«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың 12 айы бойынша жұмыс жоспарының орындалуы туралы АҚпарат тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»


ақпан - №56 орта мектебінің жастарымен «Есірткі менің таңдауым емес!»



бет2/7
Дата02.07.2018
өлшемі133,36 Kb.
#45986
1   2   3   4   5   6   7

24 ақпан - №56 орта мектебінің жастарымен «Есірткі менің таңдауым емес!» атты қабырға газетінен байқау өткізілді.

Байқауға №56 орта мектебі директорының құқық ісі жөніндегі орынбасары С.Бекболатов, №56 орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі З.Жетпісбаева, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, жастар, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

24 ақпан - М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінің жиын залында «Елбасының жолдауы - жарқын істің бастауы!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге «Күлтөбе» пікір-сайыс клубының мүшесі Ш.Жүсіпов, Жамбыл облысы бойынша «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттік қозғалысының жоба үйлестірушісі Е.Сағындық, М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Нұржан, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар және жастар, барлығы 100-ге жуық адам қатысты.

27 ақпан – «Жыр алыбы Ж.Жабаевтың туылғанына 171 жыл» толуына орай қалалық мәдениет үйінде «Жүз жыл жырлаған жүрек!» атты облыстық жас ақындар айтысы өткізілді.

Айтыстың қорытындысы бойынша бас жүлде Н.Құрманов (Жамбыл ауданы), І орын Д.Әбдіманапов (Байзақ ауданы,) ІІ орынды Д.Басқараев (Байзақ ауданы) иеленді.

28 ақпан - Тараз мамандандырылған колледжінде «Еліміздің даму жолындағы серпінді қадам!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге «Күлтөбе» пікір-сайыс клубының мүшесі Ш.Жүсіпов, Жамбыл облысы бойынша «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттік қозғалысының Жамбыл медициналық колледжі бойынша көшбасшысы Е.Қыпшақбаев, Тараз мамандандырылған колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Кайсова, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар және жастар, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

28 ақпан - Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өткізілді.

28 ақпан – «1 наурыз Алғыс айту күні!» мерекесіне орай Жамбыл медициналық колледжінің жиын залында «Отаныма мың тағзым!» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге «Ақ сұңқар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Есіркепов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Е.Төлендиев және ақпараттық-дін проблемаларын талдау секторының меңгерушісі А.Кадралиев, оқу орнының ұстаздары, студенттері барлығы 100-ге жуық адам қатысты.

1 наурыз – «8 наурыз Халықаралық әйелдер күні!» мерекесіне орай «Асыл арман» ҚБ-мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесе отырып, қалалық мәдениет үйінде «Тараздың Инабатты аруы – 2017» атты қалалық байқауы өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені А.Дауренбекова, І орынды Г.Нурболат, ІІ орынды Г.Мырзалы, ІІІ Е.Әсетова және А.Алмабек иеленсе, «Сымбатты ару» номинациясы бойынша А.Елібай, «Парасатты ару» номинациясы бойынша А.Батырбек, «Үкілі үміт» номинациясы бойынша А.Қоңырбаева иеленді.

3 наурыз - Жастар арасында нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында «Тараз-Ғасыр» колледжінің жастарымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға Жамбыл облыстық норкологиялық диспансерінің психолог маманы А.Әбдіқалықова, «Тараз-Ғасыр» колледжі директорының құқық- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Нұралы, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Э.Әкпар мен Л.Құдайбергенова және жастар, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

6 наурыз - «Балауса» аула клбуында жастар мен жасөспірімдердің сурет өнеріндегі өнерлерін дамыта отырып, қылмыстың алдын алу мақсатында «Қылмыс - қоғам дерті!» атты сурет байқауы өткізілді. Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Э.Әкпар мен Л.Құдайбергенова, аула клубтың мен жасөспірімдері, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша бас жүлде А.Нұрым, І орынды А.Муканова, ІІ орынды Ұ.Алтыбай, ІІІ орынды А.Сейділдә иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды.

6 наурыз - Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында «Өмір сен маған қымбатсың!» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге Тараз қалалық №6 емханасының психолог маманы Ж.Сағилаева, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Берикова, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Қосубақ, Г.Еркебекова және жастар, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

6 наурыз - «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні!» мерекесіне орай №12 мектеп-гимназиясында «Аналар - асыл жандар!» атты мерекелік кеш өткізілді. Іс-шараға барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

7 наурыз - «8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні!» мерекесіне орай №42 орта мектебінің мәжіліс залында «Ана - өмірдің шуағы!» атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кешке барлығы 80-нен астам адам қатысты.

7 наурыз - «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні!» мерекесіне орай №15 мектеп- гимназиясында «Аяулы Анашым!» атты мерекелік кеш өткізілді. Іс-шарағабарлығы 60-қа жуық адам қатысты.

10 наурыз - Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында А.Гайдар атындағы №35 орта мектебінің жастарымен «Жемқорлық - менің таңдауым емес!» атты қабырға газетінен жарыс өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды А.Шин, ІІ орынды М:Қалаш, ІІІ орынды Б.Сембек иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

13 наурыз - Жастар мен жасөспірімдердің өзін-өзі ұстай білуге, кез- келген кедергіден шыға білуге, бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайтып көмек көрсетуге шақыру, елін-жерін сүюге құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында «Ботақан» аула клубында «Әрқашан күн сөнбесін!» атты сурет байқауы өткізілді.



Байқау қорытындысы бойынша І орын Д.Орынбасарұлы, ІІ орын М.Николай, ІІІ орын А.Дәуренбек иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Іс-шараға барлығы 30-дан аса адам қатысты.

13 наурыз - Жазушы, драматург Ғ.Мүсіреповтың туылғанына 115 жыл толуына орай оның шығармашылығы мен жетістіктерін насихаттау, жастардың еліне деген патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында «Балауса» аула клубында жастар мен жасөспірімдерге «Кемеңгер қаламның құдіреті!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге 20-ға жуық адам қатысты.

14 наурыз - «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні!» мерекесіне орай сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, олардың өнерлерін шыңдау, сурет салу қабілеттерін жетілдіру, сонымен қатар анаға деген мейірімділікті, сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Арай» аула клубында «Ана-өмір шуағы!» атты қабырға газетінен байқау өткізілді.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша І орынды А.Бабосова, ІІ орынды М.Мутилов, ІІІ орынды М.Қазақбаев иеленіп, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Байқауға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

15 наурыз – «22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні!» мерекесіне орай қала жастары арасында халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту, дәстүрлі қолөнер саласымен айналысатын жастарға қолдау көрсету мақсатында «Көне Тараз» мәдени-тарихи орталығында орналасқан «Достық үйі» ғимаратында шығармашыл жастардың «Жыл шебері!» атты қалалық байқауы өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша «Киізден бұйым жасаудың үздік шебері» номинациясы бойынша ТарМПИ студенті А.Әзімхан, «Үздік тігінші» номинациясы бойынша ТарМУ студенті Г.Сұлтанжан, «Былғары бұйым жасаудың үздік шебері» Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенті А.Ешенқұлова иеленді.



16 наурызҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтар күні "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік!" атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, оның негізгі мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Баласағұн» ОКЗ-нда «Кеңес беру алаңы» өткізілді.

«Кеңес беру алаңында» облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармалары, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің, Республикалық «Жас Отан» жастар қанатының, жергілікті полиция қызметінің, «Атамекен» Жамбыл облыстық кәсіпкерлік палатасының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің, «Халық банкі» АҚ-ның, «Каспии банкі» АҚ-ның, жоғары оқу орындарының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қаламыздың тұрғындарына, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен орта мектептердің бітіруші түлектеріне әр түрлі бағыттар бойынша кеңестер берілді. Іс-шараға барлығы 1500-ға жуық адам қатысты.

16 наурыз - Д.М.Карбышев атындағы №16 орта мектебінде жастар мен жасөспірімдер арасындағы есірткі мен нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Есірткісіз жарқын болашақ!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Заң» факультетінің аға оқытушысы, заңгер А.Кадыркулов, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Н.Шабан, Д.М.Карбышев атындағы №16 орта мектебі директорының құқық ісі жөніндегі орынбасары С.Орысбекқызы, жастар, барлығы 40- тан астам адам қатысты.

16 наурыз - Б.Момышұлы атындағы №45 классикалық қазақ гимназиясында жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу мақсатында «Тығырықтан шығар жол бар!» атты семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараға Жамбыл облыстық психикалық аурулар диспансерінің психолог мамандары А.Ақтоты, Г.Алдабекова және В.Сидаренко, Б.Момышұлы атындағы №45 классикалық қазақ гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сәрсенбекова, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, жастар барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

16 наурыз - Жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында №16 орта мектебінде «Есірткісіз жарқын болашақ!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Іс-шараға барлығы 40-тан астам адам қатысты.

17 наурыз - Сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, олардың өнерлерін шыңдау, сурет салу қабілеттерін жетілдіре отырып, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында «Жас балғын» аула клубының жасөспірімдері арасында «Нашақорлықсыз өмір!» тақырыбында сурет байқауы өтті. Іс-шарағабарлығы 20-дан астам адам қатысты.

17 наурыз - «22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні!» мерекесіне орай Қазақстан халықтарының мәдениетін жақындастырып, жалпы мәдени құндылықтарды және ұлттық келісімді қалыптастыру, халқымыздың салт- дәстүрін жастардың бойларына дарыту мақсатында №44 орта мектебінде «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шарағабарлығы 50- ге астам адам қатысты.

17 наурыз - «Жас балғын» аула клубының жасөспірімдері арасында «Нашақорлықсыз өмір!» тақырыбында сурет байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша І орынды М.Тоқтасынова, ІІ орынды В.Сабутина, ІІІ орынды Б.Ембергенов иеленіп, сыйлықтармен марапатталды.

17 наурыз - Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында №43 орта мектебінің жастарымен «Жастар есірткіге қарсы!» атты спорттық жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Қыран» тобы, ІІ орынды «Тұлпар», ІІІ орындарды «Бәйтерек» пен «Жалын» топтары иеленіп, арнайы дипломдармен марапаттады. Жарысқа барлығы 50- ге жуық адам қатысты.

18 наурыз - «22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні!» мерекесіне орай қазақ халқының ұлы мерекесі «Наурыз» мейрамын атап өту, жасөспірімдерге «Наурыз» мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында №43 орта мектебінің жастарымен «Наурыз -думан!» атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кешке барлығы 80- ге жуық адам қатысты.

18 наурыз - Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Білім» кәсіби гуманитарлық - техникалық колледжінде «Жемқорлық - менің таңдауым емес!» атты кездесу өткізілді.

Іс-шараға «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Есіркепов, «Білім» кәсіби гуманитарлық - техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Кенбаева, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, жастар, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

18 наурыз - № 9 орта мектебінде жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында «Мен - өмірді таңдаймын!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға Жамбыл облыстық психикалық аурулар диспансерінің психолог маманы А.Айдарбек, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, №9 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Нұрғазықызы, барлығы 30- ға жуық адам қатысты.

21 наурыз – «22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні!» мерекесіне орай «Қазақстан Студенттер Альянсы» жастар қозғалысымен бірлесе отырып, Қ.Рысқұлбеков атындағы саябағында «Шаттық күні!» атты мерекелік кеш өткізілді.

27 наурыз - Жастар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында «Арай» аула клубының жастарымен «Қылмыстың түбі жаза» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Шараға барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

28 наурыз - Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі жастарымен «Жемқорлықсыз - болашақ!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Есіркепов, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, жастар барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

28 наурыз - Сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, олардың өнерлерін шыңдау, сурет салу қабілеттерін жетілдіре отырып, жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» мекемесіне қарасты «Арай» аула клубының жастарымен «Мен - өмірді таңдаймын!» атты қабырға газетінен байқау өткізілді.

Байқауға «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Г.Еркебекова мен Н.Еркінова, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ақпараттық-мониторинг секторының жастар ісі жөніндегі инспектор- заңгері Г.Жаңабек, жастар, барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

28 наурыз - «Болашақ» колледжінде «Жолдауға қолдау жастардан!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге «Күлтөбе» пікірсайыс клубының мүшесі Ш.Жүсіпов, «Еркін ойлар алаңы» интеллектуалды пікірсайыс клубының белсенді мүшесі М.Өзбек, «Болашақ» колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мадумарова, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар және жастар, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

29 наурыз - «Астана» колледжінде «Сенімге серпін ұялатқан - Жолдау!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Іс-шараға қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі, жастар арсында жұмыс жүргізу тұрақты комиссиясының төрағасы М.Жаналиев, «Күлтөбе» пікірсайыс клубының мүшесі А.Байғазиев, «Еркін ойлар алаңы» интеллектуалды пікірсайыс клубының белсенді мүшесі М.Өзбек, «Астана» колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Айдынбеков, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар және жастар, барлығы 70- ке жуық адам қатысты.

29 наурыз - Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Білім» кәсіби гуманитарлық - техникалық колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты сауалнама өткізілді. Сауалнаманға барлығы 30- ға жуық адам қатысты.

29 наурыз - Тараз мамандандырылған колледжінде «Діни экстремизм мен терроризм дегеніміз не?» атты кездесу өткізілді.

30 наурыз - Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Ботақан» аула клубында «Біз қылмысқа қарсымыз!» атты кездесу өткізілді. Іс-шараға 20-ға жуық адам қатысты.

30 наурыз - «Тараз сервис және технология» колледжінде «Елбасы Жолдауы - ел ертеңі!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі, жастар арсында жұмыс жүргізу тұрақты комиссиясының төрағасы М.Жаналиев, «Күлтөбе» пікірсайыс клубының мүшесі А.Байғазиев, «Тараз сервис және технология» колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы М.Сатымбекова, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар және жастар, барлығы 60 - қа жуық адам қатысты.

3 сәуір – «1 сәуір – Күлкі күні» мерекесіне орай жастар мен жасөспірімдерге адам өміріндегі күлкінің рөлі маңызды екенін түсіндіріп, жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында №38 орта мектебінде «Күлкі – жанның шипасы» атты сатиралық мерекелік кеш өткізілді. Іс – шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

4 сәуір - Аула клубтың айналасына санитарлық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру, күл-қоқыстан арылту жұмыстарын жүргізу, туған өлкені жасыл желектендіру, жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, оларды еңбекке және қоршаған ортаны таза ұстауға баулу мақсатында «Балауса» аула клубында «Таза қала - Таразым!» атты жастар сенбілігі өткізілді. Сенбілікке барлығы 50-ден астам адам қатысты.

4 сәуір - оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру мақсатында №10 орта мектебінде «Қылмыс - қоғамға қауіпті әрекет» атты кездесу өткізілді. Кездесуге барлығы 40-қа жуық адам қатысты.

6 сәуір - «Аспара» колледжінде «Діни экстремизм мен терроризм дегеніміз не?» атты тақырыбында кездесу өткізілді.

6 сәуір – Тараз гуманитарлық – техникалық колледжінде «Қылмыстың түбі жаза!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге Тараз қаласы ІІБ басқармасы №1 полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Б.Убайдулаев, ювеналды полиция тобының аға лейтенанты А.Ергешов, Тараз гуманитарлық – техникалық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Нүрекеева, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова мен жастар, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

6 сәуір «Арай» аула клубының айналасына санитарлық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру, күл-қоқыстан арылту жұмыстарын жүргізу, жастарды еңбекке және қоршаған ортаны таза ұстауға баулу мақсатында «Самал» мөлтек ауданының №14 үй тұрғындары мен «Арай» аула клубының жастарымен «Таза аула – таза қала!» атты жастар сенбілігі өткізілді. Сенбілікке барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

6 сәуір - Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ қылмыс түрлері және оған қолданылатын жазамен таныстыру, жастардың құқықтық білімдерін кеңейту, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Балауса» аула клубында «Қылмыс – қоғам дерті!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Кездесуге барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

7 сәуір - оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында №24 гимназияда «Толағай» атты спорттық жарыс өткізілді.Әділқазылардың шешімі бойынша бас жүлде «Жүйріктер» тобы, І орын «Сұңқар» тобы ІІ орынды «Тұлпар», ал ІІІ орынды «Арлан» тобы иеленді. Спорттық жарысқа барлығы 40-қа жуық адам қатысты.

7 сәуір - Жастарға діни экстремизммен мен терроризм ағымдарынан аулақ бола отырып, шынайы дәстүрлі ислам мен экстремистік діни ағымдардың айырмашылықтарын түсіндіру мақсатында Керімбай атындағы №12 мектеп – гимназиясында «Дін және қоғам!» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Дөңгелек үстел отырысына 60-қа жуық адам қатысты.

7 сәуір – Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыстың және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында «Жастар қылмысқа қарсы!» атты кездесу өткізілді.Іс – шараға барлығы 40-қа жуық адам қатысты.

8 сәуір – жасөспірімдерді ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында №24 гимназиясында «Толағай» атты спорттық жарыс өткізілді. Іс-шараға барлығы 30-дан астам адам қатысты.

11 сәуір сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, олардың өнерлерін шыңдау, сурет салу қабілеттерін жетілдіре отырып, жасөспірімдерге өмірдің құндылықтарын ұғындыру, өмірге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында «Арай» аула клубының жасөспірімдерімен «Бақытты балалық шақ!» атты қабырға газетінен жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені А.Бабосова, І орынды Н.Өмір, ІІ орынды Т.Әбітай, ІІІ орынды М.Беладирова иеленіп, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

12 сәуір - №53 орта мектебінде «Қылмыстың түбі жаза!» атты қабырға газетінен байқау өткізілді. Байқауға «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, №53 орта мектебінің құқық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Сәдірмекова және жасөспірімдер, барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша бас жүлде А.Нұрланқызы, І орынды Н.Жансерікқызы, ІІ орынды Ж.Жұмағұл, ІІІ орынды А.Сайлаубек иеленіп, арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.



12 сәуір – Жастар мен жасөспірімдерді мемлекеттік тілдің өркендеуіне, тіл мәртебесінің биік ұстауға баулу мақсатында «Ботақан» аула клубында «Тіл мәртебесі – ел мерейі!» атты мәнерлеп өлең оқу кеші өткізілді. Іс – шараға барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

Шара қорытындысы бойынша І орынды Р.Кадырова, ІІ орынды А.ТҰрғанбек, ІІІ орынды М.Мұратұлы иеленіп, дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.

12 сәуір – «7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай «Балауса» аула клубының ұйымдастыруымен жасөспірімдерді дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту мақсатында №48 орта мектебінде «Көңілді старт!» атты спартакиада өткізілді. Спартакиадаға барлығы 60-қа жуық адам қатысты.

13 сәуір – Жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында №5 мектеп-гимназиясында «Біз-нашақорлыққа қарсымыз!» атты кездесу өткізілді. Іс – шараға барлығы 50-ге жуық адам қатысты.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет