«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың 12 айы бойынша жұмыс жоспарының орындалуы туралы АҚпарат тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»



бет5/7
Дата02.07.2018
өлшемі133,36 Kb.
#45986
1   2   3   4   5   6   7

13 маусым - «ЕХРО – 2017» көрмесінің маңыздылығын жастарға түсіндіру, сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, жасөспірімдердің шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, отансүйгіштікке, елін қастерлеп, құрметтеуге баулу және сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Балауса» аула клубында «ЕХРО – 2017: жарқын істер жолашары!» атты сурет байқауы өтті. Іс-шараға барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша бас жүлдені - Н.Мұхтар, І орынды - А.Сұлтанханов, ІІ орынды - Т.Байсеитова, ІІІ орынды - А.Малик иеленіп, дипломдармен және арнайы алғыс хаттармен марапатталды.



14 маусым – «Қазақстан балалары – нұрлы болашақ» атты республикалық акциясы шеңберінде «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық ақпараттық науқаны аясында бала еңбегін пайдалану проблемаларын, өоғамға тигізетін әсерін, осы саладағы халықаралық эәне ұлттық заңнама негіздері туралы ақпараттандыру мақсатында «Ботақан» аула клубында «Бар жақсылық балаларға!» атты акция өткізілді. Іс – шараға барлығы 50-ден аса адам қатысты.

14 маусым – жасөспірімдерге «EXPO – 2017: болашақ энергиясы!» атты Халықаралық көрмесін насихаттау, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жастарға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Сонымен қатар, шығармашылық жобаларға қатыстыру арқылы сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, олардың өнерлерін шыңдау, сурет салу қабілеттерін жетілдіру мақсатында «EXPO – 2017: Болашақ энергиясы!» атты сурет байқауы өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша  І орынды Е.Болатов, ІІ орынды Н.Қазақбай, ІІІ орынды Н.Жұматай иеленіп, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.



16 маусым – сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау мақсатында «Жас балғын» аула клубының жасөспірімдері арасында «EXPO-2017: Қазақстанның болашағы!» атты сурет байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы шығарылып, І орынды Б.Батырбекқызы, ІІ орынды Ж.Тілеубек, ІІІ орынды Б.Жансерік иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Іс-шараға барлығы 30-дан астам адам қатысты.

19 маусым – Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Есірткісіз болашақ!» атты қабырға газетінен жарыс өткізілді. Шара қорытындысы бойынша І орынды Б.Тасымдатов, ІІ орынды Н.Бақтыбай, ІІІ орынды А.Алубекова иеленіп, арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

19 маусым – жастар арасында қылмыстың алдын алу мақсатында Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының жастарымен «Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықпен күрес!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға Тараз қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторлары полиция лейтенанттары А.Құрманбай мен А.Каримбаев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова және жастар, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

19 маусым – жастар арасында қылмыстың алдын алу мақсатында «Ботақан» аула клубының жастар Қылмыс пен жаза!» атты сурет байқауы өткізілді.

Сурет байқауына «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Ә.Садықбекова, Н.Қосубақ және жасөспірімдер, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.



19 маусым – маусымында «Арай» аула клубының жасөспірімдерімен «Есірткі – қоғам дерті!» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Еркінова мен Г.Еркебекова, жастар, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.



20 маусым – «Балауса» аула клубының жасөспірімдерімен «Есірткі менің таңдауым емес!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Кездесуге Тараз қаласы ІІБ 1-ПБ ӘПБ УПИ полиция аға лейтенанттары А.Маткаримов, А.Жұмағұлов, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Л.Құдайбергенова мен Г.Еркебекова, жастар, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

20 маусым – Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыстың және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Ботақан» аула клубында «Қылмыс түбі жаза!» атты семинар-тренинг өткізілді. Іс – шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

22 маусым – Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында «Жас балғын» аула клубының жасөспірімдері арасында «Қылмыспен күрес!» атты кездесу өтті. Іс – шараға барлығы 30-дан астам адам қатысты.

23 маусым – Жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жас балғын» аула клубының жасөспірмдері арасында «Нашақорлық қоғам дерті!» атты кездесу өтті. Іс-шараға барлығы 30-дан астам адам қатысты.

3 шілде – Жастар мен жасөспірімдер арасында «6 шілде – Астана күні» мерекесін кеңінен атап өте отырып, шығармашылықты дамыту мақсатында «Ботақан» аула клубында «Астана – елімізідің жүрегі!» атты сурет байқауы өткізілді. Іс – шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

4 шілде – «EXPO-2017: болашаққа бағдар!» атты халықаралық көрмесін жастар арасында кеңінен насихаттай отырып, еліне және жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Ботақан» аула клубында «EXPO-2017: болашаққа бағдар!» атты қабырға газетінен жарыс өткізілді. Іс -шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

5 шілде – Елордамыз Астана қаласы туралы мағлұмат бере отырып, сурет өнеріндегі талантты жастарды анықтау мақсатында «Жас балғын» аула клубының жасөспірімдері арасында «Арман қала - Астана!» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

11 шілде - Сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Жас балғын» аула клубында «Менің сүйікті қалам!» атты арт-моб өткізілді.

Әділ-қазылар алқасының бағалауымен қорытынды шығарылып, І орынды Б.Батырбекқызы, ІІ орынды Б.Айдарова, ІІІ орынды А.Бектай иеленіп арнайы дипломдармен марапатталып, естелікке суретке түсті. Іс шараға 40-қа жуық адам қатысты.

11 шілде - «6 шілде - Астана күні!» мерекесіне орай жасөспірімдерге патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, сонымен қатар шығармашылық жобаларға қатыстыру арқылы сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, олардың өнерлерін шыңдау мақсатында «Жас түлектер» аллеясында «Жаса, жайна - Астана!» атты арт-моб байқауы өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Қ.Бекбол, ІІ орынды А.Малик, ІІІ орынды Қ.Оңалбек иеленіп, жеңімпаздар арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.



12 шілде – Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Жас балғын» аула клубының жасөспірімдері арасында «Қылмыссыз – жарқын болашақ!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

12 шілде – Жастар мен жасөспірімдерге «EXPO – 2017» халықаралық көрмесі туралы мәлімет бере отырып, сурет өнеріндегі жастарды анықтау мақсатында «Жас балғын» аула клубының жасөспірімдері арасында «EXPO – 2017: Қазақстанның болашағы!» атты сурет байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Д.Талғат, ІІ орынды Т.Кеңес, ІІІ орынды Б.Батырбекқызы иеленіп, диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

12 шілде - «Жас балғын» аула клубында «Қылмыссыз жарқын болашақ!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. «Дөңгелек үстел» отырысына «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Шабан, Ә.Меңлібай, және жасөспірімдер, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.



17 шілде - «Балауса» аула клубында «Өмір шыңға шыққанмен бірдей!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Шабан, Ә.Меңлібай және жасөспірімдер барлығы 30-ға жуық адам қатысты

18 шілде – жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында «Ботақан» аула клубында «Нашақорлық зиянды әдет!» атты семинар-трениг өткізілді. Іс – шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

19 шілде - «Арай» аула клубында «Өмір сен маған қымбатсың!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Кездесуге Тараз Мемлекеттік педогогикалық институтының философия ғылымдарының кандидаты, доцент Р.Джуншеев және жасөспірімдер барлығы 35-ке жуық адам қатысты.



19 шілде - қала тұрғындары мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу мақсатында «Балауса» аула клубының жасөспірімдерімен «Нашақорлықсыз болашақ!» атты жастар акциясы өткізілді.

Іс-шара барысында қала тұрғындары мен жастар назарына «Наркопост», «Есірткісіз болашақ!» атты тақырыптарында таратпа материалдар мен журналдар таратылды. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.



20 шілде - «ЕХРО – 2017» көрмесінің маңыздылығын жастарға түсіндіру, сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, жасөспірімдердің шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, отансүйгіштікке, елін қастерлеп, құрметтеуге баулу және сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Балауса» аула клубының жасөспірімдері арасында «EXPO-2017: Менің жасыл технологияларым» атты сурет байқауы өтті.

24 шілде – «Балауса» аула клубында «Қылмыстың түбі жаза!» атты сурет байқауы өткізілді. Сурет байқауына «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Ә.Садықбекова, Э.Әкпар, және жасөспірімдер, барлығы 20-ға жуық адам қатысты. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені А.Нұрым, І орынды А.Күншуақова, ІІ орынды М.Батаева иеленіп арнайы дипломдармен сыйлықтармен марапатталды.

25 шілде – «Балауса» аула клубында «Қылмыстың түбі жаза!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Ә.Садықбекова, Л.Құдайбергенова, Тараз қаласы ІІБ 1-ПБ ӘПБ УПИ полиция аға лейтенанты А.Жұмағұлов, және жасөспірімдер, барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

25 шілде – «Арай» аула клубында «Қылмыс – қоғам қауіпі!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Н.Еркінова, Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ ЮПТ полиция аға инспекторы, майор Қ.Қосжанова, және жасөспірімдер, барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

25 шілде – Қазақтың батыр, қаракөз қыздарының бірі – М.Мәметованың туылғанына 95 жыл толуына орай, сонымен қатар ерліктерін жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Жас балғын» аула клубының жасөспірімдері арасында «Батыстың батыр қызы!» атты кездесу өткізілді. Іс-шараға барлығы 20-дан астам адам қатысты.

26 шілде - Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында «Балауса» аула клубында «Нашақорлық - қоғам дерті!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

28 шілде – Жасөспірімдерді спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Жас балғын» аула клубының жасөспірімдері арасында «Көңілді старт!» атты спорттық жарыс өткізілді. Аталған спорттық жарыста І орынды «Жеңімпаздар» тобы, ІІ орынды «Буратино» тобы, ІІІ орынды «Барыс» тобы иеленіп, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

2 тамыз – Жастардың зиянды әдеттерден аулақ болып, жүйелі түрде спортпен айналысу, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Ботақан» аула клубында «Тапқырлар» атты эстафеталық жарысы өткізілді. Іс – шараға барлығы 40-қа жуық адам қатысты.

Шара қорытындысы бойынша І орынды «Бүркіт» командасы, ІІ орынды «Лашын» командасы, ІІІ орынды «Тұлпар» командалары ие болып, арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.



11 тамыз - «Арай» аула клубында «Өміріңе немқұрайлы қарама!» атты сурет байқауы өткізілді. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша бас жүлдені - Н.Асанова, І орынды -А.Медеуова, ІІ орынды - Т.Байсеитова, ІІІ орынды - А.Манас иеленіп, дипломмен және арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Барлығы 20 адам қатысты.

11 тамыз - оқушылардың құқықтық білімін тереңдетіп, жауапкершіліктерін арттыру, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Ботақан» аула клубында «Жастар қылмысқа қарсы!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Іс шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

15 тамыз - жасөспірімдерге патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, сонымен қатар жасөспірімдерді шығармашылық жобаларға қатыстыру арқылы сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, олардың өнерлерін шыңдау мақсатында «Арай» аула клубында жасөспірімдер арасында «ЕХРO - 2017 Қазақстанның болашағы!» атты сурет байқауы өтті. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша І орынды Ұ.Төленді,ІІ орынды Ш.Асылбай, ІІІ орынды Б.Ерғали иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Сурет байқауына барлығы 25-ке жуық адам қатысты.

22 тамыз – А.Құнанбаевтың туылғанына 172 жыл толуына орай жасөспірімдерді қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбаевтың өмір жолы және нақыл сөздерімен таныстыру арқылы білім-ғылымға құмарлығын арттыру, жас ұрпақты адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу мақсатында «Балауса» аула клубының жастарымен «Абай әлемі!» атты танымдық сағаты өткізілді. Іс-шараға барлығы 40-қа жуық адам қатысты.

25 тамыз - «Жас балғын» аула клубында «Қасіреттің қара түнегі!» атты кездесу өткізілді.Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының инспекторы Н.Шабан және жасөспірімдер барлығы 25-ке жуық адам қатысты.

10 тамыз - «Балауса» аула клубында «Қылмыссыз – жарқын болашақ!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Л.Құдайбергенова, Э.Әкпар, Тараз қаласы ІІБ 1-ПБ ӘПБ УПИ полиция аға лейтенанттары А.Маткаримов, А.Жұмағұлов, және жасөспірімдер, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

11 тамыз - «Ботақан» аула клубында «Жастар қылмысқа қарсы!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. «Дөңгелек үстел» отырысына «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Ә.Меңлібай, Н.Қосубақ, Тараз қаласы ІІБ-нің жергілікті полиция қызметкері А.Алимбаев, және жасөспірімдер, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

15 тамыз – Жастар мен жасөспірімдерге Конституцияның сипаты мен маңызы туралы түсінік беру және сурет өнеріндегі талантты жастарды анықтау мақсатында «Ата заң – елдігімнің еңсесі!» атты сурет байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Т.Кеңес, ІІ орынды Б.Әлім, ІІІ орынды Е.Жұмағұлов иеленіп, диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

16 тамыз – Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Жас балғын» аула клубының жасөспірімдері арасында «Қылмыс және қылмыстық жауаптылық!» атты кездесу өткізілді. Іс-шараға барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

16 тамыз – «Жас балғын» аула клубында «Қылмыс және қылмыстық жауаптылық!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Ә.Садықбекова, Э.Әкпар, және жасөспірімдер, барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

17 тамыз – Жастар мен жасөспірімдер арасында шығармашылықты дамытып, сурет өнеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ботақан» аула клубында «Бақытты балалық шақ!» атты сурет байқауы өткізілді.

Сурет байқауының қорытындысы бойынша І орынды А.Жылқайдар, ІІ орынды А.Әуез, ІІІ орынды М.Бақтыбай иеленіп, арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.



21 тамыз – жасөспірімдерді қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмір жолы және нақыл сөздерімен таныстыру. Жастардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңді мәнерлеп саналы түсініп оқуға тәрбиелеу мақсатында «Жас балғын» аула клубының жасөспірімдері арасында «Абай мұрасы!» атты мәнерлеп өлең оқу кеші өткізілді. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

22 тамыз – «Жас балғын» аула клубында «Қоғамның дерті қылмыс!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Ә.Садықбекова, Г.Еркебекова, Тараз қаласы ІІБ 2-ПБ жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға лейтенанты А.Кнаус, және жасөспірімдер, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

23 тамыз – «Балауса» аула клубында «Жасөспірім және қылмыс!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. «Дөңгелек үстел» отырысына «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, Тараз қаласы ІІБ 1-ПБ ӘПБ УПИ полиция аға лейтенанты А.Жұмағұлов, және жасөспірімдер, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

23 тамыз – «Ботақан» аула клубында «Жасөспірім және қылмыс!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. «Дөңгелек үстел» отырысына «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Ә.Садықбекова, Л.Құдайбергенова, Тараз қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Ә.Калышев, және жасөспірімдер, барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

29 тамыз – Жасөспірімдерді көпшілік алдында еркін сөлеуге үйрету. Логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыра отырып, ұйымшылдыққа, достыққа, бірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу мақсатында «Жас балғын» аула клубының жасөспірімдері арасында «Тапқыр болсаң, талас жоқ!» атты интеллектуалдық ойын-сайысы өткізілді. Қорытынды бойынша І орынды «Ақылдылар» тобы, ІІ орынды «Достар» тобы, ІІІ орынды «Болашақ» тобы иеленіп, диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

6 қыркүйек – Жасөспірімдерді отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында №15 мектеп-гимназиясында «Отбасы – рухани жаңғыру негізі!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Іс-шараға барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

6 қыркүйек - Отбасы күні мерекесіне орай сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында «Балауса» аула клубында «Отбасы – рухани жаңғыру негізі!» атты сурет байқауы өткізілді.

Сурет байқауының қорытындысы бойынша бас жүлдені – А.Сұлтанханова, І орынды – А.Малик, ІІ орынды – Н.Айтбай, ІІІ орынды – О.Қуырмашов иеленді. Аталған жеңімпаздар 8 қыркүйек күні «Шаңырақ» отбасылар аллеясында өтетін «Отбасы – рухани жаңғыру негізі!» атты мерекелік кеште арнайы дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.



6 қыркүйек – Жасөспірімдерге «Отбасы» құндылығы туралы түсініктері мен ұғымдарын кеңейте отырып игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету. Сондай-ақ отбасы тәрбиесінің мән-маңызын насихаттай отырып, ашып көрсете отырып, жастарды алдағы өмірге даярлау мақсатында №15 мектеп-гимназиясында «Менің отбасым!» атты шығарма байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Б.Жансерік, ІІ орынды Б.Рамазанова, ІІІ Ә.Шымбергенова иеленіп, дипломдармен марапатталды. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

13 қыркүйек - жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында «Балауса» аула клубында «Есірткіге қарсы күрес!» атты кездесу өткізілді. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

13 қыркүйек – Тараз техника және бизнес колледжінде «Қоғамның дерті қылмыс!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, Тараз техника және бизнес колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Бекеев, Тараз қаласы ІІБ 1-ПБ жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға лейтенанты Н.Козиев, Тараз қаласы ІІБ 1-ПБ жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің полиция капитаны Ф.Халматов, және жастар, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

14 қыркүйек – Жастар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу мақсатында «Ботақан» аула клубында «Өмір қымбат сый!» атты семинар- тренинг өткізілді. Іс-шараға аула клуб жасөспірімдер, барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

15 қыркүйек – М.Әуезовтың туылғанына 120 жыл толуына орай жастар мен жасөспірімдерге ғұлама жазушы М.Әуезовтың шығармашылығы мен жетістіктерін насихаттау, жастардың еліне деген патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында «Балауса» аула клубының жасөспірімдері арасында «М.Әуезовтың шығармалары!» атты әдеби кеш өткізілді.Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

15 қыркүйек – Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінде «Жасөспірім және қылмыс» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. «Дөңгелек үстел» отырысына «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Нүрекеева, Тараз қаласы ІІБ 1-ПБ жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға лейтенанты Н.Козиев, Тараз қаласы ІІБ 1-ПБ жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің полиция капитаны Ф.Халматов, және жастар, барлығы 70-ке жуық адам қатысты.

15 қыркүйек - жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге қарсы күрес шараларын күшейту, есірткі адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында «Тараз-Ғасыр» колледжінде «Есірткі менің таңдауым емес!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

18 қыркүйек – Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында ақпараттандыру, байланыс және технологиялар колледжінде «Нашақорлықсыз болашақ!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің дәрігер эксперті А.Оңалбекова, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Б.Тұрсынбек, ТарМПИ студ. ректоры Д.Байдыбек, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қызметкерлері, колледждің педагогикалық ұжымы, жастар, барлығы 60-қа жуық адам қатысты.

18 қыркүйек – «22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы тілдер күні!» мерекесін жастар арасында кеңінен атап өту мақсатында Ж.Жабаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында «Ана тілім – байлығым!» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шараға барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет