қатпарлығы облысындағы криогенді вулкандық үстірттер рельеф формалары

в) жас платформалардағы аккумулятивті жазықтықтағы рельефтің флювиальды формалары қалай бейнеленген?

Әдістемелік нұсқау: Студентке геоморфологиялық карта таратылып беріліп, картаның шартты белгісімен танысып, тапсырмада берілген сұрақтарға жауап беріледі. Талдау қортындысы дәптерге жазылады.

Әдебиет:

Н.П.Неклюкова Практикум по общему землеведению. М, 1977. 130 бет, 1- тапсырма


2 практикалық сабақ

Тақырып:Рельеф түрлерінің классификациясы.

Мақсаты:Рельеф түрлерінің классификациясымен танысу.

Практикалық сабақ мазмұны

Дүние жүзі контур картасына әрбір материк үстіне негізгі алып жатқан геотектуралар мен морфоструктуралар: платформалы-жазықты және орогенді (таулы) типінің аудандарының проценттік қатынасын көрсететін дөңгелек диаграмманы құр. Диаграммаларды салыстыр.


Әдістемелік нұсқау:Тапсырмада берілген кестені пайдаланып, материк үстіндегі платформалы- жазықты және орогенді типін пропорция құру арқылы проценттік қатынасын есептеп, контур карта үстіне дөңгелек диаграмма салынады.

Әдебиет:


К.В.Пашканг. Практикум по общему землеведению. М, 1982 133 бет, 2 тапсырма
3 практикалық сабақ

Тақырып:Планетарлық рельеф.

Мақсаты:Миллиметрлік қағазға жер бетінің биіктік және тереңдік деңгейін көрсететін гипсографиялық қисық сызықты тұрғызу.

Практикалық сабақ мазмұны

5 кестені пайдаланып жер бетінің биіктік және тереңдік деңгейін көрсететін гипсографиялық қисық сызықты тұрғыз. Гипсографиялық қисық сызық миллиметрлік қағазда тұрғызылады. Абцисса осіне жер беті ауданы, ордината осіне биіктіктер мен тереңдіктер салынады. Қолайлы масштаб: г 1см-25 млн.км², в 1см-1000м.



Әдістемелік нұсқау:Тапсырмада берілген кестені пайданып, есептеу арқылы миллиметрлік қағаз бетіне берілген масштабты пайдаланып жер бетінің биіктік және тереңдік деңгейін көрсететін гипсографиялық қисық сызықты тұрғызады.

Әдебиет:

Г.Ж.Абдушева Жертану практикумы. Орал, 2004. 9 бет.


4 практикалық сабақ

Тақырып:Дүние жүзі мұхит түбінің морфоструктурасы.

Мақсаты: Дүние жүзі мұхит түбінің рельефімен танысу.

Практикалық сабақ мазмұны


Орографиялық картаны және атласты пайдаланып дүние жүзілік контур картаға төменде берілген номенклатура бойынша дүние жүзі мұхит түбінің рельеф формаларын шартты белгілермен сал.

Атлант мұхиты.

Жоталар Қазан шұңқырлар Шұңғымалар

Африкандық- Антарктикалық Ангола Пуэрто-Рико

Кит Аргентина Романш

Рейкъянес Африкандық-Антарктикалық Солтүстік-Сандвичев

Солтүстік-Атлант Бразилия

Оңтүстік –Атлант Гвиана Үстірттер

Оңтүстік- Антиль Кап Бермуд

Солтүстік-Американдық Гвиней

Солтүстік-Африкандық Риу-Гранди

Үнді мұхиты.

Жоталар ,көтерілу Қазан шұңқырлар Үстірт

Араб- Үнді Австралия-Антарктикалық Крозе

Шығыс-Үнді Батыс-Австралия Шұңғыма

Батыс-Үнді Корозе Ява

Кергелен Мадагаскар

Орталық Үнді Сомали

Автралия-Антарктика Орталық Үнді

көтерілуі



Тынық мұхиты.

Жоталар,көтерілулер Қазан шұңқырлар Шұңғымалар

Шығыс-Тынық мұхиты Беллинсгаузен Алеут

көтерілуі Перуан Бугенвиль

Гавай Солтүстік-Шығыс Кермадек

Император таулары Солтүстік-Батыс Курил-Камчатка

Лайн Филиппин Мариан

Туамоту Орталық Перуан-Чили

Оңтүстік- Тынық мұхит Чили Тонга

көтерілуі Оңтүстік Филиппин

Жапон


Солтүстік Мұзды мұхиты.

Жоталар Үстірт Шұңғымалар

Гаккель Норвег Бофорт

Ломоносов Макаров

Менделеев Нансен.



Әдістемелік нұсқау:Контур картаға тапсырмада берілген мұхит түбі рельефінің номенклатурасын пайдаланып, атластан тауып шартты белгі бойынша салынады.

Әдебиет:


Г.Ж.Абдушева Жертану практикумы. Орал, 2004. 38 бет.
5 практикалық сабақ

Тақырып:Жазықтар мен таулар морфологиясы.

Мақсаты: Жазықтар мен таулар морфологиясымен танысу.

Практикалық сабақ мазмұны

Жазықтардың негізгі генетикалық типтеріне сиапттама бер: платформалық, таулы, абразиялық.


Контур картаға негізгі ірі жазықтар мен тауларды шартты белгілер бойынша түсір.

Әдістемелік нұсқау:Дәптерге жазықтар мен таулардың генетикалық типтеріне жазбаша сипаттама беріліп, жазықтар мен таулар номенклатурасы бойынша контур картаға түсіріледі.

Әдебиет:


Н.П.Матвеев ред. басшылығымен Практикум по общему землеведению. М,1981. 83-85 бет
6 практикалық сабақ

Тақырып: Вулкандық рельеф.

Мақсаты: Вулкандық рельефтің таралуымен танысу.

Практикалық сабақ мазмұны

1.Атластың көрсеткіші көмегімен 42 кестеде берілген жанартауларды тауып, шартты белгімен контур картаға белгіле, атауларын жаз.


Әдістемелік нұсқау:тапсырмада берілген кестедегі вулкандар сипаттамасын дәптерге жазып, кейін атластан тауып, контур картаға салынады.

Әдебиеттер:


1.Н.П.Неклюкова Практикум по общему землеведению. М,1977.114-115б; (151 тапсырма)
7 практикалық сабақ

Тақырып: Флювиальды рельеф.

Мақсаты:Флювиальды рельеф түзуші фактормен танысу.

Практикалық сабақ мазмұны


Су айрық баурайынан топырақтың шайылуының негізгі заңдылығын анықта. Ол үшін алдын-ала баурайдың әр түрлі бөлігінен 1 га. Ауданынан шайылған материал мөлшерін есептеу қажет. (56 кесте) 100 м² (аудан ұзындығы 100м, ені 1 м) ауданнан шайылатын материал көлемі (м³) – жыраның орташа ені мен оның орташа тереңдігіне және орташа ұзындығы мен санының көбейтіндісне тең. 1га ауданның топырақ шайындысы мына формуламен есептеледі. R=V· 100 , мұндағы R- шайынды, м³/га; V- 100м²/м³ ауданындағы шайынды материал көлемі.

Су айрық баурайының көлденең профилін құр және оның баурайындағы топырақтың шайылу дәрежесін бағаналы диаграмма түрінде көрсет.



Әдістемелік нұсқау:Дәптерге тапсырмада берілген формула бойынша топырақ шайындысы есептеліп, шайылу дәрежесін көрсететін бағаналы даиграмма салынады.

Әдебиеттер:


К.В.Пашканг Практикум по общему землеведению М, 1982135-137 бет, 3-тапсырма
8 практикалық сабақ

Тақырып: Флювиальды рельеф.

Мақсаты:Меандр, жайылма, терраса, өзен аңғарының құрлысымен танысу.

Практикалық сабақ мазмұны

1.Дәптерлеріңе меандрланатын өзеннің арна бөлігіннің схемасын сал. Осы схемаға шартты белгі арқылы мына элементтерді көрсет: иірім, сумен шайылатын жаға, арна маңы қайраңы, вал, стержендік ағыс, иірім түбіндегі ағыс, өзен ағысының бағыты.





  1. 24- суретті пайдаланып жайылманың типін анықта, қалыптасуын түсіндір.(опырылған, сегменттік, қатар-жалды)



3.Дәптерлеріңе өзен аңғарының көлденең қима схемаларын сал және оларға қысқаша сипаттама бер. Террасалардың типін анықта (аккумклятивті, цокальды, эрозионды).



Әдістемелік нұсқау: Дәптерге тапсырмада берілген меандр, жайылма, өзен аңғарының көлденең қимасын, террасаның схемалық сызбасын салып, олардың түрлеріне қысқаша сипаттама беріледі.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет