«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың 12 айы бойынша жұмыс жоспарының орындалуы туралы АҚпарат тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»



бет6/7
Дата02.07.2018
өлшемі133,36 Kb.
#45986
1   2   3   4   5   6   7

20 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күнін атап өту, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау және жастардың патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Балауса» аула клубында «Тіл мәртебесін ұлықтайық!» атты шығарма байқауы өткізілді.

Шығарма байқауының қорытындысы бойынша І орынды – Ә.Әбдіқалық, ІІ орынды – Н.Уызбай, ІІІ орынды – С.Берік иеленіп, арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

20 қыркүйек - Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жастар арасында түсіндіру мақсатында «Болашақ» колледжінде «Елбасы мақаласы – рухани жаңғыру» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға ТарМПИ студ. ректоры Д.Байдыбек, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мадымарова, барлығы 60-қа жуық адам қатысты.



20 қыркүйек - №20 орта мектепте «Тығырықтан шығар жол бар!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге Жамбыл облыстық психикалық аурулар диспансерінің психологы А.Айдарбек және мектеп мұғалімдері барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

21 қыркүйек – М.Әуезовтың туылғанына 120 жыл толуына орай «Ботақан» аула клубында «Асқар тау алыстаған сайын айқын көріне түседі!» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шараға 20-ға жуық адам қатысты.



22 қыркүйек – Жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында №15 мектеп-гимназиясында «Есірткісіз болашақ!» атты кездесу өткізілді. Іс-шараға барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

22 қыркүйек – 22 қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының «Тілдер күні» мерекесін насихаттау, тілді құрметтеуге, ақыл-ойын,сөйлеу мәдениетін, тіл тазалығын сақтауға, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, отансүйгіштікке туған жерге, елге, оның тарихына деген өздерінің жүрекжарды пікірлерімен, тың ойларымен, көзқарастарымен бөлісу мақсатында «Арай» аула клубында «Мемлекеттік тіл мерейі!» атты шығарма байқауы өткізілді. Шығарма байқауының қорытындысы бойынша Бас жүлдені Қ.Дүйсенғалиева, І орынды А.Керімбаева, ІІ орынды А.Бахыбдинов, ІІІ орынды Г.Бақтыбаева иеленіп, дипломмен марапатталды. Байқауға 40-қа жуық адам қатысты.

22 қыркүйек – №15 мектеп-гимназиясында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы!» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шараға барлығы 60-тан астам адам қатысты.

25 қыркүйек – «Балауса» аула клубында «Қасіреттің қара түнегі!» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге Жамбыл облысы психикалық аурулар диспансерінің психологы А.Айдарбек, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Л.Құдайбергенова, және жасөспірімдер барлығы 30-ға жуық адам қатысты.



27 қыркүйек – «Жас балғын» аула клубында «Адам керуен өмір жол!» атты сурет байқауы өткізілді. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша бас жүлдені - Н.Құдайберген, І орынды - А.Мақсұтова, ІІ орынды - Т.Байсеитова, ІІІ орынды - А. Ермекова иеленіп, дипломмен және арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Байқауға барлығы 30 адам қатысты.

27 қыркүйек – «Астана» көпсалалы колледжінде «Қоғамның дерті қылмыс!» атты дискуссия өткізілді. Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, «Астана» көпсалалы колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Айдынбеков, Тараз қаласы жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік полиция капитаны С.Исметов, жастар барлығы 60-қа жуық адам қатысты.

28 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жастар арасында түсіндіру мақсатында Тараз мамандандырылған колледжінің жастары арасында «Жарқын болашағымыздың тұғыры – рухани жаңғыру!» атты кездесу өткізілді. Іс-шараға барлығы 60-қа жуық адам қатысты.

29 қыркүйек - «1 қазан - Қарттар күні» мерекесін жасөспірімдер арасында кеңінен насихаттау, аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, қарттарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында №10 орта мектепте «Қарттарым – асыл қазынам!» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешке барлығы 100-ге жуық адам қатысты.

2 қазан – «Ұстаздар күні» мерекесіне орай №15 мектеп-гимназиясының акт залында «Ұлағатты ұстаз!» атты мерекелік кеш өткізілді. Іс-шараға 50-ге жуық адам қатысты.

3-4 қазан – «1 қазан Қарттар күні» мерекесіне орай жастарды адамгершілікке, қайырымдылыққа, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «№1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» мекемесінің акт залында «Қарттарым – асыл қазынам!» атты мерекелік кеш өткізілді. Іс-шараға барлығы 80-ге жуық адам қатысты.

5 қазан - «1 қазан – Қарттар күні!» мерекесіне орай, сезіндіру. және шығармашылық жобаларға қатыстыру, олардың өнерлерін шыңдау, сурет салу қабілеттерін жетілдіру мақсатында «Арай» аула клубының жасөспірімдерімен «Қарты бар елдің, қазынасы бар!» атты сурет байқауы өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша  І орынды А.Марат, ІІ орынды М.Қазақбаев, ІІІ орынды М.Мутилов иеленіп, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Іс-шараға ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары және жастар, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.



6 қазан - «Ұстаздар күні» мерекесіне орай білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымының құрметін арттыру, ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында №25 орта мектебінің АКТ залында «Ұстаздың ұлы келбеті!» атты мерекелік кеш өткізілді. Іс-шараға барлығы 80-ге жуық адам қатысты.

10 қазан - «Тараз-Ғасыр» колледжінде «Дін және қоғам!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің дін проблемаларын талдау секторының меңгерушісі Ж.Керімбекова, жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Бекайдаров, А.Сарсенбаев оқу орнының ұстаздары мен студенттері қатысты. Іс-шара барысында А.Сарсенбаев діни экстремизмнің әлемге тигізіп жатқан залалы туралы баяндама оқып, арнайы дайындалған слайдтар мен бейнебаяндар арқылы, діни экстремистік және террористік бағытындағы ислам дінін жамылған радикалды ағымдар жайлы нақты мысалдар келтірді.

Кездесу барысында студенттер тарапынан: Бидғад дегеніміз не? Хиджаб, қысқа балақтыларға тыйым салынған ба? т.б сұрақтар қойылып, оларға мардымды жауаптар берілді.

Кездесуге барлығы 40-қа жуық адам қатысты. Сонымен қатар «сенім телефонының» қызметтері берілді.

10 қазан - №37 орта мектебінің акт залында «Ұстаз деген –ұлағатты ұлы есім !» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кештің мақсаты – білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымының құрметін арттыру, мерекелік көңіл күй сыйлау болып табылады. Іс-шараға барлығы 80-ге жуық адам қатысты.

10 қазан - №13 Тараз теміржол колледжінде «Жемқорлық-індет, жою міндет!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Іс-шараға ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Мухатаева, Жамбыл облысы бойынша Жастар маслихатының екінші шақырылым депутаты Е.Әбдиев, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі Е.Қыпшақбаев, және жастар барлығы 60-қа жуық адам қатысты.



10 қазан – Тараз темір жол көлік колледжінде «Жемқорлықсыз – болашақ!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Құрманбаев, Жамбыл облысы бойынша Жастар маслихатының екінші шақырылым депутаты Е.Әбдиев, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі Е.Қыпшақбаев, және жастар барлығы 70-ке жуық адам қатысты.

12 қазан - Тараз химия-технологиялық колледжінде «Жемқорлық-індет, жою міндет!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Іс-шараға ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Исаев, Жамбыл облысы бойынша Жастар маслихатының екінші шақырылым депутаты Е.Әбдиев, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Күлтөбе» пікірсайыс клубының мүшесі А.Байғазиев, және жастар барлығы 60-қа жуық адам қатысты.

13 қазан - № 49 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясында «Қасіреттің қара түнегі!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Кездесуге мектеп психологы Г.Аширова, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, және ата-аналар барлығы 80-ге жуық адам қатысты.

13 қазан - «Азимут» аула клубының ұйымдастыруымен «Арай» аула клубында «Таза аула -таза қала!» атты жастар сенбілігі өткізілді.

Сенбіліктің мақсаты – жасөспірімдерді тазалыққа, табиғатты аялауға баулу, аула тазалығы үшін сенбілікке шығудағы белсенділігін арттыру болып табылады. Іс-шараға барлығы 20-дан аса адам қатысты.



16 қазан – Абай атындағы Жамбыл-гуманитарлық колледжінде «Жемқорлықсыз болашақ!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, колледждің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы С.Сейдалиева, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Күлтөбе» пікірсайыс клубының мүшесі А.Байғазиев, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттік ректоры Д.Бәйдібек, және жастар барлығы 100-ге жуық адам қатысты.

17 қазан - Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ қылмыс түрлері және оған қолданылатын жазамен таныстыру, жастардың құқықтық білімдерін кеңейту, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Балауса» аула клубында «Жастар қылмысқа қарсы!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

17 қазан - №23 орта мектебінің жастарымен «Нашақорлық – қоғам кеселі!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Кездесуге Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің психолог маманы И.Ибраева, №23 орта мектебі директорының құқық ісі жөніндегі орынбасары З.Қадірова, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, жастар, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

Іс-шара барысында жастар назарына «Есірткісіз болашақ!» атты бейнебаяны ұсынылып, «Нашақорлық – қоғам кеселі!» атты таратпа материалдары таратылып, шара соңында жастар қонақтарға бірқатар сұрақтар қойып, мардымды жауаптарын алды.



18 қазан – Абай атындағы Жамбыл-гуманитарлық колледжінде «Дін тәрбие діңгегі!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің дін проблемаларын талдау секторының меңгерушісі Ж.Керімбекова, жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Бекайдаров, А.Сарсенбаев колледж оқытушыларыі мен студенттері, барлығы 40-қа жуық адам қатысты.

Шара барысында А.Сарсенбаев діни экстремизмнің әлемге тигізіп жатқан залалы туралы баяндама оқып, арнайы дайындалған слайдтар мен бейнебаяндар арқылы, діни экстремистік және террористік бағытындағы ислам дінін жамылған радикалды ағымдар жайлы нақты мысалдар келтірді.

Іс-шара барысында студенттер тарапынан: Бидғад дегеніміз не? Хиджаб, қысқа балақтыларға тыйым салынған ба? тағы да сол сияқты сұрақтар қойылып, оларға мардымды жауаптар берілді.



19 қазан - Жастар арасында нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектебінің жастарымен «Нашақорлық – қоғам кеселі!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

20 қазан - «Балауса» аула клубында «Адам-керуен, өмір- жол!» атты қабырға газетінен жарыс өткізілді. Әділ-қазылардың бағалауымен қорытынды шығарылып, I орынды А.Айтбай, II орынды А.Сұлтанханова, III орынды А. Муканова иеленді. Байқауға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

20 қазан - Абай атындағы Жамбыл-гуманитарлық колледжінің жастарымен «Жастар есіртіге қарсы!» атты акция өткізілді.

Акцияға Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің психолог маманы Л.Омарова, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы С.Сейдалиева, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жастар ісі жөніндегі инспекторлары Г.Еркебекова, Б.Әмірбек, колледж ұжымы мен жастар, барлығы 100-ге жуық адам қатысты.



23 қазан – Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтында «Дәстүрлі діни құндылықтары!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің дін проблемаларын талдау секторының меңгерушісі Ж.Керімбекова, жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Бекайдаров, А.Сарсенбаев колледж оқытушыларыі мен студенттері, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

Іс-шара барысында А.Сарсенбаев діни экстремизмнің әлемге тигізіп жатқан залалы туралы баяндама оқып, арнайы дайындалған слайдтар мен бейнебаяндар арқылы, діни экстремистік және террористік бағытындағы ислам дінін жамылған радикалды ағымдар жайлы нақты мысалдар келтірді.

25 қазан - Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Өмір – баға жетпес бақыт!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Кездесуге Жамбыл облыстық психикалық аурулар диспансерінің психологы Ж.Байгутдинова, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің психологы Ұ.Мелдебекова және студенттер, барлығы 40-қа жуық адам қатысты.



25 қазан – Жамбыл политехникалық колледжінің акт залында «Күзгі кантанта – 2017!» атты күзгі бал байқауы өткізілді.

Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені А.Жадигеров пен А.Тукмурзаева, І орынды Д.Жанабай мен С.Аманова, ІІ орынды Н.Орасов пен А.Өмірбаева, ІІІ орынды Н.Құдайберген мен М.Кемелтаева иеленіп, арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға барлығы 300-ге жуық адам қатысты.



25 қазан - Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Сенімге серпін ұялатқан – Жолдау!» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге Тараз мемлекеттік институтының студенттік ректоры Д.Бәйдібек, «Күлтөбе» пікірсайыс клубының мүшесі А.Байғазиев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар және жастар, барлығы 100-ге жуық адам қатысты.



26 қазан - «Астана» колледжінде «Еліміздің даму жолындағы серпінді қадам!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Кездесуге «Астана» колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Қ.Айдынбеков, «Күлтөбе» пікірсайыс клубының мүшесі А.Байғазиев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар және жастар, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.



31 қазан – Жасөспірімдердің құқықтық білімін тереңдетіп, жауапкершіліктерін арттыру, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Арай» аула клубының жасөспірімдерімен «Қылмыстың түбі қорлық!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ ЮПТ полиция капитаны Ғ.Бегалиев, полиция аға лейтенанты Е.Салжанов, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Н.Еркінова және жастар, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

31 қазан – Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жас балғын» аула клубында «Қылмыс – қоғам дерті!» атты «дөңгелек үстел отырысы» өткізілді. Іс-шараға 30-ға жуық адам қатысты.

31 қазан – Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Болашақ» колледжінде «Жастар қылмысқа қарсы!» атты кездесу өткізілді. Іс-шараға 70-ке жуық адам қатысты.



31 қазан - «Арай» аула клубында «Қылмыс - қоғам дерті » атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ақпараттық-мониторинг секторының жастар ісі жөніндегі инспектор - заңгері Б.Әмірбек барлығы 25- тен астам адам қатысты.

31 қазан – Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында «Ботақан» аула клубында «Қылмыс түбі қорлық!» атты кездесу өткізілді. Іс-шараға 20-ға жуық адам қатысты.

31 қазан – «Ботақан» аула клубында «Тапқыр болсаң талас жоқ!» атты мақал-мәтел сайысы өткізілді. Іс-шараға 20-дан аса адам қатысты.

1 қараша – Ұлттық құндылық, рухани байлық, салт-дәстүрімізді сақтап, одан әрі дамытатын жас жеткіншектердің өнерін дәріптеумен қатар, олардың ұлттық намысын жігерлендіру, жаңа биіктерге талпындыру мақсатында №13 Теміржол колледжінде «Жігіт сұлтаны – 2017» байқау өтті.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды А.Ызғанбек, ІІ орынды Б.Якудаев, ІІІ орынды Б.Үсен иеленіп, жеңімпаздар арнайы диплом мен сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға барлығы 100-ге жуық адам қатысты.



10 қараша – «Арай» аула клубында «Адам-керуен, өмір- жол!» атты қабырға газетінен жарыс өткізілді өткізілді. Әділқазылардың бағалауымен қорытынды шығарылып 1 орынды Ұ.Төленді, II орынды А.Марат, III орында М.Қазақбаев иеленді. Байқауға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

14 қараша - Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, есірткі заттарының адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында «Балауса» аула клубында «Есірткіге жол жоқ!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

15 қараша – «15 қараша - Ұлттық валюта күні!» мерекесіне орай жастарға төл теңгеміздің шығу тарихын, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беріп, олардың бойына елімізге деген сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңіру мақсатында «Балауса» аула клубының жастарымен «Төл теңгенің тарихы» атты кездесу өткізілді. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

17 қараша №48 орта мектебінде «Мен - өмірді таңдаймын!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Кездесуге Жамбыл облыстық психикалық аурулар диспансерінің психологы Б.Байгутдинова, №48 орта мектебінің психологы Г.Тастемирова, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары және мектептің мамандары мен жастары, барлығы 100-ге жуық адам қатысты.

20 қараша - Әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау мақсатында «Аstana park» кинотеатрында «Қайырымды жандар» атты акция өткізілді. Іс-шараға барлығы 70-ке жуық адам қатысты.

20 қараша – Жамбыл атындағы №5 мектеп гимназиясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес!» атты сурет байқауы өткізілді. Байқауға ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, мектеп-гимназия директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Ноғайбеков, және жастар барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша І орын Г.Шасабирова, ІІ орын А.Мұратова, ІІІ орын І.Аруна иеленіп жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.



21 қараша – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қалалық мәдениет үйінде «Кеңес беру алаңы» өткізілді.

Атап айтсақ, «Атамекен» кәсіпкерлікті қолдау палатасы, ауыл шаруашылығы бөлімі, білім бөлімі, денсаулық сақтау бөлімі, ішкі істер департаменті, спорт бөлімі, психолог, халыққа қызмет көрсету орталығы, әділет департаментінің мамандары жастарға әр түрлі бағыттар бойынша кеңестерберді. Іс-шараға барлығы 700-ге жуық адам қатысты.



21 қараша– Қалалық мәдениет үйінде «Дін және жастар!» атты ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күніне Жамбыл облысы әкімдігінің «Оңалту» орталығының инспекторы Ж:Өзбекәлиев, «Дін проблемаларын талдау» секторының меңгерушісі Ж.Керімбекова, жастар ісі жөніндеі инспекторлары Н.Бекайдаров, А.Сәрсенбаев, ЖОО мен АООО қызметкерлері және жастары барлығы 500-ге жуық адам қатысты.

Іс-шара барысында мамандар діни экстремизмнің әлемге тигізіп жатқан залалы туралы, діни экстремистік және террористік бағытындағы ислам дінін жамылған радикалды ағымдар жайлы нақты мысалдар келтіріп, кеңес берді. Іс шара барысында жастар мен оқытушылар және жастар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға мардымды жауаптар берілді. Таратпа материалдары таратылып, сонымен қатар «сенім телефондары» қызметі берілді.



22 қараша - Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің мәжіліс залында «Дәстүрлі емес діни ағымдарының қауіпі!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға «Дін проблемаларын талдау» секторының меңгерушісі Ж.Керімбекова, жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Бекайдаров, А.Сәрсенбаев, университеттің дінтанушы маманы Н.Оспанов, оқу орнының қызметкерлері мен студенттері барлығы 80-ге жуық адам қатысты. Іс-шара барысында А.Сарсенбаев діни экстремизмнің әлемге тигізіп жатқан залалы туралы баяндама оқып, арнайы дайындалған слайдтар мен бейнебаяндар арқылы, діни экстремистік және террористік бағытындағы ислам дінін жамылған радикалды ағымдар жайлы нақты мысалдар келтірді. Кездесу барысында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға мардымды жауаптар берілді. Сонымен қатар «сенім телефондары» қызметі берілді.



22 қараша – И.Панфилов атындағы №39 мектеп гимназиясының мәжіліс залында «Діни экстремизм мен терроризмнің жастарға әсері!» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге дін проблемаларын талдау секторының меңгерушісі Ж.Керімбекова, жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Бекайдаров, А.Сәрсенбаев, мектептің ұстаздары мен оқушылары барлығы 120-ға жуық адам қатысты.

Іс-шара барысында А.Сарсенбаев діни экстремизмнің әлемге тигізіп жатқан залалы туралы баяндама оқып, арнайы дайындалған слайдтар мен бейнебаяндар арқылы, діни экстремистік және террористік бағытындағы ислам дінін жамылған радикалды ағымдар жайлы нақты мысалдар келтірді. Іс – шара барысында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға мардымды жауаптар берілді. Сонымен қатар «сенім телефондары» қызметі берілді.

24 қараша – «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не 5 жыл толуына орай мекеме қызметкерлері арасында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде кіші футбол турнирі өткізілді.

Турнир қорытындысы бойынша І орын «ТИГУ», ІІ орынды «Жамбыл жастары», ІІІ орын «Облыстық мәдениет» командалары иеленді. Сонымен қатар «Үздік шабуылшы» номинациясын Н.Туғанбай, «Үздік қақпашы» номинациясын Т.Аярбеков иеленіп, жеңімпаздар арнайы алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға барлығы 200-ге жуық адам қатысты.

24 қараша – Ғ.Мұстафиннің туылғанына 115 жыл толуына орай «Ботақан» аула клубында «Дауысы дәуірмен ұласқан қаламгер» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шараға 20-ға жуық адам қатысты.

24 қараша – Қазақтың біртуар ұлы, қаламгер Ғ.Мұстафиннің өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру. Сонымен қатар, жасөспірімдерді өзіндік ізденіс жүмыстарына баулу, ой-өрісін, рухани жан дүниесін байыту, пікірін ашық білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру мақсатында «Балауса» аула клубының жасөспірімдерімен «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы!» атты әдеби кеш өткізілді.

Іс-шараға мекеменің жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Еркінова, Л.Құдайбергенова және Ә.Садықбекова, жасөспірімдер, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

27 қараша - «Білім» кәсіби-гуманитарлық колледжінде «Жолдауға қолдау жастардан!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Кездесуге филология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Белботаев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар, Тараз инновациялық-гуманитарлық угиверситетінің білімгері, "Темірқазық" волонтерлар қозғалысының көшбасшысы А.Байғазиев, белсенді мүшесі Қ.Қаржаубаева және жастар, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет