«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың 12 айы бойынша жұмыс жоспарының орындалуы туралы АҚпарат тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»



бет7/7
Дата02.07.2018
өлшемі133,36 Kb.
#45986
1   2   3   4   5   6   7

27 қараша ҚР-на еңбегі сіңген қайраткері Ғ.Мұстафиннің 115 жылдық мерейтойына орай жазушының шығармаларын жас ұрпаққа насихаттап, жастарды әдебиет әлеміне тарту және жастардың әдебиетке деген құлшынысын ояту мақсатында «Оның ұстазы – өмір!» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шараға барлығы 30-дан аса адам қатысты.

27 қараша – №17 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес!» атты қабырға газеті жарыс өткізілді. Жарысқа ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, мектептің құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Берікова, және жасөспірімдер, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша І орын Т.Мырзаева, ІІ орын Н.Ықылас, ІІІ орын А.Малдыбаева дипломдарға ие болса, арнайы алғыс хатпен А.Кенбаева, Ж.Жарылқасынова, М.Арманқызы, Р.Пазылбекова марапатталды.



27 қараша – Тараз сервис және технология колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Іс-шараға ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттік ректоры Д.Бәйдібек, Жамбыл облысы бойынша Жастар маслихатының екінші шақырылым депутаты Е.Әбдиев, және жастар барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

28 қараша – «Эскулап» медициналық орталығының мәжіліс залында «Дәстүрлі емес діни ағымдарының қауіпі!» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге дін проблемаларын талдау секторының меңгерушісі Ж.Керімбекова, жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Бекайдаров, А.Сәрсенбаев, медициналық орталығының қызметкерлері барлығы 30-ға жуық адам қатысты. Іс-шара барысында А.Сарсенбаев діни экстремизмнің әлемге тигізіп жатқан залалы туралы баяндама оқып, арнайы дайындалған слайдтар мен бейнебаяндар арқылы, діни экстремистік және террористік бағытындағы ислам дінін жамылған радикалды ағымдар жайлы нақты мысалдар келтірді. Іс-шара барысында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға мардымды жауаптар берілді. Сонымен қатар «сенім телефондары» қызметі берілді.



29 қараша - Абай атындағы Жамбыл-гуманитарлық колледжінде «Жемқорлыққа жол бермейміз!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, колледждің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы С.Сейдалиева, Жамбыл облысы бойынша Жастар маслихатының екінші шақырылым депутаты Е.Әбдиев, Тараз қаласы бойынша «Алғырлар» клубының белсенді мүшесі А.Ноғайева, және жастар барлығы 100-ге жуық адам қатысты.

30 қараша - «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні!» мерекесіне орай жастарға Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында №51 орта мектебінде «Елбасы – ел тірегі!» атты мерекелік кеш өткізілді. Іс-шараға барлығы 70-тен аса адам қатысты.

30 қараша – Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында «Жас балғын» аула клубында «Есірткіге жол жоқ!» атты кездесу өткізілді. Іс-шараға 70-ке жуық адам қатысты.

30 қараша - Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында «Біз өмірдің гүліміз!» атты семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараға Жамбыл облыстық психикалық аурулар диспансерінің психолог маманы А.Айдарбек, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің жастар ісі жөніндегі төрайымы С.Сейдуалиева және студенттер барлығы 40-қа жуық адам қатысты.

30 қараша - Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің жастарымен «Жастар есіртіге қарсы!» атты қыздар арасындағы волейболдан жарыс өткізілді.

Аталған жарысқа колледжден 5 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені «Бастауыш білім беру – 0105000» командасы, І орынды «Музыкалық білім беру – 0108000» командасы, ІІ орынды «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту – 0101000» командасы, ІІІ орынды «Сәндік қолданбалы өнері және халықтық кәсіпшілік – 0413000» командалары иеленіп, жеңімпаздар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.



1 желтоқсан – «1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні!» мерекесіне орай қалалық мәдениет үйінде «Ұлы тұлға – ұлт аманаты!» атты жас патриоттар форумы өткізілді.

Форум барысында «Шығармашыл жастарды көтермелеу» мақсатында 7 жеңімпаз: «Жас спортшы» номинациясы – А.Асылханов, «Жас қаламгер» номинациясы – А.Шабденова, «Жас ақын» номинациясы - Н.Құрманов, «Жас көшбасшы» номинациясы – Д.Пак, «Жас дәрігер» номинациясы – А.Қалыбай, «Жас маман» номинациясы – Н.Курманбаев, «Ең үздік комитет жетекшісі» номинациясыД.Уркимбаева иеленіп бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар аталған форум барысында Елбасының өмірлік жолы мен еңбектері туралы көрмелер көрсетіліп, арнайы концерттк бағдарламалар қойылды. Іс-шараға 500-ге жуық адам қатысты.

4 желтоқсан – «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні!» мерекесіне орай №43 орта мектебінің жастарымен «Менің – Елім, менің - Елбасым!» атты мәнерлеп өлең оқу кеші өткізілді.

Іс-шараға №43 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Азимханова, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мекеменің жастар ісі жөніндегі инспекторы Н.Еркінова, мектеп ұжымы және жастар, барлығы 80-ге жуық адам қатысты.



6 желтоқсан – Жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын-алу мақсатында №45 қазақ классикалық гимназиясында «Нашақорлықсыз болашақ!», «Есірткісіз – жарқын болашақ атты кездесулер өткізілді.

Кездесуге Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің психолог маманы Ж.Жұмалиева, директордың құқықтық ісі жөніндегі орынбасары Н.Құрманов, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Қосубақ және Г.Еркебекова, жастар, барлығы 50-ден астам адам қатысты.



7 желтоқсан - «Аспара» колледжінде «Жаһандық жолға – жүйелі жолдаумен!» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар, «Темірқазық» волонтерлар қозғалысының көшбасшысы А.Байғазиев, «Темірқазық» волонтерлар қозғалысы көшбасшысының орынбасары А.Жолдығұл және жастар, барлығы 40-қа жуық адам қатысты.



7 желтоқсан – Жастар арасында нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы №49 орта мектебінің жастарымен «Есірткі менің таңдауым емес!» атты кездесу өткізілді.

Шараға Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің психолог маманы М.Ибраева, Ы.Алтынсарин атындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ходжаева, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Н.Еркінова, жастар, барлығы 60-қа жуық адам қатысты.



7 желтоқсан - №36 орта мектебінің жастарымен «Есірткі – адамның қасы, аурудың басы!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Кездесуге Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің психолог М.Умбитярова, директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары Г.Жапақұлова, «Темірқазық» волонтерлар қозғалысының мүшесі А.Мұқашев, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, мектеп ұжымы мен жастар, барлығы 100-ге жуық адам қатысты.



5 желтоқсан - №16 орта мектебінің жастарымен «Дін және жастар!» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге дін проблемаларын талдау секторының меңгерушісі Ж.Керімбекова, жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Бекайдаров, А.Сәрсенбаев, орта мектептің ұстаздарымен мен оқушылары барлығы 70-ке жуық адам қатысты. Іс-шара барысында А.Сарсенбаев діни экстремизмнің әлемге тигізіп жатқан залалы туралы баяндама оқып, арнайы дайындалған слайдтар мен бейнебаяндар арқылы, діни экстремистік және террористік бағытындағы ислам дінін жамылған радикалды ағымдар жайлы нақты мысалдар келтірді. Іс – шара барысында жастар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға мардымды жауаптар берілді. Сонымен қатар «сенім телефондары» қызметі берілді.



7 желтоқсан – Тараз сервис және технология колледжінде «Діни экстремизм мен терроризмнің жастарға әсері!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға дін проблемаларын талдау секторының меңгерушісі Ж.Керімбекова, жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Бекайдаров, А.Сәрсенбаев, колледж оқытушылары мен студенттері, барлығы 80-ге жуық адам қатысты. Іс-шара барысында А.Сарсенбаев діни экстремизмнің әлемге тигізіп жатқан залалы туралы баяндама оқып, арнайы дайындалған слайдтар мен бейнебаяндар арқылы, діни экстремистік және террористік бағытындағы ислам дінін жамылған радикалды ағымдар жайлы нақты мысалдар келтірді. Іс – шара барысында жастар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға мардымды жауаптар берілді. Сонымен қатар «сенім телефондары» қызметі берілді.



7 желтоқсан – №51 орта мектебінің жастарымен «Дін негіздерін білу өзектілігі!» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге дін проблемаларын талдау секторының меңгерушісі Ж.Керімбекова, жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Бекайдаров, А.Сәрсенбаев, орта мектептің ұстаздарымен мен оқушылары барлығы 50-ге жуық адам қатысты. Іс-шара барысында А.Сарсенбаев діни экстремизмнің әлемге тигізіп жатқан залалы туралы баяндама оқып, арнайы дайындалған слайдтар мен бейнебаяндар арқылы, діни экстремистік және террористік бағытындағы ислам дінін жамылған радикалды ағымдар жайлы нақты мысалдар келтірді. Іс – шара барысында жастар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға мардымды жауаптар берілді. Сонымен қатар «сенім телефондары» қызметі берілді.

Кездесу барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен арнайы сауалнамалар жүргізілді. Сауалнама барысында студент жастарға қазіргі кездегі орын алып жатқан дін мәселесіндегі өзекті проблемаларға жол бермей, дұрыс бағытпен жүру керек екендігі түсіндірілді. Жүргізілген сауалнама қорытындысы «Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жолданып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп, арнайы мониторинг жарияланды. Жалпы қатысқандар саны – 650 жас.

7 желтоқсан - Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ қылмыс түрлері және оған қолданылатын жазамен таныстыру, жастардың құқықтық білімдерін кеңейту, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Балауса» аула клубында «Қылмыс түбі жаза!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. «Дөңгелек үстел» отырысына барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

8 желтоқсан - Тараз техника және бизнес колледжінде «Жемқорлыққа жол бермейміз!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Іс-шараға ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова,колледждің тәрбие ісі жөніндегі Б.Бекеев, Тараз қаласы бойынша «Алғырлар» клубының белсенді мүшесі А.Ноғаева, Жамбыл облысы бойынша Жастар маслихатының екінші шақырылым депутаты Е.Әбдиев, және жастар барлығы 80-ге жуық адам қатысты.

8 желтоқсан - Тараз техника және бизнес колледжінде «Жемқорлық – менің таңдауым емес!»атты қабырға газеті жарысы өткізілді. Жарысқа ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова,колледждің тәрбие ісі жөніндегі Б.Бекеев, және жастар, барлығы 30-ға жуық адам қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша І орын А.Неботова, ІІ орын Б.Таңшолпан, ІІІ орын Ю.Куренькова, иеленіп арнайы дипломдармен марапатталды.

9 желтоқсан - №13 Тараз теміржол колледжінде «Жемқорлыққа жол бермейміз!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Іс-шараға ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Мухатаева, Жамбыл облысы бойынша Жастар маслихатының екінші шақырылым депутаты Е.Әбдиев, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі А.Зархат, және жастар барлығы 100-ге жуық адам қатысты.

9 желтоқсан - Абай атындағы Жамбыл-гуманитарлық колледжінде «Жемқорлық – менің таңдауым емес!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, колледждің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы С.Сейдалиева, Жамбыл облысы бойынша Жастар маслихатының екінші шақырылым депутаты Е.Әбдиев, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Күлтөбе» пікірсайыс клубының мүшесі А.Байғазиев, және жастар барлығы 100-ге жуық адам қатысты.

11 желтоқсан - №32 орта мектебінде «Нашақорлық ғасыр індеті!» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Іс-шараға Тараз қаласы IIБ-нің ЖПҚ сержанты А.Жақсылықов, барлығы 40-қа жуық адам қатысты.



11 желтоқсан - Абай атындағы Жамбыл - гуманитарлық колледжінің жастарымен «Есірткісіз – жарқын болашақ!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің психолог маманы Л.Омарова, жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы С.Сейдалиева, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, жастар, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.



11 желтоқсан күні – «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні!» мерекесіне орай №17 орта мектебінде «Елбасы – елімнің тірегі!» атты мерекелік кеш өткізілді. Іс-шараға 30-ға жуық адам қатысты.

13 желтоқсан – «16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай №23 орта мектебінде «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты мерекелік кеш өткізілді. Іс-шараға 60-қа жуық адам қатысты.

14 желтоқсан – «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік» күні мерекесіне орай №47 орта мектебінде «Тәуелсіз елдің ұландары!» атты жастар спартакиадасы өткізілді.

Спартакиада қорытындысы бойынша «Тоғызқұмалақ» ойынынан І орынды А.Сейдібаев, ІІ орынды М.Асылбекұлы, ІІІ орынды Ж.Әбдірахым иеленіп, «Арқан тартыс» ойынынан І орынды «Астана» командасы, ІІ орынды «Жастар командасы», ІІІ орынды «Қайнар» командасы иеленіп, «Кіші футбол» ойынынан І орынды «ТИГУ» командасы, ІІ орынды «ЖМК» командасы, ІІІ орынды «ЖПЖК» командасы иеленді. Іс-шараға барлығы 300-ше жуық адам қатысты.

14 желтоқсан – «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні!» мерекесіне орай №23 орта мектебінде «Тәуелсіздік тірегім!» атты мерекелік кеш өткізілді. Іс-шараға 60-қа жуық адам қатысты.

14 желтоқсан – «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні!» мерекесін кеңінен атап өту, жастарды еліміздің жетістіктерімен таныстыру, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу мақсатында И.В.Панфилов атындағы №39 орта мектебінде «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік!» атты мерекелік кеш өтті.

Мерекелік кешке И.В.Панфилов атындағы №39 орта мектебінің директоры Г.Раптаева, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының инспекторы Н.Еркінова, мектеп ұжымы және жастар, барлығы 60-қа жуық адам қатысты.

14 желтоқсан - «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні!» мерекесіне орай жастар мен жасөспірімдер арасында еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында «Балауса» аула клубының ұйымдастыруымен №42 орта мектебінде «Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік!» атты мерекелік кеш өткізілді. Іс-шараға барлығы 100-ге жуық адам қатысты.

15 желтоқсан – Абай атындағы Жамбыл-гуманитарлық колледжінің жастарымен «Есірткі – адамның қасы, аурудың басы!» атты кездесу өткізілді.

Іс-шараға Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің психолог маманы Л.Омарова, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы С.Сейдалиева, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, жастар, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.



21 желтоқсан - Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында №12 мектеп-гимназиясында «Қылмыс түбі жаза!» атты «дөңгелек үстел отырысы» өткізілді. Іс-шараға 40-қа жуық адам қатысты.

21 желтоқсан - «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні!» мерекесіне орай №12 мектеп гимназиясында «Менің Елбасым!» атты кездесу өткізілді. Іс шараға 30-ға жуық адам қатысты.

Шараға Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің психолог маманы Л.Омарова, «Күлтөбе» пікір-сайыс клубының мүшесі А.Байғазиев, Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Дуанбекова, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Н.Еркінова, жастар, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.



Мекеме тарапынан өткізілген іс-шаралар облыстық, қалалық басылым беттері мен телеарналарда тұрақты жарияланып тұрады. Бұдан бөлек, Тараз қаласында жастар саясатын жүзеге асыру және насихаттау мақсатында әр түрлі бағытта 209 мақалалар мен материалдар жергілікті БАҚ беттерінде жарық көрді.

Мекемеге түскен кіріс құжаттар саны – 213

Шығыс құжаттар саны – 490

Шыққан жеке құрам бойынша бұйрықтар саны – 70

Шыққан негізгі қызмет бойынша бұйрықтар саны – 25

Жеке тұлғалардан - 0



Заңды тұлғалардан – 0


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет