«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың 12 айы бойынша жұмыс жоспарының орындалуы туралы АҚпарат тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»


сәуір – «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінің жастарымен «Есірткіні таста, жаңа өмірді баста!»



бет3/7
Дата02.07.2018
өлшемі133,36 Kb.
#45986
1   2   3   4   5   6   7

13 сәуір – «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінің жастарымен «Есірткіні таста, жаңа өмірді баста!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге Жамбыл облыстық норкологиялық диспансерінің психолог маманы Б.Барбосынов, Тараз қаласы ІІБ-ң 1ПБ ЖПҚ ЮПТ лейтенанттары А.Каримбаев пен А.Құрманбай, қалалық «Мәдениет үйі» ұйымдастырушылары Ғ.Амирбеков пен Ж.Қарабаева, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, жастар, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

14 сәуір – «Жас балғын» аула клубының айналасына санитарлық тазарту жүргізу, жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, жастардың еңбекке және қоршаған ортаны таза ұстауға баулу мақсатында «Әсем қала – Таразым!» атты сенбілік өтті. Іс – шараға барлығы 20-дан астам адам қатысты.

14 сәуір – жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Астана» көпсалалы колледжінің жастарымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге «Астана» көпсалалы колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Айдынбеков, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Есіркепов, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Жамбыл облысы бойынша мүшесі Е.Қыпшақбаев және жастар барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

14 сәуір - №16 орта мектебінің жиын залында «Еліміздің даму жолындағы серпінді қадам!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. «Дөңгелек үстел» отырысына қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Н.Жолдасова, «Күлтөбе» пікірсайыс клубының мүшесі А.Байғазиев, №16 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Орысбекқызы, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің дін-проблемаларын талдау секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Б.Алтынбек, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар және жастар, барлығы 70-ке жуық адам қатысты.

18 сәуір - №15 мектеп-гимназиясының жиын залында «Жаһандық жолға – жүйелі Жолдаумен!» атты кездесу, Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің мәжіліс залында «Елбасы Жолдауы – дамудың асыл арнасы!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Кездесуге Тараз қалалық Әділет басқармасының басшысы Г.Кушекова, Тараз қалалық мәслихаттың депутаты С.Берікқожа, Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ақпараттық-мониторинг секторының меңгерушісі А.Кадралиев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар, мектеп ұжымы мен жастар, барлығы 100-ге жуық адам қатысты.

18 сәуір салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жастарды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, нашақорлықтан сақтануға тәрбиелеу мақсатында «Арай» аула клубының жасөспірімдерімен «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу - міндет!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

19 сәуір – №56 орта мектебінде жастар мен жасөспірімдер арасында «Есірткісіз өмір!» атты спорттық жарыс өткізілді.

Спорттық жарысқа мектеп жастарынан құралған «Астана», «Бүркіт», «Алау» және «Сұңқар» командалары «Доппен жүгіру», «Арқан тартыс», «Кіші баскетбол», «Пингвин» кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені «Алау», І орынды «Бүркіт», ІІ орынды «Сұңқар», ІІІ орындарды «Астана» топтары иеленіп, жеңімпаздар арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға барлығы 60-қа жуық адам қатысты.



19 cәуір - жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Білім» кәсіби гуманитарлық – техникалық колледжінің жастарымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға «Білім» кәсіби гуманитарлық – техникалық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Кенбаева, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Жамбыл облысы бойынша мүшелері Е.Қыпшақбаев пен А.Зархат, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова және жастар, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.



19 сәуір - Жастарға діни экстремизммен мен терроризм ағымдарынан аулақ бола отырып, шынайы дәстүрлі ислам мен экстремистік діни ағымдардың айырмашылықтарын түсіндіру мақсатында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге 50-ге жуық адам қатысты.

20 сәуір - «Парасат» колледжінің мәжіліс залында «Елбасы үндеуі – жаңарудың жаңа қадамы!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге еңбек ардагері А.Кәрентаев, Тараз қалалық мәслихаттың депутаты С.Берікқожа, Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ақпараттық-мониторинг секторының меңгерушісі А.Кадралиев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар, колледж ұжымы мен жастар, барлығы 60-қа жуық адам қатысты.

20 сәуір – Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау мақсатында «Жас балғын» аула клубында «Қылмыс пен жаза!» атты қабырға газетінен байқау өтті. Іс – шараға барлығы 20-дан астам адам қатысты.

20 сәуір - жастарды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену мақсатында «Тараз–Ғасыр» колледжінде «Тәртіп пен тәрбие! » атты кездесу өткізілді. Кездесуге барлығы 40-қа жуық адам қатысты.

21 сәуір - №46 орта мектебінің жиын залында «Елбасы Жолдауы – жарқын істің бастауы!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Есіркепов, «Күлтөбе» пікірсайыс клубының мүшесі А.Байғазиев, №46 орта мектебі директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ахметова, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің дін-проблемаларын талдау секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Б.Алтынбек, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар, жастар, барлығы 70-ке жуық адам қатысты.

24 сәуір – жастар мен жасөспірімдер арасында есірткі заттарының, ішімдік пен шылымның жас ағзаға тигізер зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мақсатында №36 орта мектебінің жастарымен «Есірткі менің таңдауым емес!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

24 сәуір – Тараз мамандандырылған колледжінде жастар мен жасөспірімдер арасындағы есірткі мен нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Есірткіні таста, жаңа өмірді баста!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Кездесуге Жамбыл облыстық норкологиялық диспансерінің психолог маманы А.Бөлебаева, Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ ЮПТ КТІЖ полиция аға лейтенанты А.Жаксыгулов, полиция лейтенанты М.Жигитбаев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Г.Еркебекова мен Н.Еркінова, жастар, барлығы 30-ға жуық адам қатысты. Іс-шара соңында жастарға «Есірткісіз өмір!» тақырыбындағы таратпа материалдарын таратты.



24 cәуір - Тараз қаласында іске асыру сонымен қатар жастар арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды ішімдікке, шылымға, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы тәрбиелеу мақсатында қала әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе отырып «Тараз Арена» спорт сарайында «Дені сау ұлт, саламатты Қазақстан!» атты қалалық жастар спартакиадасын өткізді.

Спартакиада спорттың 7 түрі бойынша: «Үстел теннисі», «Армрестлинг», «Шекемтас», «Волейбол», «Жеңіл атлетика», «Мини-футбол», «Асық ату» бойынша өткізілді.

Спартакиадаға әр спорт түрінен жоғарғы және арнаулы оқу орындарынан жалпы 9 команда сынға түсіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, «Үстел теннисі» спорт түрінен ұлдар арасында І орынды – Б.Құнанбай (Тараз-Ғасыр), ІІ орынды – М.Рахымбай (ЖМК), ІІІ орынды – Н.Райқұл (ЖМК), қыздар арасында І орынды – М.Донбай (Болашақ), ІІ орынды – Ж.Алибекқызы (ЖПК), ІІІ орынды – А.Жазықбай (Болашақ) иеленді.

«Кіші-футбол» спорт түрінен командалық есеп бойынша І орынды - Жамбыл медициналық колледжі командасы, ІІ орынды – Жамбыл политехникалық колледжі командасы, ІІІ орынды – Тараз «Парасат» командасы иеленді.

«Асық ату» спорт түрінен ұлдар арасында І орынды - Жамбыл политехникалық колледжі командасы, ІІ орынды – Тараз-Ғасыр колледжі командасы, ІІІ орынды – Тараз сервис және технология колледжі командасы иеленді.

«Жеңіл атлетика» спорт түрінен қыздар арасында 100 м ұзындыққа секіруден І орынды – Т.Васильева (ЖПК), ІІ орынды – А.Абильхан (ТСТК), ІІІ орынды – О.Даримбетова (ЖМК), ұлдар арасында 200 м ұзындыққа секіруден І орынды А.Сотников (ЖПК),ІІ орынды – Н.Маметов (Болашақ), ІІІ орынды – Ж.Абдеманап (Парасат) иеленді.

«Армрестлинг» спорт түрінен ұлдар арасында І орынды – Б.Қасымов (ТКСиТ), ІІ орынды – А.Сүлейменов (Болашақ), ІІІ орынды - А.Әбдікерім (Парасат). қыздар арасында І орынды – С.Әбдіқапар (ЖПК), ІІ орынды – А.Узбачук (Парасат), ІІІ орынды – С.Белоносова (ЖМК) иеленді.

«Шекемтас» спорт түрінен қыздар арасында І орынды – Р.Назарова (ЖПК), ІІ орынды – М.Нышан (ЖМК), ІІІ орынды - А.Абибуллаева (№12 кол.) иеленді.

«Волейбол» спорт түрінен ұлдар арасында командалық есеп бойынша І орынды – «Астана» колледжі, ІІ орынды – ЖПК, ІІІ орынды – «Болашақ» колледжі, қыздар арасында командалық есеп бойынша І орынды – Тараз «Парасат» колледжі, ІІ орынды – ТПК, ІІІ орынды – ЖПК иеленді.

Жалпы командалық есеп бойынша І орынды – Жамбыл политехникалық колледжі, ІІ орынды – Тараз «Парасат» колледжі, ІІІ орынды –Жамбыл медициналық колледжі командалары ие болып, арнайы диплодармен, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Спартакиадаға арнаулы орта оқу орындарының студенттері, қала әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің және «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қызметкерлері, барлығы 200-ден аса адам қатысты.

25 сәуір – Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және шығармашылық қабілеттерін шыңдау, жасөспірімдердің сурет өнер арқылы қоғамдық өмірге тарту мақсатында Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында «Қылмыс түбі қорлық!» атты қабырға газетінен жарыс өткізілді. Іс – шараға барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені А.Алимбаева, І орынды А.Мандыкулова, ІІ орынды Қ.Қойшығұлова, ІІІ орынды С.Байсбек иеленіп, арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.



25 сәуір – Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінде «Жасөспірім және қылмыс!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге Тараз қаласы ІІБ басқармасы №1 полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Б.Убайдулаев, Тараз гуманитарлық – техникалық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Нүрекеева, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова мен жастар, барлығы 60-қа жуық адам қатысты.

26 сәуір – Жастарға діни экстремизммен мен терроризм ағымдарынан аулақ бола отырып, шынайы дәстүрлі ислам мен экстремистік діни ағымдардың айырмашылықтарын түсіндіру мақсатында «Аспара» колледжінде «Діни экстремизм мен терроризм дегеніміз не?» атты кездесу өткізілді. Кездесу барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен арнайы сауалнамалар жүргізілді. Сауалнама барысында студент жастарға қазіргі кездегі орын алып жатқан дін мәселесіндегі өзекті проблемаларға жол бермей, дұрыс бағытпен жүру керек екендігі түсіндірілді. Жүргізілген сауалнама қорытындысы «Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жолданып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп, арнайы мониторинг жарияланды. Жалпы қатысқандар саны – 60 жас.

28 сәуір - жасөспірімдерді тазалыққа, табиғатты аялауға баулу, аула тазалығы үшін сенбілікке шығудағы белсенділігін арттыру мақсатында «Азимут» аула клубының ұйымдастыруымен «Әсем қала – Таразым!» атты жастар сенбілігі өткізілді. Сенбілікте аула клуб жетекшілері мен оқушылары қатысып, барлығы 25 адам тазалық жұмыстарын жүргізді.

29 сәуір – «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні!» мерекесіне орай жастарға әрбір ұлттың мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу мақсатында №43 орта мектебінің мәжіліс залында «Бәріміз - біргеміз!» атты мерекелік кеш өткізілді. Кешке барлығы 80-ге жуық адам қатысты.

3 мамыр – «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі» мерекесіне орай сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, жасөспірімдердің шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, отансүйгіштікке, елін қастерлеп, құрметтеуге баулу және сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Балауса» аула клубында «Қазақстан – достық мекені!» атты сурет байқауы өтті. Іс – шараға барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша бас жүлдені Т.Байсеитова, І орынды А.Сұлтанханова, ІІ орынды Н.Мұхтар, ІІІ орынды А.Малик иеленіп, арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.



4 мамыр - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай Қазақстандық патриотизмді қалыптастыра отырып, әскери-патриоттық сезімді нығайту, Отан қорғау жолындағы конституциялық міндеттері мен азаматтық парызын орындауға баулу және жастар мен елі үшін аянбай еңбек етіп жүрген сарбаздар мен жастардың арасында тәжірибе алмасу мақсатында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы және Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен №28903 әскери бөлімінде «Тараз тарландары-2017» атты қалалық әскери-спорттық ойындары өткізілді.

Іс-шараға ҚР Қарулы күштерінің ардагері, Жамбыл облысы әкімі аппаратының штаттан тыс статисті, отставкадағы полковнигі М.Байжанов, Тараз қаласының «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Д.Ермеков, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының Тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының аға офицері, полковник А.Жүсіпов, №28903 әскери бөлімінің офицерлері мен сарбаздары «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Е.Төлендиев, мекеме қызметкерлері, АӘД мұғалімдерімен жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, барлығы 200-ден аса адам қатысты.

Аталған қалалық әскери-спорттық ойындарда М.Байжанов №28903 әскери бөлім сарбаздарын және қала жастарын «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесімен құттықтап, әскери-спорттық ойындарында белсенділік танытуға шақырса, Д.Ермеков Тәуелсіз елдің тыныштығын сақтайтын Қарулы Күштердің құрылғанына 25 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ал «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Е.Төлендиев әскери-спорттық ойындарының қатысушылары жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының жетекшілеріне алғыс білдіріп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Іс-шараға жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарынан барлығы 9 команда қатысып, «АК-74 автоматын уақытқа шашып, жинау», «Жалпы әскери қорғаныш толымын (ОЗК) уақытқа киіп, шешу», «Әскерилендірілген эстафета», «Гранатаны дәлдікке лақтыру», «Турникке тартылу» және «Кеудені көтеру» кезеңдері бойынша өзара сайысқа түсті.

Іс-шара қорытындысына сәйкес «АК-74 автоматын уақытқа шашып, жинау» кезеңі бойынша І орын – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Бүркіт командасы», ІІ орын – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Найза» командасы, ІІІ орын – Жамбыл политехникалық колледжінің «Жас Ұлан» командасы, «Үздік сарбаз» номинациясын (қыздар арасында) – А.Мельдибекова (ТарМУ), «Үздік сарбаз» номинациясын (ұлдар арасында) – Д.Самсонов (ЖПК).

Жалпы әскери қорғаныш толымын (ОЗК) уақытқа киіп, шешу кезеңі бойынша І орын - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Бүркіт» командасы, ІІ орын - Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Найза» командасы, ІІІ орын - Жамбыл политехникалық колледжінің «Жас Ұлан» командасы, «Үздік сарбаз» номинациясын (қыздар арасында) – Г.Аміржан (ТарМПИ), «Үздік сарбаз» номинациясын (ұлдар арасында) – А.Болат (ТарМУ).

«Әскерилендірілген эстафета» кезеңі бойынша І орын – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Бүркіт командасы», ІІ орын – Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «ТИГУ» командасы, ІІІ орын – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтынан «Найза» командасы, «Гранатаны дәлдікке лақтыру» кезеңі бойынша І орын – Тараз «Парасат» колледжінен «Парасат» командасы, ІІ орын – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтынан «Найза» командасы, ІІІ орын – Қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық колледжінің командасы, «Үздік сарбаз» номинациясын (қыздар арасында) – М.Дәулетқұл (ТарМПИ), «Үздік сарбаз» номинациясын (ұлдар арасында) – А.Жалалов (Парасат).



«Турникке тартылу» және «Кеудені көтеру» кезеңдері бойынша І орын – Жамбыл политехникалық колледжінен «Жас Ұлан» командасы, ІІ орын – Тараз «Парасат» колледжінен «Парасат» командасы, ІІІ орын – №12 Тараз колледжінен «№12 Тараз колледжі» командасы, «Үздік сарбаз» (ұлдар арасында) номинациясын – Н.Ергалиев (ТарМУ), «Үздік сарбаз» (қыздар арасында)номинациясын – К.Мұжаметжанова (Қазіргі заманғы-гум. тех кол), жалпы командалық есеп бойынша І орын – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен «Бүркіт» командасы, ІІ орын – Тараз «Парасат» колледжінен «Парасат» командасы, ІІІ орын – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтынан «Найза» командалары иеленіп, жеңімпаздар арнайы дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар берілді.

5 мамыр – «9 мамыр – Жеңіс күні» мерекесіне орай жастар мен жасөспірімдерге Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елі, жері үшін жанын қиған ерлердің өмірімен таныстырып, еске алу мақсатында №7 мектеп-гимназиясында «Жеңіс туым желбіре!» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Іс – шараға барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

5 мамыр – сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, олардың өнерлерін шыңдау, сурет салу қабілеттерін жетілдіре отырып, жасөспірімдерді достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан – достықтың киелі бесігі!» атты сурет байқауы өтті. Іс - шараға барлығы 20-дан астам адам қатысты.

5 мамыр – Жастар мен жасөспірімдерге ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, Отансүйгіштік қасиеттерін дәріптей отырып, туған, елін қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында №15 мектеп-гимназиясында «Отан деп соққан жүрегі!» атты мерекелік кеш өткізілді. Іс - шараға барлығы 60-қа жуық адам қатысты.

5 мамыр – «9 мамыр – Жеңіс күні» мерекесіне орай жасөспірімдерді еңбекқорлыққа, туған жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында №44 орта мектебінің мәжіліс залында «Жеңіс көктемі!» атты мерекелік кеш өткізілді.

Мерекелік кешке «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Н.Шабан, мектеп ұжымы мен жастар, барлығы 70-ке жуық адам қатысты.



10 мамыр - «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні!» мерекесіне орай «Балауса» аула клубының ұйымдастыруымен жасөспірімдерді дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту мақсатында мектеп бітірушілер аллеясында «Ерлік елге - мұра, ұрпаққа ұран!» атты спорттық жарыс өтті. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды – «Жас ұлан» командасы, ІІ орынды – «NaVI» командасы, ІІІ орынды – «Қыран» командасы иеленіп, жеңімпаздар арнайы дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.



10 мамыр «9 мамыр – Жеңіс күні!» мерекесіне орай жастарға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге және шығармашылық жобаларға қатыстыру арқылы сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, олардың өнерлерін шыңдау, сурет салу қабілеттерін жетілдіру мақсатында №39 орта мектебінде «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат!» атты қабырға газетінен жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Г.Жолдасбек, ІІ орынды Е.Болатов, ІІІ орынды Н.Жұматай иеленіп, жеңімпаздар арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты

11 мамыр - Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында «Балауса» аула клубында «Есірткісіз болашақ!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. «Дөңгелек үстел» отырысына барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

11 мамыр – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығына және жастардың еліне адал қызмет етумен қатар, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында «Ғасір қасіретін арқалаған арыстар!» атты әдеби кеш өткізілді. Іс – шараға барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

11 мамыр – жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Ақпараттандыру, байланыс және технологиялар колледжінің жастарымен «Жемқорлықсыз болашақ!» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге Ақпараттандыру, байланыс және технологиялар колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қапалбаев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Жамбыл облысы бойынша мүшесі А.Зархат, Жамбыл облысы бойынша Жастар маслихатының екінші шақырылым депутаты Е.Әбдиев және жастар барлығы 30-ға жуық адам қатысты.



11 мамыр - Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің жиын залында «Жолдаудың бізге берері мол!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық-талдау және түсіндіру бөлімінің инспекторы Ж.Өзбекәлиев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ақпараттық-мониторинг секторының меңгерушісі А.Кадралиев, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Берикова, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар және жастар, барлығы 80-нен аса адам қатысты.

12 мамыр – №39 орта мектебінің жасөспірімдері арасында «Есірткіге жол жоқ!» атты спорттық жарыс өткізілді.

Спорттық жарысқа мектеп жасөспірімдерінен құралған «Жалын», «Бүркіт» және «Жігер» командалары «Доппен жүгіру», «Скакалкамен жүгіру», «Кенгуру», «Көңілді эстафета» атты кезеңдері арқылы өзара сайысқа түсті. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Бүркіт», ІІ орынды «Жігер», ІІІ орынды «Жалын» тобы иеленіп, жеңімпаздар арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапаттады. Іс-шараға барлығы 60-қа жуық адам қатысты.



12 мамыр – жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Болашақ» колледжінің жастарымен «Жемқорлық – індет, жою міндет!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға «Болашақ» колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мадомарова, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Жамбыл облысы бойынша көшбасшысы Ә.Мұратбаев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Ә.Садықбекова және Н.Қосубақ және жастар, 40-қа жуық адам қатысты.

15 мамыр - жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Аспара» колледжінің жастарымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға «Аспара» колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Усманова, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Жамбыл облысы бойынша мүшесі Е.Қыпшақбаев, Жамбыл облысы бойынша Жастар маслихатының екінші шақырылым депутаты Е.Әбдиев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова және жастар, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет