Жасампаздық қиырында



бет5/18
Дата20.06.2018
өлшемі406,43 Kb.
#43874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

КІШІ ӘЛЕМ

Ғаламдағы барлық нәрсе бірдей жаратылмаған. Бірақ пайда болу мен даму қашан да кіші көлемнен бастау алады. Ғалам кеңістігі қанша шетсіз, шексіз делінсе де оны бос жатқан бір кең дала деуге тағы да негіз жоқ. Ғалым-ғарышкерлер мінген бұл алапат жұлдызаралық кеме де сол кеңістікте кездескен газ бен тозандардан күш пен қуат алып, ұшуын жалғастырып келеді. Тек бұл Ғалам кеңістігінде тіршілікке қолайлы деген ғаламшарлар ғана аз. Өздері Жерден ұшпай тұрғанда «Саналы тіршілік иелері бар» деп есептелген әлгі ғаламшар да иесіз болып шықты Күн жүйесіндегі төртінші ғаламшар - Қызыл ғаламшардың тағдырын қайталағандай болып шыққаны да ғарышкерлерге жеңіл соққан жоқ. Соған қарамастан ғарышкерлер оған қонып, көп нәрсені анықтады. Жерге алып баруға қажет деген ғылыми мәліметтердің бәрін де алды Ендігі бағыттары - кіші әлем. Кіші әлемді іздеу, оған ұшып бару жоспарларында жоқ болса да, ғарышкерлер ұлудай адамның мекенін бір көріп қайтуды жөн санады. Өздері қонып жатқан ғаламшарда саналы тіршілік иелері кездеспесе де, онан алынған қажетті заттар да бір қуаныш болды. Ол заттар мен жанармай ғарышкерлердің одан әрі қарай ұшуларына негіз де еді.

Ғаламшардан ұшып шығып, жұлдызаралық жолға түсіп, біршама уақытты кейінге ысырған соң ғарышкерлердің негізгі назары қайтадан ұлудай адамға ауа бастады. Оның ғажайып кіші әлемін бір көрігі қайтудың өзі де бір ғанибет емес пе? Тәкен басқаратын ғарышкерлер тобы сондай бір арман-мақсатпен ерекше бөлек бір құлшыныска ие болған. Тек бәрін де ара-тұра естеріне түсетін Жердегі, елдегі ата-ана, туған туыстар мен дос-жарандар ойларына түскенде кәдімгідей мұңайып қалады. Олардың бәрі де әлдеқашан бақилық болып та кетуі мүмкін ендігі. Ал кейінгі ұрпақтардан болса да телебайланыс жоқ. Жер мен арақашықтық ұзарған сайын телебайланыстың болуына деген сенім де азайып барады ғарышкерлерде. Ендігі жағдайды да, жоспарды да ғарышкерлер тіке өзара ақылдасып қана шешеді. Сол шешімдердің бірі осы. Соншама жерден ұшып келгенде тағы бір құпияны аша кетпеу ғарышкерлердің азаматтық арларына сыймайды.

Жерге оралғанда қолдарында ел адамдары елең ете қалатын қандай да бір ғылыми нақты мәліметтердің болуы да қажет емес пе? Ол өздері үшін үлкен абырой болмақ. »Бір жоқты бір жоқ табады» дегендей, ғарышкерлер Ақлағыл жұлдызының жанындағы ғаламшардан саналы тіршілік иелерін табамыз деп жүріп, енді ойлмаған жерден ұлудай адамға тап болды. Енді тек оның қыр-сырын анықтау ғана қалған. Осы құпияны ашып оралса, Жердегілерге сыйлаған ең қымбат сыйлық та сол болар еді.

Ғалам соншама ғаламат болғанымен ол да бөлшектерден тұрады. Содан құралған. Ол бөлшектің ең кішісі адам көзіне ілікпейді. Онан кейінгісі шаң-тозаң, қиыршықтар. Одан әрі қарай майда тас, кесек, үлкен тас кішігірім аспан денесі болып ұлғая береді. Ең үлкені алып ғаламшар болғанның өзінде кеңістікте ондайлардың да мың-саны бар. Ғарышкерлер ергежейлі адамдар дегенді де, ергежейлі жұлдыздар дегенді де көптен бері жақсы біледі. Ондайлар ғарышкерлерге таңсық та емес. Ал бірақ кіші әлем дегенді ешқайсысы да бұрын-сонды көз алдарына елестетіп көрмеген. Сондықтан да ол бәріне де аса таңсық нәрсе еді. Бейтаныс ғаламшарды зерттей жүрып, ғалым-ғарышкерлер көп нәрсені анықтады. Бірақ оның тұрғындарымен жүздесудің реті келмеген. Ол өркениеттен кеш қалған.

Бұл жұлдызаралық сапарда кезіккен бірінші жағдай еді. Жұлдыздар да, ғаламшарлар да мәңгілік емес. Тіпті, Ғаламның өзі де уақыт жылжуына қарай өзгеріске ұшырайды. Fаламмен салыстырғанда, ғаламшар бір түйір дән ғана сияқтанып көрінеді. Солай бола тұрғанмен де оның бетінде қаншама тіршілік әрекеттері өтіп жатады. Қаншама тағдыр бар. Адам пенде болған жерде бәрі де кездеседі.

Ғаламшар жайлы толық мәлімет алғаннан кейін Тәкен сапарластарын арнайы мәжіліс залына жинап, қорытынды жасады. Олар: «Ғаламшарда тіршілік болған. Тек қандай да бір себептен ол жойылып кеткен. Оның бетіндегі жыпырлаған қазаншұңқырлар, ойпаттар, теңіз бен өзендердің, мұхиттардың кеуіп қалған арналары мен орындары соның бұлжымас дәлелі. Ара-тұра кездесетін ежелгі қалалардың орындары да мұнда жоғары мәдени дамудың өркендегенін білдіреді» деген тұжырым жасады ғарышкерлер. Содан кейін кеме ішіндегі күрделі жүйелерді тағы да бір мұқият тексеріп шығып, сапарларын одан әрі қарай жалғай беруді ұйғарды. Мәжіліс кезінде ғарышкерлер ұлудай адаммен де кеңесіп отыр- ды. Ол өзінің кіші әлемі жөнінде біршама мәліметтер берген.

Тәкен оның сол мәліметгеріне сүйене отырып, сапарды батыл жалғастыра беруді мақұлдады. Кіші әлемге кемедегі орталықрасытханадан тікелей бақылау жүргізуді де қолға алды. Сол қуатты сыңардүрбі арқылы кіші әлемге көз жібергенде, онан жыпырлаған майда жұлдыздар мен ғаламшарлар байқалды. Олар Жерден қырағы көзбен қарағандағы Үркер жұлдыз шоғырындай әсер берді. Ал ұлудай адамның өзі бүгін ол бір үлкен, ғаламат әлем. Оған, тіпті, олар Күн жүйесіндегі ірі-ірі ғаламшарлардай көрінсе керек. Енді Сәрсенбі Сапарұлы өзінің ісіне құлшына кіріскен. Ол кіші әлемді сыңардүрбі арқылы тек қана тікелей бақылап қана қойған жоқ. Сонымен бірге ол тұстан шығып жатқан әлсіздеу радиодабылдарды да қабылдап, мұқият тыңдап, арнайы күрделі жүйелер арқылы анықтап отырды. Ол ғаламшарлардың үшеуінде тіршілік белгілері бар болып шықты. Ұлудай адам алдамапты.

Енді саспай ұшуға болады!— деді Тәкен сенімді үнмен барлық мәліметтер толығымен алынған соң.

- Иә, енді бізді қызықты кездесулер мен тілдесулер күтіп тұр! - Сәрсенбі риясыз жымия Тәкенге қарады.

- Бұлар өзі дамудың жоғары сатысына көтерілген адамдар сияқты?

- деді бір кезде Сейдолла.

- Онысы көрініп те тұр. Қолымызда олардьщ бір өкілі бар емес пе?

— деп Тәкен иллюминатордан сыртқа бір қарап қойды.

Осыдан кейін ғарышкерлер сыңардүрбіні қайта жинақтап, орталық расытхананың есігі автоматты түрде өз өзінен жабылысымен дәлізге түсіп, жайымен кеменің басқару пульті бар басқы бөлмеге оралды. Кеме ішіндегі күнкестеге де әбден үйреніп алыпты. Оның үстіне өздері болған ғаламшардағы тыныштық та тап бір Жерге қайтып оралғандай әсер берген екен. Енді кеменің күрделі жүйелерінің ызыңы мен кеме денесініңдірілі, тағы басқадай дыбыстар қайтадан үйреншікті көрініске көше түскен. Бірақ, қанша дегенмен де соның бәрі де ғалым-ғарышкерлерді жалықтыра бастағандай. Қанша елсіз десе де қонып, қайта ұшып шыққан ғаламшардың ұлы даласы әсерсіз қалдырмаған. Егер онда тап Жердегідей жағдай болғанда, ғарышкерлер, бәлкім, сонда бірер тәулік бойы дамылдап, жасыл әлеміне аунап-қунап, әл жинап алған да болар еді. Тіршілік белгісі болмаған соң, тек аттанып кетуге тура келген. Бірақ ол әрекеттері де бос әурешілік болған жоқ. Сол аялдаған кезде кеменің анау-мынау ақауларын реттеп, жанармайын толықтырып, көптеген нәрселерді ретке келтіріп те алды. Жануарлар мен құстар әлеміне назар аударып, анау-мы- нау қоқыстарын да тастады. Тек содан кейін ғана аттанған. Бар мәселені өздері ғана шешетін болғандықтан да уақыт жоғалтпай ұшып жөнелген. Енді міне, одан қаншама ұзап кетсе де, сол бір демалған сәттері, тыныштық сәттері естерінен еш кетер емес.

Бұл дүниеде уақыт дейтін жылжымалы көлік бар. Дүниедегі барлық нәрсе де осы уақытқа бағынады. Уақыт ешкіммен де, ештемемен де санаспайды. Мейлің отыр, мейлің жат, мейлің күл бәрібір уақыт өтіп жатыр. Сондықтан да уақытпен санаспауға болмайды. Уақыт әсіресе, осы жұлдызаралдық сапардағы ғарышкерлер үшін қымбат. Онымен санаспауға еш шаралары да жоқ. Өздері Қызғылт ғаламшар деп ат қойған ғаламшарда болған сәттер де демде өте шықты емес пе? Аз болдық дегеннің өзінде ғалым-ғарышкерлер онда бір апта уақыт өткізіпті. Ол - қасиетті жеті санымен саналатын жеті күн. Ол ғаламшардағы уақыт Жер тәулігімен шамалас болған соң да онда уақыт санау да қиынға соқпаған. Кемедегі күн кестесімен де сайма-сай келген. Ғарышкерлер үшін ол да бір үлкен жеңілдік еді. Әйтпесе, уақыт айырмашылығының өзінің адам денсаулығына, ұйқысы мен жұмыс жасауына бөлек әсер етеді.

Сөйтіп, ғаламшардан ой бөлетін уақыт та келді. Бір аптаның ішінде ғарышкерлер тіршіліксіз деген ғаламшардың өзінен осындай бір әсер алған. Оның үстіне ұзақ ұшудан кейінгі бір тыныштық қай қайсысына да жаққан-ды. Бірақ енді оған оралуға мүмкіндік бар ма. Енді қай қайсысы да тереңінен ойласа, Жер ғаламшары түгілі, тұтастай Күн жүйесінен тыс жұлдызды әлемдегі бір ғаламшардың үстінде болыпты. Бірақ соның өзі де Жерге, елге деген ұлы сағыныштарын сәл уақытқа болса да оятып тастаған жоқ па еді? Кейінде қалған ғаламшарға айналшықтай беретіндері де сол еді бір жағынан . Ғарышкерлер ғаламшардан ұшпай тұрғанда Жер туралы шағын бейнефильмді көріп те алған болатын. Сағыныш құдіреті деген де

- осы. Адам пендені естігеннен гөрі көрген нәрсесі көбірек толғандырады емес пе? Сол бейнефильм ғарышкерлердің қай қайсысына да Жердегі, елдегі ата-ана, туыс пен дос-жарандарды қайтадан осы жұлдызаралық кеменің ішіне әп-сәтте алып келгендей де әсер берген-ді. Ғарышкерлердің біршама кешігіп барып аттануларына да сол бейнефильм себеп болғандай.

Бірақ ол ғаламшардан ұшып шығарда кеменің төңірегінде бір де бір жан баласы болған жоқ. Байқоңырдағы сияқты тынымсыз ұшып-қоныпжатқан ғарыш кемелері де кездеспеді онда. Тек өздері. Өздері ғана сапарларына сәттілік тілеп аттанған. Сол жалғыздық та енді қай қайсысын да жалықтыра бастағандай. Тек енді бәрінің де көңілдерін бөлген бірі ғана адам - ұлудай адам бар. Оның адам деген аты болмаса, қимыл-әрекеттері саналы адам әрекетіне ұқсағаны болмаса, онымен тілдесуді былай қойғанда, адамша араласып-құраласудың өзі де еш мүмкін емес еді. Тек дыбыс күшейткіші бар, экранда ұлғайтып көрсеткіші бар арнайы күрделі құрал арқылы ғана тілдесіп, іс-әрекеттерін бақылауға тура келеді. Соның өзінде де Тәкен одан көп нәрсені біліп алған. Ми құпиясының, қабілетінің шегі жоқ десе де болғандай бұл тұста. Соншалықты кішкентай адам өзіне тән тіп-титтей ғана миымен Ғаламның көп сырын біледі. Өзінен жүз есеге үлкен ғарышкерлерге ақыл айтады.

Ғарышкерлер ұлудай адаммен осылайша тілдесіп жүрсе де сол ғаламшардан ұшар алдында іштей қатты қиналған. Оған бәрі де бейнебір Жерге бауыр басқандай бауыр басып та қалыпты-ау. Өйткені алдарында әлі ұзақ осы жұлдызаралық сапар бар еді. Кіші әлемнің құлия-сырын ашу да оңай емес-ті. Сондықтан да көп ойланып-толғануға негіз де жоқ болатын. Осыншама ұзақ жұлдызаралық сапардан ғылыми мәліметтер алмай жаңалықсыз оралу ғарышкерлерге қол емес. Кішкентай болса да сол әлемді бір көріп қайтудың өзі неге тұрады. Адам баласы тіпті, жер бетіндегі тынымсыз қыбырлаған құмырсқаларды да бақылап-зерттеген жоқ иа. Адам пенде қанша саналы болса да табиғаттағы құбылыстар мен ондағы небір тіршілік иелерінен көп нәрсені үйренеді де. Әуеге ұшу дегеннің өзі де құстарға, инеліктер мен көбелектерге және тағы басқадай ұшатын жәндіктерге елігуден бастау алған жоқ па. Ендеше, кіп-кішкентай әлемнің тұрғындарынан да көп нәрсені үйренудің мүмкіндігі тумақ. Ғарышкерлерді алға қарай итермелеген де осындай талпыныстар еді.

- Ал, енді жұлдызаралық тұлпарымызға жылдамдық қосалық!-деді біршама ой-толғамдардан соң Тәкен достарына бұрылып.

- Түсіндік! От қосылсын! - деді Сәрсенбі жалпақ панельден бір түймені сұқ саусағымен жай ғана нұқып.

- Ал тарттық жылдамдатып!- Тәкен де тағы бір түймені нұқып.

- Қарандаршы, достар, - деді сол ккезде азамат кеме терезесінен сыртқа көз тастап, - кемеміз жұлдыз дегеннің бәрін де кейін қарай ысырып барады! Ғаламның дархандығынан бұл! Кең дүниеге не жетсін, шіркін, Бар дүние әлемі кәз алдымызда!

- Біраз уақыт аса қатты жылдамдықпен ұштық. Көп жол кейінде қалды. Енді кіші әлемге таяп та қалдық. Сапарымызды енді еш қорықпай- ақ жалғастыра беруімізге болады, - деп қойды биолог Жақан.

- Әлем ғажап! Мұндай кіші әлем бар деп, болады деп кім ойлапты? Түйе іздейміз деп жүріп, қойға тап болғандай күй кешіп келеміз Мына ғаламат әлеммен салыстыра қарағанда, Күн жүйеміз де кіші бір әлем емес пе?

- Иә, кіші әлем! Ал бірақ мыналардың жөні бөлек, - деді Сәрсенбі иллюминатордан кішкентай ғана ақ тұмандыққа көз салып.

- Өзіміз баратын кіші ғаламшардың көлемін өлшеңдерші, - деді кеме өздері болған Қызғылт ғаламшардан көп алыстаған соң Тәкен.

- Қазір...

Астрофизик Сәрсенбі Сапарұлы үлкен панельдегі төрт қырлы экраны бар құралдан бір-екі түймені нұқып, оған қадала қарап қойды. Соның артынша экран бетінде кішкентай ғаламшардың схемалық бейнесі пайда болды. Ұлғая берген сол бейнеде көлденең және тік сызық сызылды. Содан соң онда цифрлар жазылды.

- Түсінікті, - деді оған қадала қараған Тәкен, - кіші әлемнің диаметрі 900 метр ғана...

- Бұл Күн жүйеміздегі кішігірім ғаламшардай-ақ деген сөз, - деді астрофизик.

- Иә. Көрініп тұр. Ал оның айналасындағылары ше?

- Қазір...

Сәрсенбі сұқ саусағымен тағы бірнеше түймені нұқыды. Экран бетінде тағы да бірнеше цифрлар жазылды. Ол ғаламшарлардың көлемдері жаңағыдан да аз болып шықты. Кішкентай ғана ғаламшарлар бір жерге жиналыпты. Өздерінің Күнін айнала қозғалып жүр. Күн жүйесіндегі ірі-ірі ғаламшарларға үйреніп қалған ғалым-ғарышкерлерге ол ғажайып көрініске айналған. Кеме белгілі бір жылдамдығын алып, біркелкі ұшу басталған кезде ғарышкерлер орталық расытхана бөліміне келіп, ондағы аса қуатты бақылау құралымен сол кіп-кішкентай әлемге көз жіберген. Тәкен қолындағы ұлудай адамды сол бір көзбен бақылау жүргізетін шыны көзге апарған. Бірақ бақылау құралы ерекше бірдеме болып сезілсе керек, ештемені де байқап ажырата алмады. Адамның көзінің шеңберінен де үлкен шыны көзден ол қалай бақыласын, жұлдызды әлемді. Мұқият қарағанда да ол бір ғажайып болып көрінер еді. Дегенмен, ұлудай адам өзінің жұлдызды жүйесін, ғаламшарын таниды.

- Ғаламшарларыңыз қалай аталады? - деді көрсетіп болған соң Тәкен.

- Алып шар дейміз, - деді ұлудай адам күшейткіш, тілмаш арқылы.

- Бұл қызық екен, - деп Тәкен сәл ғана жымиып қойды.

- Бәлкім, біздің Жеріміз де Ғаламдағы бір алып адамдар үшін кіп-кішкентай ғана ғаламшар болып көрінетін болар. Ал ол өзімізге өте үлкен аспан денесі емес пе? - деді астрофизик.

- Оның рас. Тіпті, осы бала кезімізде тобелер мен шағын таулардың өздері де өте үлкен болып көрінетін еді ғой. Ал есейгенде олардың бәрі де шағын болып кеткендей болған жоқ па?

- Дәл солай, - деді оған Сейдолла, - соңғы кездері, осы сапарға аттанбай тұрған кезімізде ауылымызға барғанымызда бала кезімізде үлкен санаған таулардың өздері де шағынданып кеткендей болған.

- Адамның санасы өскен сайын айнала қоршаған дүниеге деген түсінігі де тереңдей берген - деп геолог Азамат жеңіл күрсініп қойды.

- Есіміз кірген соң көптеген нәрсені білдік. Жалпы адамзаттың санасы да солай. Бір кездері Күн жүйесі түгілі, Жердің өзі де ешқашан да игерілместей, адам біліп болмастай ғаламат үлкен болып көрінген. Адам білім мен ғылымды дамыта отырып оны жақсы игерді. Содан соң шетсіз де шексіз көрінетін Күн жүйесінің де төңірегін қамтыды. Енді міне, жұлдызды әлемді шарлап келеді.

- Адам баласы құдайдың нағыз еркесі, - деді Тәкен ілгері қарап, - адамға барлық мүмкіндік берілген. Не істеймін десе де, қалай өмір сүремін десе де өз еркі. Онымен шектелмей Ғаламды танып-білуге де талпынады...

Осыны айтып Тәкен кідіріп қалған. Бұл кезде кеме жылдамдығы біршама болса да баяулап, жан жақтағы жұлдыздар мен ғаламшарлар ақсызаттанып, кейін қарай өтіп кетіп жатыр, өтіп кетіп жатты. Кейбір жұлдыздар шоқ ұшқандай жарқ етеді де, көріп үлгергенше көзден ғайып болады. Бұл қанша дегенмен де, кеме жылдамдығының шынымен-ақ баяулай бастағанының нағыз бір дәлеліндей еді. Енді ғалым-ғарышкерлер кіші әлемді алдын ала зерттеуді аяқтап, қайтадан басқару пульті бар басқа бөлімге келген. Ондағы үлкен дөңгелек иллюминатор арқылы біршама бақылау жүргізген соң демалыс жариялаған.

ЖЕРДІ АҢСАУ

Ғалым-ғарышкерлер жұлдызды әлемге тереңдей енген сайын туып-өскен Жерді, елді жиі еске алумен болды. Өйтпеске шаралары да жоқтай. Жерден ұшқанға дейін кеме іші мен жұлдызды әлем кызық көрінсе, енді кеме іші шектеуленіп, жалықтыра да бастаған. Олар, тіпті, Жерде, елде жүрген кездерінде әуе кемесімен бір қаладан екінші қалаға ұшқанда сол аралықта өтетін үш-төрт, кейде алты сағаттың өзін әзер өткізетін. Жұлдызаралық сапар болса, бейнефильмнен көргенде ғана қызық. Өйткені, ол көріністер көрермендердің көз алдында небәрі бір жарым немесе екі сағаттың ішінде өтеді. Бірақ, бейнефильмнің бір кұдіреті сол, оқиғаларды шебер үйлестіріп, жігін білдірмей де жібереді. Бірнеше, тіпті одан да көп уақытты қамтитын оқиғаны көрермен сол қалпында қабылдайды. Бұл да уақытты қысқартудың бір жолы болатын. Ал жолаушы әуе кемесімен ұшып кетіп бара жатқанда, олар жалықпас үшін стюардессалар неше түрлі ойындар ұйымдастырады, сувенирлер сатады, бейнефильм таратады, газет-журналдар таратады, сусын, тамақ береді, анау-мынау заттарды шағын көрмеге қояды. Сөйтіп, жолаушыларды зеріктірмеуге тырысады.

Ал мына соншама алапат кемеде айналдырған алтауы ғана. Мұнда ғалым-ғарышкерлер қай нәрсені де өздері ұйымдастырады. Өздері жасайды. Тамақ пісіретін, қоқыстарды арнайы бөлімге жеткізетін көмекші биороботтар да бар. Бірақ олар қаншама епті, қаншама іскер болса да, санасыз. Алдын ала берілген бағдарламадан аспайды. Адамның да пешенесіне жазылған тағдыры өтіп жатады. Бірақ, адам биороботтан басқаша деңгейдегі сана- сезіммен өмір сүреді. Ғалым-ғарышкерлер де адам пенденің әрекетіне сай ғұмыр кешеді. Бірде бәрі басқару пультінде отырып, алдарындағы көздепкележатқан жұлдыз жүйесінбақылап,бірде оранжереяға барады, хайуанаттар мен құстар бөлімінде де болады. Одан кейін асханадан мезгіліне сай тамақтанып, Жер уақыты бойынша түн мезгілінде ұйқыта жатады. Осылайша зымырап етіп жатқан өмір. Не істесе де кеме ішінде.

Соңғы кездері Жерді аңсаған сезімдері ерекше күшейіп те кеткен. Олар талай peт оранжереядағы өздерінің туып өскен ауылдарын естеріне түсіретін орындарда да болған. Ал Жердің өз табиғатына не жетсін! Бәрі де ұшқанға дейінгі дайындық барысында бірге қызықтап демалған қалаларды есіне алған. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» дейді халық. Енді ойлап қараса, Жер де сондай екен. Кезінде оның бетінде асыр салып онап жүргенде де, кейін есейген сон Жер шарын әуе-ғарыш кемесімен айналып ұшқанда да ештемені ойламапты. Шектеулі орда дегеннің не екенін де енді ғана ойлағандай бәрі де. Бара жатқан ғаламшарларының да титтей ғана аспан денесі екені де белгілі. Жердегі ғалымдардың, күллі адамзаттың өздеріне үміт артып қалғаны да жасырын емес. Жұлдызды әлемнен тіршілікті ғаламшар іздеп шыққанда күтпеген жерден кіші әлемге тап болғандары да қызық болды. Енді мұнда Жер сияқты үлкен ғаламшар да жоқ. Көз алдарында бір шөкім ғана тұмандық. Ал сол тұмандық Жер ғаламшарынан тіпті ең қуатты деген сыңардүрбімен қарағанда да көзге ілікпес еді. Кіші әлем жайлы ұғым о бастан бар болса да, оны көзбен көрудің сәті енді ғана түскен. Ғарышкерлер қара ойық делінетін аймақтың кеңістікте кездесетінін жақсы біледі. Ал бірақ мұндай кіші әлемге тап боламыз деп ешқашан да ойламаған.

Уақыт өткен сайын бәрі де өзгереді. Өздері қонып, шамалы дамылдап қайта ұшқан Қызғылт ғаламшар да енді көрінбеуге айналғандай. Қанша ұзап кетсе де ғарышкерлер оған ара-тұра көз салып та қояды. Жердей әсерлі болмаса да осы кеңістіктегі жалғыз бір тіректей болып қалған еді ол саналарында. Жер ғаламшарындағыдай саф ауа, самал жел, жасыл шөп, гүл-бәйшешек, қалың орман, тау мен тас, көл мен теңіз, мұхит болғанда тіпті де бауыр басқан болар еді бәрі де. «Сондай ортада жүрген Жер тұрғындарының не арманы бар екен? Кезінде сол қасиетті Жерімізді білмеппіз ғой» деп күрсініп те алады ғарышкерлер кейде. Ал кезінде, өздері сол Жерде, елде жүргенде сол ғажайыптың бірін де қадірлемепті. Бәрі де үйреншікті нәрсе болып көрінген. Оның үстіне бәрі дұрыс болған соң адам ол табиғатты емес, өзінің күнделікті күйкі тірлігін де ойлап кетеді екен.Ол жағы да бар. Ал ұшуға таяған кезде болса да Жерден гөрі жұлдызды әлем мен жұлдызаралық сапарды көбірек ойлайтын.

Енді Жер қайда, ол заман қайда. Жерді енді кеменің ішіндегі орталық расытханадағы аса қуатты сыдардүрбі арқылы ғана бақылауға болады. Ал оның жай-жапсарын анығырақ көру үшін арнайы радиожүйелер орнатылған.

Оның өзі де аса қанағаттандырмайды. Сондықтан да ғалым-ғарышкерлер бұл жолы бейнефильм көретін бөлмеге жиналып, туып өскен Жерді еске түсіру үшін бейнефильмдер көрді. Бейнефильмдерде Жер жайлы толық бейнемәліметтер бар. Тек Жер ғаламшары ғана емес, әрқайсысының шыретіп дүниеге келген күндерінен бастап, есейіп, ержетіп, ғарышкер болғанға дейінгі өмір кезеңдерін көрсететін тамаша бейнекөріністер де сақталған. Ғалым-ғарышкерлер оларды өз кезегімен мұқият көріп шықты. Балалық балдәурен шақтарын естеріне түсіріп, бір мәз болысты. Бір біріне бала кездегі қылықтарын айтып күлісіп те алған. Көңілдеріде көтерілді. Енді ойлап қараса, сол бір туылған кезеңде бір бір перзентханада осы достар дүниеге келген екен. Ата-аналары сол балалық балдәурен шақтарынан бастап бәрін де бейнефильмге түсіріп алған. Соның арқасында, міне, енді бәрі де көз алдарына қайтып оралғандай да бір ғажайып әсер берді емес пе? Адам баласы қашан сана-сезімі жетіліп, өз өзіне келгенше ата-ананың қарауында болады. Бала санасы қашан есейгенше оянбайды. Сондықтан да балалық шақтан көп нәрсе есте сақталмайды. Ал мына бейнефильм сол санасыз кездегі барлық іс-әрекеттерін көз алдарына бұлжытпай қайта әкелген бір құдірет те болып тұр енді. Саяхатшылардың кең кеңістікте ұшып кетіп бара жатқан алапат жұлдызаралық кеме ішінде өз өзінен мәз болып жатқандары да содан.

Бейнефильмді көріп болғаннан кейін де ғалым-ғарышкерлер бір бірімен ұзақ уақыт бойы әңгімелесіп, бір жасап қалғандай күй кешті. Әңгіме барысында фильмге түсірілмеген кейбір сәттерін де естеріне алып, кезек- кезегімен әңгімені одан әрі қарай жалғастырып мәз болысты. Балалық балдәурен шақтағы қызық өмірге не жетсін. Бала кезде адам ештемені уайым етпейді, алдында ешқандай да көкейкесті мәселе болмайды. Дос болуды білгенмен, дұшпан дегенді сезіне бермейді. Өмір тамылжып тұрады. Адамдардың бәрі бірей парасатты, бәрі де қарапайым сияқтанып тұрады. Сондықтан да балалық шақ өте ыстық. Ғалым-ғарышкерлердің әңгімелері осындай-осындай нәрселерді қамтып, ұзаққа созылды. Қажет деген жерлерін бейнефильмдерден қайталап көріп те отырды.

Одан кейін бейнефильм көретін бөлімнен шығып, оранжерея мен хайуанаттар мен құстар бөлімін аралауға кірісті. Өздері бала кездерінде тау мен тастан, өзен мен көлден, орманнан көрген аң мен құстарды қайтадан бір кезіктіргендей бір күйге де көшті. Олардың көбі тыныш. Хайуанаттар жағы жатыр, құстар үнсіз ғана ағаштардың бұтақ бұтақтарында отыр. Тек кейбірі ғана тынымсыз. Қасқыр, қарсақ, шибөрі дегендер тордың арғы, ішкі жағындағы қаракөлеңкелеу індеріне кіріп алып, тұмсықтарын алдыңғы екі аяқтарының үстіне қойып, екі көздерін жылтырата бері қарай қадап тым-тырыс жатыр. Кейбіреулері ғана шағын ортада біресе олай, біресе былай тынымсыз жүгіреді. Оларда сана жоқ. Қайда ұшып кетіп бара жатқандарымен жұмысы да болмайды. Тамақ пен жатын орын болса жетіп жатыр. Адам баласы сияқты алдарына мақсат-мүдде дегенді қойып көрген емес. Өзін өзі жыртқыштықәрекетімен асырайды. Күндіз осындай салқын апан ішінде тып-тыныш жатып ұйықтап, түн мезгілінде жортуылға шығады. Қазір олардың қай қайсысы да мына ортада қамауда. Еркіндік заманы жайына кеткен. Ойлай білсе, бұлар да бәлкім, Жерді, кең даланы, еркіндікті көз алдарына әкеліп сағынар ма еді. Ұлы жаратушы оларды жаратқанымен адам сияқты сана бермеген. Ғалым-ғарышкерлер осындай ойда жүріп, олардың жай-күйін мұқият бақылап шықты. Бұл тек қызықтау ғана емес, олардың жағдайын да осылай бір барлау еді. Ғарышкерлер үшін де, бұл тіршілік иелері үшін де ендігі Жер де, ел де осы алапат кеменің өзі еді. Мына шексіз жатқан кеңістікте ішінде ауасы, суы мен орманы шағын болса да тауы мен тасы, өсімдіктері мен аң-құстары бар жалғыз кеме осы. Кішігірім болса да Жерге тән табиғат ортасы бар мұнда да. Тек бұл табиғат ортасы Жер сияқты өз Күнінің төңірегінде тынымсыз айнала бермей, жұлдызаралық сапарда өте қатты жылдамдықпен ағып ұшып барады.

Өзінше бір бөлек ғаламшар секілді. Егер осы алтаудың орнында ұлудай ғана адамдар болса, мұның ішін кішігірім Жердей етіп мекен-жайға айналдырар еді. Бір ғана оранжереяның ішін аралап шығудың өзі де оларға көп жұмыс болар еді.



Ғалым-ғарышкерлер осындай бір ой-толғам, аралу мен әсер алудан кейін одан шығып, жайымен басып, әңгімелерін одан әрі қарай жалғастыра жүріп демалыс бөлмелеріне келген. Ұлудай адамды еркіндікке қоя берген. Ол қанша қыбырлап баяу қозғалса да өзіне алапат бір дүние кеңістігіндей болып көрінетін кеме ішіне үйреніп те қалған. Енді оның ешқайда қашып та кете алмайтынына ғарышкерлер әбден кездерін жеткізген. Сондықтан да оны Жіберуге толық негіз де бар еді. Ол енді ешқайда қашып та кете алмақ емес. Ондайниеті жоқ. Ол үшін кемедегі заттардың бәрі де үлкен. Тіпті сәл жуандау деген сымның өзі де оған үлкен бір құбыр сияқтанады Ол да қыбырлай жүріп қалаған бөліміне барады. Ғарышкерлер оған титімдей ғана хабарлағыш құрал жапсырып қойған. Оның қайда екенін сол арқылы оп-оңай тауып ала алады. Солай бола тұрса да Тәкен оны өзімен бірге алып жүргенді қалайды қашан да. Онымен сирек болса да тілдесіп қойғанды ұнатады. Аса кішкентай болған соң солай етуіне де тура келеді. Оның санасы ғарышкерлердің санасынан артық болмаса, кем емес. Ғарышкерлер ол арқылы талай-талай нәрсені анықтап та алған. Осылайша күндер зымырап өтіп жатты Жер тәулігімен есептегенде. Енді міне, бүгінгі демалыс күні де өте шыққан. Уақыт шіркін, жылдам ғой. Жататын уақыт та жақындапты әне-міне дегенше. Төбе тұсы киіз үйдің шаңырағындай етіліп, жартылайдөңгелектеніп келген бөлменің төбе тұсындағы жылжымалы Күн сияқтанған шам да жылжи-жылжи күнбатыс тұсқа қарай төмендеп барып сәлден соң батып, ғайып болып, бөлме ішінде қараңғылық орнай бастаған. Бұл кұбылыс тек Тәкен жататын бөлмеде ғана емес, қалған бөлмелерде де дәл осылай еді. Бұл құбылыс сондай-ақ кемедегі хайуанаттар мен құстар бap бөлімдерде де болады. Сондықтан да хайуанаттар мен құстар да тап Жердегідей құбылысты түсінбесе де инстинкті түрде сезіне, еденге жатып құстар тал бұтақтарына қонақтап тыныштанған. Енді алапат кеменің ішіндегі күрделі жүйелер ғана сол тыныштықты сәл-пәл ғана бұзып тұрғандай Тәкеннің бөлмесіндегі ұлудай адам да өзінің шыны қорабының ішіндегі жатын төсегіне жайғасқан. Ал кеменің жайын бақылауды енді автоматты жүйелер мен биороботтар қадағаламақ.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет