Жақты және жақсыз сөйлем; жалаң және жайылма сөйлем; толымды


-байынша/бейінше, -пайынша/пейінше



бет10/25
Дата04.04.2023
өлшемі80,62 Kb.
#173719
түріКонспект
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
Жай сөйлем түрлері
Әдебиет теориясынан сұрақтар, ҚМЖ7-сынып Әдебиет, Жаксылыкова ГЖ5
-байынша/бейінше, -пайынша/пейінше жұрнақтарынан болады. Мысалы, Бұл оқиға дәл осы күндердің өзінде тыным алмай, ұзын құлақ арқылы тамам Тобықтыны шарлап шықты. Шындықтың бетін ашпайынша, жарғақ құлағы жастыққа тимеді.
3) жатыс септігіндегі өткен шақтық есімшеден болады. Мысалы, Мылтығын алып шықпағанда, азулы қасқырдан құтылуы екіталай еді.
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарына қайтсе, не етсе, қайткенде, не еткенде, қайтпейінше, не етпейінше, қайтпей, не етпей? деген сұрақтар қойылады.
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі

р/с

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы

Баяндауышының тұлғалық белгісі

Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар

1

Шартты рай

-са, -се

Қайтсе? Не етсе?

2

Көсемше

Ма+й, ме+й;
-майынша/мейінше

Қайтпей? Не етпей?
Қайтпейінше? Не етпейінше?

3

Есімше

-ған+да, -ген+де

Қайткенде? Не еткенде?

2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары бір-біріне қарама-қарсы мағынада қолданылады. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңары қайтсе дене етсе де, қайткенмен, не еткенмен, қайткенше, не еткенше, қайткеніне (не еткеніне) қарамастан, қайте тұра, не ете тұра? сұрақтарына жауап береді. Жұмыс уақыты әлдеқашан аяқталса да(қайтсе де?) Рахмет пен Лиза ертеңгі жиналыстың барысын талдап ұзақ отырды. Теңіз бетінен қаншама биік болғанмен (қайткенмен?), осы өңірдің кез келген жерінен су шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет